Аманкелді ауданы Қарасу ауылы
Жасбуын жалпы білім беретін орта мектебінің
математика пән мұғалімі:Ахмедиярова Мая
« Математика әлеміне саяхат »
Мақсаты: Оқушылардың білімдерін тексеру, логикалық ой-өрісін дамыту, шапшаңдыққа, бірлесіп жұмыс істеуге баулу. Математика пәніне қызығушылығын арттыру.
Қолданылатын құрал-жабдықтар: М.В.Ломоносовтың “Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика, сондықтан оны оқу керек ” сөзі. Барлық тур слайдтар тапсырмалары арқылы көрсетіледі.
“Алғырлар тобы, Тапқырлар”тобы болып екі топқа бөлінеді.Әр топқа 6 оқушыдан қатысады.
Түрі: Топтық сайыс сағаты.
Жоспары: 1.Топтың өзін таныстыруы, амандасу рәсімі.
2. Тапқырлар сайысы.
3. Сөз тізбегі.
4. Математикалық сұрақтар.
5.” Ойымды жалғастыр” сайысы.
6.” Есепке кім жүйрік” ойыны.
7.” Қас-қағым сәт” сайысы.
1 Кезекте амандасу рәсімі. 1 топ “Алғырлар” тобы.
Ұраны: Білікті бірді жығар.
Білімді мыңды жығар.
Сәлемдесуі:
Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,
Көрсетеміз бізде қандай күш барын.
Алға қойған мақсатымыз бір екен,
Сәтті болсын сапарымыз әрдайым.
“Алғырлар” тобынан қарсылас топтарға сәлем.
2 топ. “Тапқырлар” тобы.
Ұраны: Жарыс десе жанамыз,
Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз.
Сәлемдесуі:
Қиындықтан сірәда біз қашпаймыз.
Алғырлық пен тапқырлықты
Қияларға самғап ұшқан құстаймыз,
Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз.
2 Тапқырлар сайысы.
“Алғырлар” тобына
1.Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша ? (3 кг)
2.Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады ? (5 бұрыш)
3.Төрт қойдың неше аяғы бар ? (16 аяқ)
“Тапқырлар” тобына.
1.Ағаш үстінде 100 торғай отырады. Аңшы 10 торғайды атып алады. Торғайдың қаншасы қалады ? (10 торғай).
2. 1 жұмыртқа 3 минутта піседі, 4 жұмыртқа қанша минутта піседі ? (3 мин).
3. 1 т мақта ауырма, 10 ц темір ауырма ? (тең).
3 Сөз тізбегі.
Экранда математикалық термин көрсетілген
Келесі сөз алдыңғы сөздің соңғы әрпінен басталуы және математикаға қатысты болуы керек. Қай топ көп жазады сол ұтады.
1-топ. Гипотенуза –
2-топ. Катет –
4. Математикалық сұрақтар. 1 топ
1). Бұрышты тең екі бөлікке бөлетін сәуле ? (бисектриса).
2). Жазықтықтағы қандай түзулер ешқашан қиылыспайды ? (параллель).
3).180-қа тең бұрыш қалай аталады ? (жазыңқы).
2 топ.
1. Үшбұрыштың тік бұрышына қарсы жатқан қабырғаның аты. (Гипотенуза).
2. 70-қа тең бұрыш қалай аталады ? (сүйір).
3. Төртбұрыштың қарама-қарсы төбелерін қосатын кесінді.( Диагональ).
5 “Ойымды ” жалғастыр сайысы. (Әр команда шапшаң жауап беру керек).
1.Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі білім іл).
2.Білекті бірді жығар, (білімді мыңды жығар).
3.Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас).
4.Досыңды үш күн сынама, (үш жыл сына).
5.Бір елі ауызға – (үш елі қақпақ).
6.Жүз сомың болғанша, (жүз досың болсын).
7.Отыз тістен шыққан сөз, (отыз елге тарайды).
8.Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз).
9.Бір кісі қазған құдықтан, (мың кісі су ішеді).
5 ”Есепке кім жүйрік ” ойыны. ”Алғырлар” тобына
Мұнда жұмбақ есептер беріледі.
Ұрыларды алдағысы келген бір кемпір:
“Сапырып-сапырып Сарманға бер,
Құйып-құйып Құрманға бер,
Есіктіге екеуге бер,
Төрдегі төртеуге бер
Өзің іште маған бер ” – депті.
Ұрылар:” Қой мұнымыз бекер болар. Бұл үй толы кісі, әрі бізден екі есе артық екен, кетейік ” – деп кетіп қалыпты. Кемпір тапқырлығымен ұрыларды осылай қорқытыпты. Сонда үйдегі адам нешеу, ұры нешеу ?
Жауабы: 10 адам. 5 ұры.
“ Тапқырлар” тобына.
Қалайша үшеу ?
Қария кішкентай немересіне ескілікті бір әнгіме айтады. Әкесі, дейді ол, жеті жасар Лұқпанды базарға жұмсапты. Оған бір тиын беріп, үш нірсе сатып әкел, депті. Лұқпан базарға барып бір қауын сатып әкеліпті.
— Балам-ау, әкелгенің бір ғана қауын ғой,-депті әке.
— Бұл бір ғана нәрсе емес, үш нәрсе депті сонда бала.
— Қалайша үшеу ? – деп сұрапты әкесі таңданып.
Лұқпан әкесінің сұрағына не деп жауап береді екен ?
Жауабы: Баланың ”үш нәрсе”дегені:
Қауынның қабығы, шырыны,дәні.
Қорытынды.