Алматы облысы
Ақсу ауданы
Ақсу ауылы
«Мамания орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі
Дайрабаева Арай Серікқазықызы
Математика 2-сынып
- Уақыты 14.01.2014
Сабақтың тақырыбы: Жазбаша қосу және азайту
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік:
Оқушыларға баған түрінде қосуды және азайтуды үйрету. Қосу және азайту амалын орындағанда бірліктен бірлікті, ондықтан ондықты азайтатыны немесе қосатыны туралы түсінік беру.
2.Дамытушылық:
Оқушылардың ой-өрісін, білімін жетілдіру,математика пәніне деген қызығушылығын дамыту.
3.Тәрбиелік:
Оқушыларды алғырлыққа, шапшаңдыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Слайд, оқулық
Әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік
Түрі: Аралас сабақ
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
«Ұтыс кімге бұйырады!» № 7, 143бет оқу, талдау.
1+1=2 2+2=4 3+3=6 4+4=8 5+5=10
6+6=12 7+7=14 8+8=16 9+9=18
1-1=0 2-2=0 3-3=0 4-4=0 5-5=0
6-6=0 7-7=0 8-8=0 9-9=0
ІІІ. Жаңа білімді меңгерту кезеңі:
Күн ретін жазуКөркем жазу
2 санын жазу
Онд. | Бірл. |
4 | 5 |
2 | 3 |
Кестедегі сандарды оқу ;
Екі таңбалы сандарды осылай қосқан қолайлы.
45 5+3 бірліктерге бірліктерді қосамын
23 4+2 ондықтарға ондықтарды қосамын
68 жауапты оқимын қосындының мәні 68-ге тең 6 онд. 8 бірлік.
Екі таңбалы сандарға қосу амалын қолданғанда бірліктерді бірліктерге және ондықтарды ондықтарға қосады. |
Онд. | Бірл. |
6 | 8 |
2 | 3 |
Кестедегі сандарды оқу ;
Екі таңбалы сандарды кестеде көрсеткендей азайтқан тиімді.
68 8-3 бірліктерден бірліктерді азайтамын
23 6-2 ондықтардан ондықтарды азайтамын
45 жауапты оқимын айырманың мәні 45-ке тең 4онд. 5 бірлік
Екі таңбалы сандармен азйту амалын орындағанда бірліктерден бірліктерді және ондықтардан ондықтарды азайтады. |
-Ал балалар ары қарай біз есептер шығарайық десек: шамнан жын шығып бізге №2 тапсырманы орындандар деп бұйырып тұр.
-Ендеше №2 тапсырманы орындайық
63 84 24 89 72 89
21 21 65 24 17 72
84 63 89 65 89 17
Сергіту сәті:
ІҮ.Жаңа сабақты бекіту:
«Аялдаманы хабарла»!
26+51=77 35-24=11 80+25=55 18+72=90
56-23=33 37+43=80 42+47=89
Бүгін не өттік?
Логикалық тапсырма:
3 рет 2 тастан ауыстырып, дойбының қара және ақ тастарын кезектестіріп қой.
ҮІІ. Үйге тапсырма:№ 4 , 145бет
Бағалау