Басы » Tәрбие сағаттары » САҒЫНДЫРАР СЫҢҒЫРЫ

САҒЫНДЫРАР СЫҢҒЫРЫ

Ұйымдастырушылар:  А.А.Ыбраева, Б.Ж.Идирисова

Тақырыбы :   САҒЫНДЫРАР СЫҢҒЫРЫ

Армысыздар!құрметті қонақтар, ұлағатты ұстаздар, ардақты ата-аналар және мектеп бітіруші түлектер!

Бүгінгі « Сағындырар сыңғыры» атты соңғы қоңырау мерекесіне қош келдіңіздер  !

( ҚР мемлекеттік туын көтеру құрметін мектебіміздің сегізінші сынып оқушыларына тапсарылады. (Құсайынов Б, Әділова Н, Есенова Ш

Батырлыққа уызынан жарыған
Ер түркіні байрағынан таныған
Өзі ақын, өз әнші халыққа
Жарасады жігер берер әнұран

Мазмұнына өрнегі жарасқан, тәуелсіздіктің қасиетті туы мәңгі желбіресін, —

Сап түзеп,тік тұрыңдар,ҚР Мемлекеттік  Туы енгізілсін!

(ҚР әнұраны орындалады)

9 жыл бойы тәрбие мен білім нәрін бойына құйып, ұстаздарына анасындай еркелеп, балалық шағын алаңсыз өткізген жас түлектердің мектебімен , әліппеден бастап өмір заңдарына дейін үйреткен, кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын имене аттаған ұл-қыздарымыз ойы толып, бойы өсіп, алтын ұя мектебімен қоштасқалы отыр.
Биылғы соңғы қоңырау мерекесі тарихи оқиғаларға толы тұста өткелі тұр: Бұл жыл – «Мәңгілік ел» идеясы қабылданған жыл
Бұл жыл – мектебімізден жиырма жетінші ретпен 13түлек  ұшатын жыл

Жас жүректің өмірлік құштары гүл,
Бағбан ұстаз баулыған құстары бұл.
Қоштасып бүгінгі күн ұясынан,
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр, — деп алтын ұя
мектебінің табалдырығынан үлкен өмірге қадам басқалы отырған мектеп бітіруші түлектерімізді құрметтеп ортаға шақырамыз. Қарсы алыңыздар!
(Музыка әуенімен ортаға бітіруші түлектер шығады)
Бұл класта  13 оқушы.Жетекшісі Идирисова Бибіжан Жоламанқызы- II  санатты білімді де , білікті ұстаз.Шәкірттері облыстық, аудандық байқаулардың  жүлдегерлері

Түлектердің жетекшісі –Бибіжан

Бір жымисаң  құлпырады-ау айналаң

Соңына ертіп,тәрбиелеп шәкіртін

Жетегінен тастамады  қайда да !

 

 

  1. Дәл қазір қуанышты сезімдесің

Сағың сынып, жігерің езілмесін!

Досыңа сен, дұшпаныңа сыр білдірме

Мирланның қаһарынан безілдесін.

 

  1. Шәкіртім бар,ойы ұшқыр,алғыр зерек,

Елімізге білімдар ұрпақ керек

Ерасыл өз достарын қиын кезде

Көмек беріп алып  шықты демеп демеп

 

3. Қайраттың жарқын жүзді келбетінде

Зәрулік бар жылылық пен  мейірімге

Беліңді бекем буын, налымағын!

Тәңір берер пейіліңнің  кеңдігіне

 

4.Ғаламтордың қырын сырын ұғындың

Бос уақытта  компьютермен де ойнадың

Әжесінің күрішін жеп, кола менен кофе ішіп,

Білмей қалдық Ернардың бойы өсіп, ой толғанын

 

5. Техникаға өте әуес, атқа міну хоббиі

Ойлайтыны мектеп пен тек үйі

Ұстаздарға уәдесін берді Артур

Келіп тұрмақ мекеніне жиі жиі

 

6. Аңсағандай студенттік өмірді,

Әзілдесіп, әрқашан да көңілді.

Бұл өмірден өз орынын табуға

Ер -Азамат өз өзіне сенімді

 

7. Артта қалды өткен күннің елесі,

Болашақтың келді міне кемесі.

Қарсы алайық, қошеметпен өйткені

Ерқанатым келе жатыр  келесі

 

8. «Тек алға» оның ұраны,

Ұстазы үлгі тұтары.

Ерболат міне ортаға,

Күлімсіреп  кеп   шығады.

 

 

9. Салмақты да, сабырлы, жүзі  нұрлы

Асыға күткен едің сен бұл күнді

Нұрсейітжан алдағы уақыттарда

Қайраттай әнші болшы  бұлбұл  үнді!

 

10. Серік етіп спортты шұғылданып,

Шымыр денең ширатылған, жұмырланып

Ерланның мінезі бар кей  кездері

Қырсықтанып кететін кыңырланып

 

11,12,13. Тарыдай боп мектепке кірген еді

Ұядан ұшатынын білмеп еді

Қарсы алыңыз! Келесі түлектерің

Ауданның, облыстың жүлдегері

Амангүл, Әділет, Сезім (өлең оқу)     

 

 

 

Даярлық тобының «Біздің жігіттер» биі

 

1-жүргізуші: Өзіңменен өлшеусіз нарқым менің,
Асқар тау, арқа тұтар алтын белім.
Ұядан ұрпағыңды ұшырмаққа
Қош келдің, айналайын, халқым менің!
Қазекем қонақ десе көсіледі,
Мұндайда  жай  түйіні шешіледі.
Ақ тілеулі ырыс қой қонақ деген
Өзімен ала келер несібені. – ендеше  бүгінгі салтанатты жиынымыздың қадірлі қонақтарымен таныс болыңыздар:
1.  Аудандық қонақ

Бүгінгі күн ардагер ұстаздарымыз да ортамызда:
2.  Шайгузова М.
3. Нұрышева К.Ш

Ажырамай мектептен бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берелік құрметпен өзіңізге,
Шәкірттерге арналсын тілегіңіз, — дей отырып , оқу озаттары мен мектеп мақтаныштарын марапаттау үшін, алғашқы құттықтау сөзді  мектеп басшысы Нұрғалиев Кәдіржан Нұрбаулыұлына беріледі.

 

Бұл жыл — Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 23 жыл толуымен ерекшеленеді.
Бұл жыл – Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына «Қазақстан -2050 стратегиясы: бір халық, бір ел, бір тағдыр » атты Жолдауы жарияланған жыл.
Арман ойлар жеткізбеген аңсаған,
Қайрат-күшін  қажыта алмас қарсы ағын.
Өмір теңіз толқындарын көргенде
Апаларым   тілегіңді аңсармын, — демекші бүгінгі салтанатты жиынымыздың құрметті қонағы Мәдина Темірғалиқызы Шайгузова және биылғы мектеп бітіруші түліктеріміздің алғашқы ұстазы, ардагер ұстаз  Клара Шыртайқызы  Нұрышеваға  сөз береміз.

 

Биылғы түлектерге , мектеп оқушыларына  білім  беру  жолында  аянбай еңбек еткен ұстаздары

Элеонора Жабыршықызы Сарыбековаға сөз беріледі

Бибіжан Жоламанқызы Идирисоваға сөз беріледі
 

 

 

 

 

 

Бүгін- алғашқы қоңырау мен соңғы қоңғыраудың арасын жалғаған  9жыл мәреге жеткен күн.
Бүгін-«мектебім,ұстазым» деп көңілің қимастық кешкен күн.
Бүгін- атаң ақ жол тілеп, ақ бата берсем деген күн.
Бүгін- әжең ерке ұланының ержеткенін көрсем деген күн.
Бүгін- әкең қызым бой жетті деп мақтанған күн
Бүгін –анаң ұлым ер жетті деп шаттанған күн.
Бүгін- ұстазыңның жанында шәкірт болып соңғы рет топталған күн.
Бүгін- арман қуып алысқа аттанған күн.
Бұл күн – мектеп тарихында , мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі өшпейтін күн.
I –жүргізуші: Ендеше, сәт сапар, жас түлектер!
Қош айтысып балалық шақ өткеніне,
Қош айтысып сүйікті мектебіне
Тұғырдан түлеп ұшқан жас қырандар
Аттанып барады өмір көктеміне  деп мектеп түлектеріне сөз береміз. (өздерінің бағдарламалары басталады.)

  1. Амангүл,Ернар «Қош мектеп»
  2. Арнау

А) Нұрышева К.Ш

Ә) Сарыбекова Э.Ж

Б) Мұғалімдерге арнау

В) Ағайларға арнау

3. Вальс, ән

4. Құсайынов М.А «Оқушы кезім қайдасың?»

Өмірден  өз  орындарын тапқанына  сіздер сияқты  мектепте оқып  аяқтағанына 30 жыл  өткен  түлектердің атынан  Қуаныш ағамыз ортамызда .Сізге сөз беріп, лебізіңізді тыңдасақ

Жақсы шәкірт азамат атанады,
Халқынан ата-анадан бата алады.
Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,
Ортаға шақырайық ата-ананы.
Сөз кезегі құрметті де қадірлі, түлектеріміздің ата-аналарына  беріледі.

Қоштасады алтын ұя мектебің
Маңдайыңнан сипап өтер көкте күн.
«Сәт — сапар» деп қол бұлғаймыз бәріміз
Тілейміз біз армандарға жеткенін –

Аудандық қысқы Президенттік көпсайысында шаңғы спорттық ойынының III  орын жүлдегері Насырадин Қайрат пен  алдағы уақытта  үздіктердің қатарынан  көрінеді деген ниетпен  Аблаева Ақмаржанға  соңғы қоңырау соғу  рәсімін табыстаймыз

Алда келе жатқан емтихандарыңызды сәтті тапсыруларыңызға тілектеспіз. Жаңа өмірлеріңізге ақ жол, сәт сапар тілейміз және осымен 2013-2014 оқу жылының «Сағындарар сыңғыры» салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз!

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *