Оңтүстік Қазақстан
Созақ ауданы
М. Маметова атындағы жалпы орта мектебі коомуналдық мемлекеттік мекемесі
Бекбатшаева Күлбибі Асқарқызы
Абай Құнанбаевтың « Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ» өлеңін ақпараттық-коммуникациялық технология негізінде оқыту
Сабақтың мақсаты: «… қазақтың классик әдебиетінің атасы, қазақ поэзисының күн шуақты асқар биігі Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы білімді толықтыру; мал патшасы жылқының сыны мен бағасының сипатталуын түсінуге бағыт беру; оқушылардың сыни ойлауы мен тілін дамыту; адамгершілік тәрбие беру.
Түрі: жаңа білімді меңгерту.
Типі: аралас сабақ.
Әдістері: диалогтік оқыту, сыни тұрғыдан ойлау мен жазу, мәнерлеп оқу, топтық жұмыс.
Пәнаралық байланыс: биология, қазақ тілі.
Көрнекіліктер мен қосымша материалдар: ақын портреті, бүктеме, ақынның шығармалар жинағы, интерактивті тақта, оқушының дәптері, сызба-кестелер, бағалау парағы, плакат, түрлі-түсті қаламсаптар.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру. Оқушылардың сабаққа қатысуын қадағалау. Сабақ жабдықтарын дайындау. Сурет қиындылары арқылы топтарға бөлу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. « Жақсы мен жаман адамның қасиеттері» өлеңін сатылы кешенді талдау. Жаман мен жақсы қасиеттерді жазу.Жазған қасиеттерін « Жақсы-жаман » ойыны арқылы тексеремін.(жағымды қасиеттерге қол шапалақтаймыз, жағымсыз қасиеттерге аяқты топылдатамыз)
Жақсы адам қасиетттері: ешкімді жатсынбайды, сөзіне сақ, елдің ағасы, елдің басшы серкесі, жүзі жылы, сөзі майда, үлкен –кішінің бәріне жақсы, жыл құсындай, алысты жақын етер.
Жаман адам қасиеттері: көкірегі-көр, көзі-соқыр, жүрер жолдан тал түсте адасушы, өтірікші өсегі көп, іріткі салушы, ел арасын сөзбен бықсытушы, ұрыншақ, тентек, сүйкімсіз, жылқының қотыр болған аласындай, балтаның ұңғысындай, сөзі кесек, өсек-аяң айтып жүреді т.б.
Өлеңге кешенді талдау:
1.Өлеңнің авторы-
2.Тақырыбы-
3.Жанр түрі-
4.Идеясы-
5.Шумақ саны-
6.Бунақ саны-
7.Буын-
8.Ұйқас түрі-
9.Әдеби теориялық ұғымдар-
10.Тәрбиелік мәні-
ІІІ. Жаңа сабақ. Қызығушылықты ояту. « Ой қозғау» әдісі. 1. Мұғалімнің Абай туралы кіріспе сөзі.
Жүрегін шырақ етіп жандырған кім? Ерте оянып, ойланып, ер жеткен кім?
Жырымен жан сусынын қандырған кім? Талабын тас қияға өрлеткен кім?
Өзіне-өзі орнатып ескерткішті, Құба жон, құбақан құм, құла қырды,
Мұра ғып кейінгіге қалдырған кім? Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?
2. Өлең сұрағына жауап алған соң , слайд арқылы ақын суретін көрсетемін. 1- слайд.
2-слайд. « ББҮ кестесінің» бірінші бөліміне Абай туралы не білетіндерін жаздырамын.
Әр топтан бір оқушыға « Білемін» кестесіне не жазғаны туралы әңгімелету.
3-слайд. С. Тұрысбековтің « Көңіл толқыны» күйін ойната отырып жылқының бірнеше суреттерін көрсетемін.
1-тапсырма. 4- топтың оқушыларына жылқының бейнесіне қарай отырып дене мүшелері туралы топтастыру жасауды тапсырамын.
Жаңа сабақ.
«Мағынаны тану» кезеңі. Өлеңді төрт топтың оқушыларына кезекпен оқытамын. «Түртіп алу» стратегиясы бойынша түсінбеген сөздерді белгілетіп отырады. Жаңа сөздермен таныстырамын.
Сөздік жұмысы:
Сергіту сәті.
4 қатарға бөлініп тұрады.Ең соңында тұрған оқушыға күнбағыстың , үйдің суретін көрсетемін. Ол алдындағы оқушының арқасына көрген суретін саусағымен салады.Ол өзінің алдындағы оқушының арқасына салады. Ең алдында тұрған оқушы түсінген суретін қағазға салып көрсетеді.
Сабақты пысықтау. 3-тапсырма.
1-топ. Өлеңге мазмұндық талдау жаса.
Өлең |
Өз ойым |
Қазіргі кезеңмен байланыс |
Жуан, тақыр бақайлы,жұмыр тұяқ, Шынтағы қабырғадан тұрса аулақ. Жерсоғарлы,сіңірлі,аяғы тік, Жауырны етсіз,жалпақ тақтайдай-ақ. |
Қазіргі заманда Абай сипаттағандай аттар бар ма? Ат баптау, бәйге өнерлері туралы не айта алар едіңдер? Мысал келтір. |
2-топ. Жылқы туралы мақал-мәтелдерді еске түсіріп жаз. Төмендегі мақал-мәтелдерді сәйкестендір.
Айдың ізін ай басар, Аптада мінсең қунақ.
Жақсы ат жанға серік, Ат айналып қазығын табар.
Су айналып жазығын табар, Аттың ізін тай басар.
Атты күнде мінсең тулақ, Жақсы ит малға серік.
3-топ. Өз көкейіңдегі аттың бейнесін сөзбен жаз немесе суретін сал.
4-топ. Сызбаны толықтыр.
Мен білетін кейіпкерлер |
Астына міген тұлпарлары |
Алпамыс батыр |
|
Ертөстік |
|
Күлтегін |
|
Кендебай |
|
Қобыланды |
Сабақты бекіту.
Мұғалім:
— Сонымен оқушылар, жақсы атты танып білдік пе?
— Өлеңнің идеясы не екен?
— Ер қанаты жақсы атты суреттеу.
— Өлеңнің түйінін мәтіннің қай жерінен табуға болады?
Бағалау. Абайдың « Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ» өлеңі — топ
№ |
Оқушының аты-жөні |
Жақсы–жаман қасиеттер |
|
|
|
Қосымша сұрақтар |
Топ жетекшісінің бағасы |
Қорытынды баға |
1 2 3 4 5 |