Жұпболова Ұлмекен Тасболатқызы
Орал қаласы
№44 мектебінің қазақ тілі пәні мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Сын есімнің мағыналық түрлері
Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Сын есімнің иағыналық ерекшелігін таныту, жасалу жолдарын ажырата білуді меңгерту, теориялық білімі практикамен ұштастыру.
Дамытушылығы: Оқушылардың ой қабілеттеріне әсер ету арқылы өздігінен жұмысәрекеттерін арттыру, білім, іскерлік, дағдыны дамыту.
Тәрбиелігі: Мақал – мәтелдерді негізге ала отырып, өнер – білімге құштарлықтарын арттыру, Отанды сүюге, тілді құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ. Әдісі: түсіндіру, талдау, деңгейлік тапсырма. Пәнаралық байланысы: әдебиет. Көрнекілігі: тірек-сызба, интерактивті тақта құрылғылары.
Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару (амандасу, түгендеу). Психологиялық дайындық.
Қазақ тілі – өз тілім, ана тілім. Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім. Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені. Балалығым, бақытым қазақ тілім –деп ақындармыз жырлағандай рухани қазынамыз тіл мәртебесін көтеру,сөз сырын тереңірек ұғыну мақсатында қазақ тілі сабағымызды бастаймыз.
Үй тапсырмасын тексеру. Сын есімнің жасалуы. 145 – жаттығу. Мінездеме беру.
Бекіту сұрақтары: 1. Сын есімнің белгілері. 2. Сын есімнің құрамына қарай бөлінуі. 3. Күрделі сын есімдер қалай жасалады. 4. Етістіктен жасалған сын есімдер.
Тест жұмысы (Тақтамен жұмыс) 1. Сын есімді тап. А) жарық б) айна в) түк г) гүл 2. Дара сын есімді белгіле а) қонымды ә) шөп в) бәрі г) көбелек
3. Күрделі сын есімді тап: А) сұра, сөйле Б)қышқыл В) кең маңдайлы Г) гүлді 4. Сын есімді тұрақты сөз тіркесін көрсет: А) жым болу Б) кірпігі айқаспайды В) қасы-көзі қиылған Г) ала жібін аттамады 5. Т�
�ынды сын есімді тап: А) жылтыр Б) момын В) кенді Г) қызыл 6. Сөз таптарын зерттеген қазақ ғалымы: А) М.Әуезов Б) Ы.Алтынсарин В) А.Байтұрсынов 7. Берілген сөйлемде сын есім қай сөйлем мүшесінің қызметін атқарып тұр.
Дастарханға сықпа құрт пен сары ірімшік шашылды. А) бастауыш Б) анықтауыш В) баяндауыш Г) пысықтауыш
Жаңа сабақ Сын есімнің мағыналық түрлері. «Ой қозғау » әдісі. «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті.Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек». «Көкірегі сезімді, көңілі ойлыға бәрі де оның тұрмай ма аңдағанда».
Абай
Берілген Абайдың нақыл сөздерінің мағынасын ашып, сын есімдерді табу.Сын есімнің жасалуына назар аудару . Сын есімнің мағынасы грамматикалық ерекшелігіне қарай:
Сапалық сын есім заттың түр-түсін,сын-сапасын тікелей анықтайтын сын есім. Заттың сын-сипатын басқа сөз табының қатысы арқылы білдіретін сын есім.
Жасыл,ыстық,әдемі Темірдей,мейірімді,кестелі
Мақал-мәтелдерді сәйкестендіру
1.-ағаш жерге иіліп тәжім етеді еріншек — елге иіліп тәжім етер жемісті 2.-сөз жан сүйіндіреді жақсы 3.-адамның ертеңі бітпес жетім 4.-өрге жүзер талапты 5.-ерге нұр жауар өнерлі
146-жаттығу
Сапалық сын есімдерді бір бөлек,қатыстық сын есімдерді бір бөлек жазу.
Сапалық қатыстық
Жасыл,тәтті, сазды,балалы, үлкен,қымбат жігерлі,отты
Екі жақты күнделік «Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлауды дамыту» бойынша оқушылар өлеңді оқып,қай өлеңнен алынғанын айту. Сын есімдердің мағыналық түрлерін ажырату.
1.Топтанып тұрған кәпірге Қобыланды жалғыз келеді. Бөлек-бөлек қылады, Бөлінген қойдай қырады.
2.Шығамын тірі болсам,адам болып Жүрмеймін бұл дүниеде жаман болып Жатқаным көрде тыныш жақсы емес пе? Жүргенше бұл дүниеде жаман болып.
3.Жамнның кеудесі үлкен,сөзі кісен, Ақылы ауысқан адамның жындысындай. Екеуін шатастырып әдейі айттым, Қажетті қолданарсыз тұрмысыңа-ай.
148-жаттығу.Деңгейлік тапсырмалар. 1-топ.Қатыстық сын есімдерді теріп жаз.Берілген сөйлемнен зат есім мен сын есімге тұлғалық талдау жаса. Жесір әйел керемет өнерлі,шебер кісі-еді.
2-топ Сапалық сын есімдерді теріп жаз.Берілген сөйлемді сөйлем мүшесіне ажырат. Бір күніжібекпен кестеленген үлкен орамал дайын болды. 3-топ Сапалық,қатыстық сын есімдерді ажырат.Ертегіні әрі қарай жалғастыр.
Топшамамен жұмыс 1-топшама.Біріккен атау болу үшін қандай сын есім керек. -бөкен,-сақал,-өзек,-адыр,-көз (ақ,сары,қара, көне) 2-топшама. Қосарланған сын есім сыңарларын толықтыр. -байтақ,-кіші,-жас,құсқы 3-топшама.Сөз тіркестерін бір сөзбен ауыстыр. пейілі кең,еті тірі,б
ас бұзар,атқан оқтай
Бекіту Семантикалық кесте
негізгі туынды дара күрделі Сапалық қатыстық
Биік
Таулы
Ірілі-ұсаөты
Ұялшақ
Жылы
Ажарлы
Момын
Топтастыру Қатыстық ———— Сын есім——————Сапалық Үйге тапсырма:Сын есімнің мағыналық түрлері. 149-жаттығу. Көркем шығармалардан сапалық,қатыстық сын есімдерге мысал жазу.
Бағалау