Басы » Tәрбие сағаттары » Ер-ел тұтқасы

Ер-ел тұтқасы

7 mamyrЕр-ел тұтқасы
7 мамыр- Отан қорғаушылар мерекелік жиынына арналған  әзірлеме
Сахна шымылдығы «қазақ биімен»  ашылады
Жүргізуші: Қайырлы күн, ардақты азаматтар, қымбатты әріптестер! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып,7 мамыр-Отан қорғаушылар мерекесі де келіп жетті. Осынау айтулы мерекенің қай кезде де орны бөлек.Олай болатыны, абзал азаматтарымызға деген ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар-өмірдің мәні,көңілдің жыры,әр отбасының алтын қазығы. Ендеше бүгінгі мерекелік кешіміз өздеріңізге арналады.
Жүрекке адалдықтың ескен гүлін
Ғажайып келешектің төккен үнін
Ардақты ағаларға шын көңілден
Жолдаймыз алғыс пенен сәлем бүгін

Құрметті азаматтар, мемлекет алдындығы  міндетін  орындаушы  елін,жерін  сүю, рәміздерін біліп  және құрметтеуші,Отанын  қорғауға дайын,саналы білімі бар,отбасын құрметтеп және ата-ана  алдындағы  борышын өтеуші  азаматтарымызды   бүгінгі мерекемен  құттықтаймыз!
Отанға адал, елге қайырымды, отбасына мейірімді болыңыздар. Жүректеріңіз оттай лаулап, жандарыңыз әрдайым жас болсын. Біздің тәуелсіздігіміз бен  тұтастастығымызды , тыныштығымыз бен бейбіт  тірлігімізді  қас қақпай  күзетіп тұрған  , халқымызға  қорған болған  ұлттық  әскеріміздің айбыны  арта берсін !
«Сарбаздар» әні  (бишілер тобы)

Жүргізуші Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз. Еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, мол бақыт және бейбіт ғұмыр тілейміз.
Күндеріңіз толсын гүлге, желекке,
Отбасында болсын ырыс-береке
Құттықтаймыз шын жүректен Сіздерді
Өмір думан, бақ әкелсін мереке  , Сочи  олимпиадасындағы қазақ қызының  жүлдесін  тамашалаңыздар (көрініс)
Жүргізуші
Мінезіңнің міні жоқ – майда қоңыр,
Бір жымисаң кетеді жайнап өңір.
Ризамыз пейіліңе дархан аға,
Айырмасын шаттықтан қайран өмір – деп, Сіздерге амандық, денсаулық тілеп, Еңселеріңіз биік, мерейлеріңіз үстем болсын дейміз
«  Ағаларым  »  әні  орындалады
Жүргізуші
Себездеп алтын ара жан-жағыңнан,
Ту тіккен алаулаған арманыңнан.
Кеудеңде махаббаттың шоғы маздап,
Биіктен биіктерге самға, қыран.- таусылмайтын дәулет, арылмайтын бақыт берсін !,Көңілге кірбің  ұялату үшін емес , әрине  езуге  күлкі  үйірілту үшін сіздерге  «16 жігіт»   әзіл  әнімізді  арнаймыз
-Көрініс(Гүл)
«Айым ба екен-ай»  әні орындалады

Жүргізуші
Кешіміз өтіп жатыр салтанатты,
Төгілген күн нұрының шапағаты.
Ортада биші қыздар би билейді,
Халайық қол соғыңыз мархабатты.
Өзбек биі  орындалады
Жүргізуші
Ер жігіттің құл болмай, ару қыздың күң атанбай, халықтың бірлікте өмір сүруі  азаматтарымыздың  арқасында!
Бұл мереке әр кезде де батылдық пен ерліктің, қаһармандық пен елдіктің нышаны, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшемі, ал құрметті ардагерлеріміз, болашақ ұрпақтар үшін, егемен еліміздің тәуелсіздігін қоғаушылардың бәрі үшін жарқын үлгі болып қала берері сөзсіз.Ендеше аспанымыз ашық, еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын деген тілекпен  келесі мерекелік сәлемімізді жолдаймыз
«  Әкем-әнім   »  әні орындалады
Жүргізуші
Мамырдың мамыражай күндерімен, майда желімен келіп жеткен мерекелеріңіз тағы да құтты болсын, ардақты азаматтар!Өздеріңізге қонар бақтың баяндысын, бітер дәулеттің көл-көсірлігін, келер ырыстың ысырап болмауын, жүрек гүлінің мәңгі солмауын, шаңырағыңа шаттық орнауын, Тәңірдің шексіз қолдауын тілейміз!
«VOKA»   биі орындалады
«Алға,қазақ жігіттері»  хор

  • Жиынымызды  аяқтай  келе  сіздерді  мектеп  ауласындағы  алаңда  өтетін  спорттық ойын түрлеріне  қатысуға шақырамыз

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *