Ою-өрнек

oiuШонтыбаева Гүлшара

Тақырыбы Ою-өрнек
Мақсаты:
Оқушыларды ұлттық өнер түрлерімен таныстыру, ою- өрнектің тілін түсіндіру, сырына мән беру, ою- өрнек арқылы оқушылардың ой- өрісін, білімін жан- жақты дамыту, халқымыздың асыл мұрасын, салт- дәстүрін, өнерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Мұғалім:Ою — өрнек бір затты ою, кесу, тілу, қию тәсілдері арқылы жүзеге асады. Ойылған, кесілген, қиылған оюды екінші бір затқа кіріктіріп, жапсырып, желімдеп әшекейлейді, әсемдейді. Ою — өрнек қазақ даласына оқу — сызу пайда болмай тұрып, дүниеге келді десе де болады. Ою — өрнекті белгілі бір адам немесе қолөнер шеберлері ойлап тапқан жоқ, оны халық ойлап тапты. Қолөнер шеберлерінің арнайы шеберханалары болған жоқ. Олар үйдің не даланың кез келген жерін ыңғайлап, сол жерді шеберханаға айналдырған. Адамдар ертеден — ақ өздерін қоршаған дүни
ені тасқа бейнелеген, бертін келе киім — кешектеріне, ыдыстарға сурет ретінде салған, осылай бірте — бірте ою — өрнек пайда болды. Ал біздің халқымыздың тұрмыс — тіршілігінде ою — өрнектің алар орны үлкен. Ол ұрпақтан — ұрпаққа жалғасын тауып дамып келе жатқан бірден — бір өнер. Әр шебер бүл өнерді өз үлгісінде, әр түрлі дамытқан, өзі жасаған оюға өзі атау берген, оның астарына өзінше терең ұғым сыйғызған, сондықтан ою — өрнектің тілін, сырын, тарихын сол шеберден артық ешкім білмейді.
«Ою — өрнекті қайдан, кімнен үйрендің?»- деген сауалға атақты суретші Әбілхан Қастеев:
«Таудың бұлағынан,
Қойдың құлағынан,
Апамның киізінен
Ешкінің мүйізінен»- деп жауап беріпті.
Ғұлама ғалым Әлкей Марғұлан «қазақтар ою — өрнек әлемінде өмір сүреді»- деп айтқандай, қазақ халқының ұлттық бұйымдарының барлығында ою — өрнектің небір ғажап үлгілерін көруге болады
Жүргізуші: Қазақтың ою — өрнегін салып, қиып үйренбей қолданбалы өнерді игеру мүмкін емес. Сондықтан оюды өзіміз ойып үйренуіміз керек. Халқымызда «Өз үйінде ою оймаған адам кісі үйінде сызу сызады»- деген мақал бар. Осы мақалдың өзі ою оймаған кісінің өзге өнерді де игере алмайтындығын көрсетеді.
Ақырыс: Ою-өрнек өте ежелгі өнер. Онын ұзақ та, қызық тарихы бар.Бұдан екі жүз жыл бұрын адамдар табиғатқа қазіргіден гөрі мүлдем ерекше көзбен қараған . Табиғат олардың анасы еді, ол адамдарды асырайтын, киіндіретін, емдейтін сонымен бірге, құрметтеп күтпегені үшін жазалап та алатын.
Әсет: Ай мен күн, теңіз бен шөп, жел мен жартас, жануарлар мен өсімдіктер ойнай біледі, сезеді, сөйлей алады, адамға көмек бере алады, олардан кек те қайтарады дегенге пенделер сенген.
Ләззат: Қазақтың ою және өрнек деген сөзі бірге келіп латынша «орнамент» деген ұғымды білдіреді. Ою белгілі бір затты ою (тас, ағаш, темір, сүйек, тері, қағаз, мата). Ойылған, кесілген, қиылған оюды екінші бір затқа кіріктіріп, желімдер жапсырып әшекейлейді, әсемдейді, түрлендіреді.
Жүргізуші: Ал, ою оюшыны кім дейді?
Сәнтөре:Ою оюшыны шебер дейді. Оюшы шебер іскерлігімен қатар аталып құрметтелетін өнерде өзіндік орны бар адам. Ол өзіне дейінгі дәстүрді ою-өрнектің бүкіл сырын толық меңгеріп, оны одан ары дамытушы.
Альбина: Қуанышын да, қайғысын да жан – жануар, аң-құс, ай мен күн, жұлдыз, тау, тасқа байланысты деп түсінген көшпелі қазақтардың сол сезімдері қолөнер туындыларында да қалыс қалмаған. Бертін келе осы өрнектердің кейбір ұқсастығына қарай атауларға ие болған.
Жүргізуші:Халық әні Дедім-ай ау
Альбина:Ою-өрнек дегеніміз – сөзіміз латын тілінен алынған «орнамент» мағынасы сәндеу, әсемдеу.
Айгерім:Композиция дегеніміз – өрнекті бұйымның бетіне реттеп орналастыру.
Мысалы: көлемі шағын бұйымға ірі өрнек салмайды.
Елдос: Симметрия дегеніміз –ою-өрнектің екі жағының тең болуы. Мысалы: кітаптың екі бетіндей.
Әсем: Колорит дегеніміз –ою-өрнектің бояу түрлерінің ою-өрнектің бір-бірімен үйлесіп, жарасым табуы.
Мысалы: қара түсті қызыл, ақ, сары түстердің ашуы.
Ақырыс:Ритм дегеніміз – ою-өрнекте бір элементтің қайталанып келуі
Жүргізуші:Ата — бабамыздан қалған ою — өрнекті, мәдени шежіремізді сақтап, барынша ұлықтауымыз қажет. Ою тілін түсініп, өнерге жақын болуымыз керек.Ендеше оюларға тоқталайық.

Жүргізуші:Жұмахан Айгерімді Алатау күйімен қарсы алайық
Жүргізуші: Міне, ою — өрнектерді » сөйлетіп » ою арқылы ойымызды білдіруге болады екен.
Бүгінге дейін қазақ ою — өрнектерінің 500 — ге жуық түрі анықталған. Ою — өрнек түрлері төрт топқа бөлінеді.
Нұрлан Сандуғаш Ербол Мұртаза Данагүл
Аспан әлеміне
байланысты Төрт түлікке
байланысты Жан-жануарларға байланысты. Су,өсімдік,
құстарға
байланысты Геометриялық
фигураларға
байланысты.
Жұлдыз Қошқар мүйіз Бөрікөз Қайнар,ирексу Тұмарша
Кемпірқосақ Түйемойын Тышқаніз Су өрнегі Балта
Айшық Түйетабан Түлкібас Жауқазын Ромб
Шұғыла Өркеш Иттабан Шыныгүл Қос дөңгелек
Күн Омыртқа Өрмекші Жапырақ Егізжұп
Жүргізуші:Қожахмет Альбинаны Қазақ биімен қарсы алайық
Жүргізуші:Енді шеберлік, ою-өрнек туралы мақал- мәтелдерге тоқтала кетейік
1) Өнерді үйрен де жирен.
2) Шебер көп жерде өнер көп.
3) Үйренгенің өзіне, істегенің өзіне құт.
4) Шебердің саусағы алтын.
5) Оюды оя алмаған ойланбаған.
6) Еріншектің ертеңі бітпес.
7) Қолөнер – мал өнер.
Жеті рет өлшеп, бір рет кес.
9) Өнер көзі халықта.
10) Шеберді шеге қағысынан байқа.
11) Қыз еркем, кестесімен көркем.
12) Ою ойғанның ойы ұшқыр.
13) Еңбексіз іс бітпейді,
Еріншектің қолы жетпейді.
Жүргізуші:Көрініс:Ою хан мен Жою хан
Мұғалім:Ербулатова Ақырысты Өзбек биімен қарсы алайық
Қорытынды: Міне, балалар, оюдың адам баласына тигізер әсері көп екен. Ол адамның ойын бір жүйеге келтіреді, денсаулыққа пайдалы жағы да бар, аз емес. Ол жүйке қызметін ретке келтіруге, ашуды, қайғыны басуға ықпал етеді. Зейнеп Ахметованың Бауыржан Момышұлы жайында жазған естеліктерінде көптеген мысалдар келтірген. Атамыз шығармашылық жұмыс үстінде жазып отырған еңбегі өнімсіз болған кезде лезде қолына қағаз, қайшы алып ою оя бастайды екен. Сонда адамыздың шашыраған ойы жинақталып, жанына жігер бітіп шығармасын қайта алады екен.
Қабырғаға ілінген түскиіз, кілем, сырмақтағы кестелерге, өрнектерге зер салып қарасақ, әрбір ою — өрнектің мағынасы бар екенін байқаймыз. Ою — өрнектің мағынасы жайында мынадай аңыз әңгіме бар.
Баяғыда алысқа ұзатылған қыз артында қалған ауылына кестелеген кішігірім орамалды керуеншілерден сәлемдеме ретінде беріп жіберді. Орамалдың бетінде ұшқан құс пен жаңа бүршік атып келе жатқан гүл бейнеленіпті. Мұны көрген ата — анасы;
— Е, қызымыз әуедегі құстай емін — еркін, жайраңдап өмір сүріп жүр екен,- деп мәз болысады.
Бір — екі жыл өткен соң керуеншілер әлгі қыздан тағы да бет орамал әкеледі. Онда орамалдың жиегі бүрмеленіп, ортасына түрегеліп, тұрған ер адам жүресінен отырған бейнесі кестеленіпті. Мұны көрген ата — анасы:
— Қызымыз бұрынғы сауық — сайраннан, бостандығынан айырылып, торға түскен торғайдай болып, бейшараның жолдасы қатал адам екен, өзінен төмен ұстайтын көрінеді, — деп қынжылыпты.
Ою — өрнек құрақ құрау — қазақтың кешегісі, бүгінгісі, ертеңі» — деп Бауыржан Момышұлы айтқандай, ою оюды үйрену, осы өнерді жалғастыру сендердің қолдарыңда.
Жас ұрпақ өмірлі болсын,
Тұрмысы көңілді болсын,
Ата — анаға мейірлі болсын,
Ағайын туысқа пейілді болсын,
Өнер — білімге зейінді болсын,
Он саусағынан өнер тамған
Оюшы болсын деп,- бүгінгі ашық тәрбие сағатын аяқтаймыз.Назар аударғандарыңызға көп-көп рахмет!Ендігі сөз кезегін директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Өмірбаева Бибігул апайға және ата-аналарға береміз.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *