Басы » Кембридж бағдарламасы » Үйіңді сүйсең-Отаныңды сүй

Үйіңді сүйсең-Отаныңды сүй

Қарағанды облысы
Абай ауданы
П.Корниенко атындағы ЖББ ОМ
Зейтова Анар Амантаевна
8 сынып Қазақ тілі. қысқа мерзімді сабақ жоспары
«Үйіңді сүйсең-Отаныңды сүй»

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

 

пән Қазақ тілі Сынып:8А
Сабақ тақырыбы:  6 сабақ Үйіңді сүйсең-Отаныңды сүй
Мақсаты Өз отбасы туралы сұрақтар, сөйлем құрастыру  барсында сөздік қорын пайдалануға жағдай жасау. Сыныптастарының және өзінің жұмыстарын бағалау қабілеттерін дамыту.
міндеттері Білімділік:   «Менің отбасым» тақырыбы бойынша мәтін,  диалог құрастыру кезінде сөйлеу қабілеттерін жетілдіру.Дамытушылық : мәтінді түсіну, мазмұндау,  қорытынды жасау, топпен жұмыс жасау дағдыларының қалыптасуына жағдай жасау.

Тәрбиелік : өз отбасын құрметтеу, ата – анасына деген сүйіспеншілік арқылы Отанды да сүю деген ұғым қалыптастыру.

Күтілетіннәтижелер Қойылған сұраққа  толық жауап бере алады, өз отбасы туралы толық сөйлем арқылы мәлімет бере алады.Берілген мәтінді түсініп, мәтін бойынша өз ойын жүйелі түрде жеткізе алады, сыныптастарының және өзінің жұмыстарын бағалай біледі.
сілтемелер: Қазақ тілі: Учебник для 8 класса общеобразовательной школы / Т.Артыкова, Г.Ермекбаева – Алматы: Издательство «Атамұра», 2012.Руководство для учителя. Третий (базовый) уровень. Третье издание. АОО «Назарбаев Интеллектуальные школы», 2012

Программа. Третий (базовый) уровень. Третье издание. АОО «Назарбаев Интеллектуальные школы», 2012

Сабақтың  барысы:
Мұғалімнің іс-әрекетіПсихологиялық ахуал

Ұйымдастыру кезеңі

Мұғалім балалармен сәлемдесіп, шаттық шеңбер құруға ұйымдастырады

Сабаққа қатыспаған оқушыларды белгілеу.

Үй тапсырмасын тексеру.

Оқушылардың өткен білімдерін тексеру үшін, құрастырған сұрақтарымен жұмыс.

«Ыстық орындық»

 

Топқа бөлу

Сыныптың оқушыларын «Түрлі түсті ленталар» стратегиясы бойынша топқа бөлу

Жұмыс ережесін қайталауды ұсынады

«Сыни тұрғыдан ойлау» арқылы жұмыс жүргізеді

Отбасы деген не? Сабақтың тақырыбы мен мақсатына әкелу

Кумулятивтік  әңгіме.

Мұғалім оқулық бойынша тапсырма береді:

(1тапсырма ,  25 бет) – мәтінмен танысу, жазу, сөйлемдегі тұрлаулы мүшелерді табу, сұрақ қою

 

 

Топтық жұмыс

«Карусель»  Стратегиясы

Мұғалім жұмыс ережесін түсіндіреді

Мақсаты:Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін қадағалау

 

 

 

Презентация (өз жұмыстарын қорғау)

 

 

 

Дарынды оқушымен жұмыс: оқушы өзі жасаған презентациясымен таныстырады

 

Пайымдау. Сөйлемдерді аяқта

4 тапсырма ,  25 бет

Мысалы: Адамның алғашқы қалыптасуы \отбасынан басталады\

Рефлексия

Рефлексия

Сабақтан алған әсерің…

Оқушылар өздері таңдаған көңіл-күй смайликтерін (екінші жағында Отан , ана туралы мақалдар жазылған )  алып кетеді.

Үйге тапсырма.

“Отан — анам”  тақырыбынаәңгіме құрау (сабақтан  алған әсерім)

Бағалау. Топ басшыларының сабақ бойы бағалаған нәтижесі тыңдалады.

 

 

Мұғалім бағалайды.

 

 

Оқушылардың іс-әрекеті 

 

Оқушылар мұғаліммен амандасып, шеңберге тұрып,  бір біріне өз анасы туралы жақсы сөз айтады

Кезекші сабақта жоқ оқушыны атайды, себебін айтады\ егер болса\

 

Оқушылар бір-бірден сұрақтарын өздері таңдаған оқушыға қояды,  жауап берген соң өздері бағалайды

бағалар:   «Үлкен саусақ»

 

 

Оқушылар таңдаған түсті ленталар  арқылы топтасып, өз үстелдерінің басына жиналады.

Оқушылар ережелерді қайталап, естеріне түсіреді.

Оқушылар өз ойларын айту арқылы сабақ мақсатын, тақырыбын ашады

Әр топ өз ойымен бөліседі

 

 

Оқушылар өз бетімен тапсырманы орындайды, қалаулары бойынша жауаптарын оқиды, тұрлаулы мүшелерді тауып сұрақтар қою арқылы сабақтың лексикалық тақырыбын грамматикалық тақырыбымен байланыстыра отырып дәлелдейді.

 

Отбасы   туралы класстер жасау Оқушылар топ болып тапсырманы орындайды, ойын еркін жеткізеді, тақырыпты түсінеді

Басқа топтың жұмысымен кезектесіп танысады, әр топтан бір оқушы қалып, басқаларға өздерінің жұмысын таныстырады, басқалары топқа оралып өз жұмыстарын толықтырады

Әр топ өз жұмыстарын қорғайды

Өзара бағалау  \өлшемдер бойынша\

Оқушылар алдын ала белгілеген өлшемдер арқылы жұмыстарын бағалайды

\ Я.оқушы\  өзі тұратын кент туралы жасаған презентациясы арқылы Отан мен отбасының байланысы, бірлігі туралы әңгімелейді

Оқушылар берілген сөйлемдерді аяқтайды. Өз ойларымен бөліседі.

Өз отбасын құрметтеу, ата – анасына деген сүйіспеншілік арқылы Отанды да сүю деген ұғымға келеді.

 

 

Оқушылар естелік ретінде

алады.

 

 

 

сабақтан алған әсерлерін  әңгіме түрінде жазып келу.

Топ басшылары өздеріне берілген бағалау кестелерін толтырып, топ мүшелерінің бағаларын айтады, мұғалімнің, оқушылардың пікірлерін тыңдайды.

(A)          оқыту нәтижелері

А деңгейіӨз отбасы туралы сұрақтар, сөйлем құрастыру  біледі. Сөздік қорын пайдалана алады. Сыныптастарының және өзінің жұмыстарына баға бере алады. Топпен жұмыс жасау дағдылары қалыптасқан .

 

 (B ) оқыту нәтижелері В деңгейіӨз отбасы туралы сұрақтар, сөйлем құрастыру  біледі. Сөздік қорын пайдалана алады. Топпен жұмыс жасау дағдылары қалыптасқан .
(C) оқыту нәтижелері С деңгейіӨз отбасы туралы сұрақтар, сөйлем құрастыру  біледі.

 

[bws_related_posts]

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *