Басы » Tәрбие сағаттары » Ізгілік елінің ғажайып қазынасы

Ізгілік елінің ғажайып қазынасы

Ізгілік елінің ғажайып қазынасы

Екібастұз қаласы
С. Торайғыров атындағы
№22 гимназия-мектебінің

бастауыш сыныптар мұғалімі
Гүлбақыт Амангелдіқызы Салықова

1.2.Имандылық елі

Келіңдер, ертегіні шертейік біз,

Қауымды мына келген ертейік біз.

Ертегі еліне» бір саяхаттап,

Келгендерді соңымыздан ертейік біз.

«Әжем айтқан ертегі»  әні

Әже балаларға ертегі айтып отырады ( қолындағы қуыршақтарымен)

(ар ұждан, имандылық, Ар, ұят, жақсы іс тәртіп, жат қылықты жеңу) ізгілікті жан туралы.

Әже:  Жақсы сөз адамдарды қуанышқа бөлейді. Олардың қарым қатынасын жақсартуға ықпал етеді. Адамдар бір бірімен жақсы сөйлесу арқылы сыйластыққа, достыққа қол жетікізеді.  Мен сендерге ертегі айтып берейін

                                              Сыпайы қоян

Бір күні мейірімді әрі сыпайы қоян көрші бақшада қырыққабатқа тойып алып, үйіне жиналып жатқанда, кенеттен түлкіні көріп қалады. Қоянның жүрегі дір етеді.Қашу керек, бірақ қайда. Ойланбастан бір үңгірге кіріп кетті. Қоян өте сыпайы, тәрбиелі еді.үңгірге рұқсатсыз кіргеніне ыңғайсызданып, амандасу қажет екенін түсінеді.

—         Сәлеметсіз бе, мейірімді үңгір. Сенің кеңдігің және тыныштығың жанға рақат сезім сыйлағандай. Маған кіруге рұқсат етші,- дейді.

Ал үңгірінде жылан мекендейтін, Ол қоянның дауысын естіп, оны шақырды. Жыланның дауысынан оның жегісі келіп тұрғанын сезген қоян:

—         Сізді мазалағанымызға кешіріңіз, мені Ана қоян күтіп отыр. Сау болыңыз,- деп қаша жөнелді.

—         Осы бір сиқырлы сөздер –ай! Қоян маған жақсы сөз айтпағанда, мен оны ұстап алар едім,- деп өкінді жылан.

Дилназ: Әже  қоян қатты қорқып тұрса да мейірімді болып сиқырлы сөздерді қалай айтты?

Әже: Өйткені ол ізгілікті бойына жинаған ізетті қоян еді.

Сайран: Мен де қоян сияқты ізетті болуды армандаймын.

Әже: Арманның орындалуы жақсы ниеттілікті, төзімділікті, табандылықты, қайырымдылықты, еңбектенуді , білімді, ақылды қажет етеді.

Ізеттілік, ізгіліктің не екенін нақтырақ білгілерің келе ме?

Бала: Ия,әрине

Әже: Олай болса ізеттілік деген бір керемет ел бер. Сол елде бір сиқырлы сандық жасырылған, сол сандықты тауып алған адам Ізгіліктің не екенін өте жақсы түсінеді.

Сайран: Әже біз де сол елге барайықшы,

   Әже: Баруын барарсыңдар, оған жету үшін, жолда көптеген елдерден өтесіңдер, талай асулардан өтесіңдер. Оған жету үшін білім керек соған өздерің сенімдісіңдер ме?

Балалар:Ия, сенімдіміз

 

Әже: Олай болса, мен сендерге ақ батамды беріп ізгілік еліне аттандырайын.
Үлкенге иман керек,

Кішіге иба керек.

Адамдар бірін барі

Құрметтеп, сыйлау керек.

Жастарға білім керек,

Бәрін де білу керек.

Азамат болсаң алғыр,

Ел жұртың  «күнім!»,-демек.

Сол үшін талмау керек,

Биікке самғау керек.

Бойыңда бар жақсыны

Халқыңа арнау керек.

Халқыңа қалаулы бол,

Еліңе елеулі бол

Ал енді жолдарың болсын,

Беретін ақ батам сол.

/Балалар ізгілік еліне сапарға аттанады/

(шарда айналып ұшпақшы болады)

3.Парасат елі.

Сайран: Біз қайда келдік?/ мектебімӘні

Сол уақытта ар жағында білім патшасы пайда болады.

Білім патшасы: Сенде парасат еліне келдіңдер.бұл  жерде мен сендердің білімдеріңді, танымдарыңды тексермекпін;

Ол интелектуалды сұрақтар қояды.

Білім патшасы: Ау балаларым сендер менің сынағымның бәрінен өттіңдер, ізгілік елінің сиқырлы сандығын табатындарыңа сенімдімін. Енді білімдеріңді толықтырдыңдар, енді  ізгілік еліне жолдарың ашық.

Балалар: Талаптанып,

Қанаттанып,

Өмір сырын ұғамыз.

Білім алып .

Тұлғаланып,

Азамат боп шығамыз

/Балалар шармен тағы ұшып кетеді./

4.Әділет  ауылы.

«Тура биде туған жоқ

Туғанды биде Иман жоқ»

Көрініс ( Үш бала асық ойнап отыр)

1 бала: — Серік сен ойнамайсың?

2 бала: — Неге?

1бала:  Сенің киімің жыртық. Мамаң біздің мектепте еден жуады.  Әкең арба айдайды. Сен кедейсің.

3 бала: Ал менің әкем рекетер. Ешкімнен қорықпайды. Ал мамам «крупный бизнесмен»  Біз үлкен коттедже тұрамыз. Біздің үйде не керек бәрі бар.

1 бала: Ал менің әкем бастық. Мамам да бастық, үлкен үйіміз бар. Инамарка машинамыз бар.  Ал сенде ештеңе жоқ. (Серікті ұрады, ол жылайды)

«Заң» кіріп келіп:

Тоқтат!  5- бап. Басқаны қинауға, оған қатал қарауға , кемсітуге және ренжітуге ешкімнің құқығы жоқ.

Дильназ: Сәлеметсіздерме, сіздер кім боласыздар?

Заң:

Халықтың ақ тілегі,

Ізгіліктің бастауы.

Ата-заң мен киелі,

Еліміздің бас заңы.

Сайран: Мына жерде не болып жатыр?

Заң: мына жерде құқық бұзушылық болды. Біздің елімізде 20 қараша бала құқығын қорғау күні, Адам адамнан артық емес, Ұлы Абай айтқандай «Білім ақылмен ғана артық».  Мен Баптарыма сөз берейін, құлақ салыңдар

19–бап.

Әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға,қарым-қатынас,тәрбие,оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға құқығы бар.

29-бап.

Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.

30-бап.

1.Азаматтардың тегін орта білім алуына  кекпілдік беріледі.  Орта білім алу міндетті.

Балалар. Біз қателесіппіз, Азиз  бізден де бай екен, ол білімге бай. / қол ұстасады/

Дильназ: біз түсіндік.  Мына балаларды да кешіріңіз. Бұлардан бір білместік кеткен екен.

Сайран:Ғұрпымыз бар ел сенген,

Дәстүрлері ең ізгі.

Әділдікпен өлшенген,

Заңымыз бар негізгі.

Дилназ:  Бас иетін бар адам,

Әр сөзі де салмақты.

Қорғар пәле жаладан,

Ата заң бұл ардақты!

/Ары жолды жалғайық, шарымыз қайда. / шар жарылады/

Сайран:Енді қайттік?

Дилназ:  Анау тұрған не ?

Сайран:Кеме ғой

Дилназ:  Ендеше кемемен жүзелік

5.Тән, жан, рух

І бала:Бір бала өзінің кедейлігін айтып жылап отырады.

Шіркін- ай, егер менің байлығым көп болса, қандай жақсы болар еді. Мен онда асып- тасып өмір сүрер едім- /деп зарлауын қоймайды/

/Кетіп бара жатқан қарт адам, зарлап отырған әлгі адамның жанына келіп/

ІІ бала:- Саған не болды сонша жыланып? Сен нағыз бай адам емессің бе?

І бала: — Мен баймын ба? — /деп таң қалды жігіт/

Қане, қайда ол байлық?

ІІ бала:- Сенің көздерің ше? Бір көзіңді біреуге қаншаға берер едің?.

І бала: -Оның не?- /деп шошып кетті жігіт/

Мен көзімді ешқандай байлыққа айырбастамаймын!

ІІ бала:-Жарайды.

Ендеше екі қолыңды шауып тастасын, ол үшін саған көп алтын береді.

І бала: — Жоқ! Қолымды бермеймін, алтының керек емес.

ІІ бала:-Міне, көрдің бе. Сен өте бай адамсың ғой,

— Ендеше несіне зарлай бересің? Маған сенсең, адамның ең үлкен байлығы күш — қуаты мен денсаулығы. Оны ақшаға сатып ала алмайсың,-

Дильназ: Ата сіз өте орынды айтасыз.

Денсаулық

Балақай!

Болсаң да әлі қаршадай:

Ойнау үшін шаршамай,

Оқу үшін мектепте,

Ашу үшін тәбет те,

Құру үшін сен сауық

Керек жақсы денсаулық.

 

Денсаулық- ол шыныққан

Барлық денең мүшесі.

Денсаулық- ол тыныққан

Жүйке тамыр жүйесі.

 

Денсаулық- ол күлуің,

Көңіл күйің жадырай.

Денсаулық- ол жүруің,

Ешбір жерің ауырмай.

 

«Басты байлық- денсаулық» —

Бабаң айтқан даналық.

Сақта жолын сен тауып,

Осы шақтан балалық.

Болар барлық мүшең сау,

Жүрсе жылдар бойында,

Баяндалған осынау

Ережелер ойыңда.

Бала:  ия маған бәрі де түсінікті, денсаулық ең нағыз байлық, осы жүргенім де денсаулық арқасы ғой.

Ата: Өздерің кім боласыңдар?

Сайран : ата біз ізгілік елін іздеп барамыз.

Дильназ: ол жердегі ғажайып қазынаны тауып алғымыз келеді.

Ата: Бұл ойларың дұрыс екен. Өздерің бір парасатты балалар екенсіңдер жолдарың болсын, ниеттеріңді қабыл етсін.

6.Иманигүл

Автор: Ерте, ерте, ертеде ешкі жөні бөртеде жер бетінде барлық жануарлар сыйластықпен өмір сүріпті. Бірақ адамдар олардың тіршілік ортасы  ормандағы ағаштарды кесіп үй, жиһаз жасап,отын қылып жағыпты.

Ал даланы жыртып, егін егіп, топырақтың құнарлығын кемітіпті.

Жануарлардың жағдайы нашарлап,жиналып кеңес құрыпты.

Әтеш: Ку-ка-ре-ку! Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!Жан-жануарлар,орман кеңсесіне жиналыңыздар. Келісетін жағдай көп.

Күшік: Аф, аф! Достар не істейміз? Жер аз, үйіміз тар.Адамдар өмір сүруге кедергі жасауда.Өсіп келе жатқан жастарымыз көп.

Қоян: Иә-иә! Менің биылғы сегіз көжегім үйіме сыймайтын болды.Олардың әлі өсетіні бар.Не істерімді білмей есім шығып жүр.

Түлкі: У-у! Су кір, не іше алмайсың, не түсе алмайсың. ФУ-фу! Ауа лас. Тыныс ала алмайсың.

Аю: Мын өртенген орман ағаштарының түтіні көзімді ашытып, мұрнымызды жыбырлатып бітті

Қоян: М-ен, қо-қорқамын, бәріміз кетейікші.

Аю: Иә, кетейікші.

Автор: Осылайша жер бетіндегі барлық жануарлар өз үйлерін тастап, айға көшіп кетті. Жер беті босап, қақырып қалыпты. Егін шықпай, құстардың әні естілмей,табиғат сұлулығынан айырылыпты.Адамдар қателарін түсініп, жануарларға жеделхат жіберіпті.Көп ойланған жануарлар бір шешімге келіпті.Үйлерін әбден сағынған жануарлар қуана қайта келіп, қайда өмір сүретіндерін шеше бастапты.

Күшік: Аф-аф! Мен адамдардың үйін қорғаймын.

Әтеш: Ку-ка-ре-ку!Мен оларды ерте жұмысқа оятамын.

Аю: Мен орманның таңқурайын теріп, бал аралардың балын жеп өмір сүремін.

Қоян: Мен де табиғатта өмір сүремін, көжектеріме орын керек.

Автор: Міне, осы оқиғадан бері көп жыл өтіпті. Адамдар өздерінің кінәларын түсініп, жануарлар мен өсімдіктерді қорықтарға топтап қызыл кітапқа енгізіпті. Табиғат байлықтарын рұқсатсыз пайдаланғандарды заң алдында жауапкершілікке тартыпты.

 

Дильназ: Саялы ағаштар жайқалып өссін деймін!

Сайран:Табиғат ана жап-жасыл болып тұрсын деймін!

Дильназ: Күніміз жайнап, аспанымыз ашық болғанын тілеймін!

Бірге:Табиғат егіз адаммен

Ұқсастық табам одан мен,

Мәңгілік болсын егіздер

Жер орта көп теңіздей.

7. Патриот.  Алдарынан Жас ұландар шығады

Сайран: Сендер кім боласыңдар?

1 ұлан:  Біз- бейбіт ел ұран.

Өнер білім ұраны.

Алдымыздан жақсы арман

Күлім қағып тұрады

2 ұлан: Тербетіліп алтын дән,

Теңіздейін алтын дән.

Даламызда тасқындап,

Еңбек күйі шалқыған.

3 ұлан: Күш қайратын қаулаған

Келешекке арнаған.

Алтын айдар төріне

Көгілдір ту қадаған.

4 ұлан: Сөгілмейді іргеміз

Осылай сөз бергенбіз.

Қай кезде де біргеміз

Туып – өскен елмен біз.

« Жас ұландар, жас қырандыр»  әні

Сайран:  «Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас» — деп бекер айтылмаған ау құрдас.

Дилназ: «Ел іші алтын бесік» — ауылдан алыстап қайда барамыз

Сайран: Айтпа құрдас!  «Әркімнің өз жері жұмақ»

Дильназ: «Әркімнің өз жері- алтын бесік» екенін ұмытпайық.

/алға жүріп кетеді/

8.Әдемілік

Алдарынан қолдарына скрипка, домбыра ұстаған балалар кездеседі.

Сайран: Әдептілік- әсемдік,

Соны әспеттеп жырлайық.

Өнеге алып өсерлік,

Өрендерді тыңдайық. «ән, күй»

Дилназ: байқаймысың Сайран біз қаншама жолдардан, биік-биік белестерден, асулардан өтіп келеміз. Әжеміз имандылыққа тәрбиелесе, парасат жолында білімізді толықтырдық.

Сайран: дұрыс айтасың әділетті болуды  да үйрендік, рухани байлыққа бет бұрдық, Туған жерді, Отанды сүюді,патриоттық сезімімізді шыңдап енді міне әсемдік әдемілік  елінен де өттіппіз..Байқашы Дильназ Еңбек еліне де жетіппіз

Дилназ: ия Төзімді еңбек, бәрін де жеңбек.

Әже: Міне балалар сендер ізеттілік елінің төріне де келіп жеттіңдер.

/ Тарсыл естіледі/

Әже: Бұл кім?

Мен Бақ

Жоқ Сізді қабылдай алмаймыз /Тарсыл естіледі/

Бұл кім тағы?

Мен Дәулет

Әже: Жоқ, сізге де орын жоқ /Тарсыл/

Балалар :Неге оларды кіргізбедіңіз ата? /Тарсыл/

Бұл кім болды тағы?

Мен Ынтымақ.

Әже: Қош келдің ынтымақ, Төрге шық. Ия міне балам, ынтымағы жарасқан жерге бақ пен Дәулет ере келеді. Ынтымықты елдің балалары ғажайып қазынның да дәл үстінен түстіңдер.

Дилназ:  О. Қазына, Сайран қазынаны ашалық./ қазына ашылады/

Рақым: Шарапаттан тұратын

Мен боламын рақым.

Тек жақсылық жолында

Салтанатын құратын.

Сыйым- ізгі махаббат,

Тигізерім шапағат.

Кішілерге қамқор боп,

Қартқа тұрам «аталап».

Қанағат: Ындыныңмен ашқарақ

Құнығудың қандайын

Жөнге салам бастан-ақ,

Тыйып ұстап әрдайым.

Мен боламын өмірің,

Байлығың да барың да.

Тоқ болады көңілің,

Жүрсем әр кез жаныңда.

Терең ой: Қыран қанат құстаймын,

Талабыңды ұштаймын.

Зерделіге достаймын,

Дарындына қостаймын.

Ақылы азға қонбаймын-

Сол ғой менің зор қайғым.

Саңылауы бар, түйсігі

Торғай- екеш  торғайдың.

Талап: Таудай болса ,талабың,

Бағың болып жанамын.

Мен бар жерде болмайды

Алынбас еш қамалың.

Тұрсам келіп бабыма,

Тоят аңсар шағыма.

Көктей өтіп арманның

Қондырамын тағына!

Еңбек: Жасампаз төрді түлетіп,

Жаңғартқан қайта мың рет.

Шөлейтті жерді гүл етіп,

Жайқалтқан мен бір құдірет!

Бәрі де менің жеңісім,

Зейнетім демек жемісім,

Шалқыған астық кенішім-

Ырысты бейбіт ел үшін!

Сайран:Қанағат, Рақым, Терең ой,

Талап, Еңбек- өркен ді.

Бәрі бізге керек қой,

Ұлы өмірің ертеңгі.

Дилназ:Бес асыл іс бұл арлы,

Үлгі болған ғасырдан.

Қастер тұтып бұларды,

Ардақтап өсем жасымнан.

Әже: Тәрбиенің асқары-

Абай атам табынған.

Әдептілік бастауы

Бес асыл боп табылған.

Сол асыл іс арқасында ғажайып қазына табылған.  Міне балаларым сендер 4 жыл бойы апайларыңнан тәлім тәрбие алып, бес саусақтың бойындағы бес асылды бойларың дарытып, ізгілікті елдің ізетті ұл қызы атанып, ертең  ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрегімен аялайтын орта буын оқушылары болуға әбден дайын екенсіңдер. Мен сендерге ризамын.

Сендердей ұрпағымды мақтан етем!

 «Мектебім» әні  хор

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *