Қызылорда облысы Қызылорда қаласы
№7 мектеп директоры Шүренов Алтынсары
Желілік қоғамдастық арқылы тұрақты дамуды қалай қолдаймын?
Желілік қоғамдастық арқылы тұрақты дамуды іске асыруға болатынындығын біз бірінші деңгей бағдарламасымен танысқаннан кейін білдік.Бұл жұмысты іске асыруда, егер бір мектепте бір өзің жұмыс жасасаң, тек өз мектебіңнің мұғалімдерімен ғана болсаң, онда жұмыстың тиісті нәтижесін көре алмауың мүмкін. Сондықтан біз жұмысты желілік қоғамдастықты құрып, басқа мектептегі көшбасшылармен тығыз қарым-қатынас жасау арқылы орындасақ, оның нәтижесі жақсы болатынын білдік. Оған мына мысалды алуға болады, алғашқы коучинг сабақты жүргізу барысында біраз қиындықтарға тап болдым, бірақ коучингтерді жүргіздім. Біраз кемшіліктер болды, бірақ келесі коучингте басқа мектеп көшбасшыларымен кездесу, пікірлесу барысында жіберілген кемшіліктерді талдап, жақсы нәтижеге қол жеткіздім.
Практикаға қажетті материалдарды толықтыру мақсатында желілік қоғамдастықты пайдаланып, қаладағы әріптестерімізбен интернет жүйесі арқылы үнемі байланыста болдым. Олармен мен көбіне өзін-өзі бағалау, сын тұрғысынан ойлау және МДЖ-ны қалай құру керектігі жайында пікір алмастым. Мен өзімнің білетіндерім жайында ақпараттар беріп отырдым. Көбіне менімен Қызылордадағы №3, №264 мектептердің, Қазалы, Шиелі аудандарының мектептерінің көшбасшылары байланыста болды. Мен оларға білгенімді айта отырып, өзім де білмеген жерлерімді сұрап, толықтырып отырдым.
Коучинг пен тәлімгерлікті мұғалімдермен қалай жүргізу керектігін және оның жоспарын қалай құру керектігі менің көп уақытымды алды. Көп ізденуіме тура келді, курс барысындағы жазбаларды қайта-қайта оқу, әдебиеттерге шолу жасау, сайттарды ақтару арқылы және тренердің оқыған дәрістерін қарап, барлығын ой елегінен өткізіп, жұмыстарымды жоспарладым және оны жүргіздім. Мектепте құрылған ынталы топтың жұмысын бақылау, оларға бағыт, бағдар беру барысында алғашқы кезде жұмыс жүргізуге немқұрайлы қарап, самарқаулық танытқан мұғалімдердің көзқарасының өзгере бастағандығын байқадым. Олардың ішінен маған М деген әріптесімнің басқа мұғалімдермен пікірлескені, оқушымен қарым-қатынасы, сабақта өзін-өзі ұстауы және топпен жұмысты жақсы ұйымдастыра білуі ұнады. Оны сабақты талдау кезінде мұғалімге емеурінмен білдіріп отырдым.
Қаладағы №3, №43 және №264 мектеп-лицейдің көшбасшыларымен кездесіп, іс-тәжірибемізбен бөлістік. Бір-бірімізден түсінбей жатқан жерлерімізді сұрап, мәселелерді бірге талқылаймыз. Мектеп ұжымы мен көшбасшылар арасындағы тығыз байланысты орнату мақсатында алғашқы өндірістік жиналыста, курс туралы толық мәлімет бердім. Мектеп директорларның жиналысында да шығып сөйледім, оқыту мен оқудағы жаңалықтар туралы мәлімет бердім, әріптестерімнің маған түсіністікпен қарағанындықтарын сезіндім. Мен бұл үдерістің нәтижесінің жақсы болатынына сенімділікпен қараймын, алдағы уақытта оны, біріге отырып, толық жүзеге асыратынымызға кәміл сенемін.
Біздің желілік қауымдастықтың атауы — «Сырдың білімді көшбасшысы-2013 kz» деп аталады. Біз 2013 жылдың алғашқы І деңгейлік курсынан өткен ұстаздары болғандықтан қауымдастықты осылай деп атауға келістік
Желілік қауымдастық мүшелерінің келесі отырысы Тереңөзек ауданындағы №36 мектеп-лицейде өтетіндігі хабардар етілді. Қауымдастық мүшелері ауданға барып, І деңгейлік курсында оқып жүрген әріптесіміздің сабағына қатысты. Әріптестерге Lesson study әдіс-тәсілімен сабақ өткізіліп, көрсетілді. Сабаққа мектеп ұстаздары жақсы атсалысып, сабақ өз дәрежесінде өткізілді. Осы отырыста желілік қоғамдастықтың маңызы мен оның мақсатын басшылыққа ала отырып, оның жоспарын әрі қарай қалай дамытуға болатындығын талқылап, өзгерістер енгізілді, қауымдастық мүшелері өзара ынтымақтастықта болып, жұмыс жасайтын болса, үдерісті енгізуде тек алға жылжу болатынына көзіміз жетті.
Сабақ соңынан желілік қауымдастықтың жұмысына қатысқан барлық мұғалімдер жиналып, желілік қоғамдастықтың мақсатымен, оның келешектегі жұмыс жоспары жайында дөңгелек үстел өткізіліп, әңгімелесу, пікір алмасулар болды. Тереңөзек пен Жалағаш аудандарындағы әріптестеріміз осының алдында ғана жиналып, желілік қоғамдастық құрып, оның атауын «Сыр ағашы-2013 kz» деп қойғандықтарын айтқан болатын. Менің осы желілік қоғамдастықты құрып, мектепті өзгертуде, оқыту мен оқуда жаңа тәсілдерді қолдана отырып,биік нәтижелерге жету үшін еңбек ететін мұғалімдердің барлығының білімдері мен біліктіліктерін жұмсайтынына көзім жетті.
Желілік қоғамдастық жоспары
(F есебіне қосымша)
Құрылым |
Қамту |
Қоғамдастық мүшелері |
Кездесуөткізу жиілігі |
Байланыстар |
Топтардың негізгі мақсаттары -деректерге негізделген сынып сағаттарын әзірлеу(мысалы, зерттеу жүргізу) -Әлеуметтік және эмоциялық ахуал тудыру (мысалы, мереке, хабарлама) -Үйлестіру және жоспарлау (мысалы, даму стратегиясы, шолу) -Адамдарды және үдерісті дамыту (оқыту тәлімгерлік) |
-Мектеп басшылығымен кездесу |
Мектеп аясында |
Әкімшілік мүшелері |
Күнделікті |
Кездесу |
МДЖ – мен танысу Үйлестіру жұмыстарын жүргізу Семинар өткізу Сауалнама қорытындысымен таныстыру Жиналыс жасау |
-Пән бірлестіктері |
Мектеп аясында |
Бірлестік мұғалімдері |
Күнделікті |
Дөңгелек стол |
Семинар өткізу Сауалнама жазу Бірлескен өзгеріс жиналысына қатысу |
-Ынталы топ мүшелері |
Мектеп аясында |
Команда мүшелері |
Күнделікті |
Коучинг сағаттары |
Кәсіптік деңгейлерін көтеру МДЖ – ны жоспарлау Сауалнаманыдайындау Сауалнаманы тарату Қорытындысын талдау |
-Тәлімгерлік |
Мектеп аясында |
Тәлім алушылар |
Мерзімінде |
Тәлімгерлік отырыстары |
Кәсіби деңгейлікті жетілдіру Сабаққа өзгеріс енгізу Сабақты әзірлеу Сабақ беру Тәлім алушыны бақылау Сабақты талдау |
-Оқушылар |
Мектеп аясында |
9 «А», 8 «Б» сынып оқушылары |
Аптасына екі рет |
Сабақ үсті |
Сабақ үстінде қадағалау Оқушыларды зерттеу |
-Ата – аналар |
Мектеп аясында |
Сынып ата — аналары |
Айына бір рет |
Жиналыста |
Сауалнама жауап алу Бірлескен жиналысқа қатысу |
№ 3 мектеп-гимназия № 43 Ж.Маханбетов атындағы орта мектебі № 264 мектеп – лицей № 4 ОДМИ Тереңөзек ауданы, №36 мектеп |
Мектептер арасында |
І деңгей курс тыңдаушылары |
Екі аптада бір рет |
Кездесу Желілік байланыс |
Мағлұмат алмасу Жоспар дайындау Іс – әрекет барысын талқылау Қоғамдастық құру Өзгеріс ендіруде кеңес сұрау Өзара көмек алу Іс – әрекет барысына ойласу |
-Курстастар |
Қоғамдастық аясында |
І деңгей курс тыңдаушылары |
Мерзімді |
Желілік байланыс |
Өзара көмек алу Әсерлермен бөлісу |
-ПШО |
Қоғамдастық аясында |
Тренер |
Мерзімді |
Кездесу Желілік байланыс |
Ұсыныс, кеңес алу Бағыт – бағдар алу |
-cpm.kz |
Қоғамдастық аясында |
Портал |
Мерзімді |
Желілік байланыс |
ОДМИ – қауымдастықпен байланысу |