Басы » География » Еуразияның ішкі сулары

Еуразияның ішкі сулары

eurazija_materiginin_ishki_sulary_turaly Жусупова Аксауле Жаксылыковна

Тақырыбы Еуразияның ішкі сулары
Мақсаты Материктің ішкі сулары туралы білім беру.
Күтілетін нәтиже А: Ішкі сулары туралы біледі
В: Орналасу ерекшеліктерін анықтайды
С:Қоректену көздерін анықтап ,экологиялық проблемаларына талдау жасай алады,шешу жолдарын ұсынады.
Дереккөздер, құрал-жабдықтар Ә.Бейсенова,С.Әбілмәжінова,К.Каймулдинова. Алматы «Атамұра»2012 ,Еуразияның физикалық картасы , қосымша ақпараттар, флепчарт,маркер,стикер
Жаңа әдіс-тәсілдер Жеке және топта жұмыстанады. Өз-өзін және көршісін бағалайды. Дамыта оқыту әдісін пайдаланамын.
Сабақтың барысы Уақыты Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе 10 мин І.Ұйымдастыру бөлімі
А)Танысу тренингі «Менің туған күнім және мінезім»
Б)Сыныпты топтарға бөлу
Берілген суреттер атауына сәйкес өз топтарын табады да топтасады.
В)Үй тапсырмасын бекіту
Үлестірме тапсырма арқылы бекіту. Оқушылар өздерінің есімін атап және туған күндері жылдың қай мезгіліне келеді және соған орай өз мінезін келтіреді.
Үй тапсырмасын орындаған оқушының жұмысын көршісі бағалайды.
Тұсаукесер 5 мин  Слайдтан кестелер мен шолу.
 Кестеде көрсетілген өзен-көлдерлі картаға стикер жапыстыру арқылы көрсету. Оқушылар қолдарындағы стикерге өзен ,көлдер атауын жазып тақтадағы картаға жапыстырады. (білетіндерін ғана)
Негізгі бөлім 25 мин Дамыта оқыту әдісі арқылы жаңа сабақты алдын-ала үйге оқып келуді ұсынғандықтан , оқушыларға тапсырманы бірден орындауды ұсынамын.
1 –тапсырма;Түртіп алу әдісі (10 мин)
Ішкі сулардың маңыздылығына назар аудару
Географиялық орнын табу
Шаруашылықтағы маңызы
Қандай мемлекеттерде орналасқандығын анықтау
Бағалау жұмыс жүйесі. (түсіну дәрежесін бағалау , топ ішінде көршісін бағалайды)
2-тапсырма:Постер мен жұмыс. Әр топқа әр түрлі өзендер беріледі. (15 мин)
Өзенді сипаттаудың жоспары:
(әр топқа әр түрлі өзен-көлдер беріледі)
• Өзеннің материктегі орнын,қай алапқа жататындығын анықтау.
• Өзен қайдан бастау алады, қайда құяды?
• Өзеннің су жинау алабы,оның жер бедеріне тәуелділігі.
• Өзеннің қоректену көздері.
• Өзеннің режимі,оның климатқа байланыстылығы.
• Шаруашылық маңызы.
• Өзеннің экологиялық жағдайы.
Бағалау жүйесі: бір топ екінші топты бағалайды. 1-тапсырма мен жұмыстанады. (Әр топқа осы топшама беріледі, алдымен жеке жұмыс, сосын топта талдап, ең жақсы жазған оқушының жұмысын ұсынады.)
Бағалау жүйесі:
критерий Дескриптор Ұпай
Маңызды мәліметтерді түртіп алу және оны оқып,көрсетіп беру. Маңыздылығын анықтай білді. 2
Географиялық орнын таба білді 2
Шаруашылықтағын анықтай алды 2
Қандай мемлекеттерде орналасқандығын анықтау 1

2-тапсырма мен жұмыстанады.
Критерийлер: Дескриптор Ұпай саны
Өзіндік пікірлерін қорғауы Нақты дәлелдермен қорғады 3
Дәлелдері жеткіліксіз 2
Пікірін жеткізе алмады 1

Сергіту сәті «Кел билейік достым» Әдемі сазға билейді
Қорытынды 5 мин «Cұрақты ұстап ал» әдісі мен сабақты қорытындылаймын. (фундук салынған қалташаны ішіндегі сұрағымен алады. Сұрақты дауыстап оқиды ,жауап берсе қалташа өздерінде қалады,жауап бере алмаса басқа топ жауап бере алады. Қалташа жауап берген топқа  қалады. )
Рефлексия 5 мин
Бүгінгі сабақтағы ең үздік сәттер Ұсынылатын жақсартулар Үздік бестікті кімге қояр едің! Бүгінгі сабақта өзіңе алған жаңа көзқарас

Үйге А)Еуразияның ішкі сулары
В) «Еуразияның мұздықтары» туралы интернеттен материалдар жинақтап келіңдер.
Сабақтың талдауы
Сабақ бойынша өзгертулер

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *