Батыс Қазақстан облысы,
Жаңақала ауданы,
Бірлік ауылы
М.Мирманов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Мұқанғалиев Нұрлыбек Ғайноллаұлы
Тақырыбы: Отырар
Мақсаты:
1.Білімділік: Өлеңді оқып,кейіпкерлеріне талдау жасау,терең түсіне білуге,қызыға оқуға жетелеу.
2. Дамытушылық: салыстыру,ой қозғау,проблемалық сұрақтар арқылы өз пікірін ашық айта білуге дағдыландыру,көркем сөйлеуге үйрету.
3. Тәрбиелік: Қайыр ханның өжеттігі,ерлігі,батырлығы арқылы оқушыларды адамгершілікке,достыққа қайырымды,кішіпейіл болуға, елін,жерін сүюге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Талдау сабағы.
Сабақтың әдісі: «Кубизм» әдісі, «Өзім үшін жазу» стратегиясы, Венн
диаграммасы,проблемалық сұрақтар,тест.
Көрнекілігі: М.Шаханов портреті,оқулық,өлең жолдары жазылған плакаттар,көрме,суреттер
Пәнаралық байланыс: Тарих,қазақ тілі
Сабықтың барысы.
І.Ұйымдастыру кезеңі:
-Сәлемдесу;
— Оқушылардың сабаққа қатысын,дайындығын тексеру.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:
1. М.Шаханов туралы айту
2. «Отырар» өлеңін баяндау, мазмұнын айту
3. Отырар туралы мәлімет.
«Отырар» өлеңі үйден оқып келуге берілгендіктен ,бірден сабақты талдауға кірісеміз.Оқушылар Қарашоқының әкесі Шеткі елші қақпадан бір баланы шығарып жіберді. Соны біздер құтқаруымыз керек.Алдымен топты екіге бөлемін.Құлагер және Қозыкүрең тобы.Екеуінің аты бізге өте таныс.Екеуі де жүйрік.Сұрақтарға дұрыс, нақты жауап беріп,жүйріктік танытқан топ оқушылардың тұлпарлары 5 түрлі кедергіден өтіп,межеге бұрын жетіп құтқарған топ жеңіске жетеді.
ІІІ. 1-кедергі. Қозғалыс. Кейіпкерлерді талдау. (ой қозғау)
1. Топшама арқылы жұмыс жасау.
Шыңғысхан – монғол әскерінің ханы.Ақылды ,айлакер,қатігез,қанішер.Отырардың бүкіл халқын қыруға бұйрық берді.Баласына осал тұсты іздеуіне бағыт берді.
Шағатай – Шыңғыстың баласы. Тәжірбиесі аз. Сондықтан кіп-кішкентай Отырарды ала алмады.
Қайыр хан – Отырардың ханы. Білімді.Әл-Фараби мен Ахмет Иасауидің жырларын жатқа біледі. Ел басқару мәнері өзгеше. Қайсар,өжет,өлімге де бас имеген. Ақылды. Қарашоқының тағдырын өзінің әкесіне береді.
Қарашоқы – қара мұртты. Сатқын.Отырардың есігін ашып жіберді.Қорқақ. Ханға бас ұрып,аяғына жығылды.
Қарашоқының әкесі –Батыр .Ұяты бар,баласының сатқындығы үшін өзінің де өмірін қияды. Болашақты ойлайтын адам.
2-кедергі. Асу
«Өзім үшін жазу» стратегиясы
Өлеңнің басты тақырыбы |
Мазмұны,жазушының айтар ойы |
Сені толқытқан өлең шумағын жазу |
Басты кейіпкерлері |
Ерлік,батырлық,елі үшін жанын қиған қазақ ханы туралы | Жауға қарсы күрескен Қайыр ханның ерлігін мадақтау,сол арқылы Отанына опасыздық еткен адам қашан да өз сыбағасын алатынын көрсету | Шыңғыс хан.
Қайыр хан Қарашоқы |
3-кедергі.Белес
«Кубизм» әдісі. Кубикті домалатып, 6 бетіндегі 6 сұраққа жауап беру.
1. Қолданыңыз. Бір шумақ өлеңді буынға бөліп, буын түрлерін анықта.
Жы-лан ту-са жы-лан-нан,
Құ-лан ту-са құ-лан-нан
Таң-да-на-тын түк-те жоқ,
Бі-рақ жы-лан қа-лай ту-ды қы-ран-нан
2. Талдаңыз. Өлең құрылысына талдау.
Ұ-лы ха-ным //ә-діл-дік пе// мұ-ны-ңыз, 11 а
Ө-ле өл-ген-ше //боп ө-те-йін //құ-лы-ңыз. 12 а
О-ты-рар-ды //мен қол ұ-шын //бер-ме-сем, 11 ә
О-ңай жау-лап //а-лар ма е-ді //ұ-лы-ңыз 12 а
1 шумақты, 4 тармақты, 3 бунақты, 11-12 буынды,қара өлең ұйқасы.
3. Атаңыз. Ерлік,батырлық туралы мақал-мәтелдер айту.
Ерлік білекте емес,жүректе. Ерді намыс,қоянды қамыс өлтіреді. Көз қорқақ,қол батыр. Ер-елімен жақсы. Нар тәуекел –ер ісі.
4. Ой қосыңыз. Қайыр хандай ерлік көрсетіп,елін жаудан қорғаған қандай хан,батырларды білесің? Абылай, Әбілхайыр, Тәуке, Қабанбай,Бөгенбай, Баян батыр т.б.
5. Сараптаңыз.Өлеңдегі жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді атаңыз.
6. Анықтаңыз. М.Шахановтың тағы қандый шығармаларын білесің?Баллада дегеніміз не?
4-кедергі. Қырат.
Екі топқа 10 сұрақтан тұратын тест беріледі. Бәрі отырып жауабын анықтайды.
Тест сұрақтары
Қозыкүрең тобына
1.Шыңғысхан қанша әскермен Отырарға келгенін көрсет.
А)50 мың Ә) 200 мың Б) 1 миллион В) 500 мың.
2. Шағатайдың Шыңғысханға қандай туыстығы бар
А) Ханның досы Ә) Ханның інісі Б) Ханның баласы В) Ханның қайнағасы
3. Отырар халқы неше ай қорғанды.
А) 6 ай Ә) 6 күн Б) 60 күн В) 10 ай.
4. Шыңғысхан әскерлерінің ең сорақы қылығы қайсысы.
А) Жүкті әйелдерді өлтіруі Ә) Еркектерді өлтіруі Б) Қорғанды қиратуы В) Қаланы өртеуі
5.Қалада қанша халық бар
А) 150 Ә) 500 Б) 150 мың В)1500
6. Отырарадың сол кездегі ханын көрсет.
А) Хақназар Ә) Ақсақ Темір Б) Абылай В) Қайыр
7. Отырардың қақпасын ашып берген қай адам.
А) Жантық Ә) Қаражан Б) Қарашоқы В) Бауыршық
8. Қайсысы Қайыр ханның бойына лайық емес.
А) Ізгі,мейірімді Ә) Ержүрек,батыр,мерген
Б) Ақындардың жырын айтар білімді В) қорқақ,жымысқы
9. Қолға,тұтқынға түскен Қайырханның бейнесін көрсет.
А) Үрейі ұшып сасқалақтаған, денесі қанға малшынған Ә) Көзінде жас,еңсесі түсіп қорланған,мұңайып әбден жасыған. Б) Денесі қанға малшынған, езуінде мысқыл күлкі бар,еңсесі биік. В) Жалынып,басының азат болуын тілеп,тағдырына мойұсынған.
10. Шыңғысхан жасауылдарына кімді әкелуді бұйырды.
А) Қайыр ханның әкесін Ә) Куәгерлерді Б) Қарашоқының әкесін В) Шағымданушыны
Тест сұрақтары
Құлагер тобына
1.Шыңғысхан Қайыр ханның қандай қасиетіне сүйсінді
А) өрлігіне Ә) тентектігіне Б) мергендігіне В) білімділігіне
2. Қайыр ханға сүйсінген Шыңғысхан оған қандай сый ұсынды.
А) тамақ Ә) алтын Б) сатқынды жазалау билігін В) басына еркіндік
3. Сатқын Шыңғысханға өзін өлтірмеуін сұрап,өзінің қандай еңбегін бағалауын сұрады.
А) Соғысқа қатыспағанын,қару көтермегенін айтты. Ә) Соғыспай берілу туралы үгіт жүргізгенін айтты.Б) Отырардың қақпасын ашып бергенін айтты.В) Енді оған адал қызмет ететінін айтты.
4.Шыңғысхан: «Сенен асқан бар ма бірақ тірі өлік?»-деп кімге айтты.
А) Қайыр ханға Ә) Қарашоқыға Б) Шағатайға В) Қайырдың әкесіне
5. Қарашоқының әкесі бір баланы қайдан құтқарып жіберді.
А) Жер асты жолымен Ә) Шеткі елші қақпадан Б) Үлкен қақпадан В) Кіші қақпадан
6. Отырар қаласының ежелгі атауы.
А)Баласағұн Ә) Баршынкент Б) Сайрам В) Фараб
7. Шыңғысхан Отырар туралы қандай бұйрық берді.
А)Тек еркектерді қырып тастауға Ә) Ешкімді қалдырмай қыруға Б) Тек әйелдерді қыруға В) Тек қарттарды қалдыруға
8. Отырардың қирауына не себеп болды.
А) Жаудың көптігі Ә) Қарудың аздығы Б) Сатқындық В) Қоршауда қалды.
9. Отырар шайқасы қай жылы болды.
А) 1837 ж. Ә) 1219 ж. Б) 1396 ж. В) 1404 ж.
10. Қайсысы Отырарда туған.
А) Абай Ә) Аристотель Б) ӘЛ-Фараби В) Асан Қайғы
5-кедергі.Көз ұшында.
Венн диаграммасы.
Қайыр хан |
Ұқсастықтар |
Шыңғысхан |
Қазақ ханы. Өжет,батыл,ажалға бас имейді,білімді |
Хан,ақылды |
Монғол ханы, қатігез,қанішер, айлакер |
Оқушылар, міне, бүгін М.Шахановтың «Отырар» өлеңі мен оның кейіпкерлеріне талдау жасадық.Бәріңіз сабаққа жақсы қатыстыңыздар. Енді сабағымызды бекітейік.
- Алты ай бойы жауға берілмеген Отырар неше күнде жермен-жексен болды?
- Себебі?
- Қайырханның арманы орындалды ма?
Ү.Қорытындылау. Әр топтың тұлпары межеге бірінші жетіп,балаға бірінші боп көмек көрсеткен топ жеңімпаз боп есептеледі.
ҮІ.Бағалау: Оқушыларды сабаққа қатысына қарай бағалау.
ҮІІ .Үйге тапсырма. Егер де сен Қайыр ханның орнында болсаң,Қарашоқыға қандай жаза кесер едің.Ойтолғау жаып келу
[bws_related_posts]
Мұқанғалиев Нұрлыбек Ғайноллаұлына! Мына деректерді де ақылыңызға салып саралап көрерсіз. Түйген ой-пікіріңізді жазып жатсаңыз, алғыстан басқа айтарым жоқ.
ОТЫРАРДЫҢ КҮЙРЕУІ.Ол заманда Шыңғысханның арғы аталары құрған Қарахандар қағанатын парсылық бағыт ұстанған Хорезмшах жаулап алды. Бүгінгі қазақтың қаласын қиратты деп Шыңғысхан атамызға басты кінә қылып тағатын Отырар қаласы, осы жаулаушы елге қарайтын. Мемлекеттік тілдері де қазақ тілі емес еді.
Ол жайлы тарихшы С. Ақынжанов «Қазақстанның орта ғасырлық тарихындағы қыпшақтар» кiтабында шежiрешi Жужаниден мынандай мысал келтiредi: «615 (1216) жылы… Хорезм шахы Мұхаммед Иемектен шыққан Иакафтанның ұлы түркiстандық Қадырханның елiн ойрандауға аттанды». Иә, иә, Хорезм шахы басқа емес, дәл Қадырхан-Иналшық Қайырханның (Шыңғысханның арғы атасы Қараханның) елін ойрандауға аттанып отыр. Бiрақ, Қайырхан өзiне күні кеше ғана теперiш көрсетіп, жерін жаулап алған Хорезм шахына адалдығын көрсету мақсатында және дүниеге қызығып, Шыңғысханның елшілерін өлтіріп, керуенін тонап, қазаққа сатқындық жасады. Шыңғысхан Хорезм патшасынан Қайыр ханды ұстап беруді талап етті, бірақ хорезмшахтың бұл талапты орындамағаны былай тұрсын, сонымен бірге елшілерді өлтіруге әмір етеді. Бұл Шыңғысханның Хорезмге қарсы соғыс ашуына себеп болды. Атамыз бар-жоғы жүз елу мыңға жуық сарбаздарымен Хорезмшахқа қарсы жазықсыз өлген елші-саудагерлерінің (бес жүз адам) кегін алуға аттанды. Ол кезде Хорезм патшасының төрт жүз мың тұрақты әскері бола тұра (және ол осынша әскерді бір айда жинап ала алатын еді) Шыңғысханға қарсы тұра алмай, қамалдарға жасырынып қорғанды. Себебі, ол өз әскерінің дені қазақтардан, әсіресе қаңлы және басқа қазақ руларынан болғандықтан Шыңғысханмен ашық айқасқа шығудан, оларды өз еліне қосылып кетеді деп қорықты. Атамыз өз сарбаздарына сатқын Қайырханды тірілей ұстауды бұйырды. Ол өзінің қазақ халқының алдында істеген кінәсінің кешірілмейтінін біліп, ақтық демі қалғанша айқасып, бүкіл әскерінің қырғынға ұшырауына себепкер болды. Ол қала халқының жағдайын тіпті де ойлаған жоқ, ол өзінің мына жарық дүние де бір күн болса да тірі жүре тұруын ғана ойлады. Қаған тапсырмасы мүлтіксіз орындалып Қайырхан тірілей ұсталды. Шыңғысхан Қайырханды ұстаған бойда өзінің жеке билігімен өлтіре салған жоқ, оны қазақтың билері ежелгі ата салтымыз бойынша тергеу жүргізіліп, куәлар тыңдалып, оның барлық кінәсін мойнына қойып, бүкіл халық алдында қазаққа жасаған сатқындығы және дүниеқоңыз, ашкөздігі үшін өлім жазасына кесті. Саған керегі ел емес, дүние (алтын) екен ғой, ал онда керегіңше деп, оның дүниеден басқа ештеңені көрмеген көзіне, жазықсыз жандардың (бес жүз адам) зарын естімеген құлағына, тойымсыз аузына алтынды ерітіп құйды.
Бұл әрекет баяғы Маңғыстаулық Дайлардың (Сақтардың) жесір ханшайымы Тұмар ханымның парсы патшасы Кирдің басын қанға толырылған торсыққа салып «Іш керегіңше» деп қақпаға іліп қойғанымен толықтай сәйкес болып тұрған жоқ па?
Түсініктеме: Хорезм патшалығының орталық астанасы қазіргі Түркменістанның Ташауыз облысы Көнеүргеніш қаласы болды. Олар ол заманда да, қазірде де қазаққа жатпайды. Басқасын былай қойғанда, олардың бізден тілдері де басқа болды. Бұл парсылардың қазақ елін жер бетінен жойып жіберу үшін құрылған патшалығы болатын. Олар оның алдында бүкіл қазақ даласын қан сасытып, қырып-жойып, қазақтың Қарахандар қағанатын құлатқан болатын.
Қазақ даласындағы барлық рулар, елдер Шыңғысханға өз еріктерімен, шын ниеттерімен қуана қосылды. Ал, Қайырхан қазаққа сатқындық жасады. Сол үшінде тиісті жазасын алды.
Отырардың күйреуінің біз білетін ақиқаты осы. Құрметті Оқырман! Өздеріңіз ойлап көріңіздерші! Әйтпесе, оны тірідей ұстатып, бүкіл халық алдында билердің үкімімен жазалап, оның көзіне, құлағына, аузына алтын ерітіп құюдың қаншалықты қажеті бар еді. Көптің бірі сияқты басын қылышпен шаба салса болмас па еді.
Міне осы әрекеттер де ақыл-есі бүтін жандар үшін қаншама ғибрат жатыр:
а. Адамдарға туған еліне (ұлтына) сатқындық жасаса, жазасыз қалмайтынын ескертті;
ә. Адамдарға туған еліңе сатқындық жасасаң, ұрпағының атын атап, мақтанудың орнына ұялып безетінін білдірді;
б. Дүние қуалаудың соңы сені сондай ашкөздікке ұрындырып, өзгенің мүлкіне көз алартуыңды санаңа сіңіретінін ескертті;
г. «Елшіге тимес болар» деген атам қазақтың ең ұлы салтын бұзғандардың қандай жазаға ұшырайтынын айшықтап кетті;
ғ. Ең бастысы бұл жерде бүкіл мемлекет билігі басында жүргендерге ешқашан қателесуге болмайтынын білдірді.
Тарихшылардың “тонның ішін теріс айналдырып” тағатын кінәлары тек қана Отырар. Тағы да қайталаймын. Оның күйретілуіне бірден-бір кінәлі 500-ге жуық бейбіт елші-саудагерлерді жазықсыз қырып тастаған Қаразым патшасы Сұлтан Мұхаммед пен Отырар билеушісі Қайырхан болып табылады. Қай заманда да елші мен саудагерді жазықсыз өлтіру ешбір елдің заң аясына сиған емес. Бұл жайлы Әбілғазы атамыз өзінің «Түрік шежіресі» атты еңбегінде (68 бет) былай дейді: «Махмут жылауыш Сұлтан Мұхаммедтен рұқсат сұрап, дүние жүзі әміршісінің сарайына қайтты. Сұлтан Мұхаммедпен тіл табысқанына Шыңғыс хан шынайы разы болып, Сұлтан Мұхаммедтің бұған жаманшылық жасамайтынына және өзінің де оған өшпенділікке бармайтынына сенімді болды. Дәл осы кезде Бағдаттың халифы Насыр Шыңғыс ханға елші жіберіп, Сұлтан Мұхаммедтің үстіне бірігіп аттанайық деп ұсыныс жасап еді, оған жасасқан шартты бұзғысы келмей, жағымды жауап бермеді, бірақ Сұлтан Мұхаммедтің бұйрығымен Қайырханның Шыңғыс ханның елшілері мен саудагерлерін өлтіруі бұл келісімді ұзаққа жеткізбеді». Күні бүгінге дейін Шыңғыс ханның да, оның төл жұрты қазақтардың да бір ауыз сөзге тоқтайтынына, уәде жұтып екі сөйлемейтініне ешкім күмән келтірген емес.
Шындығында да, Шыңғыс қаған атамыздың халықаралық үрдісті бұзушыларды жазалауын Алланың бұйрығы деп түсінсек дұрысы сол болар.
«…Қара-Құла – ойраттың тұрғысы еді,
Қырық рудың қарғысы ұрды сені!
Елшіге өлім кескенге қандай жаза
Қолданарын үйреткен – Шыңғыс еді!
Ұшырайды ұзамай апатқа ордаң,
Елші өлтіріп, ел барма атақ қонған?
Ұмыттың-ау, елшіге қастық қылып,
Қаразымның Дәулетін опат болған?!» деп жырлады өлкеміздің белгілі ақыны С.Нұржан өзінің 2008 жылы «Жазушы» баспасынан шыққан «Ай таранған түн» атты жыр кітабында.
Осылайша, Қайырхан Отырардың түркi-моңғолдың қайқы қылышының астына түсуiне себепшi болады. Кешегi дала жауынгерi нелiктен бұлай жаза басты… Бұл жерде бар болғаны қызылбас парсыға тәуелдi Иналшық Қайырханның өз бауырларына қылыш көтергендiгiн айтсақ та жеткiлiктi. Иә, иә, өз бауырларына қылыш көтергендiгiн.
«Шыңғысханның «Отырарды қиратты» дегеніне айтарым: Отырар ол заманда Қарахан әулетінің құрамындағы шағын ғана мемлекет-қала болған. Илек хандардың басы, сұлтандардың сұлтаны деген Осман Самарқанда отырған, Османның інісі Қадыр Ферғананы билеген, сосын кіші қалаларда кіші туыстары болған. Османның немере інісі Тәж-әд-Дин Білге хан Отырарды билеп отырған. 1210 жылы парсы патшасы Хорезмшах Аладдин Мұхаммед Самарқанды басып алады. Тәж-әд-Дин Білге ханды тұтқынға алады. Османды бір жылдан кейін өлтіреді. Отырарды тонайды, қаншама халқы қырылады, қаншамасы шетке қашады. Отырар бай қала, көпестердің барлығы татар даласы Шыңғыс ханға қарай қашады. Отырарды мұсылман дінбасыларына дейін тастап кетеді. Артынан Тәж-әд-Дин Білге ханның да басын алған. Содан кейін оның орнына Отырарды билеуге өзінің шешесінің әлде ағасынан, әлде інісінен туған Қайыр ханды отырғызады. Ал Шыңғыс хан келіп, Отырарды азат еткен. Керуеннің тоналып, бес жүз адамның өлтірілуі және басқа да толып жатқан жағдайлар бар. Бізде советтің тарих ғылымының азып-тозғаны соншалық, қарақшыларды жақтай біледі. Тарихшылардың барлығы Отырарда керуеннің қырғынға ұшырауын үлкен жауыздық деп бағалаған. Адам қайран қалатын жағдайлар болған. Мысалы, өзіміздің Сарайшық қаласы. 1480 жылы Ермак Сарайшық қаласын басып алады. Содан қаладағы бүкіл халықты қырады. Ең соңында Алтын Орда хандарының күмбездері бар қабірді, сүйектерді қазып алып, үйіп өртейді. Соны кезінде Иван Грозныйдың өзі айыптаған. Осыны Тәжікстанда бәрі жауыздық деп айтады. Ал совет тарихшылары дұрыс жасады дейді. Қаланы тазарту керек деп есептейді. Сол сияқты жағдайлар өте көп» (Мұхтар Мағауин).
Тарих тағлымы: Сонау Адам атадан бері келе жатқан ұлы қағида «Елдестірмек елшіден…», «Елшіге қиянат жасамас болар».