дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
Б. Абдуразаков
Сабақтың тақырыбы: Арқан тартыс
Сабақтың мақсаты:Оқушыларға жаңа сабақтың қимылдарын түсіндіру, ойлау қабілеттерін артыру, ептілікке, икемділікке, шапшаңдыққа, төзімділікке,жылдамдыққа тәрбиелеу.
1.Білімділік:Оқушыларға арқан тартысты көрсету, түсіндіру, үйрету.
2.Тәрбиелік:Ойын барысында адамгершілік қабілеттерін қалыптастыру.
3. Дамытушылық: Оқушылардың бірігіп ұйымшыл қимыл- қозғалысын дамыту.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Құрал жабдықтар: Арқан, ысқырық.
Өтілетін орны: Спорт алаңы.
Сабақтың барысы
Қ/c |
Сабақтың мазмуны |
Жүктеме |
Әдістемелік нұсқаулар |
Дайындық бөлім |
Бір қатарда сап түзеп тұру.Кезекшінің баяндамасы. Мұғалімге рапорт беруі, сәлемдесу, сабақтың мақсатын қысқаша хабарлау, орнында тұрып бұрылу, оңға бұрылып алға бастау, екі қолды жоғары көтеріп аяқтың ұшымен жүру. |
15 — минут |
Сабақты уақтылы бастау, дене шынықтыру киімін кимеген оқушыларға ескерту жасау. Арақашықтықты сақтау.Қолдарды айналдыра арқаны тік ұстап басты көтеріп жүру. Жаттығулардың дұрыс орындалуын қадағалау. |
Негізгі бөлім |
Бұл ойынды жаздыгүні көгалда ойнауға болады. Ойнаушылардың саны он баладан көп болмағаны жөн. Ойынға ұзындығы 8 -10 метрлік екі ұшы түйілген арқан пайдаланылады.Арқанның тең ортасына белгі ретінде қызыл мата байланады. Ойынға қатысушылар бойларына қарай қатарға тұрады да, ойын жүргізүшінің берген командасы бойынша <бір, екі> деп санап шығады. Содан кейін <бір> дегендері бір жаққа, <екі> дегендері екінші жаққа бөлінеді. Арқанның қызыл мата байланған жерін күні бұрын еденге немесе сызылған белгі — сызықтың үстіне дәл келтіреді де, екі жақтың ойыншыларыарқанның сол белгісінен бастап бірінің артынан бірі қос қолдап ұстап, тартып тұра қалады. Егерде бәрі бірдей арқаннан ұстауға сыймаса, онда соңғылары алдыңғылардың белінен ұстайды. Ойын жүргізүшінің берген белгісі бойынша екі команда арқанды екі жаққа қарай тарта жөнеледі. Ойынныңмақсаты – қарсыластың бір не бірнеше ойыншысын ортадағы сызықтан өз жағына тартып өткізу. Команданың ортаңғы сызықтан өтіп кеткен ойыншысы ойыннан шығып қалады. Қай команда қарсылас команданыңойыншыларын түгелдей ортаңғы сызықтан өз жағына тартып өткізсе, сол команда ұтқан болып есептеледі. Ойнаушылардың өзара келісуі бойынша ойынды қайталап ойнауға да болады. |
25 – минут |
Қозғалмалы ойындардың техникалық ережелерін сақтай отырып орындалуын қадағалау керек. |
Қорытынды бөлім |
Спорт залды қатармен бір айналып шығып, орнына келіп тұрады.Сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау, мақтап мадақтау. |
5 — минут |
Ойында белсенділік танытқан оқушыларды мадақтау. |