Басы » Қазақ тілі мен әдебиеті » Сын есімді қайталау

Сын есімді қайталау

Атырау облысы

Атырау қаласы

А. С. Пушкин атындағы №20 орта мектеп гимназиясы

Қазақ тілі пәні мұғалімі

Нурмуханова Саягул Сарсеновна

Сабақтың атауы

Тақырыбы: Сын есімді қайталау

Сілтеме

6-сынып оқулығы

Слайдтар.

Сабақ жоспары.

Жалпы мақсаты

Сын есімнің түрлерін, олардың жасау жолдарын ары қарай пысықтау.

Міндеттер:

Оқушыларды достыққа, ұжымдық жұмысқа және мәдени сөйлеуге, көркем  жазуға баулып, ойын еркін жеткізуге жағдай туғызу.

Мұғалімдер үшін  оқу нәтижелері

Оқушылардың және белсенділігін қалыптастыру, ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту, меңгерген білімдерін ары қарай жетілдіруге жағдай жасау.

Сабақта туындаған негізгі идеялар

Оқушының өмірдегі біліміне, білетініне, сүйену.

Күтілетін нәтиже

Қазақ тілі пәніне қызығушылық тудыру.

Тапсырмалар

Тапсырмалар жазылған жабық хаттар.

 

Сабақтың түрі: тренинг

Сабақтың өту әдісі: проблемалық, сұрақ – жауап, жаттығу, логикалық тапсырмалар.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

  1. Сәлемдесу

— Сәлеметсіздер ме балалар?

-Бүгін аптаның қай күні?

-Бүгін мамыр айының нешінші жұлдызы?

-Қазір бізде қазақ тілі сабағы болады. Бүгінгі сабағымызды тренинг түрінде өткіземіз. Сабақ басталмас бұрын бұрын «Ережені» есімізге түсіріп алайық.

/Балалардың зейінін сабаққа аудару, қол соғу./

ІІ. Балалар көңіл – күйлерің қалай? /Балалар бір – бірімен сәлемдеседі/

Ойын: «Кім тапқыр» /Балалар бір сәт көздерін жұмады/ мұғалім: Менің қолымда орамалға оралған бір зат бар. Сендер затты сипап –сеу арқылы сол заттың қандай зат екенін анықтайсыңдар. Мен сендерге «ия» немесе «жоқ» деп жауап беремін . Сендер сұрақты сол заттың қасиетін анықтау мақсатында қоясыңдар. Кімсол заттың атын тапса, сол оқушы тапқыр болады. «Тапқыр» оқушы үшін қатты алақан соғамыз.

Мұғалім:

-Балалар бұл заттың өшіргіш екенін қалай білдік?

ІІІ. Жаңа сабақ:

-Ал енді балалар, жаңа өздерің айтқан, әдемі, қатты, төртбұрышты деген сөздерге қандай сұрақтар қоямыз?

-Осы сұраққа жауап беретін сөздер қай сөз табына жатады?

-Ендеше бүгін біз «Сын есімді қайталау» тақырыбы бойынша тренинг сабақ өтеміз. Ал қазір барлығымыз топқа бөлініп алайық, ол үшін 1,2,3,4-ке алайық.

-Кім топ басшысы болғысы келеді?

-Кім уақыт өлшеуші болғысы келеді?

-Балалар бүгін біз сендермен «ғылым»,  «оқу», «жазу», «өнер» топтарында жұмыс жасаймыз. Қазір әр топтың басшысы келіп, үстел үстіндегі тұрған жабық хаттарды аламыз.

-Топтармен жұмыс істеуге 8 минут берілді.  Уақыт өлшеушілер «құмсағатқа» қарап уақытты үнемдеңдер.

-Іске сәт, балалар!

1-топ «Ғылым» тобы

  1. Сын есімдер мағынасына қарай нешеге бөлінеді? Мысал келтір.
  2. Сөз жұмбақ құрастыр. /сын есімге қатысты болсын/
  3. Қандай? Қай? Сұрақтарына жауап берсе, ол қай сөз табы болады?

2- топ «Оқу» тобы

  1. «Мен ақылды боламын» шағын әңгіме жаз.
  2. Сын есімнің құрамына қарай түрлері.
  3. Ақшыл  деген сөзге талдау жасау.

3- топ «Жазу» тобы

  1. Тіл туралы мақал  мәтел, ішінде сын есім болсын.
  2. Дара сын есім ойлап, оны күрделіге айналдыр.
  3. Дара, күрделі сын есімдерді қатыстырып сөйлем құрастыр.

4 – топ «Өнер» тобы

  1. «Шуақты көктем» тақырыбына сурет салып әңгімелеп бер.
  2. Негізгі сын есімнен туынды сын есім жаса.
  3. Туынды сын есім қалай жасалады, сөйлем құрастыр.

IV.Пысықтау. Ойын. Менің досым қандай?

Мақсаты: Балалар бір –бірлерінің жақсы қасиеттерін айту арқылы балаларды достыққа тәрбиелеу.

V. Қорыту. 1. Бүгін сабақта не үйрендік?

2. Сабақ несімен ұнады?

VI. Бағалау. Бірін –бірі бағалау, марапаттау.

VII. Үйге тапсырма. Сын есімді қатыстырып «Көктем» тақырыбына бес жолды өлең немесе сөзжұмбақтар құрастырып келу.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *