Астана қаласы «Нұрорда» қазақ-түрік лицей кешенінің
бастауыш сынып мұғалімі Джампиесова Айман Сламияқызы
Қош бол сүйікті, Әліппем!
Мақсаты.
1. Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін қорыту, төрт айдың ішінде мектеп қабырғасында үйренген өнерлері мен іскерліктерін ата – аналарға көрсету.
2. Өз ойларын ашық, еркін айту, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілеттерін, жан-жақты білімдерін, шығармашылық, танымдыққа білеттерін дамыту, талғамдарын дамыту.
3. Білімге деген сүйіспеншіліктерін, білім алуға, өнерге деген құштарлықтарын арттыру. Адамгершілікке, ұқыптылыққа, бірін – бірі сыйлауға, өзін – өзі дұрыс ұстауға, ұжымшылдыққа, әсемдікке, еңбекке баулу, ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу.
Безендірілуі: әліппе туралы тақпақтар жазылған көрнекіліктер, нақыл сөздер, шарлар, кеспе әріптер, «Әліппе», «Ана тілі» оқулығының макеттері, слайдтар, видеопроектор, жылжымалы тақта.
Барысы.
І Ұйымдастыру.
Кіріспе.
Мұғалімнің сөзі.
Құрметті қонақтар, оқушылар, ата – аналар! Бүгін сіздер 1 – сынып оқушыларының әліппемен қоштасуға арналған ертеңгілігіне келіп отырсыздар.
Барлық кітаптың атасы — Әліппе. Бұл кітап – бүкіл ғылым дүниесінің алғашқы жолы, білімге бастайтын сара жол. Әліппені алғаш қолға ұстаған сәттер бір адамның есінде ұзақ сақталары сөзсіз. Сондай-ақ әліппемен қоштасу да бірінші сынып оқушылары үшін өміріндегі елеулі оқиға. Сөзімізге төмендегі «Қош бол, сүйікті Әліппем!» атты сабақ нақты дәлел бола алады. Ондағы «Әліппенің» арқасында 42 әріпті таныған оқушылардың қуанышы сіздің де көңіліңізге нұр құяды.
Бүгін 1 «А» сынып оқушылары әліппені қалай меңгергендерін, сонымен қатар қалай есептеп, қалай жаза алатындарын көрсетпек. Мерекемізді бастайық!
1 – жүргізуші:
Өтті оқу сан сабақ.
Бүгін үлкен салтанат!
Оқулықпен достассаң,
Әліппеміз қоштаспақ!
Өңкей білгіш балдырған
Құтты болсын тойларың
«Тойбастар» музыкасы ойналады.
2– жүргізуші:
Балаларды қарсы алып,
Шашу, шашу, шашайық!
Ақ сандықты ашайық
Бұл мереке, бұл тойдың
Бастаңғысын жасайық
Шашу, шашу, шашайық!
1 – жүргізуші:
Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарында қызғалдақтай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар.
2-жүргізуші:
Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Хош келіпсіз, ұстаздар, ата — аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға.
1-оқушы:
Ұқсатпа мені басқаға
Есейдім 7 жастамын
Қош айтысып бақшаға
Мектепке жолды бастадым
2-оқушы:
Қыркүйекте келдім де
Сыныпқа кірдім қуанып
Қарсы алды мейіріммен
Қадамымды құп алып.
3– оқушы:
Еркесі едім атамның
Еркесі едім анамның
Толып биыл 7 — ге
Мен де оқушы атандым!
Сынып оқушыларымен таныстыру.
Слайдтар жылжып тұрады.
Хор: «Мектебім»
ІІ Негізгі бөлім.
1-жүргізуші:
Ең алғаш алғанымда «Әліппені»
Қызығып қарай бердім әріптерді.
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді,
2 жүргізуші бірге:
-
Ұстазым оның кілтін алып берді.
Мұғаім:
-
Балалар, мен сендерге бір жұмбақ қояйын:
Іші толған әріпке
Білімдегі жарық не?
Хормен: -
Болашаққа жол ашқан,
Ол сүйікті Әліппе!
Ол сүйікті Әліппе!
Ортаға Әліппе шығады.
Әліппе:
Армысыңдар, жас достар!
Армысыңдар, ата – ана!
Болашаққа жол ашар,
Әліппең келді ортаңа.
Менің атым – Әліппе!
Мені анаңдай дәріпте!
Мені оқып, ер жеткен,
Әпкең сенің, ағаң да!
Мерекелерің құтты болсын!
Әліппе: — Осы сендер қандайсындар?
-
Талабы биік таудаймыз.
-
Мың бұралған бишіміз.
-
Біз шеберміз.
-
Ақылдымыз.
-
Үлкенге ізеттіміз, кішіге қамқормыз.
-
Көп оқимыз.
Барлығы: Біз — қазақ елінің болашағымыз.
2- жүргізуші:
Жиналған қауым таң қалсын,
Ән-бимен шашу шашылсын!
Мың бұралған бишілер,
Бименен кешті жалғасын.
1-жүргізуші:
— Би:«Домбыраның күмбірі».
2-жүргізуші:
-
Әліппе! Біз қалай сабақ оқып, қалай әріп танығанымызды мына бейне роликке қарап тамашалаңыздар.
Жүргізуші:
-
Әліппеге арналған тақпағымызды тыңдаңыздар!
Бар кітапқа бас болған,
Әліппе – ғылым анасы.
Әліппеден басталған,
Даналықтың данасы.
Әліппем менің, әліппем,
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым мектептің,
Ертеңгі сәуле жарықпен.
Келгенде алғаш мектепке
Білмеуші едік әріп те,
Оқимыз қазір ертекті
Үйреткен оны Әліппе!
Енді біз жаза білеміз,
Әріпті қосып әріпке.
Риза боп саған жүреміз.
Бірге:
Сүйікті біздің Әліппе!
Ән «42 әріп» орындайтын ұлдар тобы.
Әліппе:
Шәкірттерім, балғындар!
Не үйреніп, не білдік
Кәне ортаға салайық.
1 жүргізуші:
Алфавитті жаттадық
Онда жүйе, қалып бар,
Біздің қазақ тілінде
42 әріп бар.
2-жүргізуші:
Сан әріпті үйрендік,
Бүгін бізге сеніңдер.
Әріптер әлеміне,
Саяхаттап көрелік.
Слайдтағы жазу:
Әліппе:
Есімдерің қай әріптен басталған?
Айсана:
А әрпінен есімім
Айтам сөздің кесімін.
Айсана деген мен боламын,
Айдай өсіп толамын.
Әлішер:
Әлішерді білесіз,
Көңілге мені түйесіз.
Ә әрпі де атымда
Оқып – біліп жүресіз.
Жания:
Ж дегенің Жания
Жания деген мен болам.
Жақсы оқысам сабақты
Одан артық жоқ шарам.
Мансұр:
Мансұр деген мен едім,
Алсам білім тереңін,
М әрпінен есімім,
Аламын оқу білімін.
Алихан:
Менің атым Алихан,
Х әрпі болар ортада.
Х деген де тамаша,
Хат, хабарлар — деректер.
Марат:
Марат деген атым бар,
Мағжан сүйген елім бар.
Мұқағали жырлаған,
Мақтан етер жерім бар.
— Жарайсыңдар есімдеріңді білдік. Енді әріпті жұмбақты шешіп көрейік.
«Жұмбақты шеш» слайдқа жазу
Н — әрпі:
Ас біткеннің анасы
Қасиетті нан осы.
Қайсы әріптен басталған
Соңғы әрпіне де қарашы.
Ғ – әрпі:
Ұқсайды өзі шалғыға
Елестет көз алдыңа,
Қане, ойланып табайық
Болды екен бұл қай әріп?
Т – әрпі:
Бастайды ол «таңды» да,
Бастайды ол «талды» да.
Келіп тұрған қай дыбыс,
«Тау» мен «тастың» алдында?
С – әрпі:
Сауысқынды, сағызды,
Сарымсақты, сәбізді.
Бастап тұрған қай дыбыс?
Ы – әрпі:
Кесе, шыны, пияла
Оларсыз шай құя ма?
Қасықсыз тамақ жемейміз
Бәрінің атын не дейміз?
З – әрпі:
Қаздан көре аласың
Қағаздан да табасың
Байқамасаң анықтап
Үш екен деп қаласың.
-
Жұмбақты жақсы шештіңдер. Енді, әріптерді дыбыстап көрейік.
ІІІ топ «Қай әріпті дыбыстадым?»
Әдемі:
«ң» — дегенім:
Қаңбақ.
Қаңбақ, жаңғақ, аң, шың, жең,
Жаңбыр, қайың, таң, тың, сең.
«ң» -нан сөз жоқ басталған ,
«ң» үлестен бос қалған.
Нұрсейіт
«Д» — дегенім:
Долана.
Долана өсер далада,
Дәні қатты жаңғақтай,
Дәмі қышқыл сәл ғана.
Айман
«И» — дегенім:
Ине.
Ине керек жіпке,
Икем керек іске,
Иық керек жүкке.
Аман
«Қ» — дегенім:
Қарбыз.
Қызыл болса жарғыз!
Қауын шығар бұл мүмкін?
Қызанақ па, кім білсін?!
Әбдіжәміл Әлихан
«Ө» — дегенім:
Өрік.
Өрікті ал теріп!
Өзің ғана жемей,
Досыңа бер бөліп.
Жәңгір
«О» — дегенім:
Отан.
Отан – жерім, Отан – суым,
Отан қуат, нәр береді.
Отан – ұран, Отан туым,
Отан мәңгі гүлденеді.
Әліппе:
-
Жарайсыңдар! Әріптерді жақсы меңгеріпсіңдер. Әріптерден сөз құрастырып көрейік. Бірге оқиық!
Би, сөз, отан.
Әліппе:
— Балалар! Сендер менімен ғана достасып қойған жоқсыңдар. Сонымен бірге қандай негізгі пәндерді оқыдыңдар?
Оқушылар: дүниетану, ән сабағы, бейнелеу өнері, еңбекке баулу, математика.
-
Ендеше математика қонаққа келіпті. Қарсы алыңдар!
Математика:
Ретімен тізбелі
Әрбір санды даралап,
Қайсың барсың бізге енді
Айтып берер санамақ?
Ұлдар мен қыздар болып санамақты екі топқа бөлініп айтады.
Математика:
Ал, балалар, балалар!
Қанша сан бар жазайық.
Қарап тұрмай, сандарды,
Қайта-қайта санайық.
Әліппе: — Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математиканы жақсы оқыпсыңдар, балалар. Жарайсыңдар! Математикаға арнап «Есеп сабағы» әнін айтып беріңдер.
ХОР: «Есеп сабағы»
Мұғалім: — Балалар, Әліппе сендерді оқуға, жазуға үйретті. Сол үшін Әліппе достарыңа не айту керек?
Хормен: Біздерге білім үйреткен,
Әліппе, саған рахмет.
Хор: «Әліппе»
Әліппе:
-
Енді мен сендермен қоштасайын, сбақты жақсы оқыңдар.
Оқумен өсіп толыңдар,
Аман-есен болыңдар.
Хормен:Қош бол, құтты Әліппе! Қош бол, құтты Әліппе! (Балалар бас иіп, қоштасады).
1 жүргізуші:
Әліппемен қош айтысып қаламыз
Енді қолға Ана тілін аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз.
2 жүргізуші:
Уа, халайық, халайық
Мұнда назар салайық.
Бәріміз қол соғып.
Ана тілін қарсы алайық! (Ортаға ана тілі шығады)
Ана тілі:
Ақыл-ойы дананың,
Ана тілі боламын.
Ана тілі ардақты,
Ақ сүтіндей ананың,
Өсірген ой білімді,
Мәнін терең білуде,
Мейірімі мол балаға.
Ана тілді құрметте.
— Балалар, мақал-мәтел айтып беріңдер.
Оқушылар шығып, мақал-мәтел жарысын ұйымдастыру.
Ана тілі:
-
Балалар, қандай шешендік сөздер білесіңдер?
Көрініс «Билердің кездесуі»
Ана тілі:
— Мен әліппеден оқып — білгендеріңді ары қарай жалғастырамын. Бәрің өнерлі, білімді шәкірт екенсіңдер. Мені де осылай оқыңдар.
Ана тілін білмеген,
Ақылы жоқ желікбас,
Ана тілін сүймеген.
Халқын сүйіп жарытпас.
Мейірі мол балаға
Бар әлемде анаға
Басымызды иеміз,
Бабамыздың тілі деп
Даламыздың үні деп
Бәрі:Ана тілін, Ана тілін, Ана тілін сүйеміз!
Хор «Ана тілі»
Ана тілі:
-
Рахмет балалар, мені жақсы оқыңдар.
Мұғалім: — Бізді осындай күнге жеткізіп, бірге қуанып, бірге ренжіп жүрген аналар мен әкелеріміз, аталар мен әжелерімізге
Бәрі: Мың алғыс айтамыз.
Мұғалім: Ендігі өлең сіздерге арналады.
Хормен:
Анам – үнім, жүрегім,
Әкем – өмір тірегім.
Біз бақытты ұланбыз,
Бәрі бізге қуансын!
Әжем – асыл ардағым,
Атам – дана қорғаным.
Біз бақытты ұланбыз,
Бәрі бізге қуансын!
Би: Мектеп вальсі
Мұғалім:
Балалар, мектептегі алғашқы жеткен жетістіктеріңмен құттықтаймын. Білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын!
Бүгінгі күн әр үйдің той басы боп саналар,
Балалардың есімі әулеттерге таралар.
Ырым етіп ертеңгілік соңында
Ақ тілекпен баршаға
Тілек айтар қонақтар. Директорға, ата-аналарға сөз беру, оқушылардың сыйлығын беру.
Мұғалім:
— «Әліппе» сендерді тек әріптермен таныстырып қойған жоқ, мектеп ережелерін орындайтын тәртіпті оқушы, бір-біріңмен дос болуға үйретті.
Ән: «Дос болайық бәріміз»
Жүгізуші:
-
Құрметті, ата-аналар бүгінгі «Әліппемен қоштасу» тойымыз аяқталды.
-
Келгендеріңізге көп-көп рахмет!