Асқарова Бейбітгүл Мәмиқызы
С.Сейфуллин атындағы орта мектептің математика пәні мұғалімі Жаңалық ауылы
7-сынып алгебра
Сабақтың тақырыбы |
«Натурал және бүтін көрсеткішті дәреже» тарауын қайталау |
|||
сілтеме |
Алгебра-7 оқулығы(авт.Ә.Н.Шыныбеков),Әдістемелік құрал,
«Математика және физика»,»Математика Қазақстан мектебінде»,»Білімдегі жаңалықтар» журналдары |
|||
Жалпы мақсат:
|
Санның натурал және бүтін көрсеткішті дәреже ұғымы жалпы дәреже ұғымы туралы білімдерін тиянақтау, жинақтау. Есептер шығара білу дағдыларын қалыптастыру, топпен жұмыс жасай білуін, алдын – ала жекеленген тапсырмалар арқылы ізденіске құштарлықтарын дамыту | |||
Негізгі
идеялар:
|
—оқушылардың сыни ойлауын дамыту
-бір-біріне деген достық қарым-қатынастарын нығайту -логикалық ойлауын дамыту -диалогтар арқылы сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. |
|||
Тапсыр-
малар
|
1-тапсырма «Сен-маған, мен-саған». Сұрақтар әзірлеп,
қарсы топқа қою. |
2-тапсырма
«Қатені тап». Қате шығарылған есептерден қатені тауып,есепті түзету. |
3-тапсырма
Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс. |
4-тапсырма
«Ойымызды сергітейік», «Қу түлкі» ертегісіне құрылған есеп. |
Мұғалім іс-әрекетінің жазбалары.
І.Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа даярлықтарын тексеру. Сабаққа оқушыларды психологиялық дайындау мақсатында бір-біріне жақсы тілектер айтқызу.Сыныпты карточкалар бойынша 2 топқа бөлу.
ІІ.«Мен-саған,сен-маған» кезеңі.Топтар өздері дайындап әкелген сұрақтарын кезектесіп, қарсы топқа қояды.Топтың бағалаушылары бағалау парағына тиісті берген жауаптары бойынша ұпайларын қояды.
ІІІ.«Қатені тап» кезеңі. (әр дұрыс жауапқа 1 ұпай). Карточкаларға есептеулерінде қателері бар тапсырмалар жазылып таратылады.Оқушылар осы қателіктерді табу керек.
3-1=81 50=0 (-a 2 b3 ) -4= -a6b-12 5-2=-1/25
(-2/7)-3 =-6/21
IV. Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс
(1-деңгей — 3 ұпай, 2- деңгей — 4 ұпай,3- деңгей — 5 ұпай)
1-деңгей.1. Өрнектің мәнін табыңдар:
2-2+4-1-30; 2-1+2-2+2-3
2. Өрнекті ықшамдаңдар.
m-3*m2
m-4
2- деңгей.1.Өрнекті ықшамдаңдар:
(a3/3)*(6/a)-2
3-деңгей. 899 санының ең соңғы цифрын анықтаңдар.
Мұғалім деңгейлік тапсырмалар жазылған карточканы ұсынады.
Топтағы оқушылар өз білім деңгейлеріне қарай карточкалардан тапсырмаларды таңдап орындайды.Бір- бірінен есепті шешуге көмек сұрауға болады.
V.»Ойымызды сергітейік». Сергітуге арналған есеп.
«Қу түлкі» ертегісіне құрылған есеп.Шал балықтарды көп аулап әндетіп келе жатса, жолда бір түлкі сұлап жатады, шал қуанып «кемпіріме жаға болады», — деп түлкіні шанаға салып алады. Ал түлкі жолда 1 минутта 1 балық, 2 минутта 2 балық, т.с.с. Бір лақтырғанда алдыңғы лақтырғаннан 2 есе артық лақтыра береді. 7 минутта барлығы неше балық лақтырған?
Оқушылар топта ақылдасып,шешімін табуға болады.Топтың шешімі бойынша бір оқушы тақтада орындайды.
VI.Бағалау. Топ бағалаушылары бағалау парағы бойынша қойылған бағалары туралы қысқаша хабарлайды. Мұғалім сабаққа жалпы қорытынды жасайды.Сабақтан алған әсерлерін оқушылар стикерге жазып, қалдырады.
[bws_related_posts]