Басы » Қазақ тілі мен әдебиеті » Жеті қазына мен жеті ырыс. Сан есімнің қызметі.

Жеті қазына мен жеті ырыс. Сан есімнің қызметі.

Қостанай облысы, Рудный қаласы әкімдігінің
«№10 мектеп-гимназиясы»КММ
қазақ  тілі мен әдебиетінің  мұғалімі
Абаева Айгүл Мәлікқызы
Ашық сабақтың жоспары
Тақырыбы: Жеті қазына мен жеті ырыс. Сан есімнің қызметі.
Мақсаты: 1. Берілген тақырып бойынша сөздерді, сөз тіркестерін, сөйлемдерді білу, құрастыру.         Қазақ халқының қасиетті сандармен таныстыру.
2. Ауызша және жазбаша тіл дамыту, ойлау, сөйлеу қабілеттерін жетілдіру, оқушыларды ізденіске, өз ойларын айта білуге үйрету;
3. Қазақ  халқының қасиетті ырымдар мен дәстүрлер туралы айтып, оқушылардың  қызығушылықтарын артыру.
Көрнекілігі: тірек-сызба, кесте, үлестірме карточкалар, сөздіктер.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ – жауап, баяндау,  іздену, талдау, жинақтау
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, әдебиет
Сабақтың өтілу формасы: жекелей, топтық, жұптық

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Сыныпты түгендеу.

Кезекшімен тіл дамыту жұмысын жүргізу.

                           Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

                           Жоқ оқушыларды белгілеу, анықтау

 

Үй тапсырмасын тексеру:

                                                     Тұрақты тіркестері қайталау.

                                                     Менің шежірем атты кестені толтыру.

                                                      (проектіні жасауға 3-5күн беріледі)

Жаңа сабақ:  Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

                      Сабақтың ұраны: Жақсы сөз-жарым ырыс. (мақалды аударып, мағынасын түсіндіру)

                 Кіріспе сөз:  Қазақ халқының «7»  саны қасиетті, өйткені көп ұғымдар осы санмен байланысты. Оларды атап өтейік.

Бүгін біз сабақта жеті санмен әрі қарай танысамыз.

 

Жеті қазына

Жеті ырыс

Жеті жұт

  1. ҚАҚПАН

1.АҚЫЛ, ОЙ

1. ҚҰРҒАҚШЫЛЫҚ

  1. МАЙЛАНҒЫШ АУ

2. ДЕНСАУЛЫҚ

2. ЖҰТ

  1. ӨТКІР КЕЗДІК

3. АҚ ЖАУЛЫҚ

3. ӨРТ

  1. ЖҮЙРІК АТ

4. БАЛА

4. ОБА (АУРУ)

  1. ҚЫРАН БҮРКІТ

5. КӨҢІЛ

5. СОҒЫС

  1. БЕРЕН МЫЛТЫҚ

6. ЖЕР

6. ТОПАН СУ

  1. ЖҮЙРІК ТАЗЫ         (ИТ)

7. ИТ

7. ЗІЛЗАЛА

  1. Берілген атауларды түсіндіру.

  2. Өмірімен байланыстыру.

Жаңа сөздер: ырыс-счастье, благо

                      Қазына-сокровище, казна

                      Ұғым-понятие

                      Қыран-ловкий, зоркий

                      Серт-клятва

                      Ауы-сеть

                      Дүниетаным-мировозрение

  1. сөздердің мағыналарын түсіндіру.

  2. сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру.

  3. сөз тіркестерді, сөйлемдерді құрастыру.

Мәтінмен жұмыс:

Жеті қазына –қазақтың дәстүрлі дүниетанымдағы философиялық  түсіндіқтердің бірі.

Қазақ халқы жеті қазынаны ер жігіттің өміріен байланыстырып, оның ұғымына  мыналарды жатқызады: 1. жүйрік ат; 2. қыран бүркіт; 3. құмай тазы; 4. берен мылтық; 5. қанды ауыз қақпан; 6. майланғыш ау; 7. өткір кездік.

Ер жігіттің жүйрік аты-қанаты. Қыран бүркіті –қуаты. Құмай тазысы-сенімді серігі. Мылтығы –оты. Қақпаны-серті. Ауы — әдіс –айласы. Кездігі-сұсы.

Қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымындағы  философиялық түсініктердің екіншісі-жеті ырыс.

«Жеті ырысқа» мыналарды жатқызады: 1. адамның ақылы, өй-санасы; 2. денсаулық;

            3. ақ жаулық; 4. бала; 5. көңіл; 6. жер; 7. ит.

1. мәтінді аударып, сұрақ қою.

2. қысқаша мазмұндау.

Дәптермен жұмыс:  грамматикалық ережелерді қайталау.

Сан есім. Сан есімнің қызметі.

   Мағынасына қарай:

Сан есімнің қызметі.

Бастауыш

Баяндауыш

Толықтауыш

Анықтауыш

Пысықтауыш

Бесеуі де үздік оқиды.

Түйеқұстың аяғы екеу.

Мен үшеуін көрдім.

Үйдегі бес-алты малымыз жоғалып кетті.

Олар бес-бестен бөлінді.

Жаттығу: Синтаксистік талдау:

Түйенің өркеші екеуі, аяғы төртеуі. (нешеу-баяндауыш)

Асанның бес баласы бар. (неше-анықтауыш)

Сергету сәті: топпен жұмыс.

Мақалды аударып, жалғауларды қойып тап.

1 топ

2 топ

Хороший, человек, страна+ілік септік,  благо+тәуелдік жалғау III жақ

Хороший, слово, душа+ілік септік, дыхание+ тәуелдік жалғау III жақ

Жақсы адам  елдің ырысы,

Жақсы сөз жанның тынысы.

Сабақты бекіту: тест жұмысы. (3-4 минут, бір-бірін тексереді)

1.Сабақтың тақырыбы қандай болды?

А. қазақ отбасы   Б. қара шаңырақ  В. Жеті қазына мен жеті ырыс

2. сабақтың ұраның көрсет:

А. Отан — оттан да ыстық  Б. жақсы сөз жарым ырыс  В. әке балаға сыншы

3. Жеті ырысқа қатысты сөзді көрсет:

А. Жұма Б. Қақпан  В. Денсаулық

4. Сан есімнің сұрақтары:

А. Кім? Не?   Б. Неше? Қанша?   В. Қандай?

5. Жеті қазынаға қатысты сөзді көрсет:

А. Сенбі   Б. Бала   В. Жүйрік ат

6. Қара шаңырақ деген не?

А. әке-шешесінің үйі Б. қыздың үйі   В. Мектеп

7. Қасиетті санды көрсет:

А. 5      Б. 6        В. 7

8. Реттік сан есімді көрсет:

А. бірінші       Б. бесеу    В. Алты

9. Отбасына байланысты мақалды көрсет:

А. ел іші алтың бесік   Б. Өнер алды қызыл тіл  В. Тату үйдің тамағы да тәтті

10. Ыңғайлас салалас сөйлемді көрсет:

А. Ол да келді, мен де кеттім.

Б. Күн суық, бірақ жаңбыр жауған жоқ.

В. Биыл шөп қалың, өйткені жаңбыр жиі жауыды.

Жауаптар: (1.В 2.Б 3.В 4.Б 5.В 6.А 7.В 8.А 9.В 10.А)

Уақыт қалса бір-біріне сабақ бойынша сұрақ қояды.

Үй тапсырмасы: «Жеті ырысты»  жатқа, сан есіммен 3 сөйлем құрастыру.

Бағалау.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *