Басы » Tәрбие сағаттары » «Сынып жетекшісі – тәрбие жүйесінің негізгі ұйытқысы» тақырыбындағы коучинг – сессиясының жоспары.

«Сынып жетекшісі – тәрбие жүйесінің негізгі ұйытқысы» тақырыбындағы коучинг – сессиясының жоспары.

 koyshДжолжигитова Лаззат Амантаевна

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы

Ж.Қалдығараев атындағы орта

мектебінің физика пәні мұғалімі

«Бала тәрбиесі – ұлт болашағы» атты мектепішілік СЖ семинарындағы                                               «Сынып жетекшісі – тәрбие жүйесінің негізгі ұйытқысы» тақырыбындағы                                          коучинг – сессиясының жоспары.

Коучтың аты-жөні

Джолжигитова Лаззат Амантаевна (10 «А» сынып жетекшісі)
Р/c Тақырыптың атауы «Сынып жетекшісі – тәрбие жүйесінің негізгі ұйытқысы»
1 Мақсаты Сынып жетекшілермен бірге тәрбие жұмысындағы кейбір проблемаларды шешу жолдарын қарастыру арқылы жас сынып жетекшілерге алдын алу бағытында  бағыт-бағдар беру.
2 Күтілетін нәтижелер Коучингте өткізілген оқыту әдістерін, стратегияларды өз сабақтарында қолдануды үйренеді.
3 Сілтемелер МАН, апта ресурстары,
4 Көрнекіліктер флипчарттар, маркерлер, стикерлер (әр түсті), видеоролик.

 

 

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері

Коуч пен коучинг сессияға қатысушылардың іс әрекеттері

Уақыты

Ұйымдастыру.

Коуч коучинг сессияның тақырыбы мен мақсатын түсіндіру;

Топқа бөлу (Тәрбие, ата-ана, бала, ұстаз сөздері бар нақыл сөздермен бөлу).

2 минут

4 минут

Қызығушылықты ояту.

«Зарядись на успех» мультфильмін көрсету.

І. Ассоциация құру. «Үздік сынып жетекшісі дегенді қалай түсінесің?»

ІІ. Рөлдік ойын. (Төмендегі берілген СЖ образын ашу керек. Тапсырма аяқталған соң топтар бір-біріне «1,2,3» шапалақтары арқылы баға береді.)

  • Алакөз сынып жетекшісі;
  • Арызқой сынып жетекшісі;
  • Еріншек сынып жетекшісі;
  • Ұрыншақ сынып жетекшісі.

Сергіту сәті. «Тұлғаны анықтаудың тибеттік әдісі»

4 минут

10 минут

15 минут

7 минут

Мағынаны                  тану

ІІІ. Топтық жұмыс. «Педагогикалық және ата – аналармен жұмыс дәптерлерінің тиімді нұсқасы» (Топтар өзара ақылдаса отырып,  педагогикалық дәптердің өздеріне өздеріне жеңіл жүргізетіндей тиімді нұсқасын ұсыну керек. Пікірталастыру. ТЖО қорытындылайды).

ІV. Постер қорғау. «Бала тәрбиесі – баршаға ортақ» (Сыныпта көбіне проблема болатын «қиынға бейім» оқушының бейнесін сала отырып, олармен мәселені шешу және алдын алу жұмыстарының тиімді жолдарын көрсету. «2 жұлдық, 1 тілек» стратегиясы арқылы бағалау).

  • Сәтсіз отбасының баласы;
  • Әлеуметтік аз қамтылған отбасының баласы;
  • Байдың ерке баласы;
  • Қараусыз қыз бала.

15 минут

20 минут

Ой-толғаныс

  • Интервью. Топтар тапсырма бойынша жұмыс жасап жатқанда коуч1 топтың мүшесінен төмендегі сұрақтар бойынша интервью алады:

—          Коучинг сізге ұнады ма? Дәлел.

—          Ұтымды жерлерін ата.

—          Көтеріліп жатқан мәселелердің Сіз үшін қандай маңызы бар деп ойлайсыз?

—          Осы бағытта тағы не білгіңіз келеді?

—          Топпен жұмыс кезінде Сіздің қандай әрекеттер атқардыңыз?

—          Өз жұмысыңызға қанағаттанасыз ба?

  • «Ақылдың 6 қалпағы» бойынша кері байланыс ұйымдастыру.

3 минут

10 минут

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *