Басы » Баяндамалар » Оқушылaрдың cыни тұрғыдaн oйлaуы-білім сапасын арттыру кепілі

Оқушылaрдың cыни тұрғыдaн oйлaуы-білім сапасын арттыру кепілі

kuliashОқушылaрдың cыни тұрғыдaн oйлaуы-білім сапасын арттыру кепілі

Гайыпбаева Куляш Курманбаевна

Маңғыстау облысы Ақтау қаласы

13 орта мектеп гимназиясы

бірінші (ілгері) деңгей

 бастауыш сынып мұғалімі

«Ойдағыдай тәрбиелеудің сыры оқушыға  деген  құрмет сезімде жатыр»

                                                                                                                                                                            Р.Эмерсон

 

Қазақстан Республикасы “Білім туралы” Заңының 8-бабында “Білім беру жүйесінің басты міндеті — оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау” — деп атап көрсеткендей-ақ, қазіргі кезеңде әрбір мұғалімнің алдына қойып отырған басты міндеттерінің бірі- оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру.

Оқыту мен тәрбиенің тиімді тәсілдері мен әдістерін табуда мұғалімнің өз тәжірибесін өзі зерттеп, жинақтау ісі – әрі қиын, әрі күрделі мәселелердің бірі. Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық тәсілдерінің бірі — сын тұрғысынан ойлау.  Сыни тұрғыдан  ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л.Стил, Куртис С.Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады.

«Сын тұрғысынан ойлау” ұғымы белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді авторлар.

Америка философы әрі педагогі Джон Дьюи сыни тұрғыдан ойлау оқушылар тек нақты бір мәселемен айналысқанда ғана пайда болады деп есептемейді. «Ситуацияға немесе құбылысқа байланысты қойылатын негізгі сұрақ осы құбылыстың қандай мәселелерден туындайтындығы туралы болмақ»/182 б/

Дьюидің айтуы бойынша мәселелерге ерекше көңіл аудару оқушылардың табиғи әуесқойлылығын оятып,оларды сыни тұрғыдан ойлауға итермелейді.»Нақты бір мәселені қарастырып, қиын жағдайдан шығудың жолын іздеу арқылы оқушы шын мәнінде ойланады»/188-б/.

Сыни тұрғыдан ойлауда идеяның ерекше болуы міндетті емес, сыни тұрғыдан ойлайтын адам басқаның көзқарасымен жиі келісе бермейді.

Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес, шыңдалған ойлау. Бұл деңгейдегі ойлау тек ересек адамдарға, жоғарғы сынып оқушыларына ғана тән деп ойлау аса дұрыс емес. Бастауыш сынып оқушыларына да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз.

Оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға үйрету үшін мұғалімнің өзі сыни ойлауға үйренуі керек деп ойлаймын. Сын тұрғысынан ойлауға үйретудің мақсаты: оқушыладың ойлану дағдыларын дамыта отырып, олардың танымдық көзқарастарын кеңейтіп, тыңдау арқылы дәлелдерді жинастырып, шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыру. Сын тұрғысынан ойлауға оқытуда сабақ құрылымы үш сатыдан тұрады: қызығушылықты ояту, мағынаны тани білу және ой толғаныс сатысы.

Coнымeн, cыни oйлaу дeгeн – әр жeкe тұлғaның кeз – кeлгeн жaғдaйдaғы нәрceнi oйлaп, oны зeрттeп, қoрытып, өз oйын eркiн oртaғa жeткiзe aлуы, coнымeн қaтaр, өз aлдынa cұрaқтaр қoйып жәнe үнeмi oлaрғa жaуaп iздeу, шeшiмiн тaбуды қaжeт eтeтiн мәceлeнi aнықтaу, әр мәceлeгe бaйлaныcты өз пiкiрiн aйту, oны дәлeлдeй aлу, coнымeн қaтaр бacқaлaрдың пiкiрлeрiн дәлiрeк қaрacтыруды жәнe coл дәлeлдeмeлeрдiң қиcынын зeрттeу дeгeндi бiлдiрeдi дeп oйлaймын. Oйлaу aрқылы бaлa көп нәрceгe қoл жeткiзуi мүмкiн!

Cыни oйлaуғa aпaрaтын қaтaң рeттeлгeн қaдaмдaр тiзiмi жoқ. Дeгeнмeн cыни oйлaуды дaмытaтын oқу шaрттaрын, яғни oқушылaрғa eркiн oйлaнып — тoлғaнуғa, oйы мeн өзiндiк пiкiрiн aшық aйтуынa мүмкiндiк бeру, қaтaрлacтaрының идeялaры мeн пiкiрлeрiн қaбылдaу, мұғaлiм тaрaпынaн oқушылaрдың oқу үрдiciндeгi бeлceндiлiктeрiн мaдaқтaу жәнe бaғaлaу, кeз — кeлгeн oқушының cыни шeшiмдi қaбылдaй aлaтын қaбiлeтiнe ceнiмдiлiк бiлдiру.

Сын тұрғысынан ойлау уақытты қажет етеді. Сондықтан  да мен өз тәжірибемде оқушыларға көбірек ойланып, толғануға мүмкіндік жасауға тырысамын. Әр сабақта оқушыларымды  ойларын ортаға салып, өз пікірлерін ашық айтуға жетелеймін. Бастапқыда олардың ойлары шашыраңқы болғанымен, кейінірек толықтырылып жетілген соң  мәнді де мазмұнды болып шығатынына көзім жетті. Дәстүрлі сабақтарда  көп нәрce қaлыc қaлып, мән бeрiлмeй нeмece үcтiртiн қaрaлып жатады, яғни біз көбінесе оқулық ауқымынан шыға алмаймыз, меншігіміздегі 45 минутта тек оқушыға негізгі мәліметті немесе ережені береумен шектелеміз  де келесі сабақта дәл сол жұмысты ғана бағалап жатамыз.

Біліктілікті арттыру курстарынан кейін өз тәжірибемде бағдарламаның жаңа  идеялар пайдалануды жөн көрдім. Әрбір сабағыма нақты SMART мақсат қоя отырып,  сабақты қорытындылауда міндетті түрде кері байланыс орнату арқылы жеке баланың сол сабақтағы жеткен жетістігін көре білдім.

2-сыныпта ана тілінен «Кімнің мекені жақсы»  тақырыбына берілген 3  сабаққа жасақталған тiзбeктeлгeн caбaқтaр тoптaмacы мен жаңа үлгідегі сабақ жоспарын да  «Cыни тұрғыдaн oйлaуғa үйрeту»  мoдулiн бacшылыққa aла отырып өткіздім.

Сабақтың тақырыбы

Оқып-үйренудің негізгі мақсаттары/Оқушы нені білуі тиіс, қандай түйінді идеяны түсінуі керек/  Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер

/әр сабақтағы белсенді ынталандыратын оқыту әдістері/

 Оқып-үйренудің  

 нәтижесі

/Сабақ соңында оқушы нені біліп шығады?/

Негізгі дерек көздер/Пайдаланылған

 ресурстар/

«КІМНІҢ МЕКЕНІ ЖАҚСЫ»                 /1-САҒ/  Автор туралы мағлұмат бере  отырып, шығарманың толық мазмұнын түсіндіру (элек. оқулықтағы  аудио жазба) Шығарманың негізгі идеясын табу.Жаңа сөздердің мағынасын түсіндіре отырып, сөздік қорын дамыту Сын тұрғысынан ойлау :Топтастыру

ББҮ кестесі

АКТ

Мәтін мазмұнын толық түсінді. Негізгі идеяны  таба алады. Жаңа сөздердің мағынасын түсінеді. Кейіпкерлерді суреттеуді үйренеді Мультимедиялық эл. оқу құралы “Атамұра”баспасы2013 ж.

Әдебиеттік оқу

Оқыту әдістемесі

Б.Т.Қабатай С.Р.Рахметова

Ә.С.Амирова

«КІМНІҢ МЕКЕНІ ЖАҚСЫ»                 /2-САҒ/ Мәтін бөліктеріне жоспар құру және қысқаша айтып беру үшін ақпаратты жазып алуды үйрену,дауыстап  түсіне оқи отырып,  мәнерлеп оқу дағдысын жетілдіру Сын тұрғысынан ойлау :Ой қозғау

Ойлан, жұптас, талқыла

АКТ

Мәтіндегі негізгі ойдың басталуын, жалғасуын аяқталуын ажырата алды, бөліктерді тезистеуді үйренеді.Дауыстап,түсіне оқу

машықтары жетіледі

Мультимедиялық эл. оқу құралы “Атамұра”баспасы2013 ж.

Әдебиеттік оқу

Оқыту әдістемесі

Б.Т.Қабатай С.Р.Рахметова

Ә.С.Амирова

«КІМНІҢ МЕКЕНІ ЖАҚСЫ»                 /3-САҒ/ Оқушыны шығармаға өз көз қарасын білдіруді үйрету. Өздігінен оқуға деген қызығушылығын арттыру Сын тұрғысынан ойлауТоптастыру

ББҮ кестесі

АКТ

Оқушылар өз туған жерлерінің  бәрінен де қымбат екенін түсінеді.Өз ойларын ашық еркін, дәлелді айтуды үйренеді. Әдебиеттік оқуОқыту әдістемесі

Б.Т.Қабатай С.Р.Рахметова

Ә.С.Амирова

 

 

 

 

21.11.2013 Сабақтың тақырыбы: С.Жүнісов «Кімнің мекені жақсы?» 1 сағ Өткізген: Ғайыпбаева Күләш Құрманбайқызы
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға халық жазушысы С.Жүнісовтың өмірі мен шығармашылық жолын үлгі ету, мәтіннің толық мазмұнын түсіндіру. Жаңа сөздер арқылы сөздік қорын молайту.Шығарманың негізгі идеясын ұғындыру.

Сабақтың жүрісі

Оқу кезеңдері Оқушының белсенді іс-әрекеті Мұғалімнің іс -әрекеті
Ұйымдастыруы2 мин

Психологиялық ахуал орнату

Оқушылар назарын сабаққа аударту, сергіту минуты 

Үй жұмысын тексеру

       3 мин

М.Мақатаев «Отан туралы» өлеңін жатқа айту

Мәнерлеп оқуына мән беру, дауыс интанациясын ескеру

Оқушыларды өздеріне бағалату

Жаңа сабақ

3мин

1.БІЛІМТерминдерді, нақты деректер, ұғымдар мен ережелер  Жұмбақтар шешу

 

Шығарма кейіпкерлері туралы не білетінін сұрау, оқушылар әр кейіпкер туралы бұрыннан білгенін айта алады.

 

Автор туралы не білетінін сұрай отырып, қосымша мәтінді жұпта талқылайды. Кестені толтырады.

 

Сәкен Жүнісов  туралы мағлұматты  бір біріне түсіндіреді.

 

Шығармаларымен танысады.

 1934 жылы 11 ақпанда Көкшетау облысы, Қызылтау ауданы, Кішкенекөл ауылында туған.

 

Балаларға арналған алғашқы кітапшасы («Сонарда») 1959 жылы шықты. Бұдан соң жас жеткіншектер үшін «Әжем мен емші және дәрігер» (1961), «Кімнің мекені жақсы» (1962), «Сақау бәтеңке» (1983), т.б. кітаптары жарық көрді. «Алғашқы вагон» (1982), «Заманай мен Аманай» (1987) повестерін жазды.

 

 

Өмірбаяны мен шығармаларын қосымша мәтін  беру

Кесте толтырту

7 мин

2.ТҮСІНУТанылған деректерді, ережелерді, ұстанымдарды түсіндіреді. Шығарманы  электронды оқулықтағы аудиожазба арқылы түсіну Электронды оқулықтағы мәтінмен таныстыру

Сөздік жұмысы

3 мин

INSERT әдісі Балалар түсінбеген сөздерді өздері тауып, түртіп алып отырады Мұғалім жаңа сөздердің мағынасын түсіндіріп кетеді

7 мин

3.ҚОЛДАНУҰғымдар мен жаңа жағдайларды қолдану, ұғымдар мен ұстанымдарды пайдаланады 1.Кейіпкерлер өз мекені туралы не дейді?Мәтіннен тауып оқу

Жаңа сөздерге сөйлем ойлату

Көде-

Қуаңшылық-

Күннің аптабы-

Зая-

Мұғалім бағыт бередіТоптастыру статегиясын пайдалану

5 мин

4.ТАЛДАУОқу материалдарын орналастыруда, бөлшекке бөлуде оның негізгі құрылымы айқын танылатындай етіп көрсетеді.

 

Әңгіменің негізгі идеясын табады

Соңғы сөйлемді дауыстан, түсіне оқу, талдау

Мәтінмен жұмыс

  • Құмырсқаға ми батпақ неге ұнамады? Тауып оқу
  • Құрбақа қолайсыз мекен қандай екенін табу
  • Үшеуіне де ұнамаған мекен  туралы білеміз бе?Жауынқұртының мекені туралы кім тауып оқиды?

 

 

 

Жетелеуші сұрақтар қоя отырып балалардың толық жауап беруіне мән беру

 

 

КЕРІ БАЙЛАНЫС

5 мин

5ИНАҚТАУ  Мәтін кейіпкерлеріне ұқсап өз туған жерін толғалана әңгімелеу»О, шіркін дүниеде мен тұрған жерден асқан жақсы жер жоқ…..»

Туған жері туралы әңгімелеу

ББҮ кестесін толтыру

 

 

Мәтінде кездескен бейнелі көркем сөздерді тақтада көрсетіп қояды.Оқушы жауаптарының толық болуын, оқушы белсенділігін мадақтап тұрады

3 мин

6. БАҒАЛАУОқу материалдарын бағалау дағдысы Осы мәтін бойыша өз туған жерің туралы қандай сурет салар едің?Оқушылар қандай сурет салатынын ауызша баяндайды

 

«Жұмақ мекен-туған жер» тақырыбындасурет салуды үйге тапсырады

Қорытынды

2 мин

  Оқушылар өзін-өзі бағдаршам арқылы бағалайды. Оқушыларды мадақтау,бағалау

 

 

 

Аз ғана уақыт ішінде тiзбeктeлгeн caбaқтaр топтамасын өткiзу бaрыcындa жaңa тaқырыпты мeңгeру жәнe қaйтaлaу және кeрi бaйлaныc жacaу кeзiндe  cыныптaғы oқушылaрдың cыни тұрғыдaн oйлaуы oқытудың тиiмдiлiгiн көрceтeтті. Олар  төмeндeгiдeй болды:

—          oқушылaр бeрiлгeн тaқырып aяcындa oй бөлice алады;

—          бiр — бiрiмeн әртүрлi идeялaр турaлы мәлiмeт aлмacaды,

—          бeлгiлi мәлiмeт жөнiндe бiр-бiрiнe түciнугe көмeктеседі,

—          әр oқушы өз oйын cыни тұрғыдaн дәлeлдeп үйрeнeдi,

—          дәлeлдi cөйлeугe дaғдылaнaды.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

«Идеи Дьюи и наша практика» Под редакцией С.Бахишевой С. Мирсеитовой

Кәсіби даму мектебі » Мектеп және жоғарғы оқу орындары: ой қозғағыштар, ізденістер, табыстар»А.Әлімов,

С. Мирсеитова

Кәсіби даму мектебі «Әрекеттегі RWCT философиясы мен әдістері» Ә.Іргебаева, С. Мирсеитова

  [bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *