Басы » Бала бақша » Табиғат бұрышындағы балықтармен таныстыру

Табиғат бұрышындағы балықтармен таныстыру

balyq Батыс Қазақстан облысы

Теректі ауданы

Айтиев селосы

Айтиев бастауыш мектебі, «Балбөбек»шағын орталық

Тәрбиеші:Сарбупеева Гульмира Сансызбаевна

2 кіші топ

Білім беру саласы:»Таным»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:Қоршаған ортамен таныстыру,экология.

Тақырыбы :Табиғат бұрышындағы балықтармен таныстыру.

Мақсаты:балықтарға қамқорлық,сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу,және олардың құрылысымен  таныстыру,ойлауын,тілін дамыту.

Билингвальді компонент:балықтар-рыбы,су-вода.

Әрекет кезеңдері. Тәрбиешінің іс-әрекеті. Балалардың іс-әрекеті.
Мотивациялық қозғаушы. Жылулық шеңбері:»Балық»саусақ ойыны.Балалар шеңберге тұрып үлкен көл жасайды.Үш-төрт бала балықтың бетпердесін киіп,ортаға шығады.Шеңберде тұрған балалар былай дейді:

Көлбең,көлбең көлеңкем.

Көлбеңдеген көлеңкем.

Балықтар қалай жүзеді,

Кім көрсете біледі?Ортаға шыққан балалар қолдарын алға созып,алақаның беттестіріп балықтың басын,ал саусақтарын балықтың құйрығы ретінде қолданып,балыққа ұқсап суда жүзгендей бөлме ішінде оңға,солға,жоғары,төмен қозғалып жүреді,ыршып секіріп алақандарын соғады.Біз жүземіз көл астында,біз жүземіз көл үстінде,жүземіз оңға,жүземіз солға,шоршимыз анда-санда.

Жылулық шеңбері:Балалар шеңберге тұрып үлкен көл жасайды,үш-төрт бала балықтың бетпердесін киіп,ортаға шығады.

 

 

Мына өлең жолдарын қайталайды:

Көлбең көлбең,көлеңкем

Көлбеңдеген көлеңкем.

Балықтар қалай жүзеді

Кім көрсете біледі?

Іздену ұйымдастырушы. Балаларға балықтарды көрсету,жем беру.Балықтар жемнің жанына жиналады,олар өте қимылдағыш.Денесі және басы тұтас құралған.Басында көзі,аузы,денесінде қанаты және құйрығы бар.Аквариумда тастар,құмдар,су өсімдіктері және таза мөлдір су бар.Балықтардың тыныс алу үшін арнайы прибор компрессор болу керек.Қанаттары мен құйрығы әртүрлі көлемімен ерекшеленеді.Бояулары да әртүрлі.

Жұмбақ жасыру:

Суда өседі,сыртқа шықса өледі./балық/

Тапсырма:»Ата және көрсет»

Балаларға балықтардың дене бөліктерін атап беруін ұсыну:Балықтар жүзу үшін не көмектеседі?

Олар немен  және қалай қоректенеді?

Сергіту сәті:»судан өт»ойыны.

Көлденең көгілдір жіп тастау.Балалар бір-бірінің артынан еңкейіп,қолдарын аяғының ұшына тигізіп,әлгі жіптен ырғып өтеді.ойын әуенмен ойналады.

 

Балаларға балықтарды көрсету,оларға жем салу.

 

Балықтар-рыбы,су-вода.

Балалар балықтарды бақылап отырады.

 

 

 

Жұмбақтың шешуін табады.

 

 

Қанаттары мен құйрықтары.

Олар жеммен,құрттармен қоректенеді.

 

 

Судан өт ойының ойнайды.

 

 

 

 

Рефлексивті коррекциялаушы. Балалар балықтар қайда өмір сүреді?

Балықтар немен қоректенеді?

Балықтарға жүзу үшін не көмектеседі?

Балықтар суда өмір сүреді.

Жеммен,құрттармен.

Қанаттары мен құйрықтары.

Күтілетін нәтиже:

Біледі:балықтар суда тіршілік етеді.

Игереді:балықтар үлкен және кіші болады.

Меңгереді:берілген сұрақтарға жауап беру керек.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *