Басы » Бастауыш сыныптар » 8 санының құрамы

8 санының құрамы

F:\Image 2.pngДжампиесова Айман Сламияқызы
бастауыш сынып мұғалімі
«НұрОрда» қазақ-түрік лицей кешені
Cынып: 1
Пәні: математика
Тақырып: 8 санының құрамы
Мақсаты: 1) Білімділік: оқушыларға 8 санының құрамын ұғындыру, сандар қатарында 8 санының ерекшелігін түсіндіру. 8 санының құрамын анықтай білуге дағдыландыру.
2) Дамытушылық: ой-өрісін, математикалық қабілеттерін, сан, санау туралы алған білімдерін жетілдіру. Бөліп алу, біріктіруден алған білімдерін дамыту. Баланың ойлай білу және өзіндік пікір айту қабілетін дамыту. Баланың рухани өсуіне басшылық жасау. Белсенді қызығушылығын дамыту.
3) Тәрбиелік: алғырлыққа, тазалыққа, математика пәніне қызығушылығын оята отырып, шапшаң есептеуге жетелеу, ізденімпаздыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: суреттер, дидактикалық материалдар, слайдтар, электронды оқулық
Әдіс-тәсілі: түсіндіру, көрнекілік, әңгімелесу, жазу-сызу
Сабақтың барысы

1-кезең:   Ұйымдастыру, дайындық, сабаққа жұмылдыру, жағымды көңіл-күй туғызу, ынталандыру
Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Партада дұрыс отыру, денені дұрыс тік қстау дағдыларын жетілдіру.
Психологиялық дайындық.

Балалар, мен сендерге сәттілік, жақсы көңіл-күй тілеймін, сабаққа жақсы қатысуларыңды сұраймын.
Балалар, сендер мына күн, су, жел, бұлттың суреттерін алып, сол суреттер тұрған топқа барып отырыңдар (топқа бөлінеді). Әр топ тобы жайлы айтып өтеді
Бұлт, 2. Су  3. Жел   4 Күн
Күн, су, желден не алуға болады?
Ток күшін, қуат, энергия алуға болады.
Біздің Астана қаламыз қандай үлкен көрмеге дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр?
«Болашақ қуаты ЭКСПО -2017» дүниежүзілік көрме болады. Мұнда осы су, жел, күнді пайдалана отырып, энергияны алудың жаңа технологияларын меңгереміз.

2-кезең Өткен материалмен жұмыс:
ЕХРО -2017 Астана қаласында болады. Біздің қосар үлесіміз қандай? Тапсырмалар беру

EXPO 2017 Aстанаға біздің қосар үлесіміз:
Күн: «Көңілді санау» ойыны. Шарты:сандар тұрған жерге бір сурет салу.Тура жылдам санау.
Бұлт: «Қай санды жоғалттым» ойыны. Шарты: кері санағанда жоғалған сандарды тауып, тез  санату.
Су: «7 санының құрамы» , гүл құрастыру.
Жел: «Көрші сандар»  санның алдыңғы және артқы көршісін табу.
Жарайсыңдар, дайындықтарың  жақсы екен.
3-кезең:  Жаңа ұғымдар, жаңа білім беру
Қызығушылығын ояту, жұмбақ жасыру:
ЕХРО бұрын қай қалаларда болғанын білгілерің келе ме?
Ендеше сол елдерге саяхатқа жолға шығайық.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не?8 санының құрамы
Мақсатын айтып өтемін

(Оқулықтағы №1 тапсырмадағы моншақтарды әр топқа 1 беріп, төрттік құрастырту).
Моншақтарға қарап, қандай өрнек құрастыруға болады? (8 санының құрамымен таныстыру)
Қараңдар, төбемізге бұлттар үйіріліп алыпты, дәптердегі №1 тапсырмадағы «Математикалық тамшылардың» мәнін табайық.

4-кезең:Берілген білімді бекіту: берілген білімді оқушының қай дәрежеде қабылдауын пайымдау
Тағы басқа қалада болған ЕХРО көру үшін, №2 тапсырманы орындайық.

Ауызша кітаптағы торсық пен кесеге қарап теңсіздік, теңдік  құрастыру.
Дәптермен жұмыс
Моншақтарды 2 қорапқа әртүрлі тәсілмен бөліп салып, теңдіктер жазыңдар. Өздік жұмыс, әркім өзі орындайды.
(ауызша оқытып,  электронды оқулықпен тексеру)


Эйфель Мұнарасы (Париж) 1889 ж Халықаралық көрмесіне кіре беріс арка және уақытша ғимарат ретінде салынды.
Балалар қайсың Париж қаласына бардыңдар? Эйфель Мұнарасын көрдіңдер ме? Оқушыны сөйлету.
Сергіту сәтін сабаққа жақсы қатысқан оқушы жасатады.
Қандай балаларсыңдар?     – Міне мынандай баламыз.
Қалай жүресіңдер?        – Міне былай жүреміз.
Қалай жүгіресіңдер?     – Міне былай жүгіреміз.
Қалай ұшасыңдар?        – Міне былай ұшамыз.
Қалай отырасыңдар?     – Міне былай отырамыз.

5-кезең:  Алған білімді өз беттерімен ары қарай бекіту,тереңдету, шығармашылық ізденістерін дамыту.
Саяхатымыз  аяқталып қалды. Келген вагондардың нүктесін 8 шығу үшін түгендеп жіберейік

Осындай есте қаларлық көрме Астананың 20 жылдық тойына теңдесі жоқ  сыйлық болады.

6-кезең:  Бағалау:
Сабақта оқушылардың тапсырманы қалай орындап шығуларына байланысты  мадақтау.
Рефлексия
Бүгінгі сабақта не үйрендік?
Қай тапсырма сендерге ерекше қызықты болды?
Не көбірек естеріңде қалды?
Осы сабақтағы өз еңбектеріңді қалай бағалайсыңдар?
Топтың бағасын кестеге қарап бағалау.
Үйге: 8 санының құрамын жаттау.

D:\1 а фото\2013 апталык\DSC_0173.JPG
[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *