Басы » Tәрбие сағаттары » Жеңістің туы желбіре!

Жеңістің туы желбіре!

9-mayaҰйымдастырушылар:  К.Ш.Нұрышева, М.А.Сарсенова

Тақырыбы: «Жеңістің туы желбіре!»

Мақсаты: 1941- 1945 жылғы Ұлы Отан соғысында неміс басқыншыларын талқандауда Қазақстан халқының майданд және тылда көрсеткен ерен ерлігін, паш ету, жас ұрпақты отансүйгіштікке, ел жандылыққа тәрбиелеу.

 

1-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар! Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 69 жыл толып отыр. Бұл мерекені лайықты атап өту қазіргі ұрпақтың парызы деп білеміз. Жыл өткен сайын Отан үшін болған ұрыстың маңызы және онда қаза болған бабаларымыздың ерліктері мәңгі жадымызда. Ерлік ешқашанда да ұмтылуыға тиісті емес. Ұлы Отан соғысына Қазақстаннан 1 миллион 700 мыңнан астам жауынгер қатысты. Олардың басым көпшілігі ұрыс даласында қаза тауып, хабар ошарсыз кетті. Қазақстаннан құрылған әскери дивизия ең қауіпті жерлерде соғысты. Генерал Панфилов бастаған 28-ші дивизия жауынгерлерінің аттары Ұлы Отан соғысының тарихына алтын әріптермен жазылған.

 

2-жүргізуші: Иә, бұл мереке туған елінің тәуелсіздігі мен бейбіт өмірі жолында от кешкендердің ерлігінің, Отанға деген шексіз махаббатының, өшпес рухының жарқын белгісі іспетті. Қасіретті жылдар бізден алыстаған сайын қан майданға қатысып, ел мен жер үшін қанын төккен аяулы ата- әкелеріміздің есімдері тарих төрінде айшықтала түсуде. Олар бізге соншалықты қымбтқа түскен Жеңістің қадірін ұғындырары сөзсіз.

Ерлік- елге мұра, ұрпаққа ұран. Ол күндердің даңқы ешқашанда өшпейді.  Иә, бүгінде от жалын кешіп, Отанды қорғаған  майдангерлер қатары сиреп барады. Осыны сезініп, арамызда жүрген майдангерлік ерлігі- қандай да сый құметке де лайық соғыс және тыл ардагерлерін қадіріне жетіп, ардақтай білейік ағайын. Ендеше, Жеңіс мерекесінің 69 жылдығына арналған «Жеңістің туы желбіре!» атты мерекелік концертіміз ашық деп жариялаймыз.

(ҚР-ң Әнұраны орындалады)

 

1-жүргізуші:  Міне, Ұлы Жеңіс мерекесі кезекті көктемнің шуақты күнімен келіп отыр. Иә, осынау ұлан-ғайыр даламыз нені бастан кешірмеді дейсіз? Небір төңкеріс, небір көтеріліс, небір жеңіс пен жеңілісті, қызық пен қиындықты өткерді емес па? Ата- бабаларымыздың осындай ерлігінің бірі – Ұлы Отан соғысындағы жеңісі.

 

2-жүргізуші: Қырық бірінші жылдың июні,

Күндердің қауырт қиыны.

Тарықты елдің базары,

Соқты да соғыс құйыны

Орман да көкпен таласқан,

Өксіді өмір, ақ аспан.

Қан жоса боп,  қара жер

Қақырап  түсті қара аспан.

Алдарыңызда 1-класс оқушыларының өнерін тамашалаңыздар.

 

1-жүргізуші: Жеңіс күні бар әлемге әйгілі.

Көктем шуақ- 9 май күні.

Айтшы, кәне, біздің жеңіс шеруі,

Кездейсоқ па көктемге сай келуі.

 

2-жүргізуші:  Біздің Ұлы Жеңісіміз көктем боп,

Көңілдерге шұғыласын төккен көп.

Сонау жылы 9 май күні.

Алмастырған қуанышқа қайғыны.

Ән: Соғыстан қайтқан солдаттар. Орындайтындар Әділова Наташа мен Есенова Шынар

 

1-жүргізуші: Елімнің қаhарманы, батырларым,

Білемін жауды ойрандап  жапырғанын.

Жау жүрек, тас түлектің іздері де,

Баян ғып айбынының жатыр бәрін.

 

2-жүргізуші:  Сенің атың бір қуаныш, бір қайғы,

Сен сыйладың шуақты күн, нұрлы айды.

Мың- миллион боздақ болып арманды,

Жылда бізге Жеңіс қолын бұлғайды.

  « Қазақ биі»

 

 

1-жүргізуші: Күткен Жеңіс жарқ етті сәуле шашып,

Жеңіс келді, қуандық көңіл тойып,

Жауды жойып батырлар елге оралды.

Ата- анамен қауышты құшақ жайып.

Мамыр келді ағаштар бүрін жарып,

Бейбіт өмір оралды күні жарық.

 

2-жүргізуші: Сүйінші, халқым, сүйінші

Беліңді бекем буыншы.

Жеңдің жауды күйрете

Жасасын той мереке!

 

1-жүргізуші: «Шүкір» деп әжелер жүр ақ жаулықтың

Ұшымен көздің жасын сығып алып,

Аспанда күн жарқырап күліп тұрды,

Бейбіт өмір шаттығы тұнып тұрды.

Соғыстан соң сәби күлкісімен

Қара күндер қайғысын ұмыттырды.

 

 Көрініс:

 

2-жүргізуші: Жеңісті сан миллиондаған адамдар бес жыл бойы минуттап, сағаттап, жылдап сарыла күтті емес пе? Ақыры, олардың үміті мен сенімі ақталды. Бірақ сол жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Жеңіс жолында Отан үшін от кешіп миллиондаған асыл азаматтар мерт болды. Осы қан майданда  мерт болған ерлердің рухына, біздің арамызда асқар таудай болып жүрген ата- апаларымызға басымызды иіп тағзым етейік. Олардың ерлік істерін ешкім де, ешқашан да ұмытпауға тиіс.

 

«Қуыршақ биі»

Ән: «Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген!» Орындайтындар: 9 класс оқушылары Хамзаева Сезім мен Уксикбаева Амангул.

 

 

1-жүргізуші: Қырғын соғыс, қан жылатқан заман-ай

Халқым сиреп, талай қыршын қиылды-ай,

Жан түршігер ауыртпалық көрсек те

Бар  тілегім, ұрпағым болсын аман- ай – демекші, қазіргі біздің амандығымыз үшін отқа кеуделерін тосқан ардагерлеріміз жайлы айта кетуді жөн көрдік.

 

Өлең «Менің аталарым» оқитын  3 класс оқушысы Нурбаулов Мейіржан

Отанымызды зұлым жаудан қорғаған- барша ардагерлерге: Жанкешті еңбектері мен төзімділіктері үшін шексіз алғыс сезімімізді білдіреміз және оларды мақсат етеміз.

«Қас дұшпанын ықтырып,

Әділдігін ұқтырып.

Бейбіт күнді қорғаған,

Аталарым тік тұрып,» деген ақын ағамыздың өлең жолдарын айта отырып:  Осы өзіміздің Еңбеек ауылынаан Отан қорғауға қатысқан- ұрпақтарының келешегі үшін: қан төгіс ұрыс даласында- жауыз жаумен шайқасқан аталарымыздың  есімдерін атап өтеміз. Олар:

 

 

2-жүргізуші: Отан деген ұғымның аясы қандай кең болса, сол Отан анаға деген перзенттік сүйіспеншілігі сондай мол ұлдарының, әсіресе, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің майдан даласында өрт құшағында жүйкелері мен жалынға оранған жаралы жандарды соғыстың сұрапыл күндерін, етегімен қан кештірген қасіретті сүрлеуі ешқашан ұмытылмайды.

Халықтың Қаhарманы- Қасым батыр

Атағы бар әлемге тарап жатыр

Ерлікті іздейік басқа жақтан

Партизан, Қасым атаң алдыңда тұр.

1-жүргізуші: Жаралғандай жалыннан

Жайсаң батыр Бауыржан

Естігенде есімін

Жау есінен жаңылған.

 

2-жүргізуші: Ардагерлер, ардагерлер, тарландар,

Мәңгілікке аңыз болып қалғандар.

Қаhармандар, қанды шайқаста жеңгендер.

Сау болыңңдар, ардагерлер әліде болса талмаңдар.

 

Ән: Катюша Орындайтындар: 3 класс оқушылары

Сарбаздар биі

Тақпақ «Мәңгілік алау» оқитын 6 класс оқушысы: Әділова Аяжан

 

1-жүргізуші: Ұлы Жеңіс,

Қуанышың қанша мың

Сен ортақсың бақытына баршаның,

Ағалардың арманысың аңсаған,

Ауыр сәтте сындырмаған ар сағын.

Өлең «Сен құрметте оны» оқитын : 5 класс оқушысы Тоқмырза Мәнсия

Көрініс:

 

2-жүргізуші:

         Шүкір, шүкір,

Халқым жомарт, ырыс көп.

Аспан ашық жер жамылған пүліш жоқ,

Қайғы, зардап көрген елдің түлегі,

Заман тұрсын, заман тұрсын тыныш боп.

 

Ән «Көк тудың желбірегені» Орындайтындар: Құсайнов Бағдат пен Ибрагимов Саламат     

 

1-жүргізуші: Елге қауіп төнбесін,

Егестен адам өлмесін!

Есен- аман болайық,

Енді соғыс болмасын!

Өртенбесін туған ел!

Шайқалмасын асқар бел!

     2-жүргізуші: Баршаңыздың отбастарыңызда қуаныштарың арта берсін, көңіл күйлерің шалқи берсін! Рухтарыңыз биік, мәртебелеріңіз көкке тиіп, өз ұрпақтарыңның қуаныштарына, ел жұрттарыңның құрметтеріне бөленіп, жыл сайын Жеңіс мерекесін бір тойлауға қатыса беріңіздер. Осымен «Жеңістің туы желбіре!» атты мерекелік концертіміз аяқталды. Келесі кездескенше сау- саламатта болыңыздар!

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *