Атырау облысы Индер ауданы Индербор кенті
Индер аудандық білім бөлімінің оқушылар
шығармашылық орталығы
I Санатты «Авто ісі» үйірме жетекшісі
Өтепқали Нәсіпқали Зинелғабиденұлы
Автокөліктерді басқару әдістері
Сабақ тақырыбы:Автокөліктерді басқару әдістері
Сабақ мақсаты:
Білім қалыптастыру:Білім-білік дағдыларын қалыптастыру арқылы оқушыларды автокөліктің басқару органдарымен таныстыра отырып жүргізу әдістерін үйрету жұмыстары.
Дамытушылығы: Теориялық білімдерін нығайта отырып,автокөлікке техникалық күтім жасауға және техниканы пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауға үйрету.
Тәрбиелілігі:Еңбекке баулу, техника тілін білуге және кәсіби мамандыққа бағдарлау қызығушылығын мен сүйіспеншілігін,жұмысқа деген ынтасын,жауапкершілігін арттыру.
Сабақтың түрі:Жаңа білімді игерту,өндірістік сабақ
Сабақтың әдісі:Түсіндіру,оқушылардың өз бетінше тәжірибелік жаттығу жұмыстары.
Көрнекілігі:Оқу шеберханасы,автотренажер,технологиялық нұсқау картасы,техника қауіпсіздігі ережесі нұсқаулығының бағдарламасы, қосымша материалдар
Пән аралық байланыс:Физика,химия,жолда жүру ережелері,металдар технологиясы
Сабақ барысының мазмұны
І. Ұйымдастыру бөлімі
Оқушылардың сабаққа қатынасын,киім үлгісін қадағалап,сабаққа әзірлігін тексеру.
ІІ.Кіріспе нұсқау
1.Теориялық тексеру сұрақтары
Автокөлік түрлеріне сипаттама беру
-Жеңіл автокөлік,адам тасымалдайтын автокөлік,жүк тасымалдайтын автокөлік түрлері
-Автокөлікпен жұмыс жасаған кездегі техникалық қауіпсіздік ережелерімен таныстыру
-Автокөлік кабинасындағы бақылап-өлшеу приборларының қызметтерін түсіндіру
2.Жаңа сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстырып,түсіндіру жұмыстары
-Басқару жүйесі тетіктерін пайдалану тәртібін түсіндіру
-Басқару жүйесі тетіктерінің жұмыс жасау жолдарын түсіндіру
-Техниканы басқару кезеңінде кездесетін кедергілер
ІІІ.Ағымдағы нұсқау
-Өз бетінше жаттығу жұмыстары
—Басқару тетіктері:Жеңіл автокөліктің,жүк тасымалдайтын автокөліктің
-Беріліс қорабының, берілісті ауыстыру сызбасымен жұмыс жасап үйрену
Қосымша тапсырмалармен жұмыс
-Автокөлік шығу тарихы туралы деректер…
Автокөлік жолы-темір жол мен теңіз жолының ажырамас бөлігі.
Алғашқы орыс автокөлігі ХVІІІ-ші ғасырда пайда болды.
Алғашқы автокөлікті орыстың қарапайым шаруасы –Леоньтий Шамшуренков ойлап тапты.
1763 жылы бу машинасы ойлап шығарылды.
1812 жылы Ресейде екі бағыттағы жол қозғалысы енгізілген ереже шығарылды және жылдамдыққа шектеу қойылып,автокөлікке номер берілді.
Алғашқы Мәскеу бағдаршамы 1930 жылдың қарашасында қолданысқа енді.
Бағдаршамды грек сөзінен аударғанда «Жарық беруші» деген мағынаны береді.
-Жол-көлік оқиғалары туралы не білеміз?
Балалар мен жасөспірімдер жол жарақатын алу қаупіне бір табан жақын тұрады.Бұл- балалар мен жасөспірімдер арасындағы абайсызда болған жарақаттанудың нәтижесіндегі кісі өлімінің басты себебі Жол-көлік оқиғалары. Жол-көлік жарақатының үлесі жалпы жарақаттардың
4 % ғана құрайтындығына қарамастан,кісі өлімі мен тежеуіш-қозғалтқыш аппараттың ауыр зақымдануы,әсіресе 16-18 жас аралығындағы балалар арасында.
Бақытсыз жағдайлардың 80%-ның себебі жақын келіп қалған көліктің алдынан жүгіріп шығу,өту болып отыр.Жол-көлік жарақатының алдын алуға болады,егер бұл проблеманың қаншалықты маңызды екендігін сезініп,төмендегідей негізгі қауіп ықпал еткен жағдайда:
-Жол қозғалысына қатынасушылардың басым көпшілігінің жол қауіпсіздігі ережелерін білмеуінен немесе сақтамауынан .
-Мас күйінде көлік жүргізіп ,жылдамдық режимін бұзудан,
-Шлемдер мен қауіпсіздік белдіктерін пайдаланбаудан ,
-Жол құрлысы мен жол инфрақұрлымының қауіпсіздікке сай келмеуінен,
-Автокөліктің қарқындап көбеюінен .
-Жол-көлік оқиғаларын болдырмау ережелерінің сақталмауынан.
ІV.Сабақты қортындылау.
Білім беру мен кәсіптік-техникалық маман даярлау мәселесіне көңіл бөлу , мамандық таңдауда жоғарғы міндеттер қойып отыр.Бір ғана мамандықпен шектелу, адам қабілетінің мүмкіндігін шектейді.Қабілет адамның жеке басына тән құбылыс.келешек жоспарымыз тұғырлы экономикадан, бизнестен,компьютер тілін білетін ,көлік құралдарын еркін жүргізе алатын,өз Отанын шынайы сүйетін қасиеттерді бойына сіңірген ұрпақ болуы керек.
Бұл қазіргі заман талабы,өмір талабы,нарық сұранысы.
Ал осындай талаптарды,адамгершілік қасиеттерді оқушы бойына сіңіре отырып,білімге,
белгілі бір кәсіп түріне үйрету,өмір сұранысына икемдеу ұстаздың басты мақсаттарының бірі.
Еліміздің келешек стратегиясының бірі –көлік саласын дамыту.Ол үшін озық нанотехнологиялар мен инновациялы,ғылыми жетістіктерді барынша кеңінен пайдаланып,барлық салаға енгізу,экономиканың тиімділігін мейілінше арттыру мәселесіне ерекше көңіл бөлінуі керек.
Бұл жағдайда жастарымыздың техникаға қызығушылығын,сүйіспеншілігін өзім жасап үйренем,білем деген ниеттерін дұрыс деп бағалап отырмыз.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. В. А. Родичев, Т.И. Родичева. «Тракторлар мен автокөліктер»; -Москва,1982ж.
2. П.Ж. Жүнісбеков, М.С. Дүйсенбаев, М.Т.Жетпейісов, Г.А.Мамедалиева.
«Автокөліктерді жөндеу және техникалық қызмет».-Астана: Фолиант,2007ж.
3. П.Ж.Жүнісбеков: «Автокөліктің құрылысы және пайдаланылуы»:-Астана:Фолиант,2007.
4. Б.А.Алиев : «Автокөліктер мен қозғалтқыштар теориясы».-Астана:Фолиант,2007 ж.
5. Н.Н. Остапенко: «Металлдар технологиясы»
6. Жақсылықов.Д. Автотранспорттың жүру қауіпсіздігі негіздері.-Алматы,2007ж.
7. Қазақстан Республикасы Жол қозғалысы ережелері. –Алматы, 2012 ж.
8. Е.Ордабаев.Автокөлік және трактор қозғалтқышының теориясы.-Алматы, 1995ж.
9. Журналдар Кәсіптік мектеп, Мектептегі технология 2013 ж,2014 ж
[bws_related_posts]