№3 жалпы орта білім беретін мектебі
Нугуспанова Ш.Т.Тіл – асыл қазына
«Тіл – асыл қазына» (лингвистикалық ойын)
Мақсаты: Оқуға ынталандырып, ойын еркін жеткізетіндей тілін байытып, белсенділікті арттыру. Санасын кеңейте отырып, білімге ізденімпаздығы мен сүйіспеншілігін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Білім сайысы:
Ұйымдастыру.
Сайысты бірінші бастайтын топты анықтау үшін жеребе тастау.
І бөлім. «Мақал – сөздің атасы»
Әр топқа мақалдың басы айтылады, топ мүшелері мақалды аяқтау керек.
І топқа:
а Тіл қылыштан (өткір)
ә Тіл тас (жарады),
тас жармаса бас (жарады)
б Отан оттан (ыстық)
в Сөз сүйектен (өтеді)
г Тілі байдың (елі бай)
ІІ топқа:
а Тіл тағдыры – (ел тағдыры)
ә Сәлем — сөздің (анасы)
б Өнер алды – (қызыл тіл)
в Өнерліге (өріс кең)
г Аз сөз- (алтын)
ІІ бөлім. «Бәйге»
Берілген уақыт ішінде сұрақтарға тез жауап беру керек,
І топқа:
— Еліміздің елбасы кім?
— Сөйлем неден құралады?
— 5+3 нешеге тең?
— Үй құстарына нелер жатады?
— Табиғат сөзі неше буынға бөлінеді?
— Бір тәулікте неше сағат бар?
— Жуан дауысты дыбыстарды атаңыз.
— Неше жыл мезгілі бар?
— Көшедегі жол қиылысындағы белгі.
— Қазақстанның туының түсі қандай?
ІІ топқа:
— Үй жануарларын атаңыз.
— 40,50,60 деген сөздер қандай сұраққа жауап береді?
— Қандай сөздер бас әріппен жазылады?
— Уақытты немен өлшейді?
— Ел рәміздерін атаңыз.
— Қазір қай мезгіл?
— 10-3 нешеге тең?
— Мектеп деген не?
— Қазақстанның елордасы қай қала?
— Зат есім деген не?
ІІІ бөлім. «Бейнелі сөзге бейімді бол»
2 топтан 1-1 оқушы шығып, тұрақты тіркестердің мағынасын ашады.
І топқа:
1 Араға от салу
2 Салы суға кету
3 Қара аспанды төндіру
4 Бүйрегі бүлк етпеу
5 Шөп басын сындырмау.
ІІ топқа:
1 Тауы шағылу
2 Тепсе темір үзер
3 Аузының суы құру
4 Күлін көкке ұшыру
5 Тасы өрге домалау
ІV бөлім. «Сөз тапқанға қолқа жоқ»
2 топқа да 3 әріптен беремін, берілген сұрақтардың жауабы сол әріптерден басталуы керек.
І топқа: А, С, М.
— Көз неге керек?
— Абай кім?
— Қайда тұрасыз?
— Бүгін күн қандай?
— Қай сыныпқа сабақ бересіз?
— Атыңыз кім?
— Сайыс ұнады ма?
— Шет елге бардыңыз ба?
— Ұйқыны жақсы көресіз бе?
ІІ топқа:
— Қол не үшін керек?
— Қай қалада тұрасыз?
— Далада ауа райы қандай?
— Қай пәннен сабақ бересіз?
— Сіз музыка тыңдайсыз ба?
— Үйге кіммен қайтасыз?
— Мында неге келдіңіз?
— Қандай тағамды ұнатасыз?
— Сіз үшін өмірде не қымбат?
V бөлім. Берілген сөзден сөз құрау, 1 әріп 2 рет қайталанбауы керек.
«Қазақстан» сөзі.
— Сайысты қорытындылап, қорытындысын шығару.
[bws_related_posts]