Басы » Tәрбие сағаттары » Сәлем,саған жас Наурыз!

Сәлем,саған жас Наурыз!

nayyrzҰйымдастырушылар: А.Ыбраева.Г. Тегисова

Тақырыбы: Сәлем,саған жас  Наурыз!

(22 наурыз-Ұлыстың Ұлы күні мерекесіне орай ұйымдастырылған шара)

Мақсаты : Оқушыларға наурыз туралы  түсінік беру,қазақтың  салт-дәстүрі,ұлттық ойындарымен таныстыру,халқымыздың әдет –ғұрпын құрметтеуге баулу.

Көрнекілігі :тақырыбы, наурыз мерекесіне арналған баннер,ұлттық ойын тақырыптары жазылған плакаттар

Өту барысы : 1) Ұйымдастыру

2) Мерекелік сазды бағдарлама

3)  Ойынға қатысқан жеңімпаздарды марапаттау

4)  Ата-аналардың пікірі тыңдалады

(Ән немесе би орындалады)

Жүргізуші :  Қайырлы кеш ,құрметті ұстаздар,ата-аналар, қонақтар!

Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз келіп жетті ,тойларыңыз құтты болсын.Наурыз өте көнеден  келе жатқан мейрам. «Наурыз» сөзі   парсы тілінде «нау» жаңа , «рыз» күн деген сөздерден шығып ,жылдың бірінші күнін білдірген.Бұл күні күн мен түн теңелетін,жан –жануарлар төлдеп, адамдардың аузы аққа тиетін ,жер үстіне шаттық орнаған күн.

Наурыз -көктем  мерекесі ,

Наурыз-жыл басы

Наурыз жаңа серпін жаңа леп

Наурыз қуаныш мерекесі

Бақыт  пен шаттық мерекесі

Наурыз –шаруаның мерекесі

Наурыз- еңбек мерекесі

Мерекеге орай  біз сіздерге  көтеріңкі көңіл мен   мектеп оқушылары  дайындаған аздаған бағдарламамызды ұсынбақпыз.Ендеше ортамызға Наурызды шақырайық.(Наурыз сахнаға кіріп  келеді)

Наурыз:

Армысыздар ,қадірменді халайық!

Ерітіп қарын даланың,

Жайнатып гүлін даланың

Жетелеп жұмсақ самалын

Келдім, міне ортаңызға ағайын!

Жаңа жылымыз құтты болсын

Ұлыстың Ұлы күні жасасын!

Наурыз :   Құрметті халайық, менімен бірге жылдың төрт мезгілі де еріп келді !

Жүргізуші :

О,бәрекелді ,келді  көктем ,келді жаз

Күзді де жақсы көреміз

Құлпырған жасыл желегін

Қыстың кетіп қаһары

Мейірімге жол берейік

Наурыз тойға келіпті

Жаз : Армысың,құтты Наурыз!

Төгіліп көктен алтын нұр

Жайнатамын даланы

Қала ,дала, ой мен қыр

Шаттанып бір қалады

Ой да қыр да жап жасыл

Жасарып жер жаңғырды

Ұйықтап   жатқан табиғатқа

Мен келген соң жан кірді

УА,халайық Наурыз той

Құт береке әкелсін

Ұлыс күні бақ құсы

Тамаша өмір әкелсін

Наурыз: Ризамын ,бұл сөзіңе жазира жаз

Күз: Қоңыр күз дейді мені

Алтын күз дейді тағы да

Қалай десе де жарасар атым ,затыма

Мені жақсы көреді

Үлкен де кәрі,кіші де

Қолым ашық ,қойным толы астыққа

Нан болса ,ән болады дейді халық

Дастарханымыз нанға толсын

Айналамыз ән мен  жырға толсын

Наурыз :Айтқаның келсін,Алтын күз

Қыс : Жауамын аппақ қарымды

Нұр жауды деп біліңдер

Тазартамын ауаны

Аппақ нұрға бөлен жер

Бауыры жылып,науат қар

Бабымен ғана жібиді

Аяздан болған жүрегім

Елжіреп барып ериді

Өзім қандай ақ болсам

Тілегім сондай ақ болсын

Жаңа жылдың тойында

Бәріңізге бақ қонсын

Наурыз :Жарайсың ,құрметті қыс!

Көктем:

Жазира жазға жол ашып

Қыс қарын қуған мен көктем

Бәйшешек көзін  жаңа ашып

Түседі саулап нұр көктен

Жүремін көкте  ән салып

Бұла  күш бойда тасиды

Наурыз тойын қарсы алып,

Құрметіңе ,қасиетіңе бас идім

Наурыз: Рахмет ,саған көктем

Бағдат ән орындайды сахнадан кейіпкерлер шығып кетеді)

Жүргізуші :  Мінеки, көктем келгеніне қуанып, балалар мәз-мейрам болып Наурыз мерекесін  қарсы алуға шықты. Бүгінгі мерекеге қатысушы мектеп оқушылары  өз өнерлерімен бірге қазақтың  ұлттық ойындарын  көрсетеді. Қазақтың  ұлттық қозғалыс  ойындарын  спорттық  ойындардан  ажыратып,алғаш рет  бөліп  қараған  М.Гуннер  қазақ ойындарына топтамалық  жіктеу  жасай отырып,ұлттық  ойындарды  оқу  үрдісінде  пайдалануға ұсыныс жасайды. XX ғасырдың  басында  өмір сүрген  этнограф  М.Гуннер қазақтың  ұлттық  ойындарын  былайша жіктейді :

1.Жалпы ойындар;

2.Қарсыласу мен күресу сипатындағы ойындар ;

3.Ашық алаңқайдағы ойындар;

4.Қыс  мезгіліндегі  ойындар ;

5.Демалыс  ойындары ;

6.Ат  үстіндегі ойындар ;

7.Аттракциондық-көрініс  ойындар

Енді  тек ұлттық ойындардың  жеңімпазын анықтау үшін  қазылар алқасын сайлап алайық ! 1. Мектебіміздің  д/ш пәнінің  мұғалімі  Б.Қ.Құдабаев  2.Ата-ана  М.Ж.Атраубаев

3. Ауылдық клубтың көркемдік жетекшісі Ж.Ж.Турдин

Тамашалаңыздар!

  1. Сонымен,ортада  мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушілері өз өнерлерін

көрсетеді, өнерлерін  орындап  болған соң, «Білектесу» ойнын  көрсетеді

Әділқазылар «Білектесу» ойынын  қорытындылайды,марапаттайды

  1. 1 класс оқушыларын  өз өнерлерімен  қарсы алыңыздар(өнерлерін көрсетіп болған соң) «Соқыртеке» ойынын көрсетеді

Әділқазылар «Соқыртеке» ойынын  қорытындылайды,марапаттайды

  1. 2 класс оқушыларын  өз өнерлерімен  қарсы алыңыздар(өнерлерін көрсетіп болған соң) «Асық ату» ойынын көрсетеді

Әділқазылар «Асық ату» ойынын  қорытындылайды,марапаттайды

  1. 4 класс оқушыларын  өз өнерлерімен  қарсы алыңыздар(өнерлерін көрсетіп болған соң) «Сиқырлы таяқ» ойынын көрсетеді

Әділқазылар «Нысана көздеу» ойынын  қорытындылайды,марапаттайды

  1. 5 класс оқушыларын  өз өнерлерімен  қарсы алыңыздар(өнерлерін көрсетіп болған соң) «Сақина салу» ойынын көрсетеді

Әділқазылар «Сақина салу» ойынын  қорытындылайды,марапаттайды

  1. 7 класс оқушыларын  өз өнерлерімен  қарсы алыңыздар(өнерлерін көрсетіп болған соң) «Арқан тартыс» ойынын көрсетеді

Әділқазылар «Арқан тартыс» ойынын  қорытындылайды,марапаттайды

  1. 8 класс оқушыларын  өз өнерлерімен  қарсы алыңыздар(өнерлерін көрсетіп болған соң) «Аударыспақ» ойынын көрсетеді

Әділқазылар «Аударыспақ» ойынын  қорытындылайды,марапаттайды

Жүргізуші : Алдарыңызда 8 класс оқушысы Амангүл   «Шақырады көктем» әнімен

Мереке соңында   4 адамды сахнаға шақырып, 4 түрлі  қалпақ киген  көрермен   өткізілген кеш туралы  өздерінің  түрлі пікірлерін айтып шығады , осылай қорытындыланады.

Әділқазы қорытындысы бойынша :

1.«Білектесу» жеңімпазы-

2. «Соқыртеке» жеңімпазы-Н.Жоламан

3. «Асық ату» жеңімпазы-

4. «Нысана көздеу» жеңімпазы-А.Аблаева

5. «Сақина салу» жеңімпазы-А.Ізбасқанова

6. «Арқан  тартыс» жеңімпаздары- А.Насыраддинова, Н.Әділова, Б.Құсайынов

7. «Аударыспақ» жеңімпазы- Е.Есенов,Қ.Насыраддин.

Жеңімпаз оқушылар мен ойынға қатысушы оқушыларға сыйлықтар табыс етілді.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *