Рамазанова Сырға Қайырбекқызы
СҚО, Тайынша ауданы
Тайынша қаласы №2 орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
4-сынып
Ашық сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы:Наурыз, етістіктің шақтарын қайталау
Сабақтың мақсаты:
- Білімділік:Наурыз тақырыбына байланысты сөздермен таныстыру, олардың жазылу, айтылу ерекшеліктерімен таныстыру, етістіктің шақтарын қайталау.
- Дамытушылық:Оқушылардың сөздік қорларын толықтыру
- Тәрбиелік:Оқушыларды наурыз мерекесін құрметтеуге, дәріптеуге тәрбиелеу
Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, карточкалар, суреттер
Сабақтың әдістері:Түсіндіру, сұрақ-жауап
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі
А)Оқушылармен амандасу
ә) оқушыларды сабаққа дайындау
2.Үй тапсырмасын тексеру
3.Жаңа сабақ
Р.Рымбаеваның «Наурыз» өлеңін тыңдату.
Балалар өлең не туралы?
Балалар бүгінгі сабақтың тақырыбы Наурыз және етістіктің шақтарын қайталау
Етістіктің неше шағы бар?
1.Олар қалай жасалады?
2.Сөздік жұмысы
Бұлт-облако
Табиғат-природа
Оянады-просыпается
Халық, ұлыс-народ
Дайындалады-готовится
Бүршік-почки
Үндестігін-гармонию
Теңеледі-равняется
Бұлақ-родник
Ұлы-великий
3.Сөздерді оқып беру, оқушылармен хормен оқу, сөздіктеріне жазғызу.
4.Мәтінмен жұмыс.Оқимыз аударамыз
Наурыз жыл басы. Бұл мереке табиғат пен адамның үндестігін көрсетеді. Наурыз мейрамы Ұлыстың ұлы күні. 22-Наурызда күн мен түн теңеледі.Халық мерекеге дайындалады. Олар бұлақтарды тазартады. Ағаш отырғызады. Әжелер аналар дәмді тағамдар пісіреді. Дастарқанның басты тағамы-наурыз көже. Мерекеде жастар ән салады, би билейді. Үлкен кісілер бата береді.
5.Диалог оқыту, слайдтағы суреттерді қою
6.Мәтіндегі етістіктерді тауып, үш шақта жазып шығу
Көрсетеді, теңеледі, дайындалады, тазартады, отырғызады, пісіреді, салады, билейді, береді.
7.Балалар наурыз мейрамы ерекше мейрамБбұл күні жан-жануар, адамзат жанданып, құлпырып жаңа бір тіршілік басталады. Ең кереметі бұл күні үлкендер бата береді.
8.Наурыз мерекесіне ерекше дайындалады. Наурыз мерекесіне қандай тағам дайындалады?
Наурыз көже наурыз мерекесіне әзірленетін ас. Наурыз көже жеті түрлі дәмнен жасалады.
Сүт, Айран, Ет, Бидай, Тары, Күріш,Май
Кішкентай тақтаға қазанға салынатын тағамдарды жабыстыру керек.
9.Оқулықтағы 3-жаттығуды орындау слайдта
Дұрысын тап
Наурыз мерекесі (көктемде, қыста) тойланады. Адамдар бұлақтарды (жабады, тазартады). Біздің елімізде жаңа жылды (бір, екі) рет тойлайды. Бұл күні балалар (қуанады, қармен ойнайды). Дастарқанның басты тағамы (кеспе, наурыз көже).
10.Керекті әріпті қой
Ұлы к..ні ұлыстың
К..н мен т..н теңеледі
Тә..і дәмін ырыстың
Таттық наурыз к..жеден
11.Толықтыр
Ключ-кілт Красивый-әсем
Облако- ……. Весна- ……..
Достаток-береке
Праздник- ……….
12.Жаңылтпаштарды оқып, етістіктерді табу.
1.Қапыда ит қапты,
Қатты қапты,
Қапты қатты.
2.Көп ешкі көк шөпті жейді,
Көк шөпті көп ешкі жейді.
13.Конверт ойыны
14.Мәтінді таратамын. Сөйлемдерді оқып, етістіктерді табу
Наурыз жыл басы. Күн жылы. Аспанда бұлт жоқ. Жасыл шөп. Табиғат оянады. Халық мерекеге дайындалады. Ағаш отырғызады. Наурыз көже пісіреді.
15.Сөйлемдерді аудар
Наступила весна.
День теплый
Дети играют на улице
Растут разные цветы
Народ отдыхает
16.Фонетикалық талдау наурыз сөзін
17.Наурыз сөзін толықтыр
18.Слайдтағы өлеңді мәнерлеп оқу.
Үйге тапсырма: 103 бет, 4-тапсырма
[bws_related_posts]