Тілекбаева Айнур
Маңғыстау облысы
Ақтау қаласы
Тарих және құқық пәнінің мұғалімі
№22 орта мектеп
Құқықтық нигилизм
Мақсаты: Оқушылардың құқықтық білімдерін тереңдету, заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын таба білуге баулу, саяси сауаттылыққа баулу;
Оқушылардың ойлау, тыңдау, өз ойларын еркін жеткізе алу мәдениетін дамыту, шығармашылық қабілеттерін шындау,құқықтық нормативтік актілерді орындай, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, елжандылыққа, құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу;құқық пәнінен алған білімдерін тиянақтау, жинақтау,ойын арқылы ой- өрістерін, ойлау шапшаңдығын дамыту.
Оқушыларды өз құқықтарын қорғай білуге үйрету,оқушылардың бойында демократиялық көзқарас қалыптастыру;
Күтілетін нәтиже:
Оқушылар құқықтық терминдерге анықтама және мазмұнына түсініктеме береді;
Оқушылар қоғамды, оқиғаларды, мемлекеттік қағидаларды салыстыра алады, яғни түсінеді,құқықтық нигилизм туралы түсінік алады;
ҚР Конституциясын,бала құқықтарының Конвенциясын , мемлекет қағидаларын талдап, баға беріп, оны бүгінгі өмірмен байланыстыра алады;
Сабақтың ұйымдастырылуы: топтық түрде
Қолданылатын әдіс- тәсілдер:мадақтау,сұрақ- жауап, СТО технологиясының стратегиялары т.б
Қолданылатын құралдар : флипчарт,маркер,интертақта
Пайдаланатын ресурстар:нигилизм тақырыбындағы POWER POINT презентациясы, ҚР Конституциясы, бала құқықтарының Конвенциясы т.б.
Сабақ жүрісі:
І.Ұйымдастыру.Оқушыларды 3 топқа бөлу
ІІ.Үй тапсырмасы Мәтінмен жұмыс.
Әр ұғымға сәйкес келетін анықтаманы тауып, сәйкестендіріңдер.
Тыйым салу әдісі әдісі конституциялық-құқықтық қатынастарға қатысушыларға
Құқықтар беру.
Міндетту әдісі субьектіге құқықтық норма шегіне қалауы бойынша
әрекет етуге рұқсат ету.
Рұқсат ету әдісі құқықтық субьектісінің міндеттер бекіту.
Құқық беру әдісі құқық субьектілеріне қандайда бір заңсыз әрекет етуге
тыйым салу.
Санкция
құқық қандай жағдайларда өз күшіне енетінін көрсететін
норма бөлігі.
Диспозиция
құқық бұзылғаны үшін ықпал ету шаралары белгіленетін
норма бөлігі.
Гипотеза
құқық субьектілерінің тәртіп ережелерін қалыптастыратын
норма бөлігі.
Бұл анықтамалар мемлекетіміздегі қылмыстық кодекстің негізгі құқықтық ережелері болып табылады.Біздің мемлекетіміз құқықтық мемлекет болғандықтан қоғам осы нормаларға сүйенеді.
ІІІ.Көпір тапсырма. «Кім жылдам?» Үй тапсырмасынан жаңа сабаққа өту үшін беріледі.Интернет жүйесі арқылы нигилизм анықтамасын табыңдар.3 топтың оқушылары құқықтық нигилизм туралы өздерінің интернет желісі алған ақпарат бойынша мәліметтерді талдайды,салыстырады.
Жаңа сабақ .Құқықтық нигилизм
} Нигилизм қоғамда қабылданған, бүкіл адамға пайдалы нормаларды, жағымды мұраларды жоққа шығару
} Құқықтың мүмкіншіліктеріне сенбеушілік, құқықтың құнының, заңдылықтың қадірін төмендету, заңдарды ескермеу, елемеу, құқықтың әлеуметтік және тұлғалық құндылықтарын қасақана мойындамау
} құқықтың рөлі мен маңызына парықсыз, ықылассыз (немқұрайдылықпен) қарау, сенбеу және құқықты ешбір дәлелсіз теріске шығару.
} Қоғамдағы бар заңдар мен басқа да нормативтік құқықтық актілерді қасақана тікелей бұзу.
} Жаппай, барлық жерлерде заңдық ұйғарымдарды сақтамау, орындамау.
} Бір-біріне қайшы келетін құқықтық актілерді қабылдау.
} Заңдылықты саяси, идеологиялық және прагматикалық пайдалылыққа әдейі ауыстырып жіберу.
} Адам құқықтарын бұзу, әсіресе адамның өмір сүруге құқықтылығын, ар-намысы мен қадір қасиетін қорғауға құқықтылығын және тағы басқа да құқықтарды бұзу.
} Құқықтық формалды талаптар мен құқықтық шындықтар арасының алшақтығы, мұндағы талаптардың орындалмай қалуы.
ІҮ.Көрсетілім. Нигилизм тақырыбындағы POWER POINT презентациясын ұсыну, түсіндіру.
Ү. Ситуацияларды талдау
№1 ситуация. Анасы 2сынып оқитын қызы Нұргүлді сабағына алып бара жатыр. Жаяу жүргінші өтетін тұс біршама жерде , олар сабаққа кешігетін түрі бар. Анасы жолды тікелей кесіп өтіп, қызын сабағына кешіктірмей алып барды.
Сұрақ:Ата-ана қандай заңды немесе ережені бұзды?
Жауабы:
І.Жолаушылардың жолда жүру ережесін
2.Неке және отбасы туралы заң. 10 тарау 59-бап. Баланың қорғалу құқығы 3 пункт 3. Баланың өмiрiне немесе денсаулығына қауiп төнгендiгi туралы. 62-бап.
3.Ата-аналардың балаларды тәрбиелеу және оларға бiлiм беру жөнiндегi құқықтары мен мiндеттерi
4.Баланың құқықтарын қорғау туралы конвенция
№ 2 ситуация. Қайрат 8 сыныпта оқиды. Қайраттың сабақ үлгерімі төмен және отбасы жағдайы да мәз емес, ал сыныптастары , кейбір пән мұғалімдері де оның намысына тиетін осындай сөздерді жиі айтады.
— тауықтың миындай ми жоқ ?
— тормоз …
-қалай адам болады екенсің …
Сұрақ.Қалай ойлайсыздар мұғалім мен Қайраттың сыныптастары қандай заңды бұзып жатыр, бұның салдары не болуы мүмкін?
Жауап:ҚР Конституциясы
Ар-намыс кодексі
Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы
Баланың құқықтарын қорғау туралы конвенция
ҮІ. Қорытынды.
Оқушылар өз құқықтарымен өздерінің бүгінгі сабақ арасындағы байланысын табуға көмектесетін төмендегі кестені толтырады.
БІЗ БҮГІН НЕ ІСТЕДІК? | АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫМЕН ҚАЛАЙ БАЙЛАНЫСТЫ | |
І—топ | Құқықтық нигилизм туралы анықтамамен таныстық, басқа топтарға таныстырдық, … | Білім алу және басқаға жеткізу құқығы орындалды
… |
ІІ— топ | Бала құқықтары туралы Конвенциясының кейбір баптарын көрініс арқылы көрсеттік, бала құқығы,нигилизмге байланысты өлеңдер құрастырып, әуенге салып орындадық, … | Отбасы және неке Кодексі, ҚР Конституциясындағы азаматтардың міндеттері мен құқығы,Бала құқығы туралы Конвенциядағы баптармен байланыстырдық |
ІІІ— топ | Конвенцияда белгіленген бала құқықтарын сурет арқылы бейнеледік, дайын суреттерден коллаж жасадық, … | Біздер өз ойымызды еркін айтуға, өзгелерден білгіміз келгенін сұрауға құқығын жүзеге асырдық
… |
ҮІІ.Үй тапсырмасы.Күнделікті қоғамда, ортада, мектепте жиі кездесетін, ұнамайтын құқық бұзушылықтарды жазып келу одан шығу жолдарын ұсыну.
ҮІІІ.Бағалау.”Бағдаршам» тәсілі бойынша
[bws_related_posts]