Ақмола олблысы
Бұланды аудан
Макинск қаласы
Балуан Шолақ атындағы мектеп — лицей тәлімгер Шайтекей Шолпан
«Балдәурен» балалар қоғамдық ұйымы
Бүгінгі мектеп қабырғасындағы оқушы – ертеңгі күнгі Отанымызға адал қызмет ететін азамат, ел болашағы. Жас ұрпақ санасында Отаншылдық, ұлттық рухтық қалыптасуы, адами құндылықтарды игерген жеке тұлға болып шығуы, денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру, өз қабілетін іске асыра білу, қоғам өміріне бейімделу, бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру, жауапкершілікті сезіну, көшбасшылық қасиеттерін дамыту –бүгінгі тәрбиенің басты талабы. Осындай тәрбие орталықтарының бірі –
(1) Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицейінде (2)«Балдәурен» балалар қоғамдық ұйымы, яғни тәрбие орталығы жұмыс атқарады.
(3) Мақсаты:
Тәрбиенің құндылықтарын баланың бойына сіңіре отырып білімді, еңбекқор, саналы, салауатты, мәдениетті, ізденімпаз, жаңашыл, шығармашыл, патриот, өркениетті өмірге ұмтылған жеке тұлға қалыптастыру.
(4) Төлқұжаты
(5) Ұраны
Әрбір адам – туысым, досым, жұрағат
Әрбір сабақ – үйрену, оқу, ұлағат,
Әрбір ісім – тірлік, тірек, адамдық,
әрбір сөзім- шындық, бірлік, адалдық.
(6) Эмблема
Ұйымдағы оқушылар жас ерекшеліктеріне қарай 3 кезеңге бөлінетіндіктен әр кезеңнің белгісі ретінде «Балапан, «Ақжелкен», «Қыран»-ның суреттерін бейнелеп, «Жұлдыз» бағдарламасының 7 сәулесін салып, осы эмблеманы «Балқәурен» балалар қоғамдық ұйымының эмблемасы ретінде қабылдадық. Негізгі авторы сызу пәнінің мұғалімі Әнікей Қанат.
(7) Әнұраны
Сөзі мен әні Әбдіғафур Кенжебаевтың «Мектебім» атты әнін «Балдәурен» БҚҰ-ның әнұраны ретінде мектебімізде автормен кездесу кешін өткізіп, келісімі бойынша қабылдағанбыз. Бұл әнұран БҰ аясында өткізілетін іс-шараларда орындалады.
(8) «Балдәурен» тәрбие орталығын республика деп қабылдасақ, оның 3 аймағы 23 қаласы бар. «Балапан» аймағында 5 қала, «Ақжелкен» аймағында 11 қала, «Қыран» аймағында 7 қала бар. Әр қаланың өз атаулары, ұрандары бар.
Жалпы бұл тәрбие орталығының мазмұны мен негізгі бағыттарына тоқталар болсақ,
(9)
Тәрбие орталығының негізгі бағыттарын басшылыққа алып, оқушылардың ерекшелігін, дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын, қабілетін ескере отырып мына ұстанымдарға көңіл бөлеміз:
(10)
Осы ұстанымдар негізінде «Балдәурен» тәрбие орталығының оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруда өзін-өзі басқару жүйесі құрылған.
Бұл жүйеге «Достық» кеңесі басшылық жасайды,
(11) яғни бұл жүйенің жұмысы мына орталықтарға бөлініп атқарылады:
ғылым білім орталығы;
Бұл орталық оқушылардың білімін шыңдауға, өз бетімен ізденуге, білімін жетілдіруге жетелейді. Эрудит, дебат, 21 ғасыр көшбасшысы т.б. танымдық, интеллектуалдық ойындарды ұйымдастырады, сондай-ақ мектепте пәндік олимпиадалар өткізуге қолдау көрсетеді.
өнер және мәдениет орталғы;
Оқушылардың арасында өнер мәдениетті насихаттайды, түрлі сайыстар ұйымдастырады. Мектебіміздегі өнерлі балалардың қабілетін ашуға арналған «Жас талант», «Үкілі домбыра», «Биле-биле», «Екі жұлдыз» және «КТК сайыстарын ұйымдастырып, соның нәтижесінде оқушылар өз өнерлерін шыңдауда. Драма, би, вокал үйірмелеріне оқушылардың қатысуын қамтамасыз етуге бұл орталық өз үлесін қосуда. Мектептегі мәдени іс-шараларды өткізуге белсене кіріседі.
жас тәлімгерлер орталығы;
Жас тәлімгерлер орталығы төменгі сынып оқушыларымен тығыз байланыста жұмыс жасайды. Бастауыш сынып оқушыларна оқушылар ережесін, мектептегі қарым-қатынасқа үйретеді. Сынып жетекшілеріне сынып сағаттарын, мәдени іс-шараларын ұйымдастыруға көмектеседі.
ішкі тәртіп және салауатты өмір салты орталығы:
Бұл орталық оқушыларды жаман әдеттерден аулақ болып жаманнан жиреніп, жақсыдан үйренуге салауатты өмір салтын қолдайтын, спортты насихаттап үгіттейтін түрлі іс-шараларады ұйымдастырады және мектептегі оқушылардың құқық бұзушылығын, тәртібін реттейді.
баспасөз орталығы:
Баспасөз орталығы мектептегі орталықтардың маңызды құрылымы болып табылады. Орталықтың аясында «Азамат» газеті шығарылады.
(13)
Басылымның аты Азамат
Шығатын саны Айына
Жазылу бағасы 50 теңге
Мекен-жайы Ақмола облысы,
Бұланды ауданы
Макинск қаласы
Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицей
Телефон 2 34 98
(14)
(15)
(16)
Өзін-өзі басқару жүйесінің басында мектепішілік сайлауда жеңіске жеткен мектеп президенті тұрады. Президентті 5 – 11 сынып оқушылары және мұғалімдер дауыс беру арқылы сайлайды. Президенттен кейін сайлауда көп дауыс жинаған оқушы вице-президент болып тағайындалады. Вице-президент орталықтарды басшы болып басқарады.
(20) Анттары
(23-24) (өзін-өзі басқару құрылымдық жүйесі)
Өзін-өзі басқарудың берері өте мол. Себебі әр бала жауапкершілікке ие болады, өз ойын айта алып, өзіне-өзі баға береді, кешілігін түзетіп өзі үшін де, өзге үшін де белсенді жұмыс істеуге дағдыланады.
Сонымен қатар жұмыс істеу жолдары мен тәсіолдерін меңгеріп, шығармашылық қабілет қалыптасып, ізденімпаздық, іскерлік, еңбекқорлық дағдыны игереді. Бір сөзбен айтқанда өзін-өзі басқарудан мынадай нәтижені күтуге болады.
Нәтиже:
«Балдәурен» ұйымы аясында көптеген іс-шаралар ұйымдастырылып, мектепішілік, аудандық, облыстық деңгейдегі іс-шараларға белсенді түрде қатысамыз. Сондағы аудан және облыстық деңгейдегі нәтижелеріміз.
Шайтекей Шолпан балдаурен қоғамдық ұйымының жұмыс жүйесі маған өте ұнады. Осындай құнды материалдар жариялағандарыңызға көп рахмет. Сіздер сияқты білікті тәлімгерлер өздерінің тәжірибесімен бөлісе отырса екен.
Рахмет!!! Келіп тұрыңыздар!!! Құнды материалдар болса жариялауға әрқашанда дайынбыз!!!