Қостанай облысы
Рудный қаласы әкімдігінің
«№10 мектеп-гимназиясы»КММ
қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі
Абаева Айгүл Мәлікқызы
Ашық сабақ
Атамекен Қазақ даласынан тәуелсіздікке дейін
7-9 сыныптар (аралас)
Мақсаттары: 1. Тәуелсіздік тұғырының биік шыңына жетелейтін оқиғаларға толы тарих беттеріне, 20 жыл бойы жеткен ҚР жетістіктеріне шолу жасау.
Тәрбиелік-дамытушылық мақсаты: Оқушының патриоттық, отансүйгіштік сезімін дамыта отырып, алтын мұрамыз-жеріміз, еліміздің бейбітшілігі маңызды екенін есте үнемі сақтау. Көп ұлтты мемлекетіміздің ауызбіршілігін сақтау, болашақ ұрпақтың қолында екенін түсіндіру.
Көрнекілік құралдар: интерактив тақта, костюмдер, «Бәйтерек» монументі.
Сабақ түрі: дәстүрлі емес (қойылым сабағы)
Ұйымдастыру: Мұғалімнің кіріспе сөзі:
— Сәлеметсіңдер ме, оқушылар, біздің сабаққа келген қонақтар! 26-қарашадан бастап «Тәуелсіздіктің 20 шыңы» ұранымен екпінді 20 күндікті өткізудің көлемінде «Атамекен» бөлімі бойынша біздің сабағымыздың тақырыбы «Қазақ даласынан тәуелсіздікке дейін». Бүгін бізде ерекше сабақ. Сабақ барысында 7-сынып және 9 –сынып оқушылары біздің Тәуелсіздік жолындағы еліміздің өз тәуелсіздігіне ұзақ та, қиын-қыстау күрес жолдарынан өту арқылы қол жеткізгенін. Осы күрестердің алатын орны ерекше екендігін. Ол қазақтың қаншалықты қайратты, төзімділігі бар екенін көрсететін қойылым-сабағы арқылы көрсетеді.
1 жүрг: Тыңда жолдас, тыңда дала, тыңда ел! Сөйлеп тұрған күншығыстан жомарт өңір Қазақстан! Менің елім келбетті, нұр сәулетті Қазақстан!
2 жүрг: Армысыздар қадірменді оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар. Биыл 2011 ж. ең маңызды жыл-тәуелсіздікке 20 жыл.
1 жүрг: Мыңжылдықтар мен ғасырлар тоғысында біз артта қалған ғасырларға көз жіберіп, зор мақсат қоя білген, оны іске асырып қаһармандық танытқан, сол жолда тар жол тайғақ кешуден өткен ата-бабаларымыздың іс-қимылына баға беру мәртебесіне ие болдық.
2 жүрг: Кешегі ұрпақ бүгінгіге, бүгінгі ұрпақ болашаққа үміт артты. Елдің болашағы – тәуелсіздік тұғырының беріктігіне, өміріміздің көріктілігіне байланысты болды. Жаңа жарқ еткен дәуірде ерікті де, еркін дәурен сүру сәті туды.
-Батырлар жыры
1 оқ: Аңыздардан тере жүріп мақсаты
Рас, рас көзімізден жас ақты
Бірақ сол бір дауыл жылдар, от жылдар
Бәрімізден бір-бір батыр жасапты. (би)
Билер:
1 жүрг: -Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы армандап өткені-тәуелсіз ел болу.
2 жүрг: -Қазақстандықтар өтпелі кезеңнің барлық қиындықтарын жеңіп, әлемдік сахнаға көтерілді. Еліміздің осындай биіктіктерді бағындыруына барлық адамдар сүбелі үлес қосты.
1 жүрг: — Ұлттық қасиетіміз бен Ұлттық намысымызды оятқан, әлемге қазақтың танылуына, бостандық пен еркіндіктің бастауында – қазақ халқына әйгілі билеріміз болған.
2 жүрг: Үш кемеңгер дүлділім
Сақтаған ел бірлігін
Қазақта қара қылды қақ бөлген
Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билердің
Сөз үлгілеріне зер салайық.
Төле би: -Біз қазақ деген мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басынан сөз асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзымызды ақтай білген елміз.
Қазыбек би: — Сен қалмақ болсаң, біз қазақпыз, қарпысқалы келгенбіз, танымайтын жат елге танысқалы келгенбіз, танысуға көнбесең, шабысқалы келгенбіз.
Әйтеке би: — «Елінен айырылған ер бақытсыз, жерінен айырылған ел бақытсыз. Құдайым ондай күнді маған көрсетпегей. Елім деген ердің тілегі ақ қой қашанда»
1 жүрг:
Қазақтың қызы
Ғажаптың бәрі өзінде,
Көзінде сұлу әлемі.
… Әдебі әрбір сөзінде,
Жан емі-оның сәлемі.
Келбеті күнге келіскен,
2 жүрг: Нәзіктен нәзік сыр ұққын.
Көркінің құны бар ғалам!
Қыздары олар даламның,
Таусылмас жылы бір лебі
Мәншүк Әлия апаларымыздай
Әлия: Туған жерді Анам демей не дейін
Туған жерді панам демей не дейін.
Туған жер мен асқақ менің ән-жырым
Туған жермен асқақ менің мерейім
Мәншүк: Жалағанның жартысындай Қазақ елі.
Алғандай көздің жауын сұлу жері.
Ақ пейіл, дарқан халқымыз бар,
Болғандай бірі батыр, бірі сері.
1986 жыл
Желтоқсанның желі, аязы, ызғары
Қанды мұзда талай қазақ сыздады.
Ұлт қамы үшін шыққан сол күн алаңға
Азап шекті қайсар қазақ қыздары.
Талай қазақ қыздарын да тоңдыра,
Талай қазақ гүлдерін де солдыра,
Ербол менен Қайраттардың ерлігі.
Желтоқсаным – тәуелсіздік тірегі,
Желтоқсанды қадір тұтып тұр елі.
Есте сақтап ағалардың ерлігін,
Жүректерге сақтау керек үнемі.
1 жүрг: Көк туын желбіреткен, Әнұранын шалықтатқан еліміздің сонау 86 жылдың 16-желтоқсанында өздерін құрбан еткен барша азаматтарына бас иеміз
2 жүрг: жылдар бойы жолында қан да, жас та, тер де төгілген тәуелсіздік – біздің халқымыз үшін аса қымбат. Себебі тәуелсіздік ата–баба рухын көтерді, сөнген мемлекетіміздің отын маздатты, елімізді қатарға қосып,
әлемдік қауымға ендірді.
1991 жыл
2 жүрг:
— Қуан, қазақ, күн туды қуанатын!
Ендіктерді аралап еркін дүбір,
Алаулатты керемет көркіңді нұр.
Алақайлап аспанға атып тұрып,
Берекелі бастағы бөркіңді бір…
Қуан, қазақ!
Күн туды қуанатын!
Жүргізуші I: Тәуелсіздік – ата тарихымызды, ана тілімізді, дінімізді, даламызды қаз–қаз тұрғызып, «қазақ» деген атауға қан мен жан кіргізді. «Отан» деп жүрегімізді қақтырды, «Елім» деп елеңдетіп, «Жерім» деп желпінтіп, барша 62 тамырымызды игізіп ата-жұртын сүйдірді.
Оқушы:
Елің үшін қуанғын және қайғыр,
Даңққа бөлен өзің де данадай бір.
Жаңа қаулай бастаған жапырағымды,
Аяздарға тоңдырмай аялай біл.
Тарихтың жадында даусың қалсын,
Дала өзінді жарылқап, тау шындысын.
Баста бізді бақытқа, көзіндегі
Елге деген мейірім таусылмасын!
Рәміздер:
Бәрі болған қазақ сынды көш елде.
Ел белгі де, ерлік, өнер де
Жаһандағы ең жауынгер халықта
Кім сенеді ту болмады дегенге?
Батырлыққа уызынан жарыған
Ер төркіні байрағынан таныған.
Өзі ақын, өзі әнші халықта
Кім айта алар «Болмаған, деп, -Әнұран? »
Бас білгізіп, жер торпаңға
Жасы тұрмақ шығады екен қарт анаға
Қалай оның елтаңбасы болмайды,
Түлігіне дейін салса ен-таңба?
1 жүрг-
Ей, Астана!
Сен деген туған елдің жүрегісің,
Өзінен бастау алар өрелі ісім.
Шаһарлар толып жатыр, бірақ та сен,
Бәрінен бірегейі, бөлегісің.
2 жүрг-
Елорда,
Киелі менің, Елордам,
Арудай сұлу таранған.
Береке-бірлік, достықтың
Тұнығынан нәр алған.
Жайнай бер, жаңа Астанам,
Ертегідей ғажап бас қалам.
Ынтымақтың тербеп бесігін,
Тәуелсіз ел көшін бастаған.
Сәулеңді шаш еліңе,
Нұрыңды төк жеріңе.
Киелі менің, Елордам,
Бақ болып қонған төріме.
Астана-Бәйтерек
Елорданың символы «Астана-Бәйтерек» монументі болып қалыптасты. Оның идеясында «Самұрық» қасиетті құсы туралы ежелгі қазақ аңызы жатыр. Қанатымен аспанды жауып «Самұрық» тұр. Бәйтерек – тіршілік тірегіне қарай ұшып келеді. Бәйтеректің түк ортасында өмір мен үміт беретін алтын жұмыртқа — Күнге негіз салуда. Ал астында, тамырында айдаһар орналасып, түн мен қысты шақыруда.
Бәйтерек
Алатау ақ өткелім,
Махаббатым көктемім,
Қос қыраның тұрағы
Арманына жеткенің.
Қанаттары талмасын,
Дәулет болып айналсын.
Жұмыртқа сын бақ құсым,
Бәйтерекке байласын.
Шахаман, Ақсу-Аюлы,
Қарағанды, Қайыңды,
Ата жұртым – Түркістан,
Пір тұт, Яссауиыңды.
Қызылорда, Ақ орда,
Өзге елде жоқ орда,
Көкке бойын тіреген,
Көңіл күйі тоқ орда.
Алматы – бал-анарым,
Ақжайығым, Аралым,
Қаратау, Хан тәңірі,
Астана – ақ жанарым.
Ел намысы – НұрАға,
Жер ырысы – қыр дала.
Су шынысы-жер мұнай,
Тау тынысы гүл-дала.
Сарыарқа, кең дала,
Сенсіз жетім мен бала,
Самұрықтай киелі,
Сен – Бәйтерек, Сен – Ана!
Диалог
-Мынау қандай керемет!!!
-Мұны кім жасаған?
— Осы «Бәйтерек» макетін біз 9-сынып оқушылары сендер көрсін деп жасадық.
— «Бәйтерек» қандай мағынаны білдіреді?
— «Бәйтерек» -өмір ағашы деген мағынаны білдіреді.
— «Бәйтерек» Астананың әсем белгісі деген идеяны кім ұсынды?
— О, жақсы сұрақ. Оны ұсынған біздің Елбасымыз- Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы.
— «Бәйтеректің» панорамалық залындағы «Аялы алақанның» маңызы неде?
— Егер алақанға қолды қойып, арман- тілек тілесе, орындалады деп айтылады. Сондықтан біз келген қонақтарға аялы алақанды ұсынып, біздің Отанымызға, мектебімізге 20 жылдық Тәуелсіздік мерекесіне арнап тілектер айтсын дейміз.
-Осы сабаққа қатысқан оқушылар «Шаттық шеңберімен» сабақты аяқтайды.
Мерейім – нұрлана бер,азат Күнім,
Көрейін бақытымның азаттығын.
Тауымды тамылжытқан бостандықтан
Танылды бар әлемге қазақ бүгін.
Құттысың тәуелсіздік – киелі күн!
Құт күшім –егемендік иелігім,
Уақыттың биігінен шуақ төгіп,
Бақытым – еркіндік боп үйілер күн.
Жақсыдан үйренейік
Жаманнан жиренейік
Қазақстанның
Ең бақытты, ең ақылды, ең білімді азаматы болайық!
Қорытынды:
— Балалар, тәуелсздікке жетуге қандай адамдар үлестерін қосты?
(батырлар, билер, батыр-қыздар, желтоқсан құрбандары,)
Біздің ел дүние жүзінің көптеген елдерімен достық байланыс орнатқан, бүкіл әлем таныған елге айналды. Біздің еліміздің президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бейбітшілікті нығайту жолында көп жұмыстар атқаруда.
Қазіргі таңда Қазақстан өркениетті, дамыған елдер қатарында енген мемлекет. Осы мемлекетті одан да биіктен көрсету ұрпақтың, қазақ ұлдарының қолында деп есептеймін. Зейін қойып тыңдағандарыңызға көп рақмет. Балалар өз қолдарымен жасаған кішкентай сыйды сіздерге ұсынамыз.
[bws_related_posts]