Басы » Tәрбие сағаттары » ОТАНЫМ-БАЙЛЫҒЫМ

ОТАНЫМ-БАЙЛЫҒЫМ

Ұйымдастырушылар: С.Кулова, Г.Тегисова

«ОТАНЫМ-БАЙЛЫҒЫМ»

16-желтоқсан Тәуелсіздік  күніне орай ұйымдастырылған байқау

 1 жүргізуші : Қайырлы кеш ,құрметті көрермендер

2 жүргізуші : Ар ма , алаш жұрты !

1жүргізуші: Елімізді  тәу еткен тәуелсіздігімізге биыл 22 жыл толып отыр. Елбасымыз Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың  халыққа  «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты жолдауында  көрсетілгендей

,басымыздан  өткерген  осы жиырма жылдан астам уақытта  талай белестерді бағындырып, үлкен асулардан  өткеніміз  баршамызға белгілі

2жүргізуші :Осыған орай ұйымдастырылып отырған  «Отаным-байлығым»  атты байқауды бастамас бұрын  тарихымызға сәл көз жүгіртсек (тарихқа қысқаша үңілу)  

Құрбан болған боздақтар үшін 1 минут үнсіздік жариялаймыз

1 жүргізуші : Мінеки , біз тәуелсіздікке осылайша  қол жеткізген едік !

Мереке құтты  болсын!

(Би  биленеді)

 2 жүргізуші :  Мектеп оқушылары мен мұғалімдерінің  қатысуымен  өткізілетін байқаудың  мақсаты :  музыкалық-эстеиткалық талғамын шыңдау

1жүргізуші:Орындаушылық  мәдениеті мен  шеберлігін арттыруға ықпал ету.

2жүргізуші :Байқау 2 шығармада ұйымдастырылады

1 жүргізуші :1. Патриоттық ән шырқау.           2. Тәуелсіздікке тарту

2 жүргізуші : Байқауға қатысушы үміткерлерді бағалау кезіндегі  қазылар алқасының  құрамымен таныс болыңыздар :

1. Еңбек негізгі мектебінің директоры Кәдіржан мырза

1 жүргізуші: 2. Мектептің  зейнеткер алдындағы  мұғалімі Клара ханым

2жүргізуші : 3.Ауылдық клуб меңгерушісі  Берік мырза

1 жүргізуші : 4.Бүгінгі кеш қонағы ————————

2жүргізуші:  5. Ауылымыздың дәрігерлік бөлімшесінің  қызметкері  Гүлнар ханым

1жүргізуші: Қазылар алқасының  пікірімен санасатын  сарапшыларымыз:

1.Дене шынықтыу пәнінің мұғалімі  Беркін  мырза

2жүргізуші : 2. Технология пәнінің мұғалімі Саламат ханым

1 жүргізуші :3.Мектеп психологы  Ардақ ханым

2 жүргізуші : 4.  Мектеп мұғалімі Бибігүл ханым

1 жүргзуші: 5.Ауыл тұрғыны, бесленді ата –ана Нұргүл ханым

2жүргізуші : Ал енді ханымдар мен мырзалар бүгінгі байқаудың  жүлдегерін анықтау сіздердің еншілеріңізде

1 жүргізуші : Және байқау барысында  көрермендеріміз   жәшікке жетондар салу арқылы  дауыс  беруге де болады.

2 жүргізуші :  Байқауға  қатысу үшін ниет білдірген  үміткерлердің сахнаға шығу тәртібі  сұраныс  реті бойынша анықталды.

1жүргізуші:   1. Патриоттық әндер  шырқалады  ,  үміткердің  музыкалық-эстетикалық талғамы, орындау шеберлігі, сахнада өзін өзі ұстау мәдениеті, сахналық киім үлгісі және қарсыластарымен , залдағы  тыңдармандармен  психологиялық көзқарасына  әділқазылар  баға береді,  сарапшылар  әділқазылардың пікірімен санасады

2жүргізуші :Олай болса, Бота Бексарының сөзіне жазылған Руслан Мамытовтың әні  «Жаса қазағым»

1 жүргізуші :Орындайтындар байқауымыздың №1 жұбы   Нұрзия-23 жаста және  Мирлан-15 жаста

Бұл жұп   «Жаса қазағым » әнін орындауда  Нұрзия мен  Мирланның қайсысының   дауысы   көрерменге анық естілді?

Әділқазы баға береді, сарапшылар пікірі тыңдалады

2 жүргізуші :  Келесі патриоттық әнімізді тыңдайық,  Қадыр Мырза Әлидің сөзіне жазылған  Ескендір Хасанғалиевтің әні «Атамекен»

1жүргізуші: Орындайтындар  №2 жұп  Самал-22 жаста және Нұрхан-10 жаста

Өзара үйлесімді орындалған әнде  қосдауыс  бар ма ? Бұл жөнінде  қазылар алқасы не айтар екен?

 

Әділқазы баға береді, сарапшылар пікірі тыңдалады

 

2жүргізуші :  Келесі әніміз Музарт тобының орындауындағы ән «Тәңірден тілек» деп  аталады

1 жүргізуші :  Сөзін жазған :Несіпбек Айтұлы ,Әнін жазған : Жарылқасын Дәулетовтыкі.Орындайтындар №3 жұп   Мейрамгүл-25 жаста  және Бағдат-13 жаста

Бұл жұптағы Мейрамгүлдің  дауысын  «сопрано» ға  жатқызуға бола ма , әлде  альт па ?

 

Әділқазы баға береді, сарапшылар пікірі тыңдалады

 

2 жүргізуші :  Келесі №4 жұп  «Егемен Қазақстан» әнін орындайды .Бұл әннің авторы  Қанат Жүнісов

1жүргізуші: Орындайтындар  Бибіжан -25 жаста  және Амангүл-15 жаста

Бибіжан мен Амангүлдің орындауындағы «Егемен Қазақстан» әнінің аранжировкасын  өздері  өңдемегенмен ән таңдаудағы талғамы қандай?

 

Әділқазы баға береді, сарапшылар пікірі тыңдалады

 

2жүргізуші :Келесі   №5 жұбымызды қарсы алайық ,олар Маржан Арапбаева мен Еркін Мәуленнің орындауындағы «Қазақ елі» әнін сахнаға алып шықпақ.

1 жүргізуші : Сонымен сахнада Жұлдыз-21 жаста  және Нұрсейіт-15 жаста

Әділқазы баға береді, сарапшылар пікірі тыңдалады

Мектеп психологы А.Қорғамбекова тренинг жүргізеді

Байқаудың  2 тапсырмасына  дайындық жұмыстары  жүргізілгенше  мерекеге орай  ән- шашу орындалады

  1. Қара бауыр қасқалдақ

2-тапсырма . Әр үміткер  өз өнерін  тәуелсіздікке тарту ретінде сыйлайды .

№1 жұп  Нұрзия және Мирлан

Әділқазы баға береді, сарапшылар пікірі тыңдалады

№2  жұп Самал және Нұрхан

Әділқазы баға береді, сарапшылар пікірі тыңдалады

№3 жұп Мейрамгүл  және  Бағдат

Әділқазы баға береді, сарапшылар пікірі тыңдалады

№4  жұп  Бибіжан және Амангүл

Әділқазы баға береді, сарапшылар пікірі тыңдалады

№5 жұп Жұлдыз және Нұрсейіт

Әділқазы баға береді, сарапшылар пікірі тыңдалады

 

 

Енді  дауыс беру  рәсімі  жүргізіледі  .  №1 үміткерге Нұрзия және Мирланға дауыс беретін көрермен  1 санын яғни  сары түсті жетонды  жәшікке салады , т.с.с №2 үміткерге Самал және Нұрханға  дауыс беретін көрермен 2 санын яғни  қызыл түсті жетонды жәшікке салады. №3 үміткерге  Мейрамгүл және  Бағдатқа   дауыс беретін  көрермен  3 санын  яғни көк  түсті жетонды жәшікке салады. №4 үміткерге  Бибіжан және Амангүлге дауыс беретін көрермендер 4 санын яғни жасыл түсті жетонды  жәшікке салады

№5 үміткерге Жұлдыз және Нұрсейітке дауыс беретін  көрермендер 5 санын яғни ақ түсті жетонды жәшікке салады.

 

Байқаудың  қорытындысын шығарғанша  көрермендер өз ойларын ортаға салуға,құттықтау тілектерін айтуға,үміткерлерге сәттілік тілеуге болады.

 

2 жүргізуші : Немесе сіздердің де тәуелсіздікке тартуларыңыз бар шығар

 

Ән немес би орындалады.  (Үміткерлерді сахнаға шақырамыз

1жүргізуші: Қазыларға сөз кезегін береміз

(Құттықтаушыларды сахна төріне шақырамыз)

Мереке соңы  би кешіне ұласады.

Ұйымдастырушы: А.А.Ыбраева

(1 қаңтар-жаңа жыл мерекесіне орай ұйымдастырылған шара)

Тақырыбы:     Қуант, бізді  Жаңа жыл!

 Мақсаты:     балаларда мерекелік көңіл күй тудыру; шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалар- дың: Аязатаның,  Ақшақардың,

карнавалдық киімдеріне назар аударту; көңілді ойындар

ойнату, достық қарым-қатынасын ояту, бірлескен ойындар ойнату, аудиторияға мерекелік көңіл күй жасау.

Қатысушылар:      жүргізушілер, Аязата, Ақшақар, бастауыш сынып оқушылары

Түрі:                                  карнавал

                                       Мереке барысы:

Сахнаға Аяз ата мен Ақшақар шығып?  Армысыздар халайық! Бұл жерде жаңа жыл мерекесі әлі де басталмаған ба? Үлгерген сияқтымыз.

Мейіржан: Ассалаумағаллейкум,Ата!
Аяз ата: Уағалейкумассалаум, балам!
Аяз ата:Біз қай жерге келдік өзі?

Мейіржан:Армысыз Ата! Армысың Ақша қар.

Қош келдіңіз! Бұл Еңбек елді мекені.

Мақтап келе жатырсыздар, біз енді ғана бастағалы тұрмыз, алыстан шаршап келе жатырған шығарсыздар  дем алып, балалардың өнерлерін тамашалаңыздар!

Аяулым: Тезірек тездетіп мұнда жиналыңдар

Басталады жаңа жылдық карнавал

Маска да бар биде бар асығыңдар

Шырша жанындағы қонақтарды қарсы алыңдар

Карнавалдың иелерін қарсы алайық!(қол шапалақтап, оқушылар екі екіден залға кіреді)

Аязата:     

Сәлематсыңдар ма, балалар!

Күнтізбеде қалыпты

Жалғыз ғана бір парақ.

Дайындалдым жыл бойы,

Жолға шығар келді уақ!

Шақырымды жүздеген

Басып өту мен үшін

Жаңа жылдың түнінде

Жасыл шырша түбінде

Кездессем деп сендермен,

Таратсам екен сыйлықтар,

Одан асқан не сый бар.

Қуаныш сыйлау балаға

Одан зор бақыт бола ма!

Сендерді көргеніме сондай бақыттымын!

.Ал, енді балалар, мына шыршаға арналған, маған, келген  Ақшақарға арналған өнерлерің болса, аямаңдар!

Мейіржан: Жаңа жылды бастайық ән мен жырмен,
Жылқы жылын ашайық шашу бимен.
Олай болса кезекті биге беріп,
Биші қызды шақырайық қошеметпен                               «Испан» биі Ботагөз

Аяулым:  Армысыздар, аяулы ұстаздар, ата-аналар! Сәлеметсіздер ме, балалар. Сендер бүгін, сәнді киініп, әдемі болып кетіпсіңдер. Ал, бүгін балалар, қандай мереке?

Балалар:     Жаңа жыл!

Аяулым:  Жаңажылдық  мерекеге құттықтау сөз мектебіміздің директоры К.Нұрғалиевке беріледі.

Мейіржан:  Балалар, ортамыздағы әсем не?

Балалар:    Шырша!

Мейіржан:  Шыршамыз қандай әдемі! Ойыншықтары неткен көп!  Ал, кім бізге шыршаға арналған өлеңдерін айтып берер екен?

Толғанай: біз айтамыз

Даярлық тобы   (Ән «Январь» , әрқайсысы өлең жолдарын айтады)

Аяулым: Хош келіпсіз ақ пейілді, ата-анам,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамған.
Алдарыңда  жауқазындай құлпырған,
Біз алаңсыз, балғын шақты ұл-қыздар,-деп шағын орталықтың бүлдіршіндері де өздерінің өнерлерін    көрсетуге келіп тұр екен

Шағын орталық  тобы

Кәусәр                        Тамаша, тамаша,

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы,

Көз тоймайды қараса.

Мейіржан:  Жарайсыңдар, қандай жақсы тақпақтар!

Мейіржан: Ал, кәнеки, тойға келген халайық,
Шалқытайық, шаттық әнге салайық.
(«Қазақ  жастары» Ән орындайтын даярлық топ тәрбиеленушісі Тамерлан)

Аяулым:

Армысың, аманбысың Жаңа жылым
Жаңа жылым! О, менің Жаңа жырым!
Жылқы жылы келгенде, сый ғып тартып,
Ақтарайық өлеңмен көңіл сырын.

Даярлық топ бүлдіршіндерінің өлеңдерін тыңдайық)
Мейіржан: Ал, кәнеки, тойға келген халайық,
Шалқытайық, шаттық әнге салайық.
Ұстаздар мен ата-ана жарасты,
Балқыта бір билеп-билеп алайық

.

(Келесі кезекті биші қызымыз Толғанайды өзбек биімен ортаға шақырайық)

 

Аяулым:

Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,
Болсын солай әрбір күнің, әр айың.
Таусылмасын Жаңа жылдың думаны,
Құтты болсын Жаңа жылың, ағайын   (1-класс оқушылары өз өнерлерін көрсетеді)

 

Аяз ата:  рахмет ,балаларым,өнерлерің өрге жүзсін, тағы да  карнавалдық костьюмдерін киген  балалар келіп тұр ғой, ,  билегісі келе ме ,ән айтқысы келе ме, бері шақырыңдаршы

Оларға  да сыйлығым бар        «Жігіттер» биі» ,   «Шөжелерім» биі орындалады

2-жүргізуші:
Ал, Аяз ата, Ақша қар! Асығып тұрған секілдісіздер. Әрине, әлі де барар жер, басар тауларыңыз көп болғандықтан, сіздерді көп бөгемейік.
1-жүргізуші:
-Иә, ата мына халқыңызға бата берер кезде келді ғой деймін.
Аяз ата:
Болар, болар…
Уа!!!
Мен батамды берейін,
Үстем болсын мерейің
Әрқашанда бұл елге,
Қуанышқа келейін.
Жақсылық елден кетпесін,
Жамандық, келіп жетпесін.
Қызыр болсын жолдасың.
Әруақтар қолдасын!
Қара ниет дұшпаның,
Бұл жалғанда оңбасын.
Аман болсын, мал басың,
Адал болсын жолдасың.
Бейбітшілік заман болсын.
Ел іргесі аман болсын.
Осы айтқаным қабыл болып,
Батам менің тәммам болсын!
Әумин!
Жаңа жылдарың құтты болсын!!!
Барлығы бірге:
Жаңа жыл құтты болсын!
Жаңа жыл әні орындалады.
Кеш соңы бимен ұласа

Соңы

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *