Сауле Еркашова
Сыныбы 9 | Күні | |||||
Сабақтың тақырыбы |
§13 Ньютонның ІІІ заңы |
|||||
Мақсаты
|
Ньютонның ІІ заңын түсіндіре отырып, дененің үдеуі мен оның массасының арасындағы байланысын және күштің физикалық мағынасын түсіну. | |||||
Күтілетін нәтижелер
|
А) Ньютонның ІІІ заңының физикалық мағынасын түсінеді. Динамометрдің өзара әсерлесуі арқылы пайда болған күштердің өзара тең екенін біледі.В) Денелердің өзара әсерлесу кезінде әсер алатын күштерін анықтайды, формуланы негізге алып есептер шығарады.
С) Тәжірибелердің нәтижесіне жүгініп Ньютонның ІІІ заңын өмірмен байланыстырып тұжырымдай алады. |
|||||
Керекті жабдықтар
|
9 сынып физика оқулығы,Р.Башарұлы, Д.Қазақбаева. әдістемелік нұсқаулық, есептер жинағы, плакаттар, жеңілдетілген, тәжірибелік видеоролик, кеңейтілген тапсырмалар,кері байланыс парағы. | |||||
Қолданылатын әдістер | «Көрсет және тексер » ,«Джиксо» «Зәулім емен» сергіту сәті«Стикердегі диолог » , кері байланыс парағы.
|
|||||
Тапсырмалар | ||||||
Сабақ барысы: | ||||||
Сабақкезеңдері | Мұғалімәрекеті | Оқушы әрекеті | ||||
Кіріспе
Тұсаукесер |
— оқушылармен амандасу;- сыныпты түгендеу;
— кезекшілік қызметін қадағалау; — оқушылардың назарларын сабаққа аудару.
Топқа бөлу.«қарама –қарсы бағытталған күштер» техникасы бойынша топқа бөлу / /әрекет етуші күш қарсы әрекет етуші күш) «Көрсет және тексер » әдісі арқылы үй тапсырмасын тексеру. Топ бір –бірін өзара бағалайды.
«Джиксо» әдісі арқылы тақырыпты өздігінен меңгерту, А) қатысушылар 2 топта жұмыс істейді. Тапсырма барысында олар рольдерді бөлуі тиіс ( 2 -баяндамашы, төраға, таймкипер, хатшы ) Жаңа тақырыпты оқып үйрену үшін жеке оқуға уақыт беру. І топқа : Ньютонның үшінші заңының мазмұнын ашатын тәжірибелер ІІ топ: Ньютонның ІІІ заңының тұжырымдамасы. Оқулықпен (топтық) жұмыс. «инсерт» әдісін ұсыну а) тақырыпты түсініп оқу б) тақырыптағы негізгі ойды анықтау.
«Зәулім емен» сергіту сәті ( Интерактивті тақтада тренинг мәтіні және зәулім еменнің суреті |
1.-мұғаліммен сәлемдесу;
— кезекшілік қызметін атқару; — сабаққа зер салу.
Үй тапсырмасын 2 топ әзірлеген презентацияны көрсетіп, қарсы топ тексереді. 2жұлдыз ,1 ұсыныс арқылы бір- бірін бағалайды.
1. Топтағы оқушылар мәтінмен жұмыс жасайды, өз тобында тақырып бойынша талқылай отырып, керекті мәліметтерді жазып отырады, білген ақпараттарымен бөлісіп, топішілік мәлімет алмасулар жүреді. Оқушылар қалыптасқан пікірді топтастыру стратегиясына байланысты ойларын дәптерге түсіреді, мұнда кластер түсіруші екі оқушы, қалғандары идея беруші болып табылады, топ өз жұмыстарын қорғайды. Екі оқушы келесі топқа келіп, сұрақтары бойынша рет-ретімен түсіндіреді, сол топтың оқушысы топ ішінен бір оқушы шығып, өздерінің түсінген бөлімдері бойынша түсініктерін айтады. Оқушылар смайлик арқылы басбармақтарын көрсету арқылы ұғу деңгейін тексеру. Оқушылар орындарынан тұрып, көздерін жұмып, елестету арқылы мұғалімнің оқыған мәтіні бойынша қимыл жасайды
|
||||
Негізгі бөлім
|
Жұптық жұмыс: Тақырыпқа байланысты тапсырмалар жазылған карточкалар таратылады
|
Әрбір оқушы өзіне берілген есепті шешеді, түсінбегендерін топпен талқылайды.
Шығарып болған соң критерий бойынша өзін-өзі бағалайды. , өзара бағалау жүреді.
|
||||
Қорытынды
|
«Серпімді сауал» арқылы сабақты бекітуҮй тапсырмасы: §12 Ньютонның ІІІ заңын оқу
Кері байланыс әдісімен рефлексия парағы 1. Бүгінгі сабақтан не үйрендіңіз? 2. Сабақ барысында сізге не ұнады/ұнамады? 3. Сабақ мазмұны бойынша немесе кез келген сұрағыңыз.
|
Әрбір оқушы сабақтан алған әсерін кері байланыс парағын толтыру арқылы көрсетеді.
Оқушылар өзара бағалауына түсініктеме береді. балл санын есептейді.
Үй тапсырмасын тыңғылықты жазып алады. |
||||
Сабақтың өзіндік талдауы:Тізбектелген сабағымның үшіншіcі, тақырыбы Ньютонның ІІІ заңы болды .Сыныпты «қарама –қарсы бағытталған күштер» техникасы бойынша / әрекет етуші күш, тең әрекет етуші күш) топқа бөлдім.Үй тапсырмасын «Көрсет және тексер » әдісі арқылы тексердім .Екі топ өздерінің жасаған презентацияны көрсетеді, қарсы топ 2 жұлдыз, бір ұсыныс арқылы бағалайды.Бірінші топтан Назерке дайындаған презентациясында тақырып бойынша интернеттен негізгі мәліметтер , суреттер дайындап көрсетті. Қарсы топ «слайдты өте жақсы құрастырған және ойын ашық жеткізе білді»деп 2 жұлдыз , «шешендік сөз жетіспеді» 1ұсыныс берді , топ қабылдады. Екінші топтан Сағыныш презентациясын таныстырды, презентациясында тақырып бойынша негізгі мәлімет және физикалық диктант дайындап жауаптарын қарсы топтан сұрады. «слайдты жақсы қорғап шықты және жақсы құрастырған » 2 жұлдыз берсе, слайдта жіберген қатені ұсыныс етіп айтты . . Сыни ойлаудың «Джигсо» әдісімен жаңа сабақпен танысып, алған білімдерін ортаға салып талдау арқылы тақырыпты меңгереді.Бірінші топқа : «Ньютонның үшінші заңының мазмұнын ашатын тәжірибелер», екінші топ: Ньютонның ІІІ заңының тұжырымдамасын ашуға тапсырма бердім ,екі топтағы оқушылар мәтінмен жұмыс жасайды, өз тобында тақырып бойынша талқылай отырып, керекті мәліметтерді жазып отырады, қалыптасқан пікірді топтастыру стратегиясына байланысты ойларын дәптерге түсіреді, мұнда кластер түсіруші екі оқушы, қалғандары идея беруші болып табылады. Топтағы баяндамашы өз жұмыстарын келесі топқа қорғайды, білген ақпараттарымен бөлісіп, топішілік мәлімет алмасулар жүреді. Осы әдістің тиімділігі оқушылар рөлдерге бөлініп, өз тақырыптарын дәлелді түсіндіріп талқылауға, бірін-бірі тыңдауға дағдыланы.Бірінші топтан Назерке мен Алімжан екінші топқа келіп өздерінің тапсырмаларын баяндады,сол топтың хабарламашы Саида топ бойынша талқылаған тапсырманы айтып берсе, ал екінші топтан Сағыныш пен Лаззат келіп тапсырмаларын баяндап берді,осы топтағы хабарламашы Аяулым айтып берді. Бірінші топта Назерке басымдылық танытып,өз идеясын ортаға салып, қажетті мәліметтерді кітаптан қарап,көшбасшы болып,топ мүшелеріне жасайтын жұмыстарын бөліп беріп,бағыттап отырды,ал Алімжан қажет мәліметтерді оқулықтан түртіп алып отырды.Ал екінші топта Сағынышты және Саиданы қолдап,идеяны дамыта түсуге және өздерінің де ойларымен ұштастыруға тырысты..Меңгерген тақырыптың түсіну дәрежесін анықтау үшін оқушылар смайликтерді көрсету арқылы ұғу деңгейін тексердім Оқушылар жаппай түсінгендігін екі бармағын жоғары көтеріп тұрған смайлик арқылы білдірді. Өткен сабаққа қарағанда оқушылар топтық жұмыста ұйымшылдықпен жұмыстанғандықтарын байқадым .Сонымен қоса, негізгі сенім білдіру қағидатын басшылыққа ала отырып, оқушылардың әрбір іс-әрекетіне сенім білдіріп, қолдап отырдым. Сондықтан болар оқушылар мәселені өздері шешуге, шешім қабылдап бір-бірлерін оқытуға тырысты.Өтіп жатқан 4сабақ болғандықтан , сабақтың ортасында «зәулім емен » треннинг өткіздім. Келесі тапсырма әр оқушының алдына есептер жазылған деңгейлік («Білім және дағдылардың жалпы өзегін қолдану», «бастапқы және соңғы нүктелер қатарындағы өзара әрекет», «Шешімдері алдын-ала анықталмаған элементтері бар есептерді зерттеу» идеялары тоғысқан) кеңейтілген бағдар картасын және жеңілдетілген парақшалар беріп, бүгінгі өткен сабақ бойынша алған білімдерін қолдану деңгейінде тапсырмалар орындады. Оқушылар бірінші жеке орындады, алған білімдерін тиянақтай алды.кеңейтілген тапсырманың №3 есебіне Сағыныш өз ойын бүгінгі тақырыппен байланыстырып жеткізіп айтып берді. Бағалау критерийлері бойынша өзін-өзі бағалады. Бұл арқылы өздерінің тапсырманы қаншалықты орындағандарын анықтай алды. Сабақта алған білімдерін «Стикердегі сұрақ» әдісімен бекіту және түсіну дәрежелерін бағалау үшін қорытынды кезеңде сұрақтарды екі топ дайындап бірі- біріне қойғызып, жауап берілді.Сұраққа топтан мінез тұйық Айсұлтанның жауап бергені маған ұнады. Сабақ соңында «Бүгінгі сабақ ұнады ма?» рефлексиясын жүргіздім.. Нәтижесінде көптеген оқушылар«Бүгінгі сабақтан не үйрендіңіз?»-Ньютонның ІІІ заңын , формуласын, өмірдегі мысалдардың байланысы бар екенін жазса, «Сабақ барысында сізге не ұнады/ұнамады? «сұрағына бүгінгі сабақтағы әдіс тәсілдерін жазыпты. Сабақ соңында сабаққа қатынасқан оқушыларды кретерии бойынша бағаладым.Сабақ бойынша атқарылған қолданылған әдістерім мен атқарылған жұмыстарды талдай отырып, төмендегідей кемшіліктерді анықтадым:
-oқушының коммуникативті мүмкіндіктерінің жетіспегені (біркелкі жауаптар, қорқыныш, сенімсіздік); — критерий арқылы (маршруттық карта) нақты бағалай алмаушылық; -уақытты тиімді қолданбау; Жіберілген кем тұстарының себебін анықтап, болдырмау жолдарын қарастырамын. Алдағы сабақтарымда осы сабағымда жетілмеген жерлерін толықтырып, тиімді әдістерді қолданамын. |
||||||
Сабақ бойынша өзгертулер | ||||||