Зиганшина Гульнара Галиулловна Маңғыстау гуманитарлық колледжінің музыка пәнінің оқытушысы
Ақтау қаласы
Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының музыкасы. Қазақ халқының ұлттықмузыка аспаптары.
Білімділік мақсаты: Қазақ халқының ұлттық саз аспаптарының
түрлерімен таныса отырып, ұлттық мәдениетін
қастерлеуге баулу.
Саз аспаптарының үндестігін естіп үнтаспа
арқылы меңгеру.
Тәрбиелік мақсаты: Халық музыкасына, ұлттық аспаптарына деген
сүйіспеншілік сезімін арттыру. Қазақ музыка өнерін
құрметтеуге, адамгершілікке, ұлттық музыканы
қадірлей білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық
мақсаты: Саз аспаптарының үндерін тыңдау арқылы
әуендік сезімталдығын, есте сақтау, тыңдау,
әуендерді жатқа айту қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
Пайдаланатын технология: Дамыта оқыту технологиясы
Сабақтың көрнекілігі: Слайд, музыкалық аспаптар суреті, музыкалық
орталық, сызбалар, үлестірме қағаздары
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, тарих
Күтілетін нәтиже: Топпен жұмыс жасап шығармашылық қабілеттерін
дамыту, оқу үрдісінде жаңа оқыту әдістерін
меңгеру, музыкалық білімдерін қалыптастыру.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі (2 минут)
Қазақ халық музыкасы туралы мәлімет ( 3 минут)
Өткен сабақты қайталау.Тапсырмалар, карточкалармен жұмыс. (5 минут)
Ой ашар ( жаңа тақырып) – топпен жұмыс (20 минут)
Ән айту (5 минут)
6 Тыңдау (5 минут)
Үйге тапсырма беру (2 минут)
Қорытынды (3 минут)
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды топтарға бөліп сабаққа дайындау. Қазақ халқының музыкасы, музыкалық шығармашылығы, ерекшелігі, музыкалық жанрларының түрлері. Аспаптық музыкаға арналған шығармалар және ұлттық аспаптарда орындалатын күй өнері. Күйшілік өнер сонау көне заманнан келе жатқан ұлтымыздың рухани мәдениетінің аса бір маңызды саласы. Күй көбінесе белгілі оқиғаға, тарихи мазмұнға орай шығарылады. Қазақ халқының күйлері бір неше түрге бөлінеді: аңыз күйлер, тарихи қазақ халқының музыкасы- халықтың музыкалық шығармашылығы, ерекшелігі, музыкалық жанрларының түрлері. Күй өнерінде көптеген үлесін қосқан күйші-композиторлар — Құрманғазы Сағырбаев, Қазанғап, Дәулеткерей, Дина Нурпеисова, т.б.,( топпен жұмыс, сұрақ-жауап).
Маңғыстау өнерінде күйшілік өнер, саз аспаптарда ойнау тәртібі, мектебі ерекше дамып, өзіндік өрнегімен ерекшеленеді. Ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан күй өнері Абыл, Есбай, Есір, Өскенбай, Қартбай, Шамғул сияқты біртуар есімдер арқылы өз жалғасын тауып, рухани қазына ретінде сақталып келеді. Бұл өнердің күйлері жалпы төкпе дәстүріне жатқанымен, өзіндік нақышты, ерекше сазды, қайталанбас орындалу мәнерімен өз алдына жеке тұрған, күйшілік өнердің өзгеше арналарының бірі. Ел арасында Маңғыстау күйлерін «Адай күйлері» деп атайды.
Сұрақтар: 1. Қазақ халқының музыкасында неше музыкалық негізгі жанрлар
бар?
2. Терме дегеніміз не?
3. Айтыс қандай мағынада? Айтыстың түрлерін ата.
4. Батыс өңірінде жиі орындалатын домбыра аспабындағы
қағыс түрі?
5. Жырау деген кім?
6. Мажор сазының тұрақты басқыштары?
7. «Төкпе» қағыс күйлер Қазақстанда қандай өңірінде жақсы
дамыған?
8. Музыкалық дыбыс деген не, оның шулы дыбыстардан
айырмашылығы?
9. Қазақ халқының әншілік өнерінде неше жанрлар бар?
10. Тұрмыс- салт әндерді ата.
11. Күй тартыс дегеніміз не?
12. Минор сазының неше түрі бар?
Ой ашар ( жаңа тақырып)
Жұмбақ шешу арқылы, шығармашылық тапсырмалар және ойын арқылы ой туғызып сабақтың жаңа тақырыбын ашу.
Ойшыл болса қай бала Күйдің үнін есітпейміз бәріміз
Тез табады сол ғана. Қолымызға ……… алмай біз
Кел, ойланып көрейік Кәне тезірек шеберлікті көрсетіп
Ой жұмбақтар айнала. Орындайық шығарманы ой салып.
«Ұйқасын тап!» ойыны.
Ойынның шарты: мұнда екі жол өлең оқылады, соңғы сөзі жасырылады. Оқушылар ұйқасы бойынша жасырын сөзді табады. Бұл сөз аспаптың аты болуы керек:
«Ұйқасын тап»
Ішіп болып қымызды, Тоныма орап кетіп ем,
Тартты Сәкен (сыбызғы) . Бұзылмапты( жетіген).
Түсте, кеште, ертең де, Босқа отырмай ысқырып,
Ойнаймын мен ( шертерде). Тартсайшы сен (үскірік).
Жұрт алыстан естіпті, Әуенге кім құмартпас,
Қағып едім (кепшікті). Берсе ырғақ ( тұяқтас).
Жан серігім ол мына,
Деді Құрман ( домбыра).
Ауыл жұрты сабылды ,
Соғып едім ( дабылды).
Жұмбақ шешу.
Бар қос ішек, құлағы,
Үні мәлім ұнары.
Бір қызығы бұл аспап,
Екі бөлек тұрады. ( қобыз)
Беті сыммен керілген,
Бар және екі-үш тесігі.
Жеті ішекке берілген,
Жеті жігіт есімі.
Аңызды аспап деседі,
Жұмбақты кім шешеді? (жетіген).
(Сабақтың тақырыбын тақтаға жазу)
Қазақ халқының ұлттық саз аспаптары ( интерактивтік тақтада).
Қазақтың саз аспаптары өзіндік ерекшелігі мол, өте бай мұра. Көне аспап – бұл қоғамның рухани және тұрмыстық өміріндегі әр кезеңдерде болып отырған өзгерістердің мәдени куәсі, тарихи ескерткіші.
Қазақ халық аспаптарын қайта жаңартып, олардың кең түрде насихатталуына мол еңбек сіңіріп, соңына қыруар мұра қалдырған Болат Шамғалиұлы Сарыбаев еді ( портретін көрсету). Профессор, орындаушы, қазақтың өнертану музыкалық зерттеу ғылымының кандидаты.
Презентация бойынша « Қазақтың ұлттық саз аспаптары» тақырыбына түсінік беру. Топтарға бөлінуі.( сызба, кесте).
Саз аспаптар
Үрмелі Ішекті Ұрмалы
(Сазсырнай, мүйіз сырнай,сыбызғы, ( Домбыра, жетіген, қобыз, (Даңғыра, дабыл,
Үскірік, тастауық) шертер) сатаяқ, коңырау, ұран)
Музыкалық сауат: қазақтың ұлттық саз аспаптарында орындалатын музыка күй деп аталады.
Күй тыңдау. Құрманғазының күйі « Балбырауын»
Талдау.
Ой қозғау. Әр топ плакат, сызбалармен жұмыс жасау.
Тыңдау: аспаптардың үндерін тыңдау, қабылдап ажырата білу (Сыбызғы, Қобыз, Дабыл, Сырнай, Жетіген)
1 топ- Ішекті аспаптар тобы , топ — « Домбыра»
Ұраны— « Өнер, білім, бәрі де оқуменен табылған» Домбырадай күмбірлеп, сайысқа біз түсеміз. Жетістікті тағдыр емес, білім ғана анықтар.
(И. Нүсіпбаевтің әні, сөзі Х. Талғаровтікі) — «Домбыра сазы » — әні орындалады.
2 топ- Ұрмалы аспаптар тобы, топ — « Дабыл»
Ұраны— « Қай істе де өнер қолдан, өнерлі адам жеңер болған». Өнеріміз сайыста, Жетелейді алысқа. Бүгінгі күннің жеңісі, Достық болып қалады.
( А.Р айымкулова муз.,сөзі А.Асылбековтікі) — «Қос дабыл» — ән орындалады
3 топ — Үрмелі аспаптар тобы « Сазсырнай»
Ұраны — Біздің топ қандай?
Татулығы балдай, Шарықтатып қалмай
Ән айтамыз қалмай!
Ән «Маңғыстау» (Барлық топтар қосылып орындайды).
Үйге тапсырма беру. Саз аспаптар туралы оқып келу және топқа бөлу.
Бағалау.
Қорытынды.
[bws_related_posts]