Басы » Бала бақша » Көңілді балалар

Көңілді балалар

detiҚызылорда облысы
Қазалы ауданы
Әйтеке би кенті
№7 «Балдырған» балабақшасы
Музыка жетекшісі: Роза Марат
Білім саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Музыка
Тақырыбы: «Көңілді балалар»

Мақсаты: Балаларды музыкалық бейненің сипаты өзгергенде қимылдарында өзгерту дағдыларын дамыту, бидің қимылдарын суырып салмалықпен орындауға талаптандыру, шығармашылық қимылды дамыту.

Методикалық әдіс — тәсілдері:     Көрсету, түсіндіру, әңгімелеу, тыңдау, сұрақ-

жауап, ойын.

Музыкалық репертуарлар: «Айгөлек» әні: Б.Байқадамов

«Үш көңіл — күй» музыкалы – дидактикалық ойын.

«Көңілді балалар» әні: Б.Дәлденбай.

«Көңілді жұптар» би қимылы.

«Әндетіп айт, атыңды».

 

Көрнекіліктер:            «Үш көңіл — күй» музыкалы – дидактикалық ойын, көңілді балалар суреті.

 

 

Әрекет кезеңі

Музыка жетекшісінің іс — әрекеті

Балалар іс — әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

Музыка ырғағымен көңілді қимыл – қозғалыста, жүріс түрлері арқылы шеңбер бойлап жүріп, жарты шеңбер жасап тұру. Балалар жүріс түрлері мен би қимылдарын жасап, жарты шеңбер бойлап тұрады.

Ұйымдастырушы — ізденуші

Ән тыңдау:

 

«Айгөлек» Б.Байқадамовтың әнін тыңдау.  Өлеңнің мазмұнына мән беріп, көңіл – күйді ажырата білуге тәрбиелеу. Әннің көңіл – күйін анықтау.

 

Есту мен дауысты дамыту:

«Үш көңіл — күй» музыкалы – дидактикалық ойын.

Музыканың көңіл – күйін ажыратып, қандай көңіл – күй белгісіне лайықты екенін көрсету.

Дауыс ояту жаттығуын қайталау. Ырғақты қалыптастыру.

 

 

 

 

Ән айту:

 

Балаларға жаңа тақырыпты таныстырып, өз нақышында орындап, түсінік беру.

«Көңілді балалар» әні: Б.Дәлденбай.

 

  1. Жабырқауды білмейміз,

Жалқаулықты сүймейміз.

Біз талантты жас ұлан,

Үлгі аламыз жақсыдан

 

  1. Жазда гүлдер тереміз,

Қыста шаңғы тебеміз.

Думандатып өңірді,

Демаламыз көңілді.

 

Музыкалық – ырғақтық қозғалыс:

 

«Көңілді жұптар» би қимылы.

Балаларға жұппен орындалатын би қимылдарымен таныстыру, музыка ырғағымен нақты қозғалыста бола білуге үйрету.

 

Музыкалық – ойын шығармашылығы:

 

«Әндетіп айт, атыңды»

Балаларды ойын арқылы музыкаға қызығушылығын арттыру. Шығармашылық қабілеттерін дамыту. Өз есімдерін әнге қосып айтуды ұсыну.

 

 

Музыканы тыңдап түсініп, мазмұнына мән беріп, алған әсерлерін, өз пікірлерін білдіреді.

 

 

 

 

 

 

Балалар музыканы мән беріп тыңдап, ынта қояды. Музыкаға сәйкес суретті таңдайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өлең сөздерін анық, әніне қосылып айтады.

Әннің не туралы екенін түсінеді, өз ойларын бөліседі.

 

 

 

 

 

 

 

Көрсетілген би қимылдарын жұптаса музыка ырғағымен жасайды.

 

 

 

 

 

 

Балалар ойынға қызыға атсалысып, өз есімдерін әндете айтады.

Рефлексивті — түзетушілік

Балаларды мадақтау, бағалау. Алған білімдерін пысықтау. Балалар өз пікірлерін білдіріп, сұраққа жауап береді.

 

Күтілетін нәтиже:

Нені білуі керек: — Әннің сипатын бере білуді,

— Өлең сөзін анық әнімен орындауды.

.Нені игереді:       — Жұптаса би қимылын жасауды.

                            — Өз есімін әнге қосуды.

Нені біледі:         — Көңіл – күйді ажыратуды..

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *