Серікбаева Гүлшара Жауғашарқызы
№19 орта мектеп Қызылорда облысы
Арал ауданы,Жақсықылыш кенті
Сабақтың тақырыбы Орта тас ғасыры
Білімділік: Оқушыларға орта тас ғасырының ерекшелігі , мезолит адамдарының кәсібі,орта тас ғасырындағы қоғамдық өзгерістер туралы түсінік беру
Дамытушылық: Сабақ барысындағы тарихи оқиғаларға байланысты сұрақтар беру арқылы ойлау,
есте сақтау қабілетін дамыту
Тәрбиелік: Оқушыларды бірлікке, адамгершілікке , елін , жерін сүйе, құрметтей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : Дәстүрлі
Сабақтың типі : Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдісі : Ауызша баяндау, сұрақ –жауап.
Көрнекілік : Сызбалар , кесте.
Құрал – жабдық : Карта.
Сабақ барысы : І. Ұйымдастыру .
а) Сынып оқушыларын түгелдеу.
ә) Оқушылар назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау , бағалау.
Тақырыбы:Кейінгі палеолит (б.з.б. 40 -12 мың жыл )
1. Кейінгі тас дәуірінің ерекшелігі
2. Қазақстан аумағындағы кейінгі палеолит
3 . «Саналы адам»
ІІІ . Өткен сабақты бекіту.
А) Кейінгі тас дәуірінде адамдар :
—
—
—
ә) «Қыстырма әдіс» деп –
б) Климаттың өзгеруіне байланысты қандай өзгерістер болды?
Сәйкестендір
Дротик
Жіп байланған тастар
Гарпун
Қысқа сапты ағаш найза
Болас
Ұшы сүйектен жасалған сүңгі
Ру дегеніміз не?
ІҮ. Жаңа сабақ
1. Орта тас ғасырының ерекшелігі
Мезолит — орта тас ғасыры
Ежелгі тас ғасыры жаңа тас ғасыры
мезолит
Хронологиялық шеңбері — б.з.б. 12-5 мыңыншы жылдықтар аралығы
20 — дан аса – тұрақтар табылды
Үлкен жаңалығы — 1. Микролит құралы жасалды ( ұзындығы 1-2 см. Ұсақ жаңқадан жасалған құрал)
2. Садақ пен жебе жасалды.
Кәсібі
Аңшылық
Ірі аңдар жойылып, аң аулау жеңілдеді
Балық аулау
Сулар еріді , қармақ , ау, гарпун , қайық, пайдаланды.
Мал өсіру
Аңшылық негізінде қалыптасты.
Жануарларды қолға үйрету
Ерекшелігі
Дәнді — дақылдарды өсіру
Қоғамдық өзгерісі
— Рулық қауым күшейді
— Рулар тайпаларға бірікті
— Еңбек бөлінісі болды.
— Қауым мүшелерінің құқығы тең болды.
Қауым
Қариялар ересектер балалар
Бағыштау ( инициация) — балалар тобынан ересектер тобына өту.
Ү. Жаңа сабақты бекіту
1. Мезолит заманында қандай өзгерістер орын алды?
2. Мезолитте қандай құралдар пайдаланылды?
3. Мал шаруашылығы қалай қалыптасты№
ҮІ. Қорытындылау
ҮІІ . Үйге тапсырма
Орта тас ғасыры
[bws_related_posts]