ШҚО
Шемонаиха ауданы
Усть-Таловка кенті
Астафьев атындағы жалпы білім беретін мектеп-гимназиясы
І санатты қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Сансызбаева Гульнара Пазыловна
Сабақтың тақырыбы: Менің сүйікті кейіпкерім. Етістіктің шақтары.
Сабақтың мақсаты:
- Оқушыларға жаңа сөздерді меңгертіп, оларды ауызекі сөйлеуде дұрыс пайдалана білуге үйрету.
- Оқушылардың сөйлеу әрекетін . қазақша ойлауын, қиалын дамыту, етістіктің шақтарын тиянақтау.
- Оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылықтарын артырып, сүйікті кейіпкерлерінен үлгі — өнеге алу, патриоттық тәрбие беру.
Сабақтың көрнекілігі: плакат, ертегілер, кинофильмдердер, мультфильмдер кейіпкерлерінің суреттері, слайд көрсету.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, ассоцияция,әңгімелесу, миға шабуыл, топтастыру стратегиясы.
Күтілетін нәтиже:
• Сүйікті кейіпкері туралы әңгімелеу.
• Үйренген жаңа сөздерін күнделікті тұрмыста пайдалана білу.
• Үлгі тұтатын кейіпкерлеріне деген құрмет, ыстық сезім
• Етістіктің шақтарын меңгеру.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
І. Қызығушылықты ояту. Психологияллық дайындық
«Қайырлы күн» деп айтамыз,
Түсте бірге қайтамыз.
Отбасының гүліміз,
Көңілді өтер күніміз.
Оқушылармен амандасып, оларды түгелдеу, құрал-жабдықтарын тексеру. Барлығының назарын сабаққа аударту
Сабақтың мақсатымен, барысымен таныстыру.
II. Үй тапсырмасын тексеру:
ІІІ. Жаңа сабақ.
♦ Жаңа тақырыпқа даярлау Айтылым.- «Ассоцияция әдісі» — интерактивтік тақтада кино, мультфильмдердің кейіпкерлері
• Ой шақыру.
1. Тақтада кімнің суреттерін көріп тұрсыңдар?
2. Олар ненің кейіпкерлері?
3. Қай кейіпкерге ұқсағыларың келеді?
4. Ендеше балалар, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай болмақ? (Менің сүйікті кейіпкерім.)
— Мақсатын анықтайық
Жаңа тақырып.
— Дәптерлерімізді ашып, бүгінгі күнді, тақырыпты жазып қоямыз.
Менің сүйікті кейіпкерім. Етістіктің шақтары.
Тілдесім
Сөздікпен жұмыс.
♦ Осы сөздерді қатыстыра отырып, сөз тіркестерін, сөйлемдер құрату.
Сүйікті — любимый (- ая)
Кейіпкер – персонаж
шешен — оратор
Ертегі – сказка
Мінез — характер
айлакер — хитрый
Аңқау – наивный
қасиет — хорошее качество
Топпен жұмыс.
Сыныптағы оқушыларды үш топқа бөлемін.Әр топқа мультфильмдер, кино, ертегілер кейіпкерлерінің суреттерін таратамын.Осы суреттер бойынша олар шағын әңгіме қүрастырады да, әңгімелеп береді.
♦Мәтінмен жұмыс
Мәтінді үш бөлікке бөлемін, әр топ өз бөлігін аударады, содан «Жиксо» әдісі бойынша ауысады 1-2-3, өэ бөліктерін баяндап береді де, қайта өз топтарына оралады.
Жазылым.
Тапсырма. Мәтін бойынша бірнеше сұрақ құрастыру.
Мәтін бойынша әр оқушы бір сұрақтан құрастырады,топта талқылап, «Ең жақсы сұрақты» қарсылас тобына қояды.
Тапсырма: Мәтіннен етістіктерді тауып, дәптерлерінде талдайды.
«Кейіпкер» сөзіне бес жолды өлең құрастыру.
Қорытындылау.
-Біз бүгінгі сабақта не үйрендік? Сабақ несімен ұнады?
-Кейіпкерлердің қандай түрлері бар? Сенің сүйікті кейіпкерің кім?
VІІ.Бағалау.(бағалау парағы)
Үйге тапсырма беру.
«Менің сүйікті кейіпкерім» тақырыбына эссе жазу