Ұйымдастырушылар: С.О.Жекеева, Б.Ғ.Жонысова
Ұстаз-ұлы тұлға
(Ұстаздар күні мерекесіне орай ұйымдастырылған шара)
1-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі Ұстаздар мерекесінің қарсаңында өткелі отырған «Ұстаз ұлы тұлға» атты кешімізге қош келдіңіздер!
2-жүргізуші: Добрый день дорогие друзья и учителья! Сегодня мы отмечаем праздник День Учителя! Праздник наших учителей это и наш праздник, наших родителей и всех людей так как все они учились в школе. Наши ученики написали и выпустили стень газеты в честь вас!
По очереду 9 класс, 8 класс , 6 класс, 5 класс.
Представте и ознакомте их.
1-жүрізуші: 3 класс оқушыларын мерекелік сәлемімен ортаға шақырамыз! Сахнада: Тулегенова Саида, Нұрбаулов Мейіржан, Әділова Азиза
2-жүргізуші: Мы рады приветствовать в этом зале лучших педагогов Енбекской основной школы, ветеранов педагогического труда, молодых специалистов и руководителей, в этот прекрасный осенний день.
Для вас выступает «5» класс, Хор «Ұстазым»
1-жүргізуші: Сурет салып, ережесін үйреткен,
Қадір ағай шеберғой суреттен
Ою өрнеп, түрлі заттар дайындап
Бізге айтады «Сен тек қана еңбектен».
2-жүргізуші: Ұстазымыз мектептегі Ардақ апай
Білімі мол, мінезі көркіне сай
Баласындай біздерді аялайды
Апайымыз әрқашан аман болғай.
1-жүргізуші: Сахнада Құсайынов Мирлан мен Әділова Наташаның орындауында «Ұстазым менің» әні, қарсы алыңыздар!
2-жүргізуші: Мектепке келген күнімнен
Ақылшым болдың ұстазым
Клара апай біздерге
Биікке бағдар нұсқауың
1-жүргізуші: Шырқап шаттық жыр әнін
Ашқан ақыл бұлағын
Жақсылықты үйреткен
Бибігүл апай ұстазым
2-жүргізуші: Ұлылардың ұлысың Айман апай,
Ақылымсың, дарашымсың сен маған.
Білім бердің шәкірттерге Назгүл апай
Көп айтайын «рахметті» мен саған.
2-жүргізуші: А теперь, на сцене 6 класс «Казахский танец»
1-жүргізуші: Ұстаз… Қандай қасиетті сөз! Әр адамдарың жүрегіне ерекше жылдың нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым.
Келесі құттықтау сөз кезегін мектеп директоры Нұрғалиев Қадіржан ағайға берейік.
2-жүргізуші: Учитель: надежда, гордость нашей страны. Мы восхищаемся людьми, которые с гордостью несут это звание. А сейчас на сцене с поздравлениеми Сайынова Даяна, Ізбасқанова Айдана и ученики 2-го класса Жоламан Нұрай, Тажғалин Али.
1-жүргізуші: Ұстазым менің жаны ізгі,
Әрбір сөзі маңызды.
Аймұрат ағай біздерге
Үйретеді тарихты.
2-жүргізуші: Ақылмен айтқан сөзіңді
Есімде мәңгі сақтаймын
Бибіжан апай ақылшым
Үмітіңді ақтаймын.
1-жүргізуші:
Қыз емес, қыздың аты қызыл алтын,
Көрінер қызыл айдай жүзі жарқын.
Үлкеннің алдын орап, сөз сөйлемес,
Халқының сақтай білсін ізгі салтын. – дей келе ортамызға 3 класс оқушысы Тәжғалина Аружанды қарсы алайық «өзбек биі»
2-жүргізуші: Санама құйып білімді
Үйретіп әрбір ілімді
Биіктерге көтердің
Жұлдыз апай сен бізді.
1-жүргізуші: Шынықтырып денемізді
Спортқа бізді баұлыдың
Биіктерден көрінсек
Сенің арқаң мұғалім
2-жүргізуші: Встречайте, на сцене ученики 9-го класа скетч с названием «Пара беру»
1-жүргізуші: Мектепке келді жас маман
Биолог, физик, тілдерден.
Нұрзия, Самал, Мейрамгүл апай
Құтты болсын мерекең!-дей келе, алдарыңызда «Ламбада биін» қарсалыңыздар! Қызығы да, қиындығы да мол еңбек жолында кездескен қызықты сәттерін туралы ой-пікірлессеңіз.
2-жүргізуші: Клара апайға мынандай сұрақ: Сіздің 30-жылдан астам еңбек жолыңызда есте қалған күндерден бір үзіндіні айтып берсеңіз.
1-жүргізуші: Қадіржан ағай, сіз бірнеше жылдан бері мектеп басшысызыз, осы жылда ең бір қуанышты күніңізді айтып берсеңіз.
2-жүргізуші: Ардақ апай, сіз енді психологсыз ғой, жалпы осы мектептің оқушыларын психологиялық тұрғыдан қарастырғанда ең ұнаған сауалнама жауабы қандай болды?
1-жүргізуші: Аймұрат ағай, сізге өзіңіздің пәніңізбен және оқушыларыңызбен жұмыс жасаған ұнайма?
2-жүргізуші: Бибіжан апай, осы мектепке алғаш келгенде қандай көңілде болдыңыз?
1-жүргізуші: Айман апай, сіз өзіңізді қандай мұғаліммін деп ойлайсыз?
2-жүргізуші: Жұлдыз апай,сіздің көзқарасыңызға класыңыз қандай?
2-жүргізуші: Мы ещё раз поздравляем вас с профисиональным праздником! Всё хорошее рано или поздно заканчивается. Вот также незаметно подошел к завершеннию, и наш концерт завершает еще одна песня «Жаса Қазағым» в исполнение Сәметова Нұрсеита
1-жүргізуші: Сіздер үшін дайындалған мерекелік құтықтаулар көңілдеріңізден шықты деп ойлаймыз.
2-жүргізуші: Ещё раз С ПРАЗДНИКОМ ДОРОГИЕ УЧИТЕЛЬЯ! До скорой встречи!
1-жүргізуші: Ел аман, жұрт тыныш болсын! Сау болыңыздар!
[bws_related_posts]