Зат есім

zatesimСапарбайқызы Жансая

Сабақтың тақырыбы: Зат есім
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың зат есім туралы алған білімдерін саралап, жинақтау, одан әрі тереңдетуге мүмкіндік жасау;
Дамытушылығы: Оқушылардың сөз байлығын арттыру, сауатты жазу дағдыларын жетілдіру, сөйлеу дағдыларын дамыту;
Тәрбиелігі: Ақыл-ой, дәптермен, тақтамен жұмыс жасағанда әдемілікке, тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, жаттығу жұмыстары.
Сабақтың көрнекіліктері: ребус, мазмұнды суреттер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Оқушылардан ауызша сұрау, талдау.
ІІІ. Мақсат қою кезеңі: 1. Ребус шешу

´´´´´ ´´´ ´´ ´´´
2. Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс.
1. Суреттерге қара. Суреттегі құстардың атын ата.

2.Суретке зат есімді атын атап, жаз.

Тау мен тасты су бұзар, (не?)
Адамзатты сөз бұзар. Қына тасқа бітеді,
Білім басқа бітеді. (не?)
3. Мәтінді көшіріп жаз.
Қыс.Қақаған аяз. Қалың қар жәндік біткенді жатқан індерінен шығармай тастады. Ашыққан түлкі түн жамылып ауылдың маңын торыды. Ол тауық тәрізді оңай олжа аулауға кірісті.
— Мәтіннен зат есімдерді тауып, астын сыз.
— Зат есімдерге сұрақ қой
4. Көп нүктенің орнына тиісті зат есімдерді қойып, көшіріп жаз.
Төрт түлік: …, …
Аңдар: …, …
Құстар: …, …
Отбасы мүшелері: …, …
Ү.Бекіту:
ҮІ. Қорытындылау Балалар, бүгін біз не үйрендік?
ҮІІ. Үйге тапсырма: 5-жаттығу 147 бет
ҮІІІ. Оқушыларды бағалау

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *