Құрманғазы ауданы
Н.С.Манаев мектебі
Биология сабақтарында жаңа форматтағы жеті модульді
пайдаланудың тиімді жолдары
Хилауова Армангүл Амангелдіқызы
І санатты биология пән мұғалімі
Әлем өзгеруімен біз де өзгереміз
Меняется мир – меняемся мы
We are changing with the changing world
“Білім беру жүйесін жаңғырту барысында…педагогтар
құрамының сапасын арттырудың маңызы зор.
…Мектептер мен жобалар оқытушыларының
біліктілігін арттыруға талаптарды
күшейту қажет. Әр өңірде педагогтардың
біліктілігін арттыратын интеграцияланған
орталықтар жұмыс істеуі тиіс.”
Қазақстан Республикасының Президенті –
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың
Қазақстан халқына Жолдауынан,
2012 ж.27 қаңтар
Биология сабақтарында жаңа форматтағы жеті модульді пайдаланудың тиімді жолдары
Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арналған Жолдауында дамудың жеті басым бағытын айқындады, оларды жүзеге асыру әлемдегі бәсекелестікке қабілетті елдердің қатарына біздің еліміздің де қосылуына жол ашатын міндеттерді шешуге мүмкіндік береді. Осындай ең өзекті басымдылықтардың бірі қазіргі білім беру мен озық ғылымды дамыту болып табылады. Білім беру жүйесі — бұл ұлттық мәдениеттің, ұлттық сана — сезімнің даму көрсеткіші болып отыр. Ол экономика, саясат, мәдениет саласындағы өзгерістерді бейнелеп қана қоймайды, сонымен бірге осы түбегейлі өзгерістерге белсенді ықпал етеді. Оқу-білім беру – жеке адамның әлеуметтік – экономикалық процесстерге еркін қосылуын қамтамасыз ететін басты жағдайлардың бірі. Бүгінгі таңда заман ағымына сай жас ұрпақтарды тәрбиелеуде ұстаздардың алдындағы жауапкершілік салмақтана түскендей. Осы жылы мен білім жетілдіру курсының жаңа форматтағы ұйымдастырылған облыс мұғалімдерінің курсына келдім. Атырау облыстық білім жетілдіру институтында тренерлердің алдында дәріс алу мақсатында көптеген ұстаздар қатысуға мүмкіндік алдық. Алғашқыда түсіне алмай ойымыз сан тарапқа жүгірді. Жаңа технологиялық әдістердің жеті модулін алдымызға жайып салғанда, біздер өткізіп жүрген сабақтарға ұқсамайтын жүйе екендігін түсіндік. Бағдарламаның модульдері төмендегідей:
1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.
2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
4. Оқыту мен оқуда ақпараттық – коммуникациялық
технологияларды ( АКТ) пайдалану.
5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.
6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.
7. Оқытуды басқару және көшбасшылық.
Бағдарламаның негізгі мақсаты: Қазақстандық білім беру жағдайында Бағдарламаның тұжырымдамалық негіздерінің іс жүзінде ойдағыдай жүзеге асырылуын және мұғалімнің өз бойында дағдылардың қалыптасқандығын көрсетуін қамтамасыз ету. Қазақстандық мұғалімдерді кәсіби қоғамдастығы аясында белсенді жұмыс істеуге дайындау. Өзімнің күнделікті педагогикалық тәжірибемде бағдарламадағы берілген жеті модульді кіріктіре отырып, өткізген сабақтар арқылы оқушылардың қызығушылықтары артып, тапсырмаларды жүйелі орындап, бір–бірімен топтаса отырып жұмыстар жасай білуге дағдыланды.Бағдарламадағы берілген жеті модульді кіріктіре отырып, өткізген сабақтар арқылы оқушылардың қызығушылықтары артып, тапсырмаларды жүйелі орындап, бір – бірімен топтаса отырып жұмыстар жасай білуге дағдыланды. Мұғалімнің педагогикалық біліктіліктілігін көтеру үрдісіне педагогикалық құндылықтарды, жаңа технологияларды шығармашылық іс-тәжірибелерді, ақпараттық мультимедиялық техникаларды пайдалану білім берудің тиімді, нәтижелі үрдістеріне жатады. Мұғалімнің өздігінен білім көтеру және бос уақытын дұрыс ұйымдастыру дербес жұмыс жоспарына сай іске асыру тікелей шығармашылыққа байланысты. Жаңа формациялы мұғалім кәсіби шеберлігін жетілдіретін жаңа стильдегі тұлғалық-адамгершілік бағыттарын, педагогикалық шындықты және ондағы үздіксіз іс – әрекетті, жүйелі түрде қабылдау қабілеттерін, пән саласындағы еркін бағытты меңгеріп және қазіргі педагогикалық технологияларды игеруі тиіс. Білім беру талаптарын өзгерту біліктілікті арттыру жүйесін жаңашылдандыру міндетін алға қояды, ал оның мақсаттарын жүзеге асыру біздің алдымыздағы міндетіміз. Білімді ұрпақ — болашақ еліміздің жарқында кемелденген көшін алға бастайтын білімді де білікті жеке тұлға қалыптасуы тиіс деп ойлаймын.
Қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін басты орынға қойылып отыр. Жаһандану үрдісінде, шығармашылық ізденістегі, әр баланың ақыл-ой еңбегінің дамуына ықпал жасайтын негізгі тұлғаның бірі – оқушының ұстазы. Педагогикалық қызметімде теориялық білімді тәжірибемен байланыстыра отырып, жан-жақты мүмкіндіктерімді ашуға, оқытудағы Кембридж университеті тәсілінің теориялық негіздерін енгізген «Үшінші деңгейлі мұғалімдерді даярлау жөніндегі біліктілікті арттыру курстарының» маңызы зор. Осы курс арқылы көптеген жаңа тәсілдер мен әдістерді үйрене отырып, көптеген тәжірибелер жинақтадым. Биология пәнінен сабақ беру барысында жаңа форматтағы жеті модульді сабақ барысында жүйелі қолданып келемін. Жеті модульді бір сабақ өткізген кездеде қолдануға болады, кейде екі сабаққа бөліп пайдалануға болады. Ол мұғалімнің шеберлігіне байланысты болып келеді. Орта мерзімді сабақ жоспары мен қысқа мерзімді сабақ жоспары жаңа форматтағы әдіс-тәсілдердің бірі болып табылады. Жаңа форматтағы жеті модульді жүйелі пайдаланудың өзі үлкен шеберлікті қажет етеді. Орта мерзімді сабақ жоспары мен қысқа мерзімді сабақ жоспарын жасақтап, өз пәніме жүйелі түрде қолданып келемін. Өз пәнім бойынша сабақ топтамаларында жеті модульді пайдалана отырып өткізген сабақтарым оң нәтижесін беруде. Ел басының 2014 жылғы жолдауында нақты айтқан нақыл сөзіне тоқталдым, ол «Біз өмір бойына жететін білім алу» моделінен «өмір бойы білім алып өту» моделіне көшуге тиіспіз. Болашаққа біліммен қадам басып, лайықты қолтаңбамызды қалдырайық. Біз осындай сабақтарды жиі өткізу арқылы көптеген нәтижелерге қол жеткізе аламыз.
Биология пәнін оқытуда пайдаланатын жеті модуль.
- Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс – тәсілдер
- Оқытуды басқару және көшбасшылық
- Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
- Оқыту мен оқуда АКТ – ны пайдалану
- Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай оқыту мен оқу
- Талантты және дарынды балаларды оқыту
- Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
Биология пәнін оқытуда алға қойған міндеттер :
— Орта мерзімді және қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жасау.
— Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс — тәсілдерді пайдалана отырып, оқу дағдыларын қалыптастыру
— Жеті модульді үнемі пайдалана отырып сабақ өткізу
— Өз бетінше білім алу дағдыларына негіз салу
— Биологиялық білім деңгейлерін тереңдету
— Оқушының пәнге деген қызығушылығын дамыту
— Интеллектуалды жеке тұлғаны қалыптастыру
— Ғылыми көзқараспен белсенділікті қалыптастыру
— Оқушының шығармашылық деңгейін дамыту
— Сабақта АКТ пайдалану, электронды оқулықпен, интерактивті тақтамен жұмыс жасау
— Қосымша материалдар мен жұмыс жасауға үйрету
Биология пәнін оқытуда қазіргі заман талаптары мынандай:
Оқыту мен оқуда АКТ пайдалану;
Жаңа форматтағы әдіс-тәсілдерді сабақта қолдану;
Негізгі білімділік ұғымдарды терең меңгерту;
Оқытудың жаңа технологиясын пайдаланып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру;
Топтық негізде іздене білу дағдыларын қалыптастыру;
Тақырыптық зерттеу жүргізу;
Ойлау, есте сақтау қабілеттерін, өз ойын қорытуға дағдыландыру;
Оқушының өз бетімен жұмыс жасау қабілетін жетілдіру, дамыту;
Шығармашылық тапсырмалар орындату арқылы қабілеттерін арттыру.
Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін арттыру.
Тәжірибе жүзінде білім, біліктілік дағдыларын қалыптастыру;
Жаңа терминдер мен сөздіктермен жұмыс жасауға дағдыландыру;
Жаңа технологияларды сабақта пайдалану;
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай білім беру.
Тізбектелген сабақтар топтамасындағы сыни тұрғыдан ойлау модулі.
Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталған. Сыни тұрғыдан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік.[1] Сыни тұрғыдан ойлау тұлғаның өзіндік жеке ойлауы болып табылады.Оқыту процесі сыни тұрғыдан ойлауды дамыт қағидаларына негізделетін болса, әрбір оқушы өз ойымен пікірін және бағалауды басқалардан тәуелсіз құрады. Оқушының айтқан пікірі қойылған мәселе бойынша оң шешімін табуға сәйкес келмесе де «сенің пікірің дұрыс емес» деп сырттай баға беруге жол берілмейді. Оқушының жекелік (өзіндік) ой-пікірін білдіру сыни тұрғыдан ойлаудың алғашқы әрі маңызды сипаты болып табылады. Сыни тұрғыдан ойлау сұрақтар қойып, шешімін табуды қажет ететін мақсаттан басталады. Сыни тұрғыдан ойлаудың принципіне негізделген сабақ нақты мақсатқа негізделген мазмұнды әрекетке айналады да, нағыз өмір қиындықтарын шеше алатын болады. Сыни тұрғысынан ойлау — сынау емес, шыңдалған ой. Бұл деңгейдегі ойлау жоғары, орта, бастауыш сынып оқушыларына тиімді. Сабақ беру барысында биология пәнінен сабақ тақырыбына сәйкес қызығушылықты ояту бағытында, оқушылар білімдерін нақтылау мақсатында оқушыларға сұрақтар беріп, қойылған сұрақтарға нақты жауап берулері керек екенін және ойлануға бір, екі минут берілетіні жайлы айтылды. Мысалы: «Өркендер мен бүршіктер» деген тақырыбымда оқушылардың зейінін сабаққа аудара отырып, сыни тұрғысынан ойлау стратегиясы бойынша «Ой ашар» мақсатында оқушыларға сыныбымызға «Хат келді» деген тапсырмамен бастадым. Хат ішіндегі сұрақтар: Өсімдіктердің өсімді (вегетативті) мүшелерін ата? Неге қазақ халқы жас жеткіншектерге «Жапырағың жайылсын деп бата берген?». Өсімдіктің «Жасыл асхана» деп қай мүшесін айтады? Осындай сұрақтарды бере отырып, жауап алу кезінде диалогтық оқыту – арқылы (мұғалім — оқушы,оқушы-мұғалім) арасында байланыс « Ой қозғау » бөлімінде көктемде ағаштарда қандай өзгерістер байқалады? деген тақырыпта ой тастай отырып оқушылардан тиянақты жауап алдым. «Кім жылдам?» бөлімінде әр топқа бес сұрақтан беріп отырып, жауап алдым.
1. Тыныштық күйге ауысқан бүршік? (Бұйыққан)
2. Тек ұзарған өркенде ғана орналасқан? (Өсу бүршігі)
3. Бір буын мен екінші буын арасы не деп аталады? (Буын аралық)
4. Бүршіктің сыртын не қаптайды? (Қабық)
5. Оған бүршік, жапырақ, гүл бекінеді? (Сабақ)
6. Өркеннің ең ұшында орналасқан?(Төбе бүршік)
7. Жапырақ қолтығында орналасқан бүршік? (Жанама)
8. Бүршіктің түсі қандай? (Қоңыр)
9. Өркен, бүршік, жапырақ өсетін жуандау бөлігі қалай аталады? (Буын)
10. Бастапқы өркен? (Бүршік)
11.Тек қысқарған өркенде орналасқан бүршік? ( Гүл бүршігі)
12. Жапырақтары мен жас сабағы бар жас шыбық? (Өркен )
13. Буын аралығы ұзын болса қандай өркенге жатады? (Ұзарған өркен)
14. Жапырақтың сабаққа орналасқан жері не деп аталады? (Жапырақ қолтығы)
15. Буын аралығы қысқа болса қандай өркенге жатады? (Қысқарған өркен).
Оқушылар өз пікірлерінің бағаланатынын жақсы сезінді. Өзіне деген сезімі аздау оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып жұмысқа басқа оқушылармен бірлесе қатысуға көмегі тиді. /Қосымша 1, 2/
Сыныптағы барлық оқушылар өздерінің пікірлерін ұсынып, сұрақтарыма жауап беруге қатысты. Ұсынған стратегияларым оқушыларыма өздерінің пікірлерін ашық айта отырып, берілген сұрақтарға жауап беруге белсене қатысты. Сұраққа жауап берген кезде кейбір оқушылардың жауабы мені таңқалдырды. Бұрын сабақта көп сөйлей бермейтін оқушылар сабақ барысында өз ойларын ашық айтты. Оқушылар ХХІ ғасырда және кейінгі ғасырларда өмір сүру үшін қажетті дағдылары мен қасиеттері – ұстаздар үшін ынталандыратын күш болып табылады. «Сабақтың қызметі мен түрлері» деген тақырыптағы сабағымда Блум таксономиясы бойынша «Көпір» тапсырмалары арқылы төмендегідей сұрақтар бердім:
1.Өркен деген не?
2.Өркен қандай бөліктен тұрады?
3.Өркеннің қандай түрлері бар?
4.Өркен өсімдіктің қандай мүшесіне жатады?
5.Бүршіктің қандай түрлері бар?
6.Төбе,қолтық,қосалқы,бұйыққан бүршіктер деп қандай бүршіктерді айтамыз?
7. Бүршіктен не дамиды?
8. Бүршік қайда бекінген? деген сұрақтар бере отырып, сұрақтарға оқушылар қызығушылықпен жауап берді.
«Түсіну» жүйесі бойынша «Менен — сұрақ, сізден — жауап» тапсырмасы бойынша оқушылар бір-біріне тақырыпқа байланысты сұрақтар қойды.
Мысалы: Сабақ қандай қызмет атқарады?
Сабақтың ішкі құрылысындағы қабаттарды ата?
Жасымықша қай қабатта орналасқан, қандай қызмет атқарады?
Өзек қандай қызмет атқарады?
Бір-біріне сұрақтар беру арқылы жауаптарын тыңдай отырып, пікірлерін толықтырып отырдым. «Талдау» жүйесінде зертханалық жұмыс орындады. Зертханалық жұмыста оқушылар әр түрлі сабақ түрлерін ажырата білді. Зертханалық жұмыста берілген нұсқаулықтағы тапсырмаларды жеке – жеке орындай отырып көз жеткізу арқылы табиғи материалмен жұмыс жасады.Зертханалық жұмысты орындау барысында жекеленген оқушылар зерттеп, талдап көз жеткізе білді.«Жинақтау» жүйесінде тестілеуге арналған сұрақтар арқылы немесе өткен материалды еске түсіріп, ынталандыру үшін, жауапты ойлауға бағытталған, жинақталған білім мен ұғымды қалыптастыра отырып толықтырдым. «Жапырақ» деген сабағымда оқушылардың қызығушылығын ояту «Ой ашар» бағытында мақсатында оқушыларға төмендегідей сұрақтар бердім:
1. Жапырақ жайлы не білесіңдер?
2. Жапырақтың маңызы қандай?
3. Жапырақ жайлы не білгілерің келеді?
Бағыттаушы сұрақтар арқылы:
1. Жапырақ қандай қызмет атқарады?
2. Жапырақ өсімдікке не үшін қажет?
3.Мәтінде не жайлы айтылған? деп сұрақтар беру арқылы, үй тапсырмасын пысықтап алдым. СТО әдістерін сабақтарымда үнемі пайдаланып отырамын. Мысалы: «Түртіп алу» стратегиясы бойынша: БББ кесте толтырттым.
Білемін | Білгім келеді | Білдім |
Бұл кестені толтыртудағы мақсатым не дейтін болсам, тақырып бойынша түсініктерін қалыптастыру. Осы кестені толтырту барысында:
«Мағынаны тану» бағытында төмендегі сұрақтарды бердім. Ол төмендегі бағыттағы сұрақтар:
1. Жапырақ жайлы не білесіңдер?
2. Жапырақтың маңызы қандай?
3.Жапырақ жайлы не білгілерің келеді? Сонымен бірге бағыттаушы сұрақтар берілді. Ол қандай сұрақтар дейтін болсақ:
1. Жапырақ қандай қызмет атқарады?
2. Жапырақ өсімдікке не үшін қажет?
3. Мәтінде не жайлы айтылған? сұрақтары арқылы нақтылап алдым.
«Ой қорғау» стратегиясы бойынша
1 топ : Жапырақ құрылысына сипаттама бер.
2 топ: Жай және күрделі жапыраққа сипаттама бер.
3 топ: Жапырақтың сабақта орналасуына сипаттама бер.
Топтар осы аталған тақырыптарға «Джиксо» әдісі бойынша топтар арасында Фостер қорғап сипаттама берді. «Ой дамыту» бағытында жаңа тақырыпқа байланысты сұрақтар берді. Ол оқулықтағы А; В; С тапсырмасындағы сұрақтарды топ болып орындады.Оқушылардың жас ерекшелігін, деңгейін ескере отырып, бастапқы кезеңдегі оңай сұрақтан бастап дағдыландырып, жоғары деңгейдегі сұрақтарға дейін сұрақтарды ойланып, жүйелі жауап берді.7 сыныпқа «Қосмекенділер класы» деген тақырыпта өткізген сабағыма тоқталып кетейін. Білім берудің жаңа бағдарламасы бойынша алынған негізгі тақырып. І Ұйымдастыру бөлімінде: оқушылардың жалпы сабаққа деген көңіл күйін анықтау мақсатында оқушылар смайликтер арқылы көңіл-күйлерін білдірді. Содан кейін сыныпты әр түрлі түстер мен геометриялық таңбалар таңдату арқылы топқа бөлдім. Сынып ІІІ топқа бөлінді. І топ: қызыл түс, ІІ топ: сары түс, ІІІ топ жасыл түс. Қызыл түс таңдағандар І топқа, сары түс таңдағандар ІІ топқа, жасыл түс таңдағандар ІІІ топқа отырды. Оқушыларды сабақ кезеңдерімен таныстырдым. Ел басының 2014 жылғы жолдауында нақты айтқан нақыл сөзіне тоқталдым, ол «Біз өмір бойына жететін білім алу» моделінен «өмір бойы білім алып өту» моделіне көшуге тиіспіз. Болашаққа біліммен қадам басып, лайықты қолтаңбамызды қалдырайық. Оқушыларға сабақ басталар алдында бағалау парағы үлестірілді. Сабақтың келесі бөлімі : « Білім » минутты деп аталды. Бұл кезеңде үй тапсырмасын пысықтау мақсатында сұрақтар арқылы жауап алдым. Келесі бөлім: «Білу» жүйесі бұнда оқушыларға сыни тұрғыдан ойлауға арналған сұрақтар бердім. «Қазір қай мезгіл?» «Селомыздың көктемнің самал жел ескен кешкі тымық жағалауда отырмыз деп сезініп, көздеріңді жұмып жануарлар дыбыстарын тыңдай отырып қандай жан-жануарлардың дыбыстарын естідіңдер соны ажыратып айтып беріңдер?» бұл жерде жан-жануарлардың дауыстарын компьютер арқылы жіберіп қойдым. «Жағада отырып қосмекенділердің қандай іс-әрекеттерін байқадыңдар?», «Бақаға байланысты қандай ертегілерді білесіңдер?» деген бағытта сыни тұрғыдан ойлауға арналған сұрақтар арқылы оқушыларды өз ойларын ортаға салды.
Тізбектелген сабақтар топтамасы бойынша өткізілген сабақтар жүйесі.
Бүгінгі таңда білім беру жүйесінде алға қойған мақсаттарды іске асыруда ең басты жетекші рөлді мұғалім атқарады. Мұғалім мектептің жүрегі, сондықтан да мұғалім білімді өзі меңгеріп қана қоймай жас жеткіншектерге де өз білімін тиянақты етіп жеткізуге міндетті. Заман талабына сай әр мұғалім өзінше ізденіп, жаңашылдыққа ұмтылуы керек. Жаңашыл мұғалім әр уақытта үнемі жаңалыққа ұмтылуы керек. Жаңа технологиялардың қарқынды даму кезеңінде, әрбір ұстаз өзінің кәсіби шеберлігін жаңа әдіс — тәсілдер арқылы жетілдіріліп отырады.Өзіміздің курстан алған жақсы мәліметтерімізді іс-тәжірибе кезінде сабақ топтамаларында пайдаландым. Биология пәнінен дәріс берген кезімде жеті модуль бойынша сабақ топтамаларын өткіздім. Өзімнің биология пәнім бойынша өткізген сабағымның негізгі тақырыбы «Сабақтың қызметі мен түрлері». Сабақты өткізу барысын төмендегідей жоспарлау арқылы өткіздім. Сабақтың жүру барысында сыныптың атмосфералық ынтымақтастығын қалыптастыру мақсатында оқушыларды топқа бөле отырып топтастырдым. Сабақтың жүрісіне тоқталып өтейін.
І. Ұйымдастыру кезеңі. Ұйымдастыру кезеңінде психологиялық дайындықтан бастадым. Сабақ барысында оқушылардың сабаққа қатыстарын тексеріп алдым. Оқушылар үш түрлі геометриялық таңбалар мен түстер таңдау арқылы топқа бөлінді. /Қосымша 3/Бірінші топ: Білімділер; Екінші топ: Зеректер; Үшінші топ : Тапқырлар болып топтастырылды. Үй тапсырмасын пысықтау мақсатында «Көпір» тапсырмасы бойынша төмендегідей сұрақтар берілді:
1.Өркен деген не?
2.Өркен қандай бөліктен тұрады?
3.Өркеннің қандай түрлері бар?
4.Өркен өсімдіктің қандай мүшесіне жатады?
5.Бүршіктің қандай түрлері бар?
6.Төбе, қолтық, қосалқы, бұйыққан бүршіктер деп қандай бүршіктерді айтамыз?
7.Бүршіктен не дамиды?
8. Бүршік қайда бекиді? Сабақ барысында көшбасшы өзім және топ жетекшілері көшбасшылық қызмет атқардым. Топтар бойынша жетекшілер тағайындалды. Әр топ жетекшілері сайланып болғаннан кейін, бағалау парақтарын таратты. Бағалау парақтарын үлестіре отырып қалай бағалаулары керек екендігін айтып түсіндіріп өттім. Оқушыларға сабақ барысында оқушыларды тапсырмаларды жақсы орындағандарын қол шапалақтау отыратынымызды айтып отырдым. /Қосымша 4/
Сабақ барысында оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер бойынша диалогтық оқыту арқылы оқушылар тақырыпқа байланысты бір — біріне сұрақтар қойды. Оқушы мен оқушы арасындағы байланыс орнады. «Менен сұрақ, сізден жауап» тапсырмасын орындау барысында, оқушылар бір — біріне сұрақтар бере отырып, өз білімдерін толықтырды. /Қосымша 5/
Сабақ барысында оқыту мен оқудағы ақпараттық — коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, сабақ барысында мультимедиялық проекторды пайдаланып, видео роликтер пайдалана отырып сабақ түсіндірдім. 1 — топ: Сәйкестендіру кестесін; 2 – топ: Суреттер сыры; 3 – топ: Биологиялық диктант атты тапсырмаларды интерактивті тақтаға активстудио қаламы арқылы тапсырманы орындады. Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сай оқыту мен оқу модулі бойынша СТО әдісінің «Джиксо» стратегиясы бойынша үш топқа төмендегідей тапсырмалар бердім. /Қосымша 6/
1- топ: Сабаққа сипаттама; 2- топ: Сабақ түрлері; 3- топ: Сабақтың ішкі құрылысын әр топ бір — біріне барып түсіндірді. “Қара жорға” биі арқылы оқушыларды сергіту сәті бойынша би билеп көңілденді. Сергіту сәтінің оқушылар үшін маңызы ерекше. Талантты және дарынды оқушылар модулі бойынша дарынды оқушым Амангелді Бекзат зертханалық жұмыстың тапсырмаларын өз бетімен жүйелі орындады. Тапсырманы дәлелдеп орындауда оқушы өз білімін ортаға салды. Өз дәлелдемесін сыныптастарының алдында талдап, қорытынды жасады. Өз дәлелдемесін қызығушылықпен орындай отырып, ғылыми жұмыс орындауына икемділігі бар екеніне көз жеткіздім. Бұл оқушы үнемі ізденетін оқушы. Үнемі ғаламтор материалдарын пайдаланады, биология пәнінен арналған жеке шығармашылық папкасы бар. Шығармашылық папкасын үнемі толықтырып отырады. Сонымен бірге қосымша биологиялық әдебиеттерді үнемі оқып отырады. Өзін қызықтырған сұрақтарға үнемі іздене отырып жауап таба біледі. /Қосымша 7/
Биология пәнінен бұрыннан да оқушыларым ғылыми жұмыстарға үнемі қатысып, аудан, облыс көлемінде жүлделі 3 орындарға ие болып жүр. Дарынды, шығармашыл оқушыларды ғылыми жұмысқа дайындауда тәжірибем бар. Сабақ барысында оқушыларды ынталандыру мақсатында формативті бағалап отырдым.Соның ішінде сабақ барысында тапсырмаларды жақсы орындаған оқушыларды мадақтау, тәттілер беру арқылы бағалап отырдым. Топ жетекшісі сабақ басталғанда оқушыларға үлестірген бағалау парақтарын жинап алып, өзі топ жетекшісі ретінде оқушыларды әділ бағалады. Оқушылар сонымен бірге өз- өздерін бағалай білді.Формативті және жиынтық бағалаудың сабақ барысында оқушыларды әділ бағалауда маңызы орасан зор. Сабақ соңында оқушылармен бірге бағалауды бірге талқылаймыз.Түсінікті болу үшін бірнеше мысалдар айта кетейін. БББ кестесі бойынша бағалау критерийлерін былай деп алдым:
— Барлық бағандағы карточкаларды толтыру — 1 балл
— Кем дегенде жоғарғы деңгейдегі 2 сұрақтың
қойылуы – 4 балл
Оқушының көзқарас айтуы және оны дәлелдер
келтіру шеберлігі — 5 балл
Осы тұрғыда балаларға жұптарын бағалауды ұсындым, және өздерінен «осы критерийлерге алып қосарларыңыз барма?», – деп сұрадым. Сонда олар: Мен олардың өтінішін қабылдап, аяғында 12 балдық критерий қылып алдым. Сонда оқушының жинаған ұпайлары төмендегі шкаламен бес балдық жүйеге асады.
«5» – 10-12 балл;
«4» — 8-10 балл;
«3» –5-7 балл;
«2» — 1-4 балл осылай жасаған сыныпты бағалауымда алғашқы кезде қиындықтар туындады, өйткені уақыттың қысқалы және бағалауды тек осыған дейін мұғалім жүргізіп келсе, енді балалардың өздері қатысып өздерінің жұмыстарын бағалаған оларға едәуір ауырлау тиді. Сонымен қорытындысында 26 оқушының 8-і «4» деген баға алып, 15-і « 3» ке қорғады. Сабақ барысында оқушыларды ынталандыру мақсатында формативті бағалап отырдым.Сабаққа жақсы,өте жақсы жауап берген оқушыларға тәттілер үлестірдім. Кейде оқушылар бір-бірін қол шапалақтау арқылы мадақтау.Топ жетекшісі сабақ басталғанда оқушыларға үлестірген бағалау парақтарын жинап алып, өзі топ жетекшісі ретінде оқушыларды әділ бағалап отырды. Оқушылар сонымен бірге өздерін-өздері бағалай білді.Формативті және жиынтық бағалаудың сабақ барысында оқушыларды әділ бағалауда маңызы орасан зор. Әр оқушымның «жеке тұлға» болып қалыптасу жолында, өзімнің тәжірибемді ұштап отырамын. Қазіргі таңда беріліп отырған, түрлі бағдарламалардың оқушы бойына дұрыс даруы ұстаздың қолынан келетін іс деп білем.
Р/с |
Оқушының аты – жөні |
І жұмыс |
ІІ жұмыс |
ІІІ жұмыс |
Тобы “А” Қорытынды (балл) |
1 |
Ниғметова | ||||
2 |
|||||
3 |
|||||
|
Жалпы топтың балы |
Әдістемелік семинарда 8 сыныпқа «Витаминдер» деген тақырыпта ашық сабақ өткіздім.Сабақ барысында үй тапсырмасын тексеру бағытында оқушыларға «Көпір» тапсырмалары арқылы сұрақ-жауап арқылы үй тапсырмасын тексердім. «Білім» жүйесі бойынша Оқытуды басқару және көшбасшылық модельі бойынша жаңа сабақты (Кім? не? қашан? қайда? не істеді?) деген сұрақтар арқылы сыни тұрғыдан ойлау бағытындағы сұрақтар арқылы пысықтадым. Сабақтың мақсатын оқушылармен біріге отырып құрып,жоспарымен таныстырдым. Сабақ барысында сынып ішіндегі талантты және шығармашыл оқушылар өздерінің ізденіп келген қосымша шығармашылық жұмыстарын өз сыныптастарымен бөлісіп, өз ойларын ортаға салды.«Түсіну” жүйесі (Неге? себебі? неліктен?) деген сұрақтарды басшылыққа ала отырып жұптық тапсырмалар орындады. Ол төмендегідей тапсырмалар :1. Семантикалық кесте.
2. Сәйкестендіру тестісі.
3. Тест жұмысы.
« Талдау” жүйесі.
Оқыту мен оқудағы ақпараттық коммуникациялық технологияны пайдалану АКТ (Салыстыр. Айырмашылығы неде?) деген бағытта оқушылар Интерактивті тақтамен жұмыс жасады.
- Адам организміндегі энергия көзі;
- Жоғарғы энергетикалық құнарлы органикалық зат;
- Ас қорытуда ыдыраусыз сіңіріледі;
- Биологиялық белсенді заттар;
- Адам тамағы құрамында міндетті түрде болатын зат;
- Зат алмасуда ферменттердің түзілуіне қатысады;
- Қайнатылғанда бұзылады;
- Бұл зат болмаса құрқұлақ ауруы туындайды;
- бұл заттың болмауы жүйке жүйесінің салына және бери-бери ауруына себепші болады;
- Бұл зат болмаса пилагра ауруы пайда болады.
А витамині, В витамині, С витамині, Д витамині, нәруыздар, майлар, көмірсулар, минералды тұздар, су, РР витамині.Сұрақтар тұсына тиісті жауаптарды қойды.Сергіту сәті : Би “Қара жорға” биін билетіп оқушыларды бір сергітіп алдым.Сабақтың келесі бөлімінде “Қолдану” жүйе бұнда Тәжірибе жұмысын жасаттым.
№1. Стаканға таза су құйып, 3-4 тамшы йод тамызу.
№2. Стаканға компот құйып 3-4 тамшы йод тамызу.
№3. Алманы ортасынан бөліп, бірнеше тамшы йод тамызу.
“Жинақтау” жүйесі сынып оқушылары тақырыпқа байланысты “Менен — сұрақ, сізден жауап”сұрақтарды бір-біріне қоя отырып оқушы мен оқушы арасындағы диалогтық оқыту жүзеге асты. Сабақ соңында оқушылар бағалау парақтары бойынша өз бағаларын қойып бағалап отырды.
Р/с |
Оқушы аты-жөні |
Сұрақ жауап |
Мәтінмен жұмыс |
Жеке тапсырма |
АКТ мен жұмыс |
Шығармашылық тапсырма |
Тәжірибе |
Тест жұмысы |
Қорытынды |
10-12 ұпай “5”
7 — 9 ұпай “4”
4 — 6 ұпай “3”
0 – 3 ұпай “2”
Үйге тапсырма беріліп, оқушылар сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, смайликтер тұсына ілді.
Жетінші сыныпта өткізген сабағымда «Қосмекенділер класы» деген тақырыпта өткізген сабағыма тоқталып кетейін. Білім берудің жаңа бағдарламасы бойынша алынған негізгі тақырып. І Ұйымдастыру бөлімінде: оқушылардың жалпы сабаққа деген көңіл күйін анықтау мақсатында оқушылар смайликтер арқылы көңіл-күйлерін білдірді. Содан кейін сыныпты әр түрлі түстер мен геометриялық таңбалар таңдату арқылы топқа бөлдім. Сынып ІІІ топқа бөлінді. І топ: қызыл түс, ІІ топ: сары түс, ІІІ топ жасыл түс. Қызыл түс таңдағандар І топқа, сары түс таңдағандар ІІ топқа, жасыл түс таңдағандар ІІІ топқа отырды. Оқушыларды сабақ кезеңдерімен таныстырдым. Ел басының 2014 жылғы жолдауында айқындап айтылған нақыл сөзіне тоқталдым, ол «Біз өмір бойына жететін білім алу» моделінен «өмір бойы білім алып өту» моделіне көшуге тиіспіз. Болашаққа біліммен қадам басып, лайықты қолтаңбамызды қалдырайық. Оқушыларға сабақ басталар алдында бағалау парағы үлестірілді. Сабақтың келесі бөлімі: « Білім » минутты деп аталды. Бұл кезеңде үй тапсырмасын пысықтау мақсатында сұрақтар арқылы жауап алдым. Келесі бөлім: «Білу» жүйесі бұнда оқушыларға сыни тұрғыдан ойлауға арналған сұрақтар бердім. «Қазір қай мезгіл?» «Селомыздың көктемнің самал жел ескен кешкі тымық жағалауда отырмыз деп сезініп, көздеріңді жұмып жануарлар дыбыстарын тыңдай отырып қандай жан-жануарлардың дыбыстарын естідіңдер соны ажыратып айтып беріңдер?» бұл жерде жан-жануарлардың дауыстарын компьютер арқылы жіберіп қойдым. « Жағада отырып қосмекенділердің қандай іс-әрекеттерін байқадыңдар?», «Бақаға байланысты қандай ертегілерді білесіңдер?» Келесі бөлім «Түсіну» жүйесі. Оқулықпен жұмыс жасаттым. Оқулықтағы берілген тақырыппен танысуға 2 минут уақыт бердім. Сабақтың тақырыбын және жоспарын, термин сөздерді дәптерге жаздырдым. Сабақтың мақсатын оқушылармен біріге отырып құрдық. І топтан Амангелді Бекзат деген оқушы «Қосмекенділер класы» жайлы баяндап берді. ІІ топтан Қартқожақова Қорлан тақырыпта кездесетін термин сөздерге тоқталып түсінік берді. ІІІ топтан Зинеден Ілияс «Қосмекенділерге» арналған әр қалада орналасқан ескерткіштер жайлы, Қыдырова Гүлжан қосмекенділерге арналған қосымша деректер жайлы, Дүйсенова Нұрсая қызықты материалдармен таныстырды. Оқушыларға жаңа тақырып бойынша топтық тапсырмалар бердім. І топ: Баяндаушы топ-бұлар жаңа тақырып бойынша баяндады. ІІ топ: Түсінік беруші топ-жаңа тақырып ішінде кездесетін термин сөздерге түсінік берді, ІІІ топ: Ізденуші топ – қосмекенділерге байланысты шығармашылық материалдар, қызықты және қосымша материалдар әкеліп оқушыларға таныстырды. «Қолдану» жүйесі бөлімінде зертханалық жұмыс №7 орындады. Бұл жерде сынып ішінде талантты және дарынды оқушылар байқалды. Олар: Амангелді Бекзат, Қартқожақова Қорлан, Қыдырова Гүлжан, Өмірзақ Дамир. І топ баяндап берді. ІІ топ түсінік берді. ІІІ топ талдау жұмыстарын жүргізді. Келес бөлімде сергіту сәті «Бақалар» биі орындалды. Оқушылар бақалар биін биледі. «Талдау» жүйесінде оқушылар 1 тапсырма: «Биологиялық пошта» ойынын ойнады. Оқушылар жалпы сұрақ ішінен балықтарға тән және қосмекенділерге тән белгілерді жинады. 2 тапсырма: Сәйкесін тап деген тапсырма орындалды. 3 тапсырма: Тест жұмыстарын орындады. «Қосмекенділердің көбеюі және дамуын» интерактивті тақта арқылы оқушылар орынан қойып орындады. Сабақ барысында барлық оқушылар тапсырмаларды нотбукке орындады. «Жинақтау» жүйесінде топтар бір-біріне жаңа тақырып бойынша сұрақтар қойды. Сабақ соңында бүгінгі сабақта «Не білдік?» деген сұрақтар арқылы оқушылардан сұралды. Бағалау парағы бойынша оқушылардан өздері толдырған бағаларын және топ жетекшісінің қойған бағасын салыстыра отырып мұғалім ретінде жинақтап бағаладым. Оқушылар сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып қалдырды. Үйге тапсырмаға &57 параграфты оқып келуге, қосмекенділерге байланысты сөзжұмбақ құрастырып келуге тапсырмалар берілді.
Өз іс- тәжірибемде жеті модульді пайдаланып өткізген сабақтарым.
АКТ модулін пайдалану. Қазіргі кезде білім беру саласында оқытуда ақпараттық технологияларсыз елестету мүмкін емес. Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын мәселердің бірі оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үдерісінде ақпараттық — технологияларды пайдалану болып табылады. Ақпараттық-коммуникациялық технологияны келешек ұрпақ жан — жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, дамуына жол ашатын педагогикалық үрдіс. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. ХХІ ғасыр информатика ғасыры, яғни ақпараттандыру технологиясы дамыған заманда мемлекетіміздің болашағы – жас ұрпаққа заман талабына сай білім беріп, жан — жақты дамуына ықпал ету мұғалімнен шығармашылық ізденісті, үлкен сұранысты талап етеді. Білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы компьютер болып табылады. Биология пәнін оқытудың тиімділігін арттырудың жолдары көп, соның бірі ақпараттық-коммуникациялық технологияларды үнемі сабақта пайдалану. Жаңа ақпараттық — технологиялық құралдарды биология пәнін оқыту кезінде үнемі пайдалану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға болады. Пән мұғалімі ретінде оқушылар үшін биология сабақтарында үнемі АКТ пайдалана отырып, танымдылық жағынан қызықты, әрі жаңаша етіп өткізуге жұмыстанып отырамын. Мектепте биология сабақтарында АКТ пайдаланып өткізген сабақтарымның топтамасына тоқталып өтейін. Биология пәнінен 6 «ә» сыныпқа өткізілген «Жапырақ» деген тақырыпты өткен кезде оқушыларға сабақтың жүру барысында жаңа сабақтың мақсатын, сабақ жоспарын, тірек – сызбаларды, суреттерді, берілетін тапсырмаларды слайдтар топтамасына жазып көрсеттім, сонымен бірге жапырақ туралы видео роликтер, электронды оқулықтар көрсету арқылы көз жеткіздім. Үй тапсырмасын сұрау барысында мультипроектор арқылы оқушылардың қызығушылықтарын оятты мақсатында: Өсімдіктердің (вегетативті) өсімді мүшелерін ата? Неге қазақ халқы жас жеткіншектерге «Жапырағың жайылсын деп бата берген?» Өсімдікте «Жасыл асхана» деп аталатын мүшесі қайсысы? деген сұрақтарды мультипроектор арқылы көрсете отырып, «мұғалім-оқушы» арасындағы байланыс арқылы сұрақтарға жауаптар алынды. Сонымен бірге сабақ түсіндіру барысында 6 сыныпқа арналған электронды оқулықты пайдаландым. «Ой қозғау» стратегиясы бойынша топтарға жеке-жеке тапсырмалар бердім. 1-топ: Топтастыру тапсырмасын; 2-топ: Семантикалық карта; 3-топ:Сәйкестендіру тесттісін оқушылар интерактивті тақтаға орындады. Жаңа сабақты түсіндіру кезінде мультипроектор арқылы: Жапырақ қызметі; Жапырақтың сыртқы құрылысы; Жапырақтың сабақ бойында орналасуы; Жапырақтың жүйкеленуі; Жүйкелердің қызметін тірек – сызбалар арқылы көрсетіп түсінік бердім. Интерактивті тақта – бұл компьютердің қосымша құрылғысы. Сонымен бірге оқушылар алдарында тұрған компьютер арқылы тапсырмалардың жауаптарын белгілеп отырды.Ғаламтор материалдарынан жапырақтың тіршіліктегі қыр сырлары» деген тақырыпта материалдар алып, шығармашылық жұмыстар орындап келді. Оқушылар сабақ соңында «Сабақтан алған әсерім» аты өз ойларымен эссе жазды және оқушылар өз ойларын ортаға салды. Биология пәнінен өткізген келесі тақырыбым: «Сабақтың түрлері мен қызметі» деген тақырыпты өткізу барысында: слайдтар топтамасында: «Көпір» тапсырмалары бойынша үй тапсырмасын пысықтау мақсатында оқушыларға сұрақтар қойылды, сол сұрақтарға жауаптар алдынды. Жаңа тақырыпты ашу мақсатында «Бүршік қайда бекінеді деп ойлайсыңдар?»деген бағытта сұрақ бере отырып, оқушыларға «Ой ашу» мақсатында сұрақ арқылы негізгі тақырыбымды аштым. Слайд топтамасында, сонымен бірге, тірек — схемасы арқылы сабақ түсіндірдім./ Қосымша8,9/. Электронды оқулықты пайдаландым.Зертханалық жұмыстар тапсырмасын орындау кезінде мультипроектор арқылы экранға берілген тапсырманы нақты түсіріп, оқушылар берілген тапсырмаларды компьютерге орындады. Келесі тапсырмада интерактивті тақтаға сабақтың түрлерінің қасына керекті өсімдіктерді оқушы активстудио қаламы арқылы тапсырманы қызығушылықпен тез әрі жүйелі орындады. /Қосымша 10,11/ 2 тапсырмада сабақтың ішкі құрылысының суреті сан арқылы берілді, сол берілген сандардың орнына керекті қабаттарды орналастырды. «Жинақтау» жүйесі бойынша оқушыларға тест тапсырмалары берілді және жауаптары тексерілді. Биология пәні бойынша өткізген келесі тақырыбым: «Өркен мен бүршік». Тақырыпты өту барысында «Көпір» тапсырмалары бойынша слайд топтамасы арқылы «Хан талапай» ойынында үй тапсырмасын тексеру бағытында сұрақтар мультипроектор арқылы нақты көрсетіліп, оқушылар жүйелі жауап берді. Жаңа сабақтың тақырыбын, мақсатын, жоспарын, өркен мен бүршіктің тіршілігі жайлы видеоролик, тірек – сызба, суреттер көрсетілді. Оқушылар сабақ барысында сарамандық жұмыстар орындады. Сарамандық жұмыстың тапсырмалары слайд арқылы көрсетілді. Сабақ барысында танымдық тапсырмалар: семантикалық карта, «Сөйлемдер сыры» биологиялық диктант, дискуссиялық өрнек тапсырмалары активстудио қаламы арқылы интерактивті тақтада орындады. Сонымен бірге оқушылар алдарында тұрған компьютер арқылы тапсырмаларды жеке орындады. Келесі тапсырма «Кім жылдам?» тапсырмасы бойынша сұрақтар топтамасы слайдта көрсетілді. «Жапырақтың ішкі құрылысы» деген тақырыпты өткізу барысында үй тапсырмасын пысықтау мақсатында оқулықтағы А-В-С тапсырмаларын; жаңа тақырыптың мақсатын, сабақ жоспарын, суреттерді, видео арқылы жапырақтың ішкі құрылысын, «Біліміңді тексер» тапсырмасы бойынша жеке тапсырмалар мен зертханалық жұмыс, тест тапсырмаларының берілу нұсқаларын слайд топтамасы арқылы көрсеттім. Жаңа сабақты пысықтау бағытында «Біліміңді тексер» тапсырмасын оқушыға активстудио арқылы интерактивті тақтаға тапсырмалар орындады.Аудан көлемінде әдістемелік семинарда өткізген «Витаминдер» тақырыбындағы ашық сабағымда «Талдау» жүйесінде интерактивті тақта арқылы тиісті сөздерді активқалам арқылы орына қойып отырды.
- Адам организміндегі энергия көзі;
- Жоғарғы энергетикалық құнарлы органикалық зат;
- Ас қорытуда ыдыраусыз сіңіріледі;
- Биологиялық белсенді заттар;
- Адам тамағы құрамында міндетті түрде болатын зат;
- Зат алмасуда ферменттердің түзілуіне қатысады;
- Қайнатылғанда бұзылады;
- Бұл зат болмаса құрқұлақ ауруы туындайды;
- бұл заттың болмауы жүйке жүйесінің салына және бери-бери ауруына себепші болады;
- Бұл зат болмаса пилагра ауруы пайда болады.
А витамині, В витамині, С витамині, Д витамині, нәруыздар, майлар, көмірсулар, минералды тұздар, су, РР витамині деген сөздерді тиісті сұрақтар қасына тиісті сөздерді активқалам арқылы орына қойып отырды.Жұптық жұмыстар орындаған кезде оқушылар өз алдарындағы компьютерге тест жұмыстарын, семантикалық карта және сәйкестендіру тапсырмаларды орындады.Сабақтыңбүкіл жүрісі мультимедия арқылы көрсетілді. /Қосымша 12-13/ Жетінші сыныпқа «Қосмекенділер класы»
тақырыбында өткізген сабағымда: «Білім» минуты деп аталды. Бұл кезеңде үй тапсырмасын пысықтау мақсатында сұрақтар арқылы жауап алдым.
1.Желілер қандай тип тармақтарына бөлінеді?
2.Желілі жануарларға тән белгіні ата?
3.Балық денесі қандай бөлімдерден тұрады?
4.Балық денесінде қандай жүзбе қанаттары болады?
5.Шеміршекті балықтар қандай қандай класс тармағына бөлінеді?
6.Шеміршекті балықтарға тән белгілерді ата?
7.Ерте заманнан бері сақталып келе жатқан балық
8.Балықтардың терісінде болатын ерекше сезім мүшесі
9.Қара уылдырық алынатын балықтар
10.Балықтарға торсылдақ не үшін керек?
11.Балықтың аталық безінен бөлінетін зат?
12. “Бекіренің басы тасқа тимей қайтпайды”-деген ұғым нені білдіреді
13.Балықтардың өрістеуі дегенді қалай түсінесіңдер?
14.Балық өсіру зауыттары не үшін керек?
15. Жергілікті жерімізде балық өндіретін зауыттар бар ма?
Оқушылар белсенді жауап берді. Сабақтың тақырыбы, сабақ кезеңдері, сабақ мақсаты, сабақтың жоспары мультипроектор арқылы көрсетілді. Сабақтың мақсаты: Қосмекенділер класына сипаттама бере отырып, бақаның сыртқы және ішкі құрылысы, оның тіршілігі, жылдық тіршілік циклі, қоректенуі, көбеюі және дамуы. Қосмекенділердің түрөзгерістері, дернәсілдердің балықтарға ұқсастығы туралы түсінік берілді.Сабақ мақсаты оқушылармен біріге отырып құрылды. Сабақ жоспары:
1.Қосмекенділер класына сипаттама
2.Бақаның сыртқы және ішкі құрылысы
3.Жылдық циклі және қоректенуі
4.Көбеюі және дамуы
5.Қосмекенділердің түр өзгерістері
6.Қорытынды.
Оқушыларға қосымша «Қосмекенділердің көп түрлілігі», «Қосмекенділердің көбеюі, «Улы бақалар» жайлы бейнероликтер көрсеттім.Содан кейін, зертханалық жұмыстың барысы экраннан көрсетілді.
Зертханалық жұмыс №7.
Тақырыбы: Тірі бақаларды бақылау. Бақаның сыртқы құрылысын зерттеу. Бақаның қаңқасын зерттеу. Дымқыл препараттан бақаның ішкі құрылысын зерттеу.
Мақсаты: Тірі бақаларды бақылай отырып, бақаның сыртқы құрылысын зерттеу, бақаның қаңқасын және дымқыл препараттан бақаның ішкі құрылысын зерттеу, анықтап жазу.
Құрал-жабдықтар: “Биология 7с” оқулық, “Қосмекенділер” таблицасы, “Бақа қаңқасы”, “Бақаның ішкі құрылысы” дымқыл препарат.
Р/с |
Тапсырмалар |
Орындалуы |
Нәтижесі |
1 | Тірі бақаны бақылап,бақаның сыртқы құрылысын зерттеп, анықтап жазу. | ||
2 | Бақаның қаңқасын қарап,зерттеп, жазу. | ||
3 | Дымқыл препаттан бақаның ішкі құрылысын зерттеп қарау, анықтап жазу. |
Сергіту сәтінде оқушылар бақалар биін биледі.
«Биологиялық пошта» ойыны
І . Балықтарға ІІ . Қосмекенділерге
тән белгілерді тән белгілерді
жинақтаңыздар жинақтаңыздар
Ерекшеліктері :
- Қан айналым жүйесі-тұйық
- Бір ғана қанайналым шеңбері бар
- Екі қан айналым шеңбері бар
- Терісі арқылы тыныс алады
- Бүйір сызығы бар
- Торсылдағы бар
- Торсылдағы жоқ
- Аналь тесігі бар
- Клоакасы бар
- Терісінде қабыршақтары бар
- Терісі кілегейлі безбен қапталған
- Жүзбе қанаттары бар
- Аяқтарында жарғақшалары бар
- Улы безі болады
Балықтарға және қосмекенділерге тән белгілерді интерактивті тақтаға белгілерін сандар арқылы жазып орындады. Қалған оқушылар жеке нотбуктерінде тапсырманы орындады. Келесі тапсырма сәйкесін тап:
1 | Құйрықты қосмекенді |
5000 |
|
2 | Итшабақ немен тыныс алады |
Бақа |
|
3 | Қосмекенділерді зерттейтін ғылым |
Құрт жылан |
|
4 | Қосмекенділердің қанша түрі бар |
350 |
|
5 | Аяқсыз қосмекенді |
Итшабақ |
|
6 | Қазақстанда қосмекенділердің қанша түрі бар |
Тритон |
|
7 | Қосмекендінің дернәсілі |
12 |
|
8 | Қосмекенділер ежелгі неден пайда болды |
Желбезек |
|
9 | Құйрықсыз қосмекенді |
Барахнология |
|
10 | Қосмекенділердегі бұлшық ет саны |
Стегоцефаль |
|
Келесі тапсырма тест жұмысы:
1.Бақаның жүрегі неше қуысты? а) 1 в) 2 с) 3
2. Қосмекенділердің көбеюі қай жолмен өтеді?
А“)жұмыртқа салу в)уылдырық шашу с)тірі туу
3.Құйрықсыз қосмекендіге қайсысы жатады?
А)Тритон в) саламандра с)құрбақа
4.Құйрықты қосмекенді а) тритон в) бақа с) құртжылан
5.Аяқсыз қосмекенді а) бақа в)құртжылан с)саламандра
6.Алғашқы құрлыққа бейімделген төрт аяқты жануар
А) сүтқоректі в) бауырмен жорғалаушылар с)қосмекенділер
7.Қосмекенділер дернәсілі а)имагов) итшабақ с)жұлдызқұрт
8.Қосмекенді қандай қанды а)салқын қанды в)аралас қан с)жылы қанды
9.Қосмекенділер миы неше бөліктен тұрады? А)5 в)3 с)2
10. Қосмекендінің зәр шығару мүшесі а) аналь тесігі в) клоака с)қуық
Өткізген барлық сабақтарымда АКТ құралдарын жиі пайдалану арқылы оқушы білімін жүйелі қалыптастыруға, пәнге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылық қабілеттерін шыңдай отырып, көптеген нәтижелерге қол жеткізуге болатынына сенімдімін. Жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде пайдалану мен тиімділігін арттырудың маңызы орасан зор.
2. Сыни тұрғыдан ойлау.
Сыни тұрғыдан ойлау « ойлау туралы ойлану » деп сипатталған. Сыни тұрғыдан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік.[1] Сыни тұрғыдан ойлау тұлғаның өзіндік жеке ойлауы болып табылады. Ойлау өзіндік сипатқа ие болғанда ғана сыни тұрғыдан ойлағандық болып табылады, оқушының айтқан пікірі қойылған мәселе бойынша оң шешімін табуға сәйкес келмесе де «сенің пікірің дұрыс емес» деп сырттай баға беруге жол берілмейді.Оқушының жекелік (өзіндік) ой-пікірін білдіру сыни тұрғыдан ойлаудың алғашқы әрі маңызды сипаты болып табылады. Сыни тұрғыдан ойлаудың принципіне негізделген сабақ нақты мақсатқа негізделген мазмұнды әрекетке айналады да, нағыз өмір қиындықтарын шеше алатын болады.Сыни тұрғысынан ойлау — сынау емес, шыңдалған ой. Бұл деңгейдегі ойлау жоғары, орта, бастауыш сынып оқушыларына тиімді. Мектепте сабақ кезінде биология пәнінен сабақ тақырыбына сәйкес қызығушылықты ояту бағытында, оқушылар білімдерін нақтылау мақсатында оқушыларға сұрақтар беріп, қойылған сұрақтарға нақты жауап берулері керек екенін және ойлануға бір, екі минут берілетіні жайлы айтылды. Мысалы: «Өркендер мен бүршіктер» деген тақырыбымда оқушыларға үй тапсырмасын пысықтау мақсатында сыни тұрғыдан ойлау бағытталған, қызығушылықты ояту мақсатында «Ой ашар» тапсырмасы бойынша, оқушыларға сыныбымызға «Хат келді» деген тапсырмамен бастадым. Хат ішіндегі сұрақтар: Өсімдіктердің өсімді (вегетативті) мүшелерін ата? Неге қазақ халқы жас жеткіншектерге «Жапырағың жайылсын деп бата берген?». Өсімдіктің «Жасыл асхана» деп қай мүшесін айтады? Осындай сұрақтарды бере отырып, жауап алу кезінде диалогтық оқыту – арқылы (мұғалім — оқушы,оқушы-мұғалім) арасында байланыс іске асырылды. «Мағынаны тану» бағытында төмендегідей сұрақтар берілді:
1.Жапырақ жайлы не білесіңдер?
2.Жапырақтың маңызы қандай?
3.Жапырақ жайлы не білгілерің келеді?
Бағыттаушы сұрақтар арқылы :
1.Жапырақ қандай қызмет атқарады?
2.Жапырақ өсімдікке не үшін қажет?
3.Мәтінде не жайлы айтылған? деп сұрақтар беру арқылы тақырыпқа талдау жасалды.
« Ой дамыту» бағытында жаңа тақырыпқа байланысты сұрақтар берді. Ол оқулықтағы А;В; С тапсырмасындағы сұрақтар:
А.
— Жапырақ қандай қызмет атқарады?
— Жапырақтың сыртқы құрылысы қандай бөлімдерден тұрады?Әр бөлім қандай қызмет атқарады?
В.
— Жүйкеленудің түрлері және атқаратын қызметтері қандай ?
— Жапырақтардың сабаққа орналасуының түрлерін талдаңдар?
С.
— Жай жапырақ пен күрделі жапырақтарды ажыратып, мысалдар келтіріңдер.
— Параллель жүйкелену мен доғалы жүйкеленудің айырмашылығы қандай?
оқушылар бір — біріне сұрақтар беру арқылы жауап алды. Бұл жерде оқушы мен оқушы арасындағы байланыс арқылы сыни ойлай отырып жауап беруге дағдыланды.Оқушылар өз пікірлерінің бағаланатынын жақсы сезінді. Өзіне деген сенімі аздау оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып жұмысқа басқа оқушылармен бірлесе қатысуға көмегі тиді. Сыныптағы барлық оқушылар өздерінің пікірлерін ұсынып, сұрақтарыма барынша тиянақты жауап берді.Берілген сұрақтар оқушыларыма өздерінің пікірлерін ашық айта отырып, жауап беруге белсене қатысты. Сабақтың негізгі идеясына байланысты оқушылар өздерінің не ойлайтынын түсінуге көмегі тиді. Сұраққа жауап берген кезде кейбір оқушылардың жауабы мені таңқалдырды. Бұрын сабақта көп сөйлей бермейтін оқушылар сабақ барысында өз ойларын ашық айтты. «Сабақтың қызметі мен түрлері» деген тақырыптағы сабағымда «Көпір» тапсырмалар бойынша үй тапсырмасын пысықтау бағытында төмендегідей сұрақтар қойдым :
1.Өркен деген не?
2.Өркен қандай бөліктен тұрады?
3.Өркеннің қандай түрлері бар?
4.Өркен өсімдіктің қандай мүшесіне жатады?
5.Бүршіктің қандай түрлері бар?
6.Төбе, қолтық, қосалқы, бұйыққан бүршіктер деп қандай бүршіктерді айтамыз?
7.Бүршіктен не дамиды?
8.Бүршік қайда бекінген? деген сұрақтар бере отырып, сұрақтарға оқушылар қызығушылықпен жауап берді.
Блум таксономиясының « Түсіну » жүйесі бойынша
« Менен — сұрақ , сізден – жауап » тапсырмасы бойынша оқушылар бір-біріне тақырыпқа байланысты сұрақтар қойды. «Талдау» жүйесінде зертханалық жұмыстар орындау барысында тапсырманы орындау арқылы көз жеткізіп, сұрақтарға жауап айта білді. Зертханалық жұмыста оқушылар әр түрлі сабақ түрлерін ажырата білді. Зертханалық жұмыста берілген нұсқаулықтағы тапсырмаларды жеке – жеке орындай отырып, көз жеткізу арқылы табиғи материалмен жұмыс жасады. Зертханалық жұмысты орындау барысында жекеленген оқушылар зерттеп, талдап көз жеткізе білді.«Жинақтау» жүйесінде тестілеуге арналған сұрақтар арқылы немесе өткен материалды еске түсіріп, ынталандыру үшін, жауапты ойлауға бағытталған, жинақталған білім мен ұғымды қалыптастыра отырып толықтырды. «Өркен мен бүршік» деген тақырыбымда оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру мен қатар сыни ойлауға бағыттау мақсатында жаңа сабағымда халқымыздың салт-дәстүрін насихаттау бағытында «Хан талапай» тапсырмасы арқылы оқушыларға төмендегідей сұрақтар қойылды :
-Тамыр өсімдіктің қандай мүшесі ?
-Тамырлар шығу тегіне қарай нешеге бөлінеді ?
-Қоректік заттарды қорға жинайтын тамырды ата ?
-Тамыр жүйесі деген не ?
— Кіндік тамыр деген не ?
— Шашақ тамыр деген не ?
— Тамыр бөлімдерін ата ?
— Тамыр түрөзгерістері деген не ?
— Жемтамыр қандай өсімдіктерде болады ?
— Түйнек тамыр деген не ?
— Емізік тамыр деген не ?
— Тіреу тамыр деген не ?
« Ой ашар» бағытында : Көктемде ағаштардан қандай өзгерістерді байқауға болады ? деген сұрақ бере отырып сыни ойлауға бағыттадым. Осы сұраққа оқушылар өз ойларын ортаға салып, пікірлерін білдірді. «Кім жылдам?» тапсырмасын орындау барысында төмендегідей сұрақтар бердім:
1. Тыныштық күйге ауысқан бүршік? (Бұйыққан)
2. Тек ұзарған өркенде ғана орналасқан? (Өсу бүршігі)
3. Бір буын мен екінші буын арасы не деп аталады? (Буын аралық)
4. Бүршіктің сыртын не қаптайды? (Қабық)
5. Оған бүршік,жапырақ, гүл бекінеді? (Сабақ)
6. Өркеннің ең ұшында орналасқан?(Төбе бүршік)
7. Жапырақ қолтығында орналасқан бүршік? (Жанама)
8. Бүршіктің түсі қандай? (Қоңыр)
9. Өркен, бүршік, жапырақ өсетін жуандау бөлігі қалай аталады? (Буын)
10. Бастапқы өркен? (Бүршік)
11.Тек қысқарған өркенде орналасқан бүршік? ( Гүл бүршігі)
12. Жапырақтары мен жас сабағы бар жас шыбық? (Өркен )
13. Буын аралығы ұзын болса қандай өркенге жатады? (Ұзарған өркен)
14. Жапырақтың сабаққа орналасқан жері не деп аталады? (Жапырақ қолтығы)
15. Буын аралығы қысқа болса қандай өркенге жатады? (Қысқарған өркен). Берілген осындай сұрақтарға белсенді түрде сыни тұрғыдан ойлау бағытында жауап берді. «Жапырақ» тақырыбы бойынша үй тапсырмасын пысықтау мақсатында тақырыптан кейінгі, оқулықтағы А; В; С тапсырмаларындағы сұрақтарды оқушылар топ болып орындай отырып, сұрақтарға жауап беру арқылы, өз жауаптарын ортаға салды. «Біліміңді тексер!» тапсырмасындағы сұрақтарды талдай отырып, жауап берді. «Қосмекенділер класы» тақырыбындағы сабағымда «Білу» жүйесі бойынша оқушыларға сыни тұрғыдан ойлауға арналған сұрақтар бердім. «Қазір қай мезгіл?», «Селомыздың көктемнің самал жел ескен кешкі тымық жағалауда отырмыз деп сезініп, көздеріңді жұмып жануарлар дыбыстарын тыңдай отырып қандай жан-жануарлардың дыбыстарын естідіңдер соны ажыратып айтып беріңдер?» бұл жерде жан-жануарлардың дауыстарын компьютер арқылы жіберіп қойдым. « Жағада отырып қосмекенділердің қандай іс-әрекеттерін байқадыңдар?», «Бақаға байланысты қандай ертегілерді білесіңдер?» сыни тұрғыдан ойлауға сұрақтар беру арқылы топта талдап сұрақтарға оқушылар жауап берді. Жаңа сабақ бойынша оқушыларды топқа бөліп, тақырыпты оқып топта өзара талдау жасады. Содан кейін І топ: Баяндаушы топ, бұл топ жаңа тақырып бойынша жалпы түсіндіріп берді. ІІ топ: Түсінік беруші топ, бұл топ жаңа тақырып ішінде кездесетін термин сөздерге тоқталып түсінік берді. ІІІ топ: Ізденуші топ, бұл топ бақалар, қосмекенділер жайлы қосымша мәліметтер берді. Бақаларға арналған ескерткіштер жайлы, қызықты деректер т.б. Сабақ барысында оқушыларға сыни тұрғыдан ойлауға арналған сұрақтарды жиі беру арқылы, оқушылардың қызығушылығын ояту, сыни тұрғыдан ойлау жүйесін тұрақты қалыптастыруға негіз болып табылады.Оқушылардың жеке ой-пікірін білдірулері сыни тұрғыдан ойлаудың алғашқы әрі маңызды сипаты болып табылады. Ең бастысы – біз осы мақсатты оқушының қажеттілігі мен қабілетіне сәйкестендіріп шеше алдық па? деген сауалға жауап іздейтін болсақ нақты түрде жауап бере аламыз. Осы бағытты дұрыс, жүйелі ұйымдастыру арқылы, өзіміздің дұрыс жолда екенімізді білеміз.Оқушылардың сыни ойлау қабілеттерімен қатар, сөздік қоры артады. Топтық жұмыста оқушылар бір-бірімен сыйластықта болып, жауапкершіліктері артады, топта барлық мүшелерінің бір — бірін тыңдау, күту шыдамдылығы, сөйлеу дағдылары қалыптасады, мұғалімнің, оқушылардың топ ішінде сөйлеуін бақылау және қажет кезде кірісіп сөйлеп кету еркіндігі тең дәрежеде болады, терең түсінік пен ойлаудың дамуы арқылы оқушының сөйлеу дағдылары дамиды, жұмыс жасау кезінде топ мүшелерінің қабілетіне, олардың бір-біріне дұрыс көзқараспен қарап, ойларын құрметтеуге машықтанады, бір- біріне көмектесіп, ойларын ортаға салып, өздерінің білім алуын көтермелейді. Сабақта мұғалім тек ұйымдастырушы, бағыттаушы, сараптаушы ретінде көрініп, бар жауапкершілікті оқушылардың өздеріне беру арқылы, үлкен жауапкершілікті сезінді. Осындай жұмыстарды орындау бағытында сыни тұрғыдан ойлана білуге дағдыланды.Оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға бағыттай отырып, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер арқылы қажетті дағдыларды жүйелі дамытуға болады.
3. Талантты және дарынды балаларды оқыту.«Мектептің басты міндеті әрбір адамның дарындылығын ашу, оны толыққанды шығармашылық, еңбек жолын бағалау.Әр оқушының қайталанбас дарынын дәл басып табу, аша түсу, қастерлеу, бұл тұлғаны адамзат қадір-қасиетінің өркендеуінің жоғары деңгейіне дейін көтеру деген сөз» В.А. Сухомлинский.[1] Дарындылық – баланың жеке қызығушылығы мен бейімділігі негізінде шығармашылық жұмыстарды орындау арқылы қалыптасатын қасиет. Дарынды және талантты оқушыларды мұғалімдер, топ мүшелері немесе оқушылар өздері айқындай алады. Оқушылардың қабілеттілігін, білімділігін дамыту мақсатында cабақты түрлендіріп өткізе отырып жаңашылдыққа бағыттау. Олардың әлемге деген, адамдарға деген және өздеріне деген көзқарастары ерекше болып келеді. Мектеп оқушыларының шығармашылық белсенділіктерін, олардың ізденушілік қабілеттерін дамытып, жеке тұлғаның зияткерлік қасиеттерін қалыптастыруда мұғалімнің рөлі зор. Шығармашылық қабілеттер ойлау мен практикалық әрекеттер арқылы ғана дамиды. Өз сыныбымда жекеленген оқушылардың бірлескен топтық, ұжымдық, жеке тапсырмаларды орындау барысында кейбір оқушының шығармашылық қабілетті шыңдала түсті.Оқушының шығармашылық қабілетінің шыңдалуы мектеп жасынан қалыптасады. Биология пәнінен сабақ беру кезінде сыныпта дарынды, шығармашылық қабілеті жоғары оқушылар ерекше және анық байқауға болады. «Жапырақ» тақырыбын өткен кезде сын тұрғысынан ойлау әдіс тәсілдері бойынша «Ізденіс» стратегиясы арқылы «Жапырақтың біз білмейтін сырлары қандай?» деген тақырыпта шығармашылық жұмыс орындаған екі оқушы орындады. Бұл екі оқушы жапырақтардың біз білмейтін қыр сырлары жайлы айтып, баяндап берді. Сабақ барысында тақырыпқа байланысты күрделі тапсырмалар мен тест тапсырмаларын орындады. Өркен мен бүршіктер тақырыбын өткенде сарамандық тапсырмаларды орындау кезінде оқушым өркен мен бүршік түрлерін анықтап қарап, талдау жасап түсінік берді. Сыныптастарымен қабілетті оқушыны салыстыратын болсақ сөйлеу мәнері, сөз саптауы ерекше болып келеді. Ғаламтор материалдарынан тақырыптарға байланысты көп ізденеді. «Сабақтың қызметі мен түрлері» деген тақырып бойынша, сабақтың ішкі құрылысы мен танысу деген тақырыпта оқушы зертханалық жұмыс орындады. Осы зертханалық жұмысты орындау арқылы оқушы сабақтың ішкі құрылысына талдау жасай отырып, анықтады. Сабақтың ішкі құрылысын ажырата отырып,өзек жасушаларының ерекшеліктеріне назар аударып, маңыздылығын анықтады. Оқушыға тақырыпқа байланысты күрделі тапсырмалар бердім, сол берілген тапсырмаларды жүйелі орындады. «Жапырақтың ішкі құрылысы» деген тақырыпты өткізген кезімде оқушыларға зертханалық жұмыс жасаттым». Жапырақтың ішкі құрылысы мен танысу» деген зертханалық жұмысты орындау барысында қазтамақ бөлме өсімдігінің жапырағының астыңғы өңінен сылып алып препарат жасап микроскоппен қарай отырып, жабын ұлпа — өң жасушалары және ондағы жанаспалы жасушалардың құрылысы, ерекшелігін анықтап, оқулықтағы суретпен салыстырып, талдау жасай отырып түсіндірді. Жапырақ өңінің астындағы жұмсақ бөліміндегі бағаналы, борпылдақ жасушаларды микроскоп арқылы көріп, хлорофилл дәндерін, жасушааралық кеңістік пен жүйкелерін анықтап, талдау жасады. Осы тәжірибелерді жасай отырып қабілетті оқушым Амангелді Бекзат деген оқушым дәлелдей отырып айтып берді. «Жапырақ физиологиясы» жайлы реферат дайындап әкелді.Топтық тапсырмаларды орындау кезінде де бұл оқушы тапсырмаларды алғырлықпен орындап сабаққа үнемі қатысып отырды. «Витаминдер» тақырыбын өткенде «Витаминдер тарихы» және «Витаминдердісақтау қоймасы» деген тақырыпта оқушылар шығармашылық тапсырмаларды әкеліп, ойларын ортаға салды./Қосымша 14-15/«Қосмекенділер класы»тақырыбын өту барысындаЗертханалық жұмыс орындау барысында, қосымша материалдармен жұмыс жасағанда, жаңа тақырыпты өзі белсенділікпен баяндау кезінде белсенді, талантты және дарынды оқушылар байқалды. Олар:Амангелді Бекзат, Қартқожақова Қорлан, Қыдырова Гүлжан, Өмірзах Дамир. І топ баяндап берді. ІІ топ түсінік берді. ІІІ топ талдау жұмыстарын жүргізді.Топтық тапсырмалар орындаған кезде және қосымша материалдармен жұмыс жасаған кезде, зертханалық жұмыстарды алғашқы болып тапсырманы тиянақты орындау барысында. Оқушы сабақтың басталысынан аяғына дейін үнемі белсенділік танытып, тапсырманы аяғына дейін жеткізсе, іздену жұмыстарына қатысса, үнемі іздену үстінде болса, бұл талантты және дарынды оқушы қатарына жатқыза аламыз.
4. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.
Танымдық даму-баланың оқу және проблемаларды шешу қабілеті.Дәлірек айтқанда, танымдық даму оқуға деген қабілеттілік, сондай – ақ зейін, сөз сөйлеу дағдылары,ойлау, негіздеу және шығармашылық зияткерлік сияқты қабілеттерді дамытуға және тұрақтандыруға қатысты. [1]Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай білім беру мен қатар, әртүрлі тапсырмаларды бере отырып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығы мен қатар білім жүйесін тұрақты қалыптастыру. Сабақ барысында оқушыларды сергіту мақсатында «Жүректен-жүрекке» оқушылар бір-біріне тілек айтты би биледі. Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, сабақты түрлендіре өткізу арқылы қызығушылық қабілеттерін арттыруға болады. Соның ішінде АКТ- ны сабақта пайдалану арқылы, сыни тұрғыдан ойлай білуге үйрете отырып, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер арқылы соның ішінде, мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы, оқушы мен мұғалім арасындағы диалогтық оқыту байланысын нығайту, оқытуды басқару және көшбасшылық бойынша, топ ішіндегі және мұғалім мен оқушы көшбасшылығын нығайту, оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалай білу жолдарын үйрете отырып, білім беру. Сабақтың барысындағы барлық тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай берілуі керек.
5. Оқытуды басқару және көшбасшылық.
Педагогикалық дамуды қамтамасыз етуүшін кәсібилікті түсінудің нақты тәсілі талар етіледі ( Hoyle, 1974). Заман талабына сай қазіргі заман мұғалімі білім беруші ғана емес, білім алудың жолын көрсетететін жаңашылдыққа жаны жақын адам болу қажет. «Оқыту мен оқу саласындағы негізгі білімнің болуы мен қатар, мұғалімдерге қандай өзгерістер болып жатқаны және қандай қандай стратегияларды алдын — ала қабылдау қажеттігі туралы барынша дәлелді тұжырымдар жасауға мүмкіндік беретін қосымша ақпараттар жинауға тура келеді. Шешім қабылдау процесінде мұғалім үшін ең маңызды оқушының қызығушылығы болып табылады.»[1].Мұғалім мен оқушы көшбасшылығы – мұғалім 7жеті модульді тиімді пайдаланып, нәтижеге қол жеткізе алса – мұғалімнің көшбасшылығы, ал оқушыларда топқа бөлінгеннен кейін-ақ көшбасшы көрінеді, топта айрықша белсенділік танытқан оқушы–көшбасшы, ол әдетте басқа оқушыға көмектесіп, соған жауап бергізуге тырысады, өйткені ол өзін емес, сыныптастарын, топты алға сүйрейді.Мұғалімнің көшбасшылығын дамытуға әсер етуші тұлға. Мектептегі тәжірибе кезінде өз сабақтарым бойынша талдап, айтып өтемін. «Өркен мен бүршіктер» тақырыбын өткен кезде сабақтың жүру барысын психологиялық дайындықтан бастадым. Оқытуды басқарушы және көшбасшы ретінде үй тапсырмасын пысықтау мақсатында, оқушылардың қызығушылығын ояту бағытында сұрақтар бере отырып, жауаптар алдым. Сұрақтар беру арқылы мұғалім мен оқушы арасындағы диалогтық оқыту байланысын орнаттым. Жаңа сабақты түсіндіру барысында тірек — сызбаларды, видеороликтер пайдаландым.Сабақтың жоспарын, мақсатын таныстырып өттім. «Сабақ қызметі мен түрлері» тақырыбын өткізген кезімде сабақты психологиялық дайындықтан бастадым. Сабақ барысында сабақтың мақсатын, жоспарын айта отырып, тірек — схемасы және видеоролик арқылы түсіндірдім. Зертханалық жұмысты орындату барысында бағыт бере отырып тапсырма орындаттым. Сонымен бірге оқушылар АКТ ны пайдалана отырып тапсырмалар орындатып, жауаптарын тексеріп отырдым. Тест тапсырмасын бере отырып, қателері түзетілді. Сабақтың қорытынды бөлімінде оқушылар сабақ жайлы өз ойларын білдірді.
«Жапырақ» тақырыбы бойынша сабақ өткізген кезімде оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында біздің сыныпқа «Хат келді» дей отырып, төмендегідей сұрақтар бердім:
1.Өсімдіктің (вегетативті) өсімдік мүшелерін ата?
2.Неге қазақ халқы жас жеткеншектерге “Жапырағың
жайылсын” деп бата берген?
3.Өсімдікте “Жасыл асхана” деп аталатын мүше
қайсысы? осындай сұрақтарға жауап алдым. Жаңа сабақтың тақырыбын аша отырып, сабақтың мақсаты мен жоспарын таныстырып өттім. Сабақ барысында тірек — сызбаларды, видеороликтер пайдалана отырып, жаңа сабақты түсіндірдім. Оқулықты пайдалана отырып, «Түртіп алу» стратегиясы бойынша БББ кестесін басшылыққа алдым. Осы кестені толтыру барысында
«Мағынаны тану» тапсырмасы арқылы төмендегідей сұрақтар бердім:
1.Жапырақ жайлы не білесіңдер?
2.Жапырақтың маңызы қандай?
3.Жапырақ жайлы не білгілерің келеді? осы сұрақтарға жауап ала отырып, бағыттаушы сұрақтар арқылы:
1.Жапырақ қандай қызмет атқарады?
2.Жапырақ өсімдікке не үшін қажет?
3.Мәтінде не жайлы айтылған? дей отырып кесте толтырттым. «Ой қозғау» стратегиясы бойынша үш топқа тапсырма бердім:
1- топ: Жапырақ құрылысына сипаттама жасаңыз.
2 топ: Жай және күрделі жапыраққа сипаттама жасаңыз.
3 топ: Жапырақтың сабақта орналасуына сипаттама жасаңыз.
Осындай тапсырмаларды орындату бағытында бағыттаушы, көшбасшылық қызмет атқардым.Топтық жұмыстар жүргізу арқылы оқушылардың көшбасшылығы анық байқауға болады. Топтық жұмысқа белсене қатысқан оқушыларым: Амангелді Бекзат; Қартқожақова Қорлан; Қыдырова Гүлжан есімді оқушыларым топ ішінде көшбасшы бола білді.Аудан көлемінде өткізген ашық сабағымда оқытуды басқару және көшбасшылық модельі бойынша сабақ барысында бағыт беруші, ал оқушылардың өзі көшбасшы бола білді.Аудандық әдістемелік семинарда өткізген ашық сабағымды ұйымдастыру кезінде оқушылардың сабаққа келгендегі және сабақтан кейінгі көңіл-күйлерін анықтау мақсатында смайликтер арқылы анықтап алдым.7 сыныпқа «Қосмекенділер класы» тақырыбын өткен кезде мен мұғалім ретінде сабақ барысында оқушыларға тапсырмалар туралы бағыт бағдар бердім.Сынып оқушыларының көңіл – күйін смайликтер арқылы анықтап алдым. Сынып оқушыларын түстер және геометриялық фигуралар таңдату арқылы ІІІ топқа бөлдім. Жаңа тақырыпты оқушылар топ ішінде талдай отырып, сыныпқа жалпы өздері түсіндіріп берді. Мен пән мұғалімі ретінде оқушыларға қосымша «Қосмекенділердің көп түрлілігі», «Қосмекенділердің көбеюі, «Улы бақалар» жайлы бейнероликтер көрсеттім. Үй тапсырмасын пысықтау мақсатында оқушыларға сұрақ беру арқылы жауап алдым. Зерханалық жұмыс орындаған кезде бағыттаушы тапсырмалар беріп отырдым.Жаңа сабақтың тақырыбын, мақсатын, жоспарын таныстырып өттім. Дәптерлеріне керекті сөздерді жаздырдым.
6.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.
Білім беру жүйесінде көптеген жаңашылдық бағытында жұмыстар атқарылуда. Жаңа технология әдістерін үйрене отырып әрбір ұстаз жаңашылдыққа ұмтылуда. Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетті. Выготский когнитивтік дамудың, оқушылар өздерінің «Жақын арадағы даму аймағында» жұмыс істесе, жақсаратындығын атап көрсеткен.Александр (2004) білім берудегі әңгімелесуді қарым қатынас жасаудың бір сарынды үдерісі емес, керісінше, идеялар екіжақты бағытта және осының негізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжыды деп тұжырымдайды. Диалог барысында оқушылар (сонымен қатар олардың мұғалімдері де ) келісілген нәтижеге жету үшін күш жігерін жұмсайтын және Мерсер (2000) зерттеуіне әңгімелеу оқушылардың білім алуының ажырамас бөлігі болып табылады және әңгімелесудің үш түрі бар.
Диалог
Әңгіме дебат Топтық әңгіме Зерттеушілік
Оқушылар бір-бірімен сөйлесуді, сұрақ қоюды үйренеді.1.Сұрақ-жауап әдісі ең тиімді әдіс, оқушылардың көру қабілеттерін ойлау қабілеттермен ұштастыра дамытады.Мен өз тәжірибемде оқушыларды ауызекі сөйлеуге үйрету үшін оқушыларға әр түрлі деңгейдегі сұрақтарды қойдым. Мысалға сұрақтарды «Кім?, Не?» демей, «Неге?, Не себептен бұлай ойлайсыздар?, Қалай?, Не үшін?». Бұл сұрақтарды қоюдағы менің мақсатым әр оқушыға ой түрткі жасау. Жұмыстың нәтижеге бағытталуының өзі осында емес пе?! Оқушыларға бұндай сұрақтар түрі біраз қиындық туғызған тәрізді, мысал ретінде Амангелді Бекзат атты оқушы тақырыптық сұрақтар бойынша, барлық білгенін ортаға сала білді, баланы осы сәтте бірнеше параметр бойынша бақылауға, тіпті бағалауға болады. Мысалы біріншіден, білім деңгейі, екіншіден, тіл меңгеруі, оны жеткізуі, үшіншіден, ынтасы мен қызығушылығы, төртіншіден, өзін көрсете алуы сияқты. Көп сөйлемейтін Қатимоллаев Айболат деген оқушым қойылған сұрақтарға жауап беру арқылы өз пікірін ашық айта білді. Ынжық, ұялшақ, көп сөйлемейтін оқушыларды топтық жұмыстарға тарту, бұл менің алдымда тұрған үлкен мәселе болды. Бірнеше сабақтарымда мен оқушылардың жауаптарына әңгіме дебат барысында «ия, бұл солай», немесе «Мүмкін ойланарсың», «Жарайсың» деген сөздермен әрдайым ынталандырып отырдым.Қосымша әдебиеттерден оқушыларға қосымша дайындалуға тапсырмалар беріп отырдым. Өз ойын айту әдісі оқушылардың ойлану, ойлауы арқылы ауызша жүйелі айтып беруге дағдыландыру. Бұл жерде мен Джиксо әдісін қолдандым. Әр топтан бір лидер екінші топқа барып, тақырыпқа байланысты өз түсінгенін айтып береді, және топтағы оқушылармен талқылайды негізгі тапсырмаға көшкен кезде бұрыннан бері алған білімінің қаншалықты екенін көруге мүмкіндік туды. «Қосмекенділер класы» тақырыбын өткенде оқыту мен оқудағы жаңа әдіс – тәсілдерді сабаққа жүйелі пайдалануға тырысамын. Жеті модульді жүйелі пайдаланамын.Әр түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып отырамын. Сабақтың келесі бөлімі «Жинақтау» жүйесінде биологиялық диалог бұнда топ мүшелері жаңа тақырып бойынша бір – біріне сұрақтар қойды. Оқытушы ретінде баланың
*білімін, тіл меңгеруін, қолдануын;
*қарым-қатынасын, ортаға бейімделуін;
*бәсекелестік қабілетін;
*белсенділігін бақылаумен қатар қалыптастыруға мүмкіндік тууы әдістің оң нәтижесін көрсететіне көз жеткіздім.Бұл жерде тағы ұнағаны және де балаға ой еркіндігін берудегі мені таң қалдырған жәйт- оқушылар екі елдің кейіпкерінің рөліне ене алу қабілеті, әртістік шеберлігін көрсете алуы.
7.Оқыту үшін бағалау және оқыту үшін бағалау.
Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Олар қолданатын кез – келген нысанның артында объективті немесе жеткілікті дәрежеде объективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес,сондай – ақ баланың дамуы, оқы және ынтасы туралы түсінік, сонымен қатар өзін -өзі бағалау,қабілеттілік және күш жігері сияқты үғымдарға қатысты құндылықтар жатады.(Александер 2001) [2]. Бағалау – одан арғы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде анықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин [3]. Оқытуды,әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту бағалау формативті немесе оқыту үшін бағалау болып табылады[4].Егер бағалау мақсаты баға қою, сертификаттау немесе оқытудың алға жылжуын тіркеу үшін оқыту қорытындысын шығару болса, онда өзінің функциясы бойынша бағалау жиынтық болып табылады және кейде оны оқытуды бағалау деп атайды[5].Бағалау – оқытудың құрамдас бөлігі және қорытындылау сатысы. Оқушы үлгерімін қалыптастыруда бағалаудың маңызы өте зор. Бағалау түрлері көп. Қазіргі уақытта оқытудың озық әдістері жинақталып, шет елдермен тәжірибе алмасып, ұтымды әдістер,тәсілдер қолданысқа енді.Соның бірі – бағалау.Баға – оқушы білімінің басты көрсеткіші.Бағалау дегеніміз — өлшем. Бағалаудың бірнеше түрлері бар. Оларға өзін өзі бағалау,топтасып бағалау,жұптасып бағалау, салыстыру арқылы, тестік жұмыс арқылы, өз бетімен жұмыс істеудегі шығармашылық сатыдағы тапсырмалар арқылы бағалау, сыни тұрғыдан ойлауды бағалау, баланың жеке басын дамыта отырып бағалау т.б. Өзім еңбек етіп жүрген мектебімде биология пәні бойынша сабақтар өткізу кезінде жаңа бағыттағы «Сын тұрғысынан ойлау технологиясын» сабақтарымда пайдаланған кезімде, топтық, жұмыстарды, шығармашылық тапсырмаларды орындау барысында бағалап отырамын. «Өркен мен бүршіктер» тақырыбын өткізген кезде оқушыларға топтық, жұптық және танымдық тапсырмалар бердім, атап айтатын болсам:Семантикалық карта, биологиялық диктант, дискуссиялық өрнек деген тапсырмаларды топтасып орындап, ұпайлар беріп отырды.Сарамандық жұмысты жақсы орындаған оқушыларға ұпай беру арқылы бағаланды. «Сабақтың қызметі мен түрлері» деген тақырыбымда «Көпір» тапсырмасы бойынша сұрақтарға жауап берулеріне қарай бағаланды. «Түсіну» жүйесі бойынша топ мүшелері бір-біріне сұрақтарға жауап берулеріне қарай баға қойып отырды. Зертханалық жұмыста берілген тапсырмаларды жақсы орындаған оқушылар ұпайлар қою арқылы бағаланды. «Жинақтау » жүйесі бойынша топ мүшелері тест тапсырмаларын орындап, бағалап отырды. «Жапырақ» тақырыбы бойынша өткізген кезде жекеленген тапсырмалар бойынша ұпайлар беру арқылы бағаланды.Сабақ соңында оқушылармен бірге бағалауды бірге талқылаймыз.Түсінікті болу үшін бірнеше мысалдар айта кетейін. БББ кестесі бойынша бағалау критерийлерін былай деп алдым:
— Барлық бағандағы карточкаларды толтыру — 1 балл
— Кем дегенде жоғарғы деңгейдегі 2 сұрақтың қойылуы – 4 балл
Оқушының көзқарас айтуы және оны дәлелдер келтіру шеберлігі — 5 балл Осы тұрғыда балаларға жұптарын бағалауды ұсындым, /Қосымша 12/ және өздерінен «осы критерийлерге алып қосарларыңыз барма?», – деп сұрадым. Сонда олар: Топтағы сыйластық үшін – 1 балл, топтың ережесін сақтау балл – 1 балл қосатындарын айтып кетті. Мен олардың өтінішін қабылдап, аяғында 12 балдық критерий қылып алдым. Сонда оқушының жинаған ұпайлары төмендегі шкаламен бес балдық жүйеге асады.
«5» – 10-12 балл;
«4» — 8-10 балл;
«3» –5-7 балл;
«2»-1-4 балл осылай жасаған сыныпты бағалауымда алғашқы кезде қиындықтар туындады, өйткені уақыттың қысқалы және бағалауды тек осыған дейін мұғалім жүргізіп келсе, енді балалардың өздері қатысып өздерінің жұмыстарын бағалаған оларға едәуір ауырлау тиді. Сонымен қорытындысында 26 оқушының 8–і «4» деген баға алып, 15-і «3» ке қорғады.8 сыныпқа өткізген «Витаминдер» тақырыбындағы сабағымда әр тапсырмаларды орындау барысында оқушылар өз-өздерін және жұптарын бағалап отырды, «жұбынды бағала» деген қиындыларын таратып отырдым. Ол қиындыларда: «Бүгінгі сабақтан не түсіндіңіз?» Бүгінгі түсінігіңізді қаншаға бағалар едіңіз? (Өте жақсы, жақсы, орташа, төмен) Осы бағаны неліктен таңдаңыз?» деген сұрақтар берілді. «Қосмекенділер класы» тақырыбын өткен кезде оқушыларға сабақ барысында бағалау парақшасын тараттым. Оқушылар сол бағалау парақшасына өз – өздерін бағалап отырды. Экранда көрсетілген бағалау ұпайларын басшылыққа алды. Сабақты қорытындылаған кезде топ жетекшісі топ мүшелерін бағалады. Сабақ соңында стикерлерге оқушылар сабақтан алған әсерлерін жазды. Бағалау парақтарын толтырар алдында оқушыларға шыншыл болуға және нағыз ойындағы әділ бағаны қоюға шақырдым және оқушылардың бағалау парақшасын жинақтап қорытынды бағаларын журналға қойдым.
Бағалау парағы . Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау .
Р/с |
Оқушының аты-жөні |
Сұрақ жауап |
Мәтінмен жұмыс |
Жеке тапсырма |
АКТ мен жұмыс |
Шығармашылық тапсырма |
З /ж №7 |
Тест жұмысы |
Диалог |
Ұ |
Б |
10 — 12 ұпай «5»; 7 — 9 ұпай «4»; 4 — 6 ұпай «3»; 0 – 3 ұпай «2».
Қорытынды.
Бүгінгі заман – бәсекелестік пен жоғары технологиялар заманы, ғылым мен білім заманы. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050» стартегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін басты орынға қойылып отыр. Жаһандану үрдісінде, шығармашылық ізденістегі, әр баланың ақыл-ой еңбегінің дамуына ықпал жасайтын негізгі тұлғаның бірі – оқушының ұстазы. Ұстаз — білімді де білікті болса ғана, оқушы сапалы білім алады. Білім саласындағы түбегейлі өзгерістер ұстаздан үлкен жауапкершілікті талап етеді. Бұл өзгерістерді енгізу дұрыс па? Өздігінен білім алатын, жан-жақты ізденетін, талпынатын, алдағы өмір жолын өзі болжай алатын тұлға тәрбиелеу -ұстаздың қолында. Ал қоғамдағы жаңа өзгерістер ұстаздардың кәсіби біліміндегі жаңашылдықты талап етеді. Бүгінгі мемлекет алдындағы басты міндет – білім беру жүйесін жаңарту болып отыр.Қазіргі білім беру саласында оқытудың жаңа технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болуы мүмкін емес. Білім беру жүйесін ақпараттандыру дегеніміз – берілетін білім сапасын көтеруді жүзеге асыруға бағытталған процесс. Ақпараттық коммуникациялық технология оқу барысында компьютерді пайдалануға, электронды оқулықты, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетпен жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламасына негізделеді. Бүгінгі таңда білім беруді ақпараттандыру формалары мен құралдары өте көп.Білім беру жүйесін ақпараттандыруда электронды оқулықтардың алар орны ерекше. Сол бағытта өз мектебімізде де жаңашылдыққа ұмытылу бағытында көптеген жұмыстар атқарылуда. Сол жаңашылдықтың бірі мектебіміз көп кешікпей жаппай электронды оқыту жүйесіне көшуге бағытталуда. Алдағы уақытта мектебіздегі көптеген пәндер электронды оқулықпен оқытылады. Бұл мектептегі ұстаздар қауымы үшін қуанарлық жағдай, үлкен жаңалық. Ұстаздардың шығармашылықпен тереңірек жұмыс жасауына зор ықпалын тигізеді. Өз білімімді тереңдету, жаңалыққа ұмтылу мақсатында жаңа ақпараттық — коммуникациялық технологияларды іс-тәжірибемде еркін пайдалана білу бағытында, Атырау облыстық кадрлар біліктілігін арттыратын және қайта даярлайтын білім жетілдіру институтында 02-07 ақпан аралығында «биология пәнін оқытуда жаңа ақпараттық-технологияларды қолдану» тақырыбында курстан өттім.Сол курстан алған білімді өз тәжірибемде биология сабақтарын өткізу кезінде жаңа ақпараттық-технологияларды пайдаланып келемін.Соның ішінде компьютер, мультипроектор, интерактивті тақта,электронды оқулықтардың оқушының жан-жақты және терең білім алуына маңызы ерекше. Әрине оқулықтың әсері мол.ақпараттық құралдарын және электронды оқулықты пайдалана отырып өткізген сабақ жақсы нәтижелерге қол жеткізеді.Дарынды және талантты оқушыларды тәрбиеледеуде пән мұғалімі ретінде ғылыми жұмыстарға оқушыларды қатыстырып отырамын.Соның бір дәлелі 2011-2012 оқу жылында 11ә сынып оқушысы Ысқақова Бибінұр аудандық, облыстық оқушылардың ғылыми жұмыстар байқауына қатысып,облыс көлемінде жүлделі ІІІ орынға ие болды. Сонымен бірге облыстық жобалар байқауында «Мектеп жанында құс өсірудің ерекшеліктері» жобасы «Алғыс хатқа» ие болды.Аудан көлемінде әдістемелік семинарда жеті модульді пайдалана отырып өткізген ашық сабағым «Үлгілі» деп бағаланда.ХІV педагогикалық оқуға қатысып ІІ орынға ие болдым.8 «ә» сынып оқушысы Ғайнеден Әселханым ғылыми жобалар байқауында «Алғыс хатқа» ие болды.2012-2013 оқу жылында.Жоба дайындап оған оқушы дайындап қатыстыру үлкен еңбектенуді қажет етеді.Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курсы бағдарламасының өзектілігі, мұғалім біліктілігн арттыруға бағытталған. Әрине, маманның сапасы мұғалімнің біліктілігіне тікелей байланысты. Ал курс барысында республиканың әр түкпірінен келген мұғалімдер біліктілікті арттырудың мән-жайына қанығып, соңғы заманауи технологияларды басшылыққа алады. Өйткені қай кезеңде, қай қоғамда болсын жеке тұлғаның қалыптасуы ұстаздан басталады. Білім саласындағы түбегейлі өзгерістер ұстаздан үлкен жауапкершілікті талап етеді. Педагогикалық қызметімде теориялық білімді тәжірибемен байланыстыра отырып, жан-жақты мүмкіндіктерімді ашуға, оқытудағы Кембридж университеті тәсілінің теориялық негіздерін енгізген «Үшінші деңгейлі мұғалімдерді даярлау жөніндегі біліктілікті арттыру курстарының» маңызы зор. Бұл курстың маңыздылығы ой бөлісіп, әдістеме алмасуда мүмкіндік туғызуында және ең тиімді әдістер мен стратегияларды жинақтап, оқытудағы қиыншылықтарды жоюға мүмкіндік тудыратындығы. Бұл курста мен оқыту жүйесіне жаңа көзқараспен қарайтын болдым. Оқушылардың оқуға деген ынтасы мен қызығушылықтың одан да арта түсетініне сенемін.Бағдарлама болашақ үшін емес бүгінгі күн үшін қызмет етеді. Сол арқылы болашаққа жол салынатынына сенімім мол! Мұғалімдерді жаңа форматтағы шебер ұстаз етіп шығару және білім жетістігіне жеткізу мақсатында Кембридж университетінің жаңа бағдарламасының әдіс-тәсілдерін бізге жеткізіп түсінік берген Атырау қалалық «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ұйым жетекшісі Ғалымжанова Маржан Анесқызына, орынбасары Сәрсенова Нұрзила Сәрсенқызына және тренерлеріміз Нұрсұлтанова Гүлжан Жаманбайқызы, Хайруллина Света Хояшқызына, Досмұхамбетова Асылжан Ибатқызына, Ханалиева Кәмшат Әжіғұлқызына, Әжіғұлова Майя Салауатқызына, Жұмекеева Нәсіпхан Құрманбайқызына, Есбосынов Наурызбек Мүрсәлімұлына алғысым шексіз.Сөзімді қорыта келе төмендегі жыр шумақтарымен аяқтағым келеді.
Тәлімді жас ұрпаққа арнаған,
Қиыны мен қызығына қанбаған.
Мен-ұстазбын, үйретуден жалықпас,
Өмірден тек осы жолды таңдаған.
Жеті модульді пайдаланып өткізген сабақтардан көрініс
Қосымша 1
Қосымша 2
Қосымша 3
Қосымша 4
Қосымша 5
Қосымша 6
Қосымша 7
Қосымша 8
Қосымша 9
Қосымша 10
Қосымша 11
Қосымша 12
Қосымша 13
Қосымша 14
Қосымша 15
[bws_related_posts]