Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Қаратөбе ауылы
Мұхит атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
Сайнов Нұрбек Бекболатұлы
Сабақтын тақырыбы: Допты төменнен және жоғарыдан ойынға қосу (Волейбол)
Сабақтын мақсаты :
-
Білім беру қимылдық дағдысымен ептілігін меңгеру;
-
Сауықтыру дене тәрбиесі жаттығулары көмегімен денсаулықты нығайту;
-
Тәрбиелік, адамгершілік, жігерлі қасиетін қалыптастыру.
Қажетті құрал-жабдықтар: доп, ысқырғыш
№ |
Сабақтың мазмұны . Жаттығулар. |
Жүктеме (рет) |
Әдістемелік нұсқаулар |
|
1. |
Кіріспе бөлімі Сапқа тұрғызу. Рапорт тапсыртқызу. Саптағы жаттығулар: Оңға,солға, айналып бұрылу. Секіріп бұрылу. Жүру: аяқтың ұшымен, өкшемен, аяқтың ішкі жағымен, сыртқы жағымен. Спорт жүрісі. Жүгіру: Арнайы жүгіріс жаттығулар жасау. Тізені көтеріп жүгіру Аяқты артқа лақтырып жүгіру Түзу аяқты алға лақтырып жүгіру Оң жағымен жүгіру Сол жағымен жүгіру Бұғы жүгіріс Сол, оң аяқпен биікке секіріп алға қозғалу Теріс қарап жүгіру Жылдам жүгіру Жалпы дамыту жаттығулар жүрісте жасау: — Ж.Б: Қол құлыпта. 1-4 қолды оң жаққа айналдыру 1-4 қолды сол жаққа айналдыру — Ж.Б: Қол құлыпта. — құлыпты ашпай қолды алға жіберу — Ж.Б. құлыпты ашпай қолды алға жіберу — Ж.Б: Қол иықта 1-4: иықты алға айналдыру 1-4: иықты артқа айналдыру — Ж.Б: Оң қолды көтеру 1,2: қолды артқа сермеу 3,4: қолды ауыстырып сермеу — Ж.Б: Қолды жан жаққа жіберу 1,2:қолдың үшін айналдыру 3,4: шынтақты айналдыру 5,6: қолды алға айналдыру 7,8: қолды артқа айналдыру — Ж.Б: қолды бүгіп кеуде алдында ұстау 1,2: қолды артқа жіберу 3,4: қолды түзетіп артқа жіберу Жалпы дамыту жаттығулар бір орында жасау — Ж.Б : аяқты ашып, қол белде. 1-4 басты он жаққа айналдыру 1-4 басты сол жаққа айналдыру — Ж.Б : аяқты ашып, қолды бүгіп кеуде алдында ұстау. 1,2: қолды түзетіп он жаққа бұрылу 3,4: қолды түзетіп сол жаққа бұрылу — Ж.Б : аяқты ашып, қол белде. 1-4 денені он жаққа айналдыру 1-4 денені сол жаққа айналдыру — Ж.Б: аяқты ашып , қол белде. оң аяққа еңкею екі аяқтың ортасына еңкею сол аяққа еңкею — Ж.Б: аяқты аласа ашып , қол белде 1-3 он аяққа отыру 1-3 сол аяққа отыру — Ж.Б: Он аяқты алға жіберіп тірену 1-2 он аяққа отыру 3-4 денені бұрып сол аяққа отыру |
14 мин 30 сек 30 сек 30 сек 30 сек 6-8рет 6-8рет 6-8рет 6-8рет 6-8рет 6-8рет 6-8рет 6-8рет 6-8рет 6-8рет 6-8рет 6-8рет |
Спорт киіміне назар аудару. Бір адамдай істеу. Арқаны түзу ұстау. Саптан шықпай бір қалыпты жүгіру. Спорт залдың бір бұрышынан екінші бұрышына дейін. Қол жүгіргендей қимылдайды Сол иықтан алға қарау Қол жүгіргендей қимылдайды Арқаны түзу ұстау Құлыпты ашпай қолды түзету Әр қадамға бір айналдыру Әр қадамға бір сермеу Асықпай айналдыру Дұрыс көрсету Асықпай айналдыру Аяқты бүгпей істеу |
|
2 |
Негізгі бөлім Допты төменнен ойынға қосқанда қолдың сермеу кезінде артқа кетуін, соғар кезде төменнен жоғары қарай алға сілтенуін, доптқа түзу қолдың алақаны тиюін қадағалау. Ал допты соққанда оқушы екпінімен артта тұрған аяқпен алға бір қадам жасайды. Допты ойынға төменнен тік қосу әдісін дағдыландыру үшін.:
|
27 мин |
. Допты төменнен ойынға қосуды жетілдіру Допты жоғарыдан ойынға қосуды жетілдіру |
|
3 |
Қорытынды бөлім Сапқа тұрғызу, тыныс алу жаттығуларын жасату. Сабақты қорытындылау. Бағалау. |
4 мин |
Үйге тапсырма беру |