Сабақтың тақырыбы: Қасым Аманжолов. «Көктем»
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушылар ақын Қасым Аманжолов туралы мағлұмат ала отырып, «Көктем» өлеңінің мазмұны мен мағынасын түсініп, өлеңдегі негізгі ойды ашады, қорытынды жасай білуге үйренеді.
Дамытушылығы: Оқушылардың есте сақтау, талдау, салыстыру, өз беттерімен ойлау, қорытындылау дағдылары дамиды.
Тәрбиелігі: табиғатты аялай білуге, жауапкершілікке, ізденімпаздыққа тәрбиеленеді.
Типі: жаңа білімді меңгеру.
Түрі: аралас сабақ.
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, топтастыру, ойын, шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Көрнекілігі: оқулық, слайдтар, көктем мезгіліне байланысты суреттер, Қасым Аманжолов портреті.
Сабақтың барысы:
І. Психологиялық дайындық.
Сәлемдесу
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Үй тапсырмасын тексеру.
- Қатемен жұмыс жасату
- Еңбек туралы мақал-мәтелдер жинақтау. Мағынасын ашқызу.
ІІІ. Жаңа сабаққа өту кезеңі
— Балалар, жыл мезгілдері нешеге бөлінеді? Қазір қандай жыл мезгілі?
— Көктем айларын атаңдар? Көктем айларындағы қандай мерекелерді білесіңдер?
— Осы жыл мезгілдері туралы жырлаған қандай ақын жазушыларды атар едіңдер?
— Бейнекөрініс «Көктем келді»
— Бүгінгі сабақта не туралы оқимыз деп ойлайсыңдар?
ІҮ. Жаңа сабақ. —Бүгін біз сендермен, Қасым Аманжоловтың «Көктем» өлеңімен танысамыз. Автор туралы мәлімет беріледі.
— Қасым Аманжолов кім?
Кітаппен жұмыс. а) Өлеңді оқып беремін. б) Оқушыларға шумақтап оқытамын.
— «Сатылай кешенді талдау технологиясы» бойынша өлеңді талдаймыз
1. Авторы _____________
2. Тақырып ______________
3. Жанр түрі________________
4. Идеясы____________________
5. Шумақ_______________________
6. Тармақ_________________________
7. Бунақ____________________________
8. Буын саны__________________________
9. Ұйқас_________________________________
Өлеңнің мазмұнына талдау
10. Басталуы________________________________
11. Жалғасуы__________________________________
12. Негізгі ойы___________________________________
13. Қорытынды ой___________________________________
14. Көркем сөз_________________________________________
15. Өлеңнің негізгі түйіні____________________________________
V. Бекіту.
Шығармашылық жұмыс.
І-топ: Тірек сөздерді пайдаланып әңгіме құра
Асау өзен, асқар тау, бұлттар күркіреп, жаңбыр сіркіреп, ағаштар бүршік жару.
ІІ-топ: Суреттерді пайдаланып, өлең мазмұнына сәйкес әңгіме құра
ІІІ-топ: Осы өлеңді «Масатыдай құлпырар жердің жүзі» тарауындағы өлеңдермен салыстыр, мәтіннен үзінді келтір
VI. Үйге тапсырма:
Қасым Аманжоловтың «Көктем» өлеңін жаттап келу. Осы өлең мазмұнына сәйкес сурет сал.Өз ойыңнан «Көктем» тақырыбына өлең құра.
ҮІІ. Бағалау.
Өз жұмысыңа деген көз қарасың |
Өз жұмысыңа көңілің тола ма? |
Маған сабақтың пайдасы |
|
Жоғары –
Орташа –
Төмен —
Пайдаланылған әдебиеттердің тізімі
- 1. Ана тілі оқулығы:Жалпы білім беретін мектептің 3-сыныбына арналған оқулық , 2010 жыл, Атамұра баспасы , Әбдікәрімова Т, С.Рахметова , Б. Қабатай.
2.Бастауыш мектеп. 6 қыркүйек, 2012 жыл.
3. Аманжолов, Қ.Өзім туралы : өлеңдер мен поэмалар / құраст. Д.Қ. Аманжолова. — Алматы : Ана тілі, 2011. — 360 б. — (Мерейтойлық әдебиет)
4. Бейнероликтер YOTUBE сайтынан[bws_related_posts]