Басы » Tәрбие сағаттары » Өнегелі отаудың өрісі кең

Өнегелі отаудың өрісі кең

IMG_20130605_0003 — копия (7)Алматы облысы
Ақсу ауданы
Ақсу ауылы

«Мамания орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен»коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі

Дайрабаева Арай Серікқазықызы

2-сынып

 Сабақтың тақырыбы: Өнегелі отаудың өрісі кең.

Сабақтың мақсаты:    Жас ұрпақты ұлттық болмыстатәрбиелеу.Ата-анамен оқушының           арасындпғы қарым-қатынасты нығайту.Үлкенді сыйлауға, кішіге қамқорлық жасауға,сыпайы болуғаеңбек сүйгіштікке,мейірімділікке,ілтипатты болуға тәрбиелеу.         

Сабақтың көрнекілігі:Интерактивті тақта, шарлар,слайд арқылы мақалдар көрсету.

1.Өнегелі отаудың өрісі кең.

2.Әкесі тұрып, ұлы сөйлегеннен без

Шешесі тұрып, қызы сөйлегеннен без.

3. Әке көрген- оқ жонар,

Шеше көрген –тон пішер.

4. Балам өсті десеңші

Батыр өсті дегенше,

Батыр өнер білмесе,

Қапыл өсті  десеңші

5.Қыз анадан үйренбей өнеге алмас,

Ұл атадан үйренбей сапар шекпес.

Әдіс-тәсілі: Сайыс түрінде.

Кіріспе бөлімі:

Ұлың өссе – ұлы жақсымен ауылдас бол,

Қызың өссе – қызы жақсымен ауылдас бол-демекші,әр отбасындағы ата-ана тәрбиесінің орны ерекше.Өмірге келген жас нәресте өзін қоршаған ортамен өз отбасында танысады.Перзент үшін ең жетілген, білімді де мәртебелі адам оның ата-анасы.Бүгінгі 2-сынып оқушыларының ата-аналарымен өткізгелі отырған «Өнегелі отаудың өрісі кең. » атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Негізгі бөлім:

Ал құрметті халайық!

Сайысты енді көріңдер

Әділқазы алқасы

Әділ баға беріңдер!-деп әәділқазылар алқасымен таныстырып өтейін.

Мектеп директоры-Ибраимова Рахат Нығметбекқызы

Тәрбие ісінің меңгерушісі-Артықбекова Сәуле Қалмұханбетқызы

Оқу ісінің меңгерушісі- Бейсенғалиева Сәуле Ахметқызы

Қазақ тіл әдебиет пәні мұғалімі-Қасымбекова Гүлданаш Өмірзаққызы

Еңбек пәні мұғалімі-Абдуалиев Серік Темірғалиұлы

Жарыс заңы ежелден

Жеңімпазды анықтау

Жеңімпаз болу шарты сол

Еңбектену жалықпау

Біреу озса сайыста

Біреу артта қалады

Жеңілгендер ренжімей

Тараса бізге жарады

Сабырлы да салмақты

Білімді де өнерлі

Білікті де жүректі

Ата -аналармен оқушыларды шақырайық

Сіздерге жеңіс тілейік-деп ата-аналарды балалармен шақыру.Сайысымыз VII бөлімнен тұрады.

  I . Бөлім:Жеті атасын білмеген жетесіздік белгісі.

  II. Бөлім: Әке көрген- оқ жонар,

Шеше көрген –тон пішер-шеберліктеріңізді көрсетесіздер.

  III. Бөлім: Қазағымыздың салт – дәстүрлері

Үй тапсырмасысалт-дәстүрлерден көрініс.

  IV. Бөлім:Білекті бірді жығар,

Білімді мыңды жығар.-қобдишаның ішінен сұрақ алып жауап бересіздер.

  V. Бөлім: Өнерлі- өрге жүзер — әр ата-анабаласымен өнерлерін көрсетеді

 

 VI . Бөлім: Ас –адамның арқауы.

  I . Бөлім: Жеті атасын білмеген

Жетесіздік белгісі,

Келіп отыр қауымның

Танысуды көргісі-деп кезекпен әр сайыскерді шақыру.Өздерін әнге қосып немесе өлең жолдарымен таныстырып өтеді .

Әділқазылар сайыскерлердің бағаларын көрсетсеңіздер

Әнніңде естісі бар,есері бар,

Тыңдаушының құлағын кесері бар

Ақылдының ойлы-күйін

Тыңдағанда көңілдің өсері бардемекші -2-сынып оқушыларының орындауында                                          Ән:«Анадай – асыл мектебім»

  II. Бөлім: Әке көрген- оқ жонар,

Шеше көрген –тон пішер-бүл бөлімде 15минут ішінде аналарымыз жас нәрестенің ит жейдесін тігеді.Ал әкелеріміз аң аулауға шығады.Қойылған аңдарды (жұмсақ ойыншықтарды) садақпен  атып ұпай алады.Балалар  сурет салады «Отбасы»тақырыбында.Сурет салған соң, оны қорғайды.

Әділқазылар сайыскерлердің бағаларын көрсетсеңіздер

Ән: 2-сынып ұлдары «Ортеке»

III. Бөлім: « Қазағымыздың салт – дәстүрлері».Алдын-ала үйге берілгендіктен,ата-анасы мен баласы қазақтың салт-дәстүрлерінен көрініс көрсетеді.

Әділқазылар сайыскерлердің бағаларын ксетсеңіздер

IV. Бөлім:Білекті жықса  біреуді,

Білімді мыңды жығады

Инемен құдық қазғандай

Білімнің шыңына шығады.-дей отырып қобдишадан  сұрақ алып жауап бересіздер.Білімділіктеріңізді тексереміз.

Әділқазылар сайыскерлердің бағаларын ксетсеңіздер

Қазақ биі «Қара жорға»

 V. Бөлім: Өнерлі- өрге жүзер бөлімі.

Армысыздар дарындар

Бармысыздар дарындар

Қазір байқап еөрейік.

Кімде қандай дарын бар,

Сынға түсіп әрқайсың.

Бағаларыңызды алыңыздар,

Өнерлі кім көрейік

Өлең бимен өнер өрейік- деп келесі кезекте өнерлеріңізді көрсетіңіздер.Әр ата-ана баласымен өнерлерін көрсетеді.

Әділқазылар сайыскерлердің бағаларын көрсетсеңіздер

VI . Бөлім:Көрсетті әр салада сайысып,

Қимылдары жүргендей жай ұшып

Мерекелік ас мәзірін жасапты

Ата-аналарымыз дем арада майысып- деп «Ас –адамның арқауы» бөлімін бастаймыз.Аналары жасап ,әкелері көмектескен астарын таныстырады.

Әділқазылар бірлесіп ұпай сандарын есептесеңіздер.

2-сынып оқушыларының орындауында  «Жас дәуірдің гүліміз» әнің тыңдаңыздар.

Қорытындылау бөлімі: Кімдер  жүйрік өнерпаз білейікші

«Өнегелі отбасы» деп жүрейікші,

Әділқазыларға тек әділдікті,

Ал ата-аналарға сәттілік тілейікші

Құттықтайық ал енді жеңімпаз болған ата-ананы

Өрге жүзіп ,өнері тауға, өрлесін талабы.

Әділқазылар сайыстың жеңімпаздарына I,II,III орындар және номинация бойынша мадақтау қағаздарын табыс етеді.

тәрбие сағаты, Өнегелі отау,  өрісі кең,

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *