«Алатау» республикалық балалар клиникалық санаторийі, тәрбие-оқыту бөлімінің меңгерушісі Гүлжанат Қасымқызы Утебердиеваның дем алып жатқан балалардың уақытын сапалы пайдалану мақсатында ұйымдастырылатын
«XXI ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойыны.
— Кеш жарық құрметті жиналған қауым! Бүгін алдарыңыздa «XXI ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойыны. Әр аймақтың білімін арқалаған білімділер ортаға түседі.
— Ал,енді,ойындағы жинаған ұпай сандарын есептеп, ойын нәтижесін сараптап отыратын әділ-қазылар алқасымен таныс болыңыздар!
(әділ-қазылар алқасымен таныстыру)
— Ойынымызды бастайық! Сіздерге сәттілік тілеймін!
Ойын айналымдары:
— Ойын төрт бөлімнен тұрады:
1. Бәйге
2. Дода
3. Жорға
4. Cөз зергері
-Бірінші айналым,яғни екі ойын бөлімі аяқталған соң,ұпайы төмен үш ойыншы ойыннан шығады.
1.Бәйге
— Ойын шарты бойынша әр ойыншыға сұрақ беріледі. Егер ойыншы өз сұрағына дұрыс жауап бере алмаса, келесі ойыншы жауап беріп,өзіне ұпай санын қоса алады. Әр сұрақтың жауабы 1 ұпай.
1.1. Картадағы немесе пландағы қашықтықтың жердегі қашықтықтан неше есе кіші екенін көрсететін бөлщек сан
Ж: масштаб
2. Ұлы жібек жолы басталатын ел
Ж: Қытай
3. «Асыл шөп», «Қыпшақ Сейітқұл», «Бір уыс мақта» әңгімелерінің авторы кім?
Ж: Ы. Алтынсарин
4. Гүлдің жеміс түзуге қатысатын негізгі бөлігі
Ж: аналық
2.1. Жақсы, келбетті шындарымен,құздарымен ерекшелінген жер бедерінің шығыңқы түрі
Ж: тау
2. Қазақстандағы миллионер-қала
Ж: Алматы
3. Абайдың «бес асыл іс,бес дұшпан» қай өлеңде айтылған?
Ж: Ғылым таппай мақтанба
4. Адам жасушасының ядросындағы хромосома саны
Ж: 46
3.1. Топырақтың су және жел әрекетінен бұзылуы
Ж:эрозия
2. Қ.Р. отын түрі
Ж: көмір
3. Ағаш қабығының қабаттары
Ж: төз,тің,өң
4. «Евгений Онегин» романының авторы кім?
Ж: А.С. Пушкин
4.1. Қазақстан аумағындағы басым ауа
Ж:қоңыржай-континенттік
2. Көлемі жөнінен екінші материк
Ж: Африка
3. Қырғыз жеріне сапары бойынша алғаш рет Ш. Уәлиханов қағазға тусірген жыр
Ж: Манас
4. Құмды шөлге тән өсімдік
Ж: Сексеуіл
5.1. Қала халқының санының артуы
Ж: урбандалу
2. Тянь-Шань тауының ең биік шыңы Хан-Тәңірін ашқан кім?
Ж: П.П. Семенов Тянь-Шанский
3. Дүние жүзіне ең көп тараған тіл
Ж: ағылшын
4. Жынысты көбею процесіне қатысатын жасушалар
Ж: аталық және аналық
6.1. « Ертөстік» ертегісіндегі Төстіктің әкесінің аты
Ж: Ерназар
2. Қазақстан тәуелсіздігін ең бірінші болып қолдаған мемлекет
Ж: Түркия
3. Ауа-райын болжайтын адамдар
Ж:синоптиктер
4. Ең улкен жылан
Ж: анаконда
( бірінші бөлімнің қорытынды ұпайларын айту)
2.Дода
-Бұл ойында сендер мақал-мәтелдерді аяқтап немесе жұмбақтың шешуін табуларын керек. Тапқан сөзді қазакша,орысша,ағылшынша аудару керек. Толық жауапқа 3 ұпай,яғни әр сөзге 1 ұпай.Жауабын білген сайыскер қолын көтеріп,жауап береді.
1. Күш-білімде,
Білім-кітапта. (книга, a book)
2. Ағайынға қарап бала өсер,
Қарағайға қарап тал өсер. (дерево,a tree)
3. Жердің көркі гүл. (цветок, a flower)
4. Ақ ит, қара ит, бәрі бір ит. ( cобака, a dog)
5. Қоян құлақты,
Жылқы тұяқты,
Сұрғылт түсті,
Көнбіс күшті. ( есек, осел, a donkey)
6. Ас атасы-нан. (хлеб, a bread)
7. Өзін өзі білген ер бақытты,
Өзін өзі білген ел бақытты. (счастливый,happy)
8. Айна айна емес, халық айна. ( зеркало, a mirror)
9. Жоқ өзінде бас та,
Қас та,
Мойын да,
Ұзындығы жазылып тұр бойында. ( cызғыш, линейка, a ruler)
10. Ерлік білекте емес, журекте. (сeрдце, a heart)
11. Елуіңде ер дана,
Елуіңде ер жаңа. (новый, new)
12. Өмірдің өзі ұлы ұстаз. ( учитель, a teacher)
13. Кітап,дәптер салатын
Иыққа асып алатын. (сөмке, сумка, a bag)
14. Ерді намыс өлтіреді,
Қоянды қамыс өлтіреді. (заяц, a hare)
15. Өмір үлкен- мектеп. (школа, a school)
(ортада кішкене үзіліс)
— Сөзді әділ-қазылар алқасына берейік!
( жалпы ұпайларына қарай,ең төменгі ұпайлы үш сайыскер ойыннан шығады)
— Сіздер өкінішке орай келесі айналымға өтпейсіздер! Бірақ, ойында жеңілсеңіздер де, өмірде жеңілмеңіздер!
3. Жорға
— Әрқайсыларына 10 сұрақ оқылады. Әр сұрақтың дұрыс жауабына -1 ұпай.
1.1. Бие сүті
Ж: қымыз
2. Абылай ханның лақап аты
Ж: сабалақ
3. Жер шарының кішірейтілген турі
Ж: глобус
4. Қ.Р. бірінші ата-заңы қабылданған жыл
Ж: 28 қаңтар 1993
5. Жердің су қабығы
Ж: гидросфера
6. Зеңгі баба қай туліктің атасы
Ж: сиыр
7. Қазақстандағы ең биік нүкте
Ж: Хантәңірі
8. Франция астанасы
Ж: Париж
9. Қазақстан ең ұзақ шекараласатын мемлекет
Ж: Ресей
10. КСРО-ның ыдырыаған уақыты
Ж: 1991ж
2.1 Туйе суті
Ж: шұбат
2. Т.М.Д. құрылған жыл
Ж: 1991ж
3. Ойсыл қара қай туліктің атасы
Ж: туйе
4. Тарих атасы
Ж: Герадот
5. Қазақстандағы ең төменгі нүкте
Ж: Қарақия ойысы
6. Италия астанасы
Ж: Рим
7. Қ.Р. тәуелсіздік алған кун
Ж: 16 желтоқсан 1991ж
8. Орта ғасырда арабтардың ойлап тапқан ғылымы
Ж: алгебра
9. « Балқадиша», « Қулагер» әндерінің авторы
Ж: Ақан сері
10. Қ.Р. туының авторы
Ж: Ниязбеков
3.1. Ұйытылған сут
Ж: айран
2. Қытай астанасы
Ж: Пекин
3. Американың байырғы халқы
Ж: үндістер
4. Б.Ұ.Ұ. құрылған жыл
Ж: 1945
5. Ежелгі грек аңыздарыңдағы ғажайып ерліктер жасаған алып куш иесі
Ж: Геракл
6. Ертедегі адамдар әр түрлі суреттерді қайда салған
Ж: тасқа
7. Арал теңізіне құятын өзен
Ж: Сырдария, Амудария
8. Қ.Р. екінші ата-заңы қабылданған кун
Ж: 30 тамыз 1995ж
9. Қазақстан Ғылым Академиясының тұңғыш президенті
Ж: Қ. Сәтбаев
10. Сексек ата қай түліктің атасы
Ж: ешкі
4. Сөз зергері
— Бұл сайыста сіздер өз өнерлеріңізді, сөз байлықтарыңызды, сөйлеу мәнерлеріңізді көрсете білулеріңіңіз керек. Тақырыбымыз «Егер де мен « Алатау» балалар шипажайының басшысы болсам» . Ойлануға бір минут беріледі.
— Сөзді әділ-қазылар алқасына берейік! ( Құттықтау)
— Ойында көрсеткен білгірліктерін мен алғырлықтарын үшін рахмет! Талаптарына нұр жаусын!
[bws_related_posts]