Басы » География » Қазақстанның мал шаруашылығы (презентация)

Қазақстанның мал шаруашылығы (презентация)

Атырау қаласы,И.Тайманов атындағы №27 орта мектептің география пәнінің мұғалімі Гаухар Жулановна Ереманова
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның мал шаруашылығы
Сабақтың мақсаты:
а) Қазақстанның мал шаруашылығының дамуы,олар ірі қара жылқы, түйе қой, шошқа және құс өсіру шаруашылығына бөлінеді. Мал шаруашылығының Қазақстан экономикасындағы маңыздылығы.
ә) Түрлі тапсырмалар мен картамен жұмыс арқылы оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауға және пәнге деген қызығушылығын арттыру.
б) Ауыл шаруашылығы тақырыбын түсіндіре отырып, еңбексүйгіштікке, мамандыққа баулу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі:Көрнекілікті-практикалық ақпаратты-
технологиялық сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы,
суреттер,слайд, тақта.

Пәнаралық байланыс: Тарих, биология,әдебиет.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
а) сәлемдесу
ә) оқушыларды сабаққа даярлау
І. Ой қозғау
Жаңа сабақ мал шаруашылығы бойынша оқушылардың ой талғаныстары.
А) мал шаруашылығының қалыптасуы
Ә) Мал шаруашылығының қандай түрлері
ІІ. Негізгі бөлім.
Жаңа тақырыбы: Қазақстанның мал шаруашылығы
1 Ірі қара өсіру
2 Шошқа шаруашылығы
3 Қой шаруашылығы
4 Құс шаруашылығы
5 Басқа да шаруашылықтар
6 Қазақстандағы мал шаруашылығы
7. Қалыптасуы
8. Қазіргі мал шаруашылығы
Мал шаруашылығы — ауыл шаруашылығының мал өнімдерін өндіру үшін мал өсірумен айналысатын саласы. Мал шаруашылығы халықты азық-түлікпен (сүт, май, ет, т.б.) жеңіл және тамақ өнеркәсіптерін шикізатпен (жүн, тері, ет өнімдері қалдықтары, т.б.) ауыл шаруашылығы өндірісін күш-көлік (ат, өгіз, түйе, т.б.) және тыңайтқышпен қамтамасыз етеді. Мал шаруашылығы өнімдері мен оның қалдықтарынан мал азықтары (майы алынған сүт, ет-сүйек және сүйек ұндары, т.б.), дәрі-дәрмектер мен биологиялық белсенді (активті) заттар (емдік сарысулар, гормонды қосылыстар, т.б.) алынады. Мал шаруашылығы салаларына сиыр, қой, ешкі, жылқы және түйе шаруашылықтары жатады.
Ірі қара өсіру қоңыржай белдеудің табиғи және мәдени жайылымдармен жақсы қамтамасыз етілген орман, орманды дала, дала аймақтарында жақсы жолға қойылған. Дүниежүзі бойынша ірі қараның мал басы 1,3 млрд-қа жетіп отыр. Өндірілетін сүттің барлығын дерлік, ал еттің 35%-ын осы ірі қара малы береді. Интенсивті сүтті және етті-сүтті бағыттағы мал шаруашылығы дамыған елдерге тән, оларда мал қолда да, жайылымда да бағылады. Өнімділік өте жоғары болғандықтан, бұл шаруашылық саласы жылдан-жылға өркендеуде. Етті бағыттағы мал көбінесе қоңыржай және субтропиктік белдеулердің неғұрлым құрғақ аудандарында таралған. Онда экстенсивті отарлап жайылымда бағу және көшпелі мал шаруашылығы басым келеді. Дүниежүзінде етті ең көп өндіретін елдер қатарына АҚШ, Қытай, Бразилия, Аргентина және Ресей жатады.
Ет өндіруден жетекші елдер
Елдер
Өндіру көлемі, млн т
Дүниежүзіндегі орны
Қытай
55,3
1
АҚШ
35,8
2
Бразилия
11,7
3
Германия
6,5
4
Франция
6,2
5
Үндістан
4,6
6
Испания
4,4
7
Ресей
4,4
8
Мексика
4,1
9
Ұлыбритания
3,8
10
Дүниежүзі бойынша
216,2
0,0
Қой шаруашылығы ет-жүн бағытындағы және биязы, жартылай биязы жүн бағытындағы болып бөлінеді. Ет-жүн бағытындағы қой шаруашылығы ылғалы жеткілікті және климаты біршама жұмсақ аудандарда, ал биязы жүнді қой шаруашылығы неғұрлым құрғақ аудандарда таралған. Дүниежүзі бойынша қой саны 1,2 млрд басқа жетіп отыр. Қой шаруашылығының ет-жүн бағытындағы тауарлы өндірісі Солтүстік және Оңтүстік Американың, Аустралия мен Оңтүстік Еуропаның, Орталық және Орта Азияның, Оңтүстік Африканың қоңыржай және субтропиктік белдеулерінің құрғақ аудандарында жақсы дамыған. Биязы жүнді қойлар өте сапалы жүн береді, ол жүн маталарын жасау, кілем тоқу мен тері-былғары өнеркәсібінде қолданылады. Алдыңғы Азия, Орта Азия және Оңтүстік Африка елдерінде қаракөл елтірісін дайындау жолға қойылған. Дүниежүзіндегі қойы ең көп ел — Аустралия (130 млн астам), одан кейін Қытай (112 млн-нан астам). Ал Қазақстандағы қойдың саны 2008 жылы 16 млн-нан сәл ғана асты. Жүн өндіруден жетекші елдер қатарына Аустралия, Қытай, Жаңа Зеландия, Уругвай және Ресей жатады.
Қой шаруашылығының дүниежүзіндегі аса ірі аймағы — Аустралияның шөлейтті аудандары. Қойдың басым көпшілігі жеке иелерге немесе компанияларға қарайтын ірі қой шаруашылығында өсіріледі. Ондай шаруашылықтар «шипстейшнз» деп аталады. «Шипстейшнз» ондаған, кейде тіпті жүздеген мың гектарды алып жатады. Оның ең үлкенінің ауданы 2 мың км2-ден асады. Мұнда бір мезгілдегі қой басы 10—20, тіпті 50—100 мыңға дейін жетеді. Қой бүкіл жыл бойы табиғи жайылымдарда жайылып бағылады. Көбінесе жоғары сапалы жүн беретін биязы жүнді қой тұқымы — Аустралия мериносы өсіріледі. Гоулберне қаласында осы қойға «Үлкен Меринос» деп аталатын ескерткіш орнатылған.[1] Құс шаруашылығы — ауыл шаруашылығының ең жаңа және ең қарқынды дамып келе жатқан саласы. Өнімнің қысқа мерзімде өндірілуі нарық сұранысына бағыт-бағдар ұстауға мүмкіндік береді. XX ғасырдың екінші жартысынан бастап, Солтүстік Америка мен Батыс Еуропа елдерінде бройлер балапандарын өсіретін ірі құс өсіру кешендері қалыптаса бастады. Бүгінгі таңда құстың саны жөнінен Қытай, АҚШ, Ресей, ал жұмыртқа өндіруден Қытай, АҚШ, Жапония, Ресей және Үндістан ерекше көзге түседі. Тауарлы құс шаруашылығы, негізінен, қала маңдарында шоғырланған. Ал соңғы жылдары жоғары маманданған құс шаруашылықтары арзан жұмысшы күші жеткілікті климаты қолайлы аудандарға ауысуда.
Жабайы жануарларды қолға үйрету
Жабайы жануарларды қолға үйрету неолит дәуірінен басталды. Ең алғаш қолға үйретілген үй жануарлары — қой мен ешкі. Қойдың арғы тегі — арқар (муфлон), ал ешкінікі — таутеке. Қой мен ешкі мөлшермен б.з.д. 8—7-мыңжылдықтарда қолға үйретілген деп есептеледі. Осы кезге жататын Жерорта теңізі маңайындағы тұрақтарда қой мен ешкінің сүйегі табылған.
Сиыр тұқымының дәл қай жерден шыққаны әлі аныкталмаған. Дегенмен де қолға үйретілген сиырдың да ең көне заманғы сүйегі б.з.д. 7-мыңжылдыққа жатады, ол Оңтүстік Анадолы жерінде (Түркия) табылған. Б.з.д. 6—5-мыңжылдықта Месопотамия жерінде мал шаруашылығы болғандығы бүгінде дәлелденген.
Жылқы алғаш қолға үйретілген аймақ деп Шығыс Еуропа мен Еділ бойы есептеледі. Жылқыны қолға үйрету мөлшермен б.з.д. 4-мыңжылдықта болған сияқты.
Қазақстан жерінде ең көне мал сүйегі энеолит дәуірі ескерткіштерінде кездеседі. Бұл — Терісек, Сексеуілді, Орталық Қазақстандағы Қарағайлы (Қарағанды маңы) тұрақтары, Шығыс Қазақстандағы Усть-Нарым қонысы. Бұлардың мөлшерлі жасы б.з.д. 3-мыңжылдықтың орта шені. Бұл тұрақтардан қойдың, ешкінің, сиырдың, жылқының сүйектері табылған.
Қазақстан жерінде қола дәуірінің кезінде-ақ үй маңындағы мал шаруашылығы қалыптасты. Б.з.д. 2-мыңжылдықтың орта кезіне жататын жерлеу орындарында, кейінірек қоныстарда қой, жылқы сүйектері көптеп кездеседі. Кейбір шөбі қалың, өзен-көлді аймақтарда орналасқан қоныстарда, мысалы, Шағалалы, Сарғары қоныстарында сиырдың сүйегі басым, ал Трушниково қонысында ұсақ мал мен мүйізді ірі қараның сүйегі табылған.
Бұдан 3 мың жыл бұрын Қазақстан жерінде құрғақшылық күшейді. Далалы, жартылай шөлейт, таулы аудандарда мал өсіру шаруашылықтың негізгі түріне айнала бастады. Алдымен жартылай көшпелілік, содан соң көшпелі мал шаруашылығы қалыптаса бастады.

Қазақстандағы мал шаруашылығы

Қазақстанда ауыл шаруашылығы мен өндірісті жоспарлы түрде дамыту, жаңа жерлерді игеру және отырықшылық өмір салтының берік орнығуы Мал шаруашылығының жаңа бағыттары — сүтті және етті ірі қара шаруашылығын, биязы және биязылау жүнді қой шаруашылықтарын, қаракөл қойы шаруашылығын өркендетуге кең жол ашты. 1934 — 90 жылы аралығында ұжымдық және кеңестік шаруашылықтар жұмысының жүйелі ұйымдастырылуы Мал шаруашылығының барлық салаларын айтарлықтай жоғары қарқында дамытуға мүмкіндік берді. 1990 — 92 жылы Қазақстанда малдың 51, оның ішінде 18 қой, 11 мүйізді ірі қара, 13 жылқы, 3 түйе тұқымдары мен тұқымдық топтары өсірілді. Олардың жартысына жуығы 12 қой, 4 сиыр және 3 жылқы тұқымы Қазақстан ғалымдары мен Мал шаруашылығы саласы мамандарының бірлескен жемісті еңбегі нәтижесінде шығарылды. Осы мал тұқымдарының гендік қорын тиімді пайдалану, зоотехникалық талаптарға сай азықтандыру мен бағуға негізделген технологиялардың кеңінен қолданылуы жыл сайын 1,5 млн. тонна ет (сойыс салмағымен), 5,5 млн. тонна сүт, 100 мың тонна (табиғи) жүн және 1700 мың данаға жуық қаракөл елтірісін өндіруді қамтамасыз етіп келді. 1990 — 2000 жылы ауыл шаруашылығын реформалауда жіберілген кемшіліктер салдарынан мал саны күрт кеміді, оның ішінде сиыр 2,4, қой мен ешкі 3,7, жылқы 1,7, түйе 1,5 есеге азайды. Нәтижесінде негізгі мал шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі 2,5 — 3,0 есеге дейін қысқарды.
Бұл ауыл халқының әлеуметтік жағдайының күрт нашарлауына алып келді, республика бойынша жан басына шаққанда ет және ет өнімдерін тұтыну мөлшерінің 73 кг-нан 15 кг) 22 шт.» title=»трусики 5 (7-15 кг) 22 шт.» style=»»>трусики 5 (7-15 кг) 40 шт.» title=»15 кг) 22 шт.» title=»трусики 5 (7-15 кг) 22 шт.» style=»»>трусики 5 (7-15 кг) 40 шт.» style=»»>15 кг) 22 шт.» title=»трусики 5 (7-15 кг) 22 шт.» style=»»>трусики 5 (7-15 кг) 40 шт.» title=»15 кг) 22 шт.» title=»трусики 5 (7-15 кг) 22 шт.» style=»»>трусики 5 (7-15 кг) 40 шт.» title=»15 кг) 22 шт.» title=»трусики 5 (7-15 кг) 22 шт.» style=»»>трусики 5 (7-15 кг) 40 шт.» style=»»>15 кг) 22 шт.» title=»трусики 5 (7-15 кг) 22 шт.» style=»»>трусики 5 (7-15 кг) 40 шт.» style=»»>15 кг) 40 шт.» title=»трусики 5 (7-15 кг) 40 шт.» style=»»>40 кг-ға, сүт және сүт өнімдерінің 311 кг-нан 208 кг-ға дейін төмендеуіне әкеліп соқты (ғылыми негізделген мөлшерден 2 еседей аз). Ел экономикасының тұрақталуына байланысты, 2000 жылдан бастап Мал шаруашылығында оңды өзгерістер орын ала бастады. 1999 — 2000 жылдармен салыстырғанда (3-кесте), 2004 жылы сиыр 24,0 — 22,7%-ға, оның ішінде аналық сиырлар 16,0 — 15,4%-ға, қой мен ешкі 16,0 — 15,4%-ға, жылқы 5,4 — 7,2%-ға, түйе 18,0 — 17,6%-ға көбейді. Бұл ретте ірі қарамен (сиыр, жылқы, түйе) салыстырғанда, уақ малдар саны (қой, ешкі) 20 ғасырдың 90-жылдарының басында тез кеміген болса, ал қазір қарқындырақ артып отырғандығы байқалады. Бірінші жағдай реформаның алғашқы жылдарында уақ малдың баспа-бас есеп айыру құралы ретінде қолдануға тиімді болғандығымен, ал екінші жағдай олардың өсімталдық қасиеттерінің жоғарылығымен түсіндіріледі.

Жаңа сабақты бекіту :
Мал шарушылығын қалыптастыруға қандай факторлар әсер етеді?
Қазақстанның ауыл шаруашылығындағы басты сала?
Шөлді және шөлейітті зонада қандай шаруашылық бейім?
Қой шарушылығының негізгі өнімдері қандай?
Қазақстанда қандай басқа шаруашылық түрлері дамыған?
Тапсырмалар:

106-сурет Қазақстанның қай облысы мал басы бойынша І-орынға алады.
Ірі қара малы
Қой мен ешкі
Жылқы
Шошқа
Түйе
Үй құстары

АӨК-тің негізгі 3 буыны

Мал шаруашылығы
Солтүстік
Оңтүстік
Батыс
Шығыс
Ірі қара
Қой
Жылқы
Түйе
Шошқа

Қорытындылау; Тест жұмысы №1 №2
Ой толғаныс

[bws_related_posts]ash

2 комментария

  1. өте жақсы презентация, колдану керек

  2. Аманулова Айголек

    жаксы керемет

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *