Басы » Tәрбие сағаттары » Анаға қарап қыз өсер

Анаға қарап қыз өсер

Ұйымдастырушы : А.А.Ыбраева
Тақырыбы : Анаға қарап қыз өсер
(8 наурыз-халықаралық әйелдер мерекесіне орай ұйымдастырылған іс-шара)
Мақсаты : Ананың қоғамдағы  орнын, ең құдіретті екенін  ұғындыру
Байқау шарттары :  1.Аналар-тарих айнасында(кіріспе)
2.Қанатты сөзге құлақ түрейік !
3.Сәнді де жарасымды киіне білу-өнер
4.Аялы алақан
5. Өнерлі  өрендер
Барысы  :  Аналар –Ұлы  даланың даңқын асырып,елінің  еңсесін  тіктеп,еркіндігіне қорған болған ,жаратылысы нәзік болғанмен ,рухы биік жандар .
Аналар әлеміне –ерекше мейірім шуағы ,шұғылалы сезім сәулелі ,даналықтың нұры тән.Халық болмысының  айнасы  қиял-ғажайып ертегі,аңыз -әңгіме ,жыр,шешендік сөз,қисса ,эпостардағы ару бейнесі  қыз құртқа ,Баян, Гүлбаршын,Айша Бибі, Данагүл сияқты сыртқы сұлулығына ішкі жан дүниесінің парасаты сай келген.Ел тарихында  бір отбасының ,не бір әулеттің  ғана емес ,бүкіл бір халықтың анасына  айналғанҚасиетті Домалақ — Ана, Бегім-Ана,Белең-Ана,Болған-Ана,Жұбан-Ана .Жанұяның жылуын суытпай ,тал бесікті  тербей отырып,тебірене толғар биік жыры,аңыз-әңгімелері арқылы ананың берер тағлымы мол.  (күй ойналып тұрады)
Сонымен,  енді байқауға қатысушы  Алтын анамызды  Шынар қызымен , Ғалия анамызды  Амангүл қызымен  , Гүлшира анамызды Сезім қызымен  ортаға шақырамыз
Байқауда  барысында  байқалған   кемшіліктер мен  керемет тұстарын көрермендер бөлісе отыратын  әділқазыларды таныстырып  өтейік
(Ортаға шыққан  аналар қыздарына арнап    «Қыз сыны әнін» кезектесіп орындайды
Жүргізуші :  Соққандай әлсін-әлсін тау самалы
Көңілім әуез үнге тамсанады
Шырқатар  құстар жырын қарсы алғанда
Қыздарың анаға арнап ән салады
қыздар кезектесіп, «Аруана» әнін орындап береді)
Жүргізуші :  1 кезең бойынша аналарымыз бен,қыздарымыздың салған әніне әділқазылардың бағаларын  көрейік(бағаланады)
Енді  келесі кезеңде   «Қанатты сөздерге құлақ түрейік!» (аналары да, қыздары да кезектесіп қанатты сөздерді  жатқа айтып беруі  тиіс

Алтын ана Шынармен
Ғалия ана Амангүлмен
Гүлшира  ана  Сезіммен     (аяқталған соң  бағаланады)
Жүргізуші :
Қыздар қызыл  киігі жанұяның
Қайықтары –махаббат дәрияның
Ескектерін  ерліктің  жоғалтпаған
Сіңілілері-ай Мәншүк пен  Әлияның  деп,  қыздарымызға арнасақ,келесі өлең жолдары аналарымызға :
Әлемге  анашым деп жар саламын
Тек қана, анам деп ән саламын
Қателікті кешірдің ,қуандың да
Шаршамадың ,анажан,шаршамадың,  олай болса  байқауымыздың  келесі шарты «Сәнді де жарасымды киіне білу -өнер»
Қыздары аналарымен  киім  дүкеніне бірге барып  нөмір таңдау арқылы  киіндіреді . Сәйкестікті дәл  тапқандар  жарасымды киіне білетіндіктерін  көрсеткені. (3 қыз  бірге барып,нөмір таңдайды,таңдап болған соң, әділқазыларға алған нөмірлерін айтады,аналарын киіндіруге  сахнаның сыртына шығып кетеді)
Аналар мен қыздары  бұл кезеңге  дайын болғанша 5 класс оқушылары «Жорға»биін билеп береді.
(қыздар  киіндірген  аналарын қолдарынан ұстап сахнаға алып шығады,әділқазылар бағалайды)
Жүргізуші :  «Аялы алақан ойынына» барлығымыз   бір бірлеп  ойнаймыз,кезектісеп аналары қыздарының қолдарынан сипап сезі арқылы  өз баласын  табуы  керек (діл тапқандарды әділқазы бағалайды )
Жүргізуші : Белгілі бір  уақыт  мерзімі ішінде кеңістікте көрінбейтін,тек қана кқзбен көріп  ,елестетіп қабылдайтын өнер түрлері не  театр,кино,цирк,би т.б жатады,ал  құлақпен тыңдап қабылдайтын өнер түрлеріне  ән-күй,симфония,әуендер мен көркем әдебиет,поэзия т.б. жатады.Уақыт мерзіміне  байланысты емес ,кеңістікте  тұрақты болып, қолмен дайындалатын өнер  түрлеріне  бейнелеу өнері,сәулет өнері,қол өнері  т.б. өнер түрлері жатады.олай болса келесі  «өнер» кезеңінде осылардың  бірін орындауымыз керек ,яғни аналарымыз бен қыздарымызды  алаңнан күтеміз(өнер  көрсетіп болған соң , марапаттау рәсімі )
Әділқазы қорытындылайды
Жүргізуші :
Ана деген ,ана деген –бұл өмірдің тірегі
Аналардың  мөп мөлдір ғой тілегі
ҚҰлыным деп  шырылдаған ,ешбір тініп таппаған
Ауырмасын,ауырмасын аналардың жүрегі деп
Байқау жеңімпаздарын марапаттап, құттықтаймыз.Құттықтаушыларға  сөз береміз
 
 

  •  

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *