Бұланды ауданы Макинск қаласы
Балуан Шолақ атындағы мектеп — лицей тәлімгері Шайтекей Шолпан
Салауатты өмір салты – жарқын болашақ.
Жүргізуші – 1: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі кезеңнің өзекті мәселесі адам денсаулығына кері әсерін тигізетін ғасыр індеттерінің қауіпті әдеттері маскүнемдік, нашақорлық, СПИД — ХХІ ғасыр дерті атты акциямызды бастаймыз.
Жүргізуші – 2: Жаңа ХХІ ғасырда өзіміздің болашағымызды қандай күйде көргіміз келеді. Жас өспірімдерді салауаттылыққа, өмірді сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу керек. Елбесымыздың Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан -2030» бағдарламасында көрсетілгендей салауатты өмір сүру және оны насихаттау бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Жүргізуші – 1: Салауатты өмір сүру дегеніміз не? Ол әлуметтік тұрмысты жақсарту, бос уақытты тиімді пайдалану, денсаулықты сақтау және нығайту, сапалы тамақтану, зиянды әдеттерден аулақ болу.
Жүргізуші – 2: Өмір адамға берілетін ең қымбат дүние. Алайда адам оны өз қолымен бүлдіреді. Адам денсаулығына кері әсерін тигізетін ауруларға жол бермеу мақсатындабіз бүгін осы залда «Салауатты өмір салты – жарқын болашақ» атты акцияға жиналып отырмыз.
ӘН:
Жүргізуші – 1: Халқымыз қазыналы қарапайым
Дархандығы, мәрттігі даладайын.
Қам жейтұғын, күйініп кезең келді.
Ойланып, кеңесетін, ұрпақ, жайлы.
Жүргізуші – 2: Біз бүгін соларды ойлап толғанамыз
Жат қылық пен әдеттен қорланамыз.
Осында кеңес құрған қонақтармен
Жат қылықтар жағдайын қолға аламыз.
Бүгінгі іс – шараға арнайы шақырылған қонағымыз мектеп медбикесіне сөз береміз.
Баяндама: Тақырыбы: «СӨС»
Жүргізуші – 1: Президент Н.Ә. Назарбаевтың ҚР-ның халқына жолдауында : «Біздің жас мемлекетіміз өседі және орнығып, нығаяды, онымен бірге біздің балаларымыз бен немерелеріміз де өсіп жетіледі. Олар өз ұрпағының жауапты және жігерлі өкілдері болады. Біз өз қоғамымыздағы құра отырып, біздің азаматтарымыздың өмір бойы дені сау болуы және оларды таза табиғи ортаның қоршап тұруы үшін кең өріс ала түсетін күш жігерлерді қолдану қажет.
Жүргізуші – 2: Осы мақсатты іске асырудағы біздің стратегиямыз келесі бөлімдерден тұрады: аурудың алдын алу және салауатты өмір салтына ынталандыру – делінген. Бүгінгі өткізіліп отырған іс – шарамыз міне, осы ойға бағыт ұстайды.
Жүргізуші – 1: Бүгінгі акция ат салысып қатысып отырған сыныптар:
8А –
8Б –
9А –
9Б –
10А –
10Б –
11А –
Би:
Жүргізуші – 1: Дүниеге дерт болып жетеді.
Әдет боп жаман кетеді.
Есірткі затты көп тұтсаң,
Өмірің қор боп өтеді.
Зиянды заттан аулақ деп
Достарыңа ақыл қос.
Жүргізуші – 2: ЖҚТБ – пәле, күресейік, бәріміз!
ЖҚТБ – менен бұрылмасын жанымыз бен тәніміз
Қазақ деген батыр, халық емес пе?
Жат әдетсіз бүлінбеген сәніміз.
Сөз кезегі Дайорва Қ.Е. – қызына беріледі.
Жүргізуші – 1: Бүгінгі акцияға қатысқандарыңызға үлкен рахмет.
Жүргізуші – 2: Аман – сау болыңыздар!