Батыс Қазақстан
Маңғыстау облысы
Қарақия ауданы
Жетібай селосы
№3 орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі:Утепова Айгул Таласбаевна
Күні: | Коучинг сабақ | Жас ұстаздар коучинг сабағы | |||||
Сабақтың жалпы тақырыбы | Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау
Сабаққа оқытуда білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау туралы мұғалімдер коучингісі. |
||||||
Сабақтың жалпы мақсаты: | Мұғалімдердің іс –тәжірибесіне сүйене отырып ,білім беруде оқушыларды бағалау кезінде дұрыс бағалаудың және де сол бағалауға оқушылардың көздерін жеткізудің жаңа әдіс-тәсілдерімен таныстыру.Оқытудағы бағалау және өзін –өзі бағалау түрлерін тәжірибеде қолданудағы тиімділігі туралы бағыт-бағдар беру.Мұғалімдердің оқыту мен оқудағы көзқарастарын өзгерту үдерісінің өзектілігін түсінуі;.Бұл тақырып мұғалім мен оқушылар арасында диалогтік өзара әрекеттестік арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыту. Мұғалімнің сыни тұрғыдан ойлауы түрлі жастағы топтарда қадағаланатын балалардың жауаптары мен оқыту үдерісі туралы ойлануы арқылы дамыту. | ||||||
Сілтеме: | Нұсқаулық | ||||||
Ұстаздар үшін оқу нәтижелері | Мұғалімдер:
Қатарластары арасында бірлесіп жұмыс істеу мен талқылау үшін визуалды және ауызша дереккөздерін пайдаланады; Өз жасаған жұмыстардан нәтиже шығарып,дүрыс бағалауды меңгерту. Жиынтық және қалыптастырушы бағалаумен таныстыру.
|
||||||
Негізгі идеялар | Визуалды және ауызша түрдегі негізгі ақпарат ұстаздардың тәуелсіз ойлауына және олардың ой қорыту, өзіндік түсініктеме беру қабілетіне ықпалын тигізеді.Сындарлы және ашық диалогке қатысу ұстаздардың өз идеясын сенімді түрде білдіруіне, түрлі көзқарастарға көңіл бөлуге және оларды бағалауға мүмкіндік береді.Балалардың жауабын бақылау, жазып алу мен талқылау, сауатты оқытуға , дұрыс бағалауға ықпал етеді.
|
||||||
Сабақта қолданылатын материалдар: | үлестірме материалдар;сюжетті суреттер,перфокарталар ,Торкөзді талқылау стратегиясы
плакаттар, бояулар, |
||||||
Оқыту әдістері: | Жаңа әдістер:
СТО (Блум таксономиясы) АКТ |
1. Диалог
2.Топтық жұмыс 3. Жұптық жұмыс 4. Жеке жұмыс 5.Деңгейлік тапсырма |
|||||
Дерек көздер: | Білім берудегі оқуды және оқытуды бағалау
Талқылау құралдары L2W2D3_ Оқу бағдарламасы Жиынтық және қалыптастырушы бағалау |
||||||
Тапсырмалар: | 1. Топпен жұмыс. Топқа бөлініп,оқушыны бағалаудың тиімділігіне талдау жасайды. | 2. Постермен жұмыс Ғимараттың суретін салып,бағалайды.
|
3. Топтық жұмыс
Видеоны көріп ,талдау жасайды. |
4. Жеке жұмыс.
Өз ойларын айту |
5. Деңгейлік тапсырма
Қорытынды шығару |
||
Мұғалімнің сабақ бойынша жазбалары |
Блум таксономиясы бойынша сабақ жүргізіледі:
Білу: 1.Оқушы қандай болу керек? Креативті,ойшыл,мәнерлі,белсенді ,жігерлі,тұрақты. 2.Оқушыға не үшін баға қоюмыз керек? 3.Дұрыс бағалау үшін нені білуіміз керек? 4.Бағалаудың тиімділігі қандай?
|
||||||
Түсіну:
1.Өз-өзін бағалау және сыныптастарын бағалау мақсатында топ болып кез-келген ғимарат суретін салып,бір –бірін бағалайды. Топпен жұмыс істеу кезінде сыныптастарды бағалау және өзін-өзі бағалау – бұл балалардың бір-бірінің жұмыстарына немесе өз жұмысына жай баға қоюдан біршама өзгеше. Оқыту үдерісін жақсарту үшін бұл әрекет балаларды өз жұмыстарының сапасына қатыстыруы және оны қалай жақсартуды ұғынуына көмектесуі тиіс. Сыныптастарын бағалау балаларға бір-біріне құнды кері байланыс ұсынуға мүмкіндік береді, осылайша, олар бір-бірінен үйренеді және бірін-бірі қолдайды. Бұл оқыту үдерісінің бағалы өлшемін ашады: қарым-қатынас жасау, талқылау, түсіндіру және бір-бірін тартысқа шақыру мүмкіндігі балаларға дербес оқу шегінен шығатын әрекетке қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сыныптастарын бағалау өзін-өзі бағалау қабілетін дамытуға көмектеседі, ол балаларға өз прогресі үшін үлкен жауапкершілік алуға көмектесе отырып, тәуелсіз оқуға ықпал етеді.
|
|||||||
Қолдану:
1.Видеоны көріп,өз ойларын айтады. 2.Бағалаудың ережесін топ болып шығарады. —Сыныптастарды бағалау және өзін-өзі бағалау мүмкіндіктерін ойластырыңыз, мысалы, жауап алу кезінде «жұппен талқылау және қалғандарымен бөлісу» —Әрбір тапсырма үшін болжанған нәтижелерді және олардың оқу мақсаттарына қатысын түсіндіріңіз, бұл орайда балалардың оқу ұсынатын мүмкіндіктерді ұғынатынына көз жеткізіңіз (мүмкін, өте қабілетті балалар үшін оқытуды ұзарту немесе балалардың нақты қызығушылығымен өзара байланыс орнату мүмкіндіктері бар шығар). —Балаларға өз жұмысының сапасын бағалауға көмектесу үшін нақты табыс критерийлерін ұсыныңыз. -Уақыт өткен сайын балаларға өз жұмыстарын және басқалардың жұмысын бағалауды үйретіңіз және тиісті тілді қалыптастырыңыз -Сабақта балаларға проблемаларды шешу жолдарын талқылап, пайымдауға және тәсілдерді салыстыра және бағалай отырып, стратегияны әзірлеуге мүмкіндік беріңіз. -Балаларды өз оқуларын талдап отыруға үнемі және жиі итермелеңіз және олардың келесі қадамдарды анықтауына бағыттаңыз.
|
|||||||
Талдау:
——Бағалаудың дұрыс қалыптасу үшін нені назарда ұстауымыз қажет?
|
|||||||
Жинақтау.
Сыныптастарды және өз-өзін бағалау деген не? Cыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес.Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды.Баланың дамуы ,оқуы және ынтасы туралы түсінік,сонымен қатар өзін-өзі бағалау,қабілеттілік және күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады.
|
|||||||
Бағалау:
Мен өзімді қалай бағалаймын?Берілген суреттегі адам бейнесіне қарап өзін қай жерде тұрғанын анықтап бояйды.Өз ойын дәлелдеп шығарады.
|
|||||||
Рефлексия. | 1.Не жақсы өтті?
2.Не жақсы өтпеді? 3.Өзіңнің қандай күшті жақтарыңа арқа сүйедің? 4.Нені өзгерткің келеді? 5.Саған не ерекше қиын болды? 6.Саған ең пайдалысы не болды?
|
||||||
[bws_related_posts]