Басы » Химия » Үздік химия кабинеті (Әдістемелік нұсқау),

Үздік химия кабинеті (Әдістемелік нұсқау),

Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық білім беру,

денешынықтыру және спорт бөлімі

О. Әлібаев атындағы орта мектебінің  химия пәнінің мұғалімі Акмаганбетова  Бакыт Камалиденовнаның  іс-тәжірибесінен

Үздік химия кабинеті

 

 

2013 – 2014 оқу жылы

Пікір жазған:

А.Х. Айтжанова – Жаңаарқа аудандық білім беру, денешынықтыру

және спорт бөлімінің әдіскері

Құрастырған:

Б. К. Акмаганбетова — О. Әлібаев атындағы орта мектебінің химия

пәнінің мұғалімі

«Үздік химия кабинеті » (Әдістемелік нұсқау),

Атасу 2014

46 бет.

 Пікір

Акмаганбетова Б.К. Қарағанды облысы Нұра ауданы Киевка кентінде 1970 жылы өмірге келген. Қарағанды Мемлекеттік Университеті химия факультетін 1992 жылы бітірген. Сол жылдан Оспан Әлібаев атындағы орта мектебінде еңбек жолын мұғалім болып бастап, қызмет атқарған.

Бакыт Камалиденовна — өз пәнін жетік білетін маман, аудан көлемінде шеберлігімен көзге түсіп жүрген тәжірибелі, қоғамдық ортада беделді ұстаз.

Қоғамымыздың ертеңгі болашағын — мектеп жасындағы жас жеткіншектерді үлгілі, биіктен көріне алатындай тәрбиелеуге ерекше көңіл бөледі. Шәкірттері : Әзбаева Айнұр, Оңғарова Үміт, Рахымтаева Жұлдыз, Әбікенов Алтынбек, Өмірбекова Айдана, Байжанова Самал, Сұлтанова Әйгерім, Қожамұратова Әсел сияқты оқушыларымен мақтана алады. Оқушылары бірнеше аудандық олимпиада жүлдегер болған: Оразалина Нұргүл, Байжанова Самал, Сәрсенова Қымбат, т.б. 2011-2012 оқу жылында 9- сынып оқушысы Баққалиева Қолғанат Қарағанды қаласындағы облыстық байқауда «Табиғи бояулар» атты жобаны қорғап 3- орын иегері болды.

Аудандық, облыстық білім басқармасының алғыс хаттарымен, мадақтамаларымен марапатталған.

Акмаганбетова Бакыт Камалиденовнаға жаңа табыстар тілей отырып, мұғалімдерге кабинет жабдықтаудағы әдістемелік шеберлігін іс- тәжірибе жүзіндегі таратуды ұсынып отырмыз.

                                                              Әдіскер Айтжанова А.Х.

D:\Documents and Settings\Admin\Local Settings\Temporary Internet Files\Content.MSO\E03F7C6B.jpg Акмаганбетова Бакыт Камалиденовна

Туған жері: Қарағанды облысы,

Нұра ауданы, Киевка кенті

Білімі: Жоғары

Бітірген оқу орны: Қарағанды

Мемлекеттік Университеті химия факультетін 1992 жылы бітірген және Оспан Әлібаев атындағы орта мектебінің химия пәнінің мұғалімі.

Санаты: Екінші

Еңбек өтілі: 21 жыл

Жетістіктері:

2010-2011оқу жылында Акмаганбетова Бакыт облыстық

«Әдістемелік вернисаж» байқауына қатысып, «Химия дүниетанымы — химия әлемінде» атты жобаны қорғап 3- дәрежелі дипломмен марапатталды.

Бірнеше аудандық олимпиада жүлдегерлерін дайындаған

2011 — 2012 оқу жылында 9- сынып оқушысы Баққалиева Қолғанат Қарағанды қаласындағы облыстық байқауында «Табиғи бояулар» атты жобаны қорғап 3- орын иеленді.

Жалпы ережесі

1.1 Химия кабинеті — бұл мектептегі арнайы жабдықталған оқу кабинеті, жоғары деңгейдегі ғылыми — әдістемелік, психикалық-педагогтік оқу және тәрбие үрдісін жүргізуге арналған. Кабинеттегі жұмыс осы көрсетілген тәртіп бойынша жүзеге асырылады.

1.2 Химия кабинеті Мемлекеттік «Білім» бағдарламасын, Қазақстан Мемлекетінің Білім туралы Заңын, жалпыға бірдей орта білім беру мемлекеттік стандартын жүзеге асыруға арналған.

1.3 Химия кабинетінде өткізілетін сабақтар:

  • Оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға;

  • Анықтамаларды қолдану дағдысы, оқылған тақырыпты жүйелеу және талдау дағдысын қалыптастыру;

  • Күнделікті өмірде алған білімдерін практикамен ұштастыра отырып, пән бойынша терең білім қалыптастыру;

  • Оқушылардың өзін — өзі басқару, өзіне баға беру, өз ісіне талдау жасай білу қабілетін дамыту;

  • Ұйымдастыру қабілеті жоғары тұлға тәрбиелеу;

1.4 Кабинет демонстрациялау, зертханалык жұмыстар жүргізуге лайықталып оқу құрал — жабдықтарымен, жиһазбен, жаңа техникалық оқу құралдармен, көрнекіліктері, экспозициялық және проекциялық оқулықтармен, CD және DVD дисклердегі электрондық құралдармен, әдістемелік оқу – әдістемелік және анықтамалық әдебиеттермен, оқу әдістемелік жинақтармен жабдықталады.

1.5 Кабинет жабдықталуы химия пәнінің сабақ берілу ерекшеліктерінің айнасы, оқушыларға рухани — танымдық және эстетикалық тәрбие беруге жағдайластырылған, сонымен катар химия кабинетінін санитарлық жағдайы да талапқа сай қалыптасқан.

1.6 Жұмыс стенді тақырыпқа сай жабдықталады іс — қимыл сипатты, сабақта және сыныптан тыс алған білімдерін кеңейтіп, терендетуге ықпал жасайды.

1.7 Мектеп әкімшілігі, комиссия мүшелерімен химия кабинетін жылына 2 рет байқаудан өткізеді.

2.Химия кабинетіне қойылатын негізгі талаптар

2.1 Кабинетте болу керек:

  • Қазақстан Мемлекетінің жалпы білім беру стандарты;

  • Оқу жылына арналған;

  • Білім негіздерін оқыту инструктивті – әдістемелік хаты;

  • Пән бойынша бағдарламалар, күнтізбелік жоспар;

  • Оқулықтыр, оқу – әдістемелік жиынтықтaр;

  • Химия кабинеті туралы түсініктеме;

  • Кабинет туралы бұйрық;

  • Кабинет меңгерушісін тағайындау туралы бұйрық;

  • Кабинет меңгерушісінің міндеттері;

  • Кабинет паспорты;

  • Инвентарлық тізбесі: жиһаз, құралдар, электрондық және оқу құралдары;

  • Оқу меңгерушісі мен мектеп әкімшілігімен жеке материалдық жауапкершілік жайлы келісім — шарт;

  • Кабинетті пайдалану ережесі;

  • ТҚЕ;

  • ТҚЕ журналы;

  • Алғашқы көмек көрсету ережесі;

  • Химия кабинетінде сабақ өткізуге рұқсат ету актісі;

  • Оқу жылындағы өткізілетін кабинет жоспары;

  • Өткен оқу жылындағы кабинет жұмысына талдау;

  • Кабинетте сабақ өткізу кестесі.

3. Химия кабинетінің меңгерушісі үшін еңбекті қорғау мен санитарлық – гигиеналық тәртіп жөніндегі нұсқаунама

3.1 Жоғарыда аталған кабинеттің мұғалімі міндетті:

  • Сабақ өткізуде қауіпсіздік пен денсаулық жағдайын туғызу үшін қажетті шаралар қолдануға;

  • Қауіпсіздік техникасы мен өндірістік тазалық бойынша ережелер мен нұсқаунамалардың орындалуын қамтасыз етуге;

  • Қауіпсіздік техникасында қарастырылған құралдар мен басқа да жағдайлар жасағанда денеге жарақат жасалмайтындай сабақ пен жұмыс жүргізуге;

  • Жұмыс орындары құрал — жабдықтар, прибор, саймандар мен ғимараттың тазалық жағдайының қауіпсіздік жағдайын қамтамасыз етуге;

  • Қауіпсіздік техникасы бойынша журналда қажетті нұсқауларды жазу арқылы оқушылармен нұсқаулық жүргізуге;

  • Оқушыларды арнайы киімсіз және қорғаныс құралдарынсыз жұмыс жүргізуге және сабаққа жіберілмеуі;

  • Сабақ пен жұмыс кезінде өмірге қауіпті жағдай туындаған кезде жұмысты тоқтатып, ол туралы мектеп директорына баяндалу;

  • Мектеп директорына өзіне жүктелген нұсқаунамамен басқа да актілердің орындалмауынан болған қатерлі жағдай туралы бірден хабарлануы;

  • Оқушылардың зертханалық және сарамандық жұмыс жүргізілу тіркеу журналы;

  • Оқушылардың өздік және практикалық жұмыстар ұйымдастыруға арналған дидактикалық және үлестірме материалдарын жеткілікті қамтамасыз ету;

  • Олимпиада және Ғылыми зерттеу жұмыстарын өткізуге, пән апталықтары, сыныптан тыс ұйірме жұмыстары, диагностика, мониторинг, тест және бақылау жұмыстарының жиынтығы;

  • Кабинет жабдықтары: тұрақты және ауыспалы оқу- ақпарат стенділер.

Химия кабинетінің жалпы көрінісі

Кабинет стендтері ақпараттық, танымдық қызметтер атқарады

Химия пәні бойынша оқу бағдарламасына сәйкес бекітілген

8 – 11 сынып аралығындағы күнтізбелік жоспарлары

Бекітілген кабинет төлқұжаты

Бекітілген техника қауіпсіздік ережесін таныстыру және оқушылардың зертханалық және сарамандық жұмыс жүргізілуінің тіркеу журналы

    

 

Сарамандық және зертханалық жұмыстардың тізімі кестеде уақыт мерзімімен , олардың тапсырмалары мен орындалысы және құрал- жабдықтар картотекасында әр жұмысқа пайдаланатын құрал- жабдықтар мен реактивтер тізімі көрсетілген.


Әр сыныпқа арналған тарау бойынша дидактикалық материалдар және деңгей бойынша үлестірме карталар мұғалімнің уақытын үнемдейді.

Әр сынып бойынша нөмірленген плакаттар сөреде орналасқан, жанында олардың тізімі көрсетілген. Дайын көрнекіліктер кез келген уақытта көмекке келеді.

Сынып, тарау және тақырыбы бойынша тест және бақылау жұмыстары арқылы оқушылардың тақырыпты қаңдай деңгейде меңгергендігін тексереміз.

 

Ақпараттық технологияның болуы

      Кабинет толығымен ақпараттық технология базасымен жабдықталған. Сынып бөлмесінде компьютер, принтер, скайнер, бейнепроэктор, бейнекамера бар.

Электрондық оқулықтар жиынтығы

 

Оқу – әдістемелік құралдардың қамтамасыз етілуі және оқу бағдарламасын орындауға пайдалану деңгейі

Кабинет толығымен оқу — әдістемелік құралдардың қамтамасыз етілген және оқу бағдарламасын орындауға лайықты деңгейде. Әдебиеттер жиынтығы химия анықтамалар, мұғалімдерге, студенттер мен оқушыларға, зертханалық және сарамандық жұмыстарға арналған методикалық құралдар, химиялық методикалық журналдар болып  жіктелген.

Химиялық методикалық журналдар

Минералды заттардың, шыны, мұнай және олардың  өнімдерінің, талшықтар, металдар, темір және болат  үлгілерінің жиынтығы сөреде орналасқан.

Оқушылардың шығармашылық еңбектерінің жиынтығы (рефераттар, зерттеу жұмыстар, жобалар, ребустар, буклеттер және т.б ).

       Шығармашылықпен айналысатын оқушылар сабақ барысында рефераттар, баяндамалар жазады, сыныптан тыс уақытта зертханада зерттеу жұмыстар жүргізеді, жобаны қорғайды.

     «Қазақ халқының – химия әлемінде» атты іс- шарада 9- 11 сынып оқушылары өздерінің шығармашылық жұмыстарын реферат, зерттеу жұмыстарын слайдпен көрсетіп, Жұмағұлов Ильяс «Қазақ халқының химиялық дүниетанымы», «Сүт және оның өнімдері» атты зерттеу жұмыстарын қорғады.

       2011 — 2012 оқу жылында 9- сынып оқушысы Баққалиева Қолғанат Қарағанды қаласындағы облыстық байқауында «Табиғи бояулар» атты жобаны қорғап 3- орын иеленді.

 

Сыныптан тыс уақытта оқушылар үйірмеге қатысады

Үйірме жұмысының тақырыбы «Химия және экология». Оқушылар үйірмеге қатыса отырып, экологиялық білім, экологиялық сана, экологиялық тәрбие, экологиялық мәдениетін қалыптастыра отырып, дамытады.

Мұғалімнің шығармашылығы

2010 — 2011оқу жылында «Әдістемелік вернисаж» байқауына қатысып, «Химия дүниетанымы — химия әлемінде» атты жобаны қорғап 3- дәрежелі дипломмен марапатталдым және арнайы мектеп рекриациясында стенд жасадым.

 

Зертхана бөлмесінің жабдықталуы

Химиялық ыдыстар, реактивтер жеке арнайы шкафта органикалық және бейорганикалық болып жіктелген. Олардың тізімі шкафтың жанында және құрал- жабдықтар картотекасында көрсетілген.

 

 

Құрал — жабдықтарға арналған шкафтар

Металлл тұрғылар жеке столда орналасқан және нөмірленген

 

Қыздырғыш құралдарға арналған стол

Өмірге қауіпті заттар жеке сейфте орналасқан және олардың тізімі өздеріне сәйкес белгілерімен көрсетілген

Зертхана терезесі қараңғыланған

Техника қауіпсіздік бұрышы

Өрт сөндіргіш баллон, алғашқы көмек көрсететін қорабы

 

 

Қолданылған әдебиеттер

1. Г. К. Айтжанова . Положение о кабинете географии. Караганда — 2010  270-1-9 стр

2. М.Мырзабай ұлы. Химияны оқыту әдістемесінің практикумы. Алматы       « Рауан» 2008.11-18 беттер

3. «Химия анықтамалығы » журналдары 2013 ж №1 37-41 беттер

А. А. Грабецкий, Т. С. Назарова .Кабинет химии. Изд. « Просвещение »,

1974 г 25- 31 стр

4. М. Я. Марголина. Иллюстративный каталог учебного оборудования для школ.Изд. Варсон, 2003 г.193- 246 стр

 [bws_related_posts]

4 комментария

  1. Айман Жексенбаева

    Тамаша маған ұнады, сізге рахмет. Үйренері көп екен

  2. Жақсы жабдықталған екен, тамаша сізге шығармашылық табыстар тілеймін, сізбен қалай хабарласуға болады тәжірибе алмасуға

  3. өте керемет,шығармашылық табыстар тілеймін.тәжірибе алмасуға қалай болады?

  4. сізбен қалай хабарласуға болады тәжірибе алмасуға

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *