Басы » Қазақ тілі мен әдебиеті » Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы, «Ақын ініме» өлеңі

Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы, «Ақын ініме» өлеңі

ahmetЖаңаөзен қаласы № 15 орта мектептің
I санатты қазақ тілі мен әдебиеті
пәні мұғалімі Кожанова Зинаида Курбанбаевна

Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы,
 «Ақын ініме» өлеңі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: өлеңнің мазмұны мен идеясын меңгерту.
Дамытушылық: әдеби-теориялық білімдерін тереңдету,сауатты жазуға,дұрыс сөйлеуге, шапшаңдыққа,тез ойлауға машықтандыру.
Тәрбиелік: оқушыларды білімге,адалдыққа,адамгершілікке баулу. 
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, сатылай кешенді талдау.
Сабақтың көрнекілігі: ақынның өмір жолы,шығармашылығына құрылған презентация, ақынның кітабы
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
А) оқушылармен сәлемдесу
Ә) оқушыларды түгендеу
Б) сынып тәртібі мен тазалығына мән беру
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығы
«Екі шыбын» жатқа айту
Сұрақтар:
«Екі шыбын» өлеңі қандай жанрда жазылған? (Мысал)
Өлеңде айтылатын өзекті ойдың мәнісі
Автор оқушыларына нені ескертеді?
Ең соңғы шумақтағы өзекті ойдың мәнісі қандай?
ІІІ. Жаңа сабақ
Сабақтың мақсаты түсіндіріледі
Өлеңді мұғалім мәнерлеп оқиды.
Оқушыларға мәнерлеп оқытады.
Өлең қазақтың аса көрнекті ағартушысы,қоғам қайраткері ,ақын,жазушы,жалынды көсемсөз шебері Міржақып Дулатұлына арналған.
Өлеңде ақын інісіне кекесінмен айтқан ақылдарында ирониялық сарын басым.
Енді осы өлеңді болымсыз түрде оқып көрелік.
Міне,ақынның нағыз айтар ақылы енді белгілі болды.
Сұрақ-жауап
Ақын өлеңде адам мінездеріндегі қандай қасиеттерді сынайды?
Одан қандай жақсы қасиеттерді уағыздайтынын байқауға болады?Өлеңде ақынның халық алдындағы парызы,міндеті қандай болу керек екенін Ахан қалай аңғартуға тырысады?
Өлеңнің соңғы шумағынан ақынның айтқысы келген өзекті ойын қалай байқауға болады?
IV. Сабақты бекіту. Өлеңге сатылай кешенді талдау жүргізу
Ақын ініме
1.Авторы – А.Байтұрсынов. Қазақтың тұңғыш тіл білімі негізін қалаушы ғалым, публицист,аудармашығмысалшы,саясаткер.
V. Үйге тапсырма беру. Өлеңді жаттау

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *