Басы » Технология » Автокөліктердің жетекші белдіктері қызметі , күтіп -жөндеу жұмыстары

Автокөліктердің жетекші белдіктері қызметі , күтіп -жөндеу жұмыстары

nasipqali

Атырау облысы  Индер ауданы Индербор кенті 

 Индер аудандық білім бөлімінің оқушылар 

шығармашылық орталығы

 I Санатты «Авто ісі» үйірме жетекшісі                      

  Өтепқали Нәсіпқали Зинелғабиденұлы

«Автокөліктердің жетекші белдіктері  қызметі ,күтіп -жөндеу жұмыстары»

Деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыта оқыту

Елбасы қазақстандық білім мен ғылым жастардың қолында екендігін және интеллектуалды ұлтты қалыптастыру туралы үнемі айтып келеді.Өйткені,әлемдегі дамыған отыз елдің қатарына ену тек білім мен ғылымға негізделу керек.Бұл заман талабы.Демек,мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік дамуы инновациялық жүйемен, адами капиталға байланысты екені тағы да бір дәлелденді.Ұстаз еңбегі адамзат қоғамы тарихында жинақталған мол тәжірбие  негіздерінен білім беруге тиіс болса,үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып,білсем,үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған  мамандық иесі екені анық.Бүгінгі ұстаз шәкірттеріне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай,оны дүниежүзілік білім,ақпарат,экономика кеңістігіне шығуға яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелеу керек.

Бұл сабағымның мақсаты оқушылардың,оқу материалдарын толық меңгеруі үшін практикалық жағынан тиімді ұсынылуы,ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгеруі және оқушыларды болашақ кәсіби мамандыққа даярлау,авто ісі пәнінің сапасын арттыру болды.Қазіргі білім беру ісінің басты шарттарының бірі болып оқушының өзіне керекті мәліметті  іздеп табуы және олардың өз оқу траекторияларын өзінің таңдай білуі болып есептеледі.Сондықтан мен өз сабақтарымда мүмкіндігінше оқушыларды өзбеттерімен  ақпараттар іздеуге,қосымша материалдарды ақпараттық-коммуникациялық технологиялар көмегімен анықтай алуға үйретемін.

Сабақтың тақырыбы:

«Автокөліктердің жетекші белдіктері  қызметі , күтіп -жөндеу жұмыстары»

Білімділік : Автокөліктердің  жетекші белдіктерінің  қызметі және күтіп-жөндеу жұмыстары

тақырыптары бойынша, оқушылардың алған білімдерін қайталау, пысықтау, еске түсіру, сөйлеу қабілетін қалыптастыру.

Автокөліктердің  жетекші белдіктерінің  қызметінің  маңыздылығына өз бетінше іздену арқылы, білім алуға машықтандыру. жетекші белдіктерінің  қызметімен, күтіп-жөндеу жұмыстарын жасап үйрету.

Тәрбиелік Оқушыларды ұқыптылыққа, үнемділікке, ойлау қабілеті жоғары тұлға етіп тәрбиелеу. Оқушының еңбекке  қабілеттілігімен қатар кәсіпке икемділігін қалыптастыру, мамандық  таңдауға  бағыт – бағдар беру.

Дамытушылық:  Оқушының теориялық алған білімін, практикалық іс  жүзінде дамыту, топта жұмыс жасау арқылы қажеттілік, танымдық, өз ара   көмек, іскерлік, кәсіптік дағдыларын және сөздік қорын дамыту.

Сабақ түрі : Білімді  тексеру  сайыс сабағы

Сабақтың өту әдісі: Деңгейлеп оқыту

Көрнекі құралдар:  Плакаттар, жетекші белдік макеті, деталь бөлшектері, оқулықтар, деңгейлік   тест – тапсырмалар.

Пәнаралық  байланыс: химия,физика,металдар технологиясы

Сабақ барысының мазмұны:    

Ұйымдастыру: Оқушылардың сабаққа қатынасын тексеру,оқу құралдарын қадағалау, оқу кабинетінің     сабаққа  дайындығын бақылау. Оқушылардың назарын жаңа сабаққа аудару.

Үй тапсырмасын тексеру:    Автокөлік  механизмдері мен жетекші белдік  тақырыбына дайындалған  рефераттарға тоқталып, талдау жасау, талқылау, бағалау,  тест (сұрақ – жауап)  әдісімен өткен тақырыптарды қайталау.

Үйге тапсырма: Сабақта өткен автокөлік механизмдері  мен жүйелеріне арнап жаңадан  рефераттар дайындау, өткен  сабақ  туралы оны бұдан да  жоғары дәрежеде өткізу, жаңалық енгізу  пікірлер жазып келу.

Сабақты қорытындылау: Сабақтың жетістіктері мен кемшіліктеріне  қысқаша шолу жасап; сабақта жақсы, ерекше деген білім    дәрежесін көрсеткен оқушылардың, білімге деген құштарлығын ынталандыру,бағалау.

Сабақты қортындылай келе жалпы тарау бойынша деңгейлік  тапсырмалар  беру арқылы сынақ өткіздім. Оқушы өз  қалауымен   кез -келген қатардан тапсырма алып орындауға кіріседі. Деңгей  тапсырмасына                   жауап  берген оқушы одан күрделірек  деңгейдегі тапсырма алып, бағасын  жақсартуға құқы бар. Осылайша құрылған оқу жүйесі бойынша, білім беру  арқылы    мынадай  нәтижелерге жетуге болады.

—  Оқушылардың пәнге қызығушылығы артты, айналасында    болып   жатқан өзгерістерді жақсы қабылдады;

— Өз ойын жеткізе білу мүмкіндіктерінің деңгейі туралы нақты   түсінік  қалыптастырады.

— Оқушылар теориялық білімін іс жүзінде дамыта, жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыра білді.

Мұғалімнің негізгі мақсаты  — оқушының қызығушылығын арттыру, білімді де білікті маман дайындау. Бұл әдіс оқытушыны да, оқушының да, ой  еңбегін дамытып, ізденуге жетелейді деп ойлаймын.

Техникалық мамандықтарда өндірістік оқу сабағын өткізудің ерекшеліктерінің бірі – оқушыны «білуі керек», «істей алу керек» деген ұғымды алға қоя отырып, қайталауға, ізденуге үйрету арқылы жоғары білікті маманды дайындауға болады деп ойлаймын.

Авто ісі мамандығында болашақ маманды ғылыми ізденіс арқылы шығармашылыққа қалыптастырудың нәтижелі болуы іздене білуі, ізденіп қана қоймай ұғынуы, санаға сіңіруі мен белсенді іс — әрекеті арқылы іске асады. Болашақ мамандардың рухани дамуы    екі әрекет арқылы дамиды.

Біріншіден, болашақ маманның осы кезге дейін жинақтаған іс-тәжірибесін меңгеруге арналған оқу әрекеті.

Екіншіден, болашақ маман шығармашылық іс — әрекеттерді орындау арқылы өзінің рухани-құндылық мүмкіндіктерін дамыта алады. Оқу әрекеті мен шығармашылық іс — әрекеттің айырмашылығы, ол болашақ маманның өзін — өзі қалыптастыра білуіне, өз ойын жүзеге асыруына бағытталған жаңа әдістерді ізденіп, жаңа талаптарды орындау мүмкіндігіне байланысты.Тәрбие беруде эмоционалдық тұрғыда олардың қызуғышылықтарын арттырып, ынталандырып, дұрыс басшылық жасап, шебер ұйымдастыру барысында іске асыруға болады. Болашақ маманның өмірде өз орнын таба алып, еліне, жеріне белгілі бір пайда келтіретіндей қоғам мүшесі ретінде қалыптасқан тұлға болуы үшін көтерілетін ең басты мәселе тұлғаны жан – жақты тәрбиелеп, оның рухани дамуына шығармашылық қабілеті себеп бола алады. Тек өмір тәжірибесінің, дара – дүниетаным, дара – эстетикалық көзқарасын меңгерулері арқылы болашақ маман шығармашылық қабілетін ашып көрсете алады. Бұл жүйедегі негізгі тұлғалар білім беруші мен алушы ұстаз бен шәкірттің бірігіп, бір мақсатта орындайтын іс — әрекеті. Оқыту әдістері пәннің мазмұнын тиімді меңгертудің танымдық ізденімпаздығын, кәсіби мамандығына қызығушылығын қалыптастырудың амал – тәсілі, оқыту әдістерін білім алу негізінде (сөз, көрнекілік, тәжірибелік) оқыту кезеңдерінде (жаңа материалдармен танысуға дайындық, жаңа материалды игеру, нақтылау, тереңдету, тексеру, бағалау), басқару тәсілінде (ұстаздың түсіндіруі, өзіндік жұмыс арқылы), жеткізу логикасына (индуктивті, дедуктивті, аналитикалық, синтетикалық), дидактикалық мақсатына (оқу – танымдық әрекетті ұйымдастыру, оқу – танымдық әрекетке ынталандыру, оқу – танымдық әрекеттің тиімділігін тексеру), білім алудың әрекетінің сипатына қарай (түсіндіру, іздену, зерттеу) арқылы танымдық қабілеттерін жетілдіруге болады.  Қазіргі таңда жаңа технологиялар мен ғылыми жетістіктерді күнделікті сабақтарда саралап, оқушыларды таныстырып отыру қажет деп есептеймін. Елімізде қазіргі таңда Еуропа, Америка, Жапония елдерінде шығарылған автокөліктер күннен күнге  көбейіп келеді. Осы автокөліктерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын жүргізуде заман талабына сай білікті кәсіпқой  маман дайындау – негізгі міндеттеріміздің бірі.

Ұстаздың негізгі басты мақсаты-рухани бай,ізденімпаз,адамгершілігі мол кәсіби маман қалыптастыру болып табылады.Ендеше,бүгінгі білім мен білік бәсекелес болған  заманда ұландарымыздың  биіктен  көрінуіне  күнделікті  ісімізге жаңашылдығымыз  арқылы,

жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз.XXI ғасыр-білімділер ғасыры.Ендеше бізге ой өрісі жоғары,зерделі,жан-жақты дамыған,парасатты  ұрпақ  керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.

Ашық формадағы деңгейлік тест-тапсырмалар.

1.Алғашқы іштен жанатын қозғалтқышты ойлап тапқан Петербург қаласындағы орыс флотының офицері………………………..(И.С.Костович).

2………………..жылы  бірінші іштен жанатын қозғалтқыш  ойлап  табылды.(1879ж).

3.1885жылы  4-цилиндірлі  тігінен тұратын қозғалтқышты ойлап тапқан орыс конструкторы………………..(Б.Г.Луцкин).

4.1897 жылы дизель қозғалтқышын ойлап тапқан…………………..(Рудольф Дизель).

5.1897 жылы ойлап табылған дизель қозғалтқышын ……………………деп атаған.

(сығу механизмді).

6.Алғашқы дизель қозғалтқышына жанармай сорабын қойып жетілдірген орыс инженері………………….(Г.В.Тринклер).

7……………………………….  басқаруымен «жанармай сорабын» пайдаланып ,Путилов(Киров)

қозғалтқыш зауыты құрылды.(Г.В.Тринклердің).

8.Бірінші рет дизель қозғалтқышын доңғалақты тракторға орналастырып,«орыс тракторын»

ойлап шығарушы белгілі орыс конструкторы……………………..(Я.В.Мамин).

9.1882 жылы алғашқы жеңіл автокөлікті ойлап табушы орыс инженерлері

……………………………….. (Путилов,Хлобов).

10.1885 жылы бензинмен жүретін бір орынды мотоколясканы ойлап тапқан неміс құрастырушысы………………………(Г.Даймлер).

11.1886 жылы төрт доңғалақты екі орынды автокөлікті ойлап тапқан неміс құрастырушысы

……………………..(К.Бенц).

12.Автокөлік жүкті өзі түсіретін шанақпен жабдықталған болса,онда ол …………………… автокөлік деп аталады.(жүкті өзі түсіретін).

13.Автокөлік тіркеме және жүк түсіретін шанақпен жабдықталған болса,онда ол ……………………

деп аталады.(авто сүйреуші).

14.Егер автосүйреуші бір немесе бірнеше шанақпен жабдықталған болса,онда ол …………………..

деп аталады.(автопоезд).

15.Автокөлікте жолаушы тасымалдайтын орын ……………….. жоғары болса,онда ол жолаушы тасымалдайтын автобус деп аталады.(cегізден).

16.Жүк автокөлігі үш негізгі бөлігінің үйлестіру әдісі бойынша …………………….деп бөлінеді. (капотты,капотсыз).

17.Автокөліктерге күнделікті техникалық қызмет көрсетіледі.(желідегі жұмыс соңынан

немесе  желіге  жұмысқа шығар  алдында).

Пайдаланылған  әдебиеттер:

1.   В. А. Родичев, Т.И. Родичева.   «Тракторлар мен  автокөліктер»; -Москва,1982ж.

2.   П.Ж. Жүнісбеков, М.С. Дүйсенбаев, М.Т.Жетпейісов, Г.А.Мамедалиева.

«Автокөліктерді жөндеу және техникалық  қызмет».-Астана: Фолиант,2007ж.

3.   П.Ж.Жүнісбеков:  «Автокөліктің құрылысы және  пайдаланылуы»:-Астана:Фолиант,2007.

4.   Б.А.Алиев :  «Автокөліктер мен қозғалтқыштар  теориясы».-Астана:Фолиант,2007 ж.

5.   Н.Н. Остапенко:     «Металлдар технологиясы»

6.   Жақсылықов.Д. Автотранспорттың жүру қауіпсіздігі негіздері.-Алматы,2007ж.

7.   Қазақстан Республикасы Жол қозғалысы ережелері. –Алматы,  2012 ж.

8.  Е.Ордабаев.Автокөлік және трактор қозғалтқышының теориясы.-Алматы, 1995ж.

9.  Журналдар  Кәсіптік мектеп, Мектептегі технология  2013 ж,2014 ж.

[bws_related_posts]

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *