Басы » Қазақ тілі мен әдебиеті » Қасым Аманжолов. «Көктем»

Қасым Аманжолов. «Көктем»

Сабақтың тақырыбы: Қасым Аманжолов. «Көктем»

Сабақтың мақсаты:   

Білімділігі: Оқушылар ақын Қасым Аманжолов туралы мағлұмат ала отырып, «Көктем» өлеңінің мазмұны мен мағынасын түсініп, өлеңдегі негізгі ойды ашады, қорытынды жасай білуге үйренеді.

Дамытушылығы: Оқушылардың есте сақтау, талдау, салыстыру, өз беттерімен ойлау, қорытындылау дағдылары дамиды.

Тәрбиелігі: табиғатты аялай білуге, жауапкершілікке, ізденімпаздыққа тәрбиеленеді.

Типі: жаңа білімді меңгеру.

Түрі: аралас сабақ.

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, топтастыру, ойын, шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Көрнекілігі: оқулық, слайдтар, көктем мезгіліне байланысты суреттер, Қасым Аманжолов портреті.

Сабақтың барысы:

І. Психологиялық дайындық.

Сәлемдесу

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Үй тапсырмасын тексеру.

  1. Қатемен жұмыс жасату
  2. Еңбек туралы мақал-мәтелдер жинақтау. Мағынасын ашқызу.

ІІІ. Жаңа сабаққа өту кезеңі

—         Балалар, жыл мезгілдері нешеге бөлінеді? Қазір қандай жыл мезгілі?

—         Көктем айларын атаңдар? Көктем айларындағы қандай мерекелерді білесіңдер?

—         Осы жыл мезгілдері туралы жырлаған қандай ақын жазушыларды атар едіңдер?

—         Бейнекөрініс «Көктем келді»

—         Бүгінгі сабақта не туралы оқимыз деп ойлайсыңдар?

ІҮ.  Жаңа сабақ.  —Бүгін біз сендермен, Қасым Аманжоловтың «Көктем» өлеңімен танысамыз. Автор туралы мәлімет беріледі.

—         Қасым Аманжолов кім?

Кітаппен жұмыс. а) Өлеңді оқып беремін. б) Оқушыларға шумақтап оқытамын.

— «Сатылай кешенді талдау технологиясы» бойынша өлеңді талдаймыз

1. Авторы _____________

2. Тақырып ______________

3. Жанр түрі________________

4. Идеясы____________________

5. Шумақ_______________________

6. Тармақ_________________________

7. Бунақ____________________________

8. Буын саны__________________________

9. Ұйқас_________________________________

Өлеңнің мазмұнына талдау

10. Басталуы________________________________

11. Жалғасуы__________________________________

12. Негізгі ойы___________________________________

13. Қорытынды ой___________________________________

14. Көркем сөз_________________________________________

15. Өлеңнің негізгі түйіні____________________________________

 

V. Бекіту.

Шығармашылық жұмыс.

І-топ: Тірек сөздерді пайдаланып әңгіме құра

Асау өзен,  асқар тау, бұлттар күркіреп, жаңбыр сіркіреп, ағаштар бүршік жару.

ІІ-топ: Суреттерді пайдаланып, өлең мазмұнына сәйкес әңгіме құра

ІІІ-топ: Осы өлеңді «Масатыдай құлпырар жердің жүзі» тарауындағы өлеңдермен салыстыр, мәтіннен үзінді келтір

VI. Үйге тапсырма:

Қасым Аманжоловтың «Көктем» өлеңін жаттап келу. Осы өлең мазмұнына сәйкес сурет сал.Өз ойыңнан «Көктем» тақырыбына өлең құра.

ҮІІ. Бағалау.

 

Өз жұмысыңа деген көз қарасың

Өз жұмысыңа көңілің тола ма?

Маған сабақтың  пайдасы

 

 

 

 

   

 

Жоғары –

Орташа –

Төмен —

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                  Пайдаланылған әдебиеттердің  тізімі

 

  1. 1.     Ана тілі оқулығы:Жалпы білім беретін мектептің 3-сыныбына арналған оқулық , 2010 жыл, Атамұра баспасы , Әбдікәрімова Т, С.Рахметова ,  Б. Қабатай.

2.Бастауыш мектеп. 6 қыркүйек, 2012 жыл.

3. Аманжолов, Қ.Өзім туралы : өлеңдер мен поэмалар / құраст. Д.Қ. Аманжолова. — Алматы : Ана тілі, 2011. — 360 б. — (Мерейтойлық әдебиет)

 

4.  Бейнероликтер  YOTUBE сайтынан[bws_related_posts]

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *